Тақырыбы: «Мұғалім – менің мамандығым»
Жоспар:
1.Кіріспе: Менің ұстаздық жолымның басталуы.
2.Негізгі бөлім: Ұстаздық жолындағы жетістіктерім.
3.Соңы: Ұстаздық еткен жалықпас,білім берген балаға.
Ұстаз болу – жүректін батылдығы.
Ұстаз болу – жүректін ақылдығы.
Мен Алишева Толғанай Авелханқызы, ұстаздық жолым 1991 жылдан басталды.Негізгі мамандығым бастауыш сынып мұғалімі. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердін сауатын ашып, «Сарыбұлақ орта мектебінде» үздіксіз жиырма жеті жыл еңбек етіп келемін.
Әр адамның арманы,алдына қойған мақсаты болады емес пе? Ұстаз болу менің мектеп-тен басталған арманым еді.Мектепте оқыған кезінде менің сүйікті ұстазым орыс тіл әдебиетінің ұстазы Забродина Таисия Абрамовна болатын.Бойында тұнып тұрған білім,мәдениет,көздері әрқашан күлімдеп жүретін.Сөйлеу мәнері,жүріс –тұрысы,оқушы-лармен қарым-қатынасы маған өте ұнайтын.Ол кісі менің идеалым болды.Сол себептен шығыр менің ұстаздық жолды тандағаным.
Көптеген бүлдіршіндердін сауатын ашып,білім нәрімен сусындап, жылдар өтіп келді.
Мен бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан,әр баланың жүрегіне жол таба білу,бала бойындағы қабілетін ашу мұғалімнің ең басты міндеті,- деп білемін. Бала табиғаты қашанда қиялға бай,сезімтал,електегіш,кейде тым жасқаншақ, тұйық боп келеді .Өзіндік бақай қулығы да бар,көп ашыла бермейтін,айтқанынан қайтпайтын ерегіскіш сияқты мінезімен де ерекше. Алайда осындай әр түрлі мінез-құлықтағы оқушының жүрегіне жол таба білген ұстаз нағыз көреген болуы тиіс. Бала не істеседе, қандай мінез көрсетсе де баланың аты бала.Сондықтанда, жеткіншектін болашағын қалауда ұстаздын орны бөлек.Ұстаз бойындағы қасиеттер оқушыдан көрініп тұрады.Сыныпқа кірген бойда мұғалімнің сөйлеген сөзі,қимыл-қозғалысы,киген киімі,бәрі-бәрі де алдындағы сансыз көздің назарында болады.Оларға дауыс көтеріп,бұйыра сөйлеу,тәртіпке шақыра беру,ұстаз балалар алдында өз сүйкімін кетіретіні рас. Керісінше,оқушылардын мұғаліммен тең дәрежеде тұрғанын, олардың талғамына құрметпен қарап,шектей бермей, ойын сауатты ашық жеткізуге, мейлінше еркін ұстауға мүмкіндік беруі керек.Ал ұстаз қашанда өз білімін жетілдіріп отыру керек,ізденіп.Ұстаз білмей қалған нәрсесін,шәкірті қайдан білсін..Ұстаз оқушылар үшін айна болса,ал оқушылар ұстаз үшін жайнап өсіп келе жатқан гүл.Гүлді күтіп баптамаса,ол солып қалмай ма? Демек ұстаз қашанда оқушылардын жанынан табылып,жанашыр боп,мейірімділік танытып,өз жұмысын ауырсынбай,одан ляззат ала білуді мақсат етуі керек.Егер ұстаз өз ісіне тиянақсыз,қалай болса солай қарайтын болса,онда баланың болашағына балта шабумен тең болады.Өкініш ке орай,мектепке өз орнын таппай келген ұстаздар баршылық.Өзі ұстаз бола тұра оқушылардын алдында жаман сөздерді қосып сөйлейтін,ұлдын намысын,қыздын ұятын ескермейтін,әдептіліктен мәдениеттіліктен жұрдай жандардын мектеп қабырғасында жүргені дұрыс емес.Ондай адам өз орнын таппағаны.
Елбасы Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сол себепті ұстазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Біз осы сөзге сай болуымыз керек.
Ия, қиыншылықтар кездеседі,онсыз болмайды.Өз басымнан өткен небір жағдаяттар,оқиғалар орын алды,ішінде қызығы да,өкінген кездерде болды.Бірақ қол құсырып мойымау керек.Өмір деген ақ пен қара бірге жүреді емес пе? Сабырлық,шыдамдылық танытып,болашақ ұрпаққа сапалы, саналы білім беріп ,еліміздін өсіп өркендеуіне үлес қосайық!-дегім келеді.Мен өз елімнің патриотымын, балаларымды да патриот болуға тәрбиелеймін.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол. Бұл қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін баршамыз мойындаймыз. Сондықтан мен үшін мұғалім – ең мәртебелі, құрметке лайық мамандық. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін - шебер ұстаз, үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін-өзі үнемі дамытып, жетілдіре алатын болуы керек,- деп ойлаймын.
Ұстаз деген ұлы сөз ұлағатты,
Ол болмаса кім береді парасатты.
Асылын беріп шәкірт бойларына,
Ағартқан сол үшін де қара шашты.
Ұстазға әркім басын ию керек,
Кемеңгер, ақылшым деп білу керек.-деп өз ойымды аяқтаймын.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мен таңдаған мамандығым-мұғалім

шағым қалдыра аласыз