«Менің арманымдағы Қазақстан»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Менің арманымдағы Қазақстан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Болашақ бүгіннен басталады деп тектен текке айтылмағанды сірә.Әлбетте кемел еліміздің келешегі жастарымыздың қолында.Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал ететін,адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән екені сөзсіз. Менің арманымдағы Қазақстан .........
Материалдың қысқаша нұсқасы















Тақырыбы:

«Менің арманымдағы Қазақстан»

































Орындаған:

Алипбаева Салтанат Рашидқызы

Болашақ бүгіннен басталады деп тектен текке айтылмағанды сірә.Әлбетте кемел еліміздің келешегі жастарымыздың қолында.Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал ететін,адамзат қоғамын алға жетелейтін күш білімге ғана тән екені сөзсіз. «Білімді мыңды,білекті бірді жығады» дегендей білімді де саналы,салауатты ұрпақ бар жерде еліміздің ертеңі мәңгілікке жарқырап тұратыны сөзсіз екені рас.Қазақ елінің берік те бекем болуы ынтымақ пен бірлікте әрі болашағымыздың тірегі-жастардың қолында.Сол жолға тек біліммен,ғана жол табамыз.

Менің арманымдағы Қазақстан өз Отанымды көптеген өзге салалардан көргім келеді,әлемдік деңгейде алғашқы қатарлардың бірі болғанын қалаймын және осы мақсатыма жету үшін өз үлесімді қосуға әрдайым дайынмын. Қазіргі таңда Павлодар Педагогикалық Университетінің 3 курс студентімін,мамандығым информатика пәнінің мұғалімі.Дәл қазіргі заманда бұл мамандық-өзекті мамандықтардың бірі деп білемін.Жастар – болашаққа апаратын алтын көпір. Әрбір жас жеке қабілетіне және кәсіби біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы маңызды.Сондай-ақ, жастарға қазіргі таңда көптеген мүмкіндіктер жасалуда. Тек ерінбей бар мүмкіндікті пайдаланып, іске асыруымыз керек.Арманымыздағы Қазақстанға жетуіміз үшін білім мен ғылымның дамуын қадағалау керек деп ойлаймын және қазақ тілін әлемдік деңгейге шықса тіпті нұр үстіне нұр болар еді.«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп» дегенді дана халқымыз бекер айтпаған. Қашанда білімі бар жанды жарқын болашақ күтеді. Ал жарқын болашақтың иесі – бүгінгі жастар. Ел ертеңі де сол жастардың қолында. Сондықтан Қазақстан жастарының бәсекеге қабілетті, білімі мен біліктілігі жоғары болып қалыптасуы үшін барлық жағдай қарастырылған. Тіпті, жоғары білім алуға ниетті жастардың дамыған шет мемлекеттердегі алдыңғы қатарлы университеттерде оқуына да мүмкіндік жасалған. Мына жас мемлекетіміздің болашағы біздің қолымызда. Аға буын жоқтан бар жасап осы күнге жеткізді. Ендігі міндет білім нәрімен сусындаған мына біздін қолымызда. Мен өз ата-бабамның дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге дайын боламын. Өз елімнің патриоты және Қазақстанның одан сайын гүлденуіне өз үлесімді қосамын. Бұл әлемде ең бастысы біздің қай жерде тұрғанымыз емес, қандай бағытта жылжып келе жатқанымыз. Болашағылыздың кемелді болуы біздің қолымызда, ал мен болашақта елімді көркейтуге нық сенімдімін.

Өзіміздің мемлекеттік тілімізге келер болсақ-«Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы ол тіл. Мемлекеттік тілді оқыта отырып, жастардың бойына елдік сана сіңіріліп, мемлекеттік рәміз, ұлттық діл, ұлттық болмыс туралы ақпараттар толық берілетіні анық. Қазақстанның азаматымын деп санайтын әрбір адам мемлекеттік тілді білуі шарт деп ойлаймын. Біздің қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Тіл ақылдың - өлшемі. Тіл - адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Біздің қазақ тілі сөйлейтін адамдарының саны жағынан әлемдік тілдер арасында 70-ші, ал тіл байлығынан үшінші орында.Тіл оның ішінде біздің ана тілі еліміздегі халықтардың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрбіріміздің борышымыз. Тіл байлығын игеру – ана тілін қадірлейтін, тіл мәдениетінің шыңына қол созатын адамның әрекеті. Ана тілін жақсы білу — әркімнің азаматтық борышы, қоғамда атқаратын қызметінің тірегі. «Қанша тілді білсең, сонша мәдениеттісің, сонша байсың» деген даналық сөз бар. Әрине, құптарға боларлық ой, бірақ, өзге тілді білемін деп жүргенде өз тілімізден алыстап кетпеуіміз керек. Тәуелсіздіктің негізгі тірегі – ұлттың тілі.

Қорыта келгенде,әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып білуі тиіс. Тіл мәртебесі – ел мерейі. тіл жоғалса-ұлт жоғалады деп білемін. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін ана тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Бұл біздің басты парызымыз. Әр мемлекет тек ана тілі мен білімімен ғана ерекшеленеді және дамиды деп білемін.Арманымыздағы Қазақстанды құру жолында ана тіліміз бен білімімізді жоғалтпасақ,армандаған мемлекетіміз болады деген сенімдемін.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2023
463
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі