Менің ата-анамның мамандығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің ата-анамның мамандығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлері туралы түсінік қалыптастыру. Көрнекілігі: Слайд, суреттер, мақалдар, мамандық аттары жазылған карточка Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілікпен түсіндіру,
Материалдың қысқаша нұсқасы


29.01.18 ж

Интернет мәдениетін арттыру

Т ОЛҒАУЫ ТОҚСАН ҚЫЗЫЛ ТІЛ «ЗАР ЗАМАН» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ САБАҚ


Мақсаты:

- ХІХ ғасыр өкілі Шортанбай Қанайұлының өмірінен мәлімет алады. «Зар заман» өлеңінің мазмұнымен танысу, шығарманың негізгі тақырыбы мен идеясын ашу, ақынның өзіндік ішкі әлемін таныту.

- Оқушылардың өлеңге бүгінгі заман тұрғысынан қарап сөйлеуге, өзіндік көзқарасын білдіре алуға төселдіру.

- Оқушылардың бойында елжандылық қасиетін ұялатуға, батыл қадам жасай білуге, өз елін, жерін бағалай білуге үйрету.
Көрнекілігі:презентация,нақыл сөздер, түрлі түсті бояулар, постер.

Сабақтың түрі:тренинг сабақ

Жоспары:

I.Ұйымдастыру.

  • Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту.

  • Сабаққа оқушылардың өз білетін білімдері арқылы кіру.

  • Сабақ бойынша ой қорытынды жасауға, өзіндік тұжырым айтуға үйрету.

II. Негізгі бөлім.

  • Қызығушылықты ояту

  • Топпен жұмыс

  • Сергіту сәті

  • Шығармашылық жұмыс

ІІІ. Қорытынды.

  • Кері байланыс

Барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушыларды шаттық шеңберіне шақырып, топқа бөлу.

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Алдымен, сіздердің көңіл күйлеріңіз қалай, соны білгім келеді. Ал, ендеше, көңіл күйімізді бәріміз бірге:

- Өте жақсы!

- Керемет!

- Тамаша!- деген сөздерді айту арқылы білдірейік.

Балалар, халықтың, мемлекеттің жұмылған жұдырықтай, өзге елдермен жақсы қарым - қатынаста болуы үшін ең басты не нәрсе керек, елді біріктіретін қандай қасиеттер?

- Олай болса, «береке, бірлік, ынтымақ» сөзін кезектесіп айтайық. Сол бойынша сыныпты топқа бөлу.

Қызығушылықты ояту.

Жаңа тәртіп, жаңа заң енді елге

Бұқара бетбұрысқа көндігер ме?

Бейжай қарап қалмады бұлқынды ел

Қазағым, бұндай жайды енді көрме,- деген өлең жолдары арқылы қазақ даласында болып өткен қандай тарихи кезең жайында сөз қозғадым?

- Бүгінгі жаңа сабағымызда ХІХ ғасырдағы Ресейдің отарлау саясаты кезеңінде өмір сүрген Шортанбай Қанайұлының өмірі мен сол кезең тақырыбына арналып шығарған «Зар заман» өлеңімен танысамыз.(Оқушылардың жауабы тыңдалады)

Топқа сұрақ:

І топ: «Әдебиетшілер» (сызба құру)

Шортанбай Қанайұлы кім? Өмірі туралы тоқталу.

ІІ топ: «Тарихшылар»(сызба құру)

Шортанбай өмір сүрген заман

Заман тақырыбына орай қандай шығармалар жазған?

ІІІ топ: «Зерттеушілер»(сызба құру)

Шортанбай шығармаларын зерттеушілер кімдер?

Сол кездегі ақындарды не себепті «Зар заман ақындар»деп атады?

«Зар заман»өлеңінің алғашқы жолдарын өзім жатқа мәнерлеп айтып беремін. Оқушылардың алдына сұрақ тастаймын:

- Ақын бізге өткен заманның келбетін қалай жеткізген?

- Заманның тарлығының белгісі өлеңнің қай жолдарында берілген? Өз сөздеріңмен түсіндіріп көріңдер.

- Заманның тарлығының белгісі қалай жеткізді? Одан халықтың қандай күй кешіп отырғанын аңғардыңдар?

Оқушылар әдебиет оқулығынан осы сұрақтардың жауабын іздеу барысында Шортанбай туралы қысқаша мәлімет алады?

Оқушылардан толық жауап алынғаннан кейін өлеңнің қалған бөлігін үш топқа талқылауға ұсыну

Сергіту сәті. Әр топ халықтар арасындағы достықтың үзілмеуіне қажетті құндылықтарды қимыл - әрекетпен айтып көрсету арқылы жеткізеді. (Оқушылар достастық символын жасайды)

Шығармашылық жұмыс. Оқушылардың өзіндік ой - пікірлерін қалыптастырып, белгілі бір тұжырымға келу мақсатында тапсырма ұсыну.

Тәуелсіз ел жастары ретінде мемлекетіміздің әлем деңгейінде көрінуіне өз жобамызды ұсынамыз. (Әр топ өз жобаларын ортаға шығып қорғайды)

Бұл тапсырма оқушылардың ізденістерін, өз бетімен шешім қабылдай алу мүмкіндіктерін арттырып, сенімділікке жол ашады.

Қорытынды.

Міне, балалар, біз өз тәуелсіздігіміздің арқасында әділдікті жырлаудан тайсалмаған, батыл да қайсар ұлдарын терең тануға мүмкіндік алдық.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің халыққа жолдауында: «Мен сіздер, бүгінгі жастар, ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деп пайымдаған. Сондықтан, Қазақстанның жаңа даму кезеңі – тікелей жастардың қолында. Сарабдал саясатшы, көреген кемеңгер елбасы арқасында жасалған жарқын болашаққа жасаған жарқын қадам жолында еңбек етіп, өз үлесімізді қоса білейік.






















Е.Әуелбеков атындағы дарынды балаларға арналған №4 облыстық мектеп – интернатында 2019жылдың 29 қаңтар күні «Интернет мәдениетін арттыру»

тақырыбындағы сабақтың

ХАТТАМАСЫ

Қатысуға тиісті:24

Қатысқаны:20

Күн тәртібінде:


  1. Интернеттің шығу тарихымен таныстыру

  2. Интернеттің адам өміріне зиянды және зиянсыз тұстарын


Тыңдалды:

Күн тәртібінде бірінші мәселе бойынша сынып тәрбиешісі Б. Абдикасова сөз алып, оқушыларға сабақтың мақсаты, ережелері толықтай таныстырылды. Мақсаты: Бүкіл әлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау. Білімгерлердің алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау.Оқушылар өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттерін айта келе, тәрбиеші Абдикасова Базаркүл сынып оқушыларына интернеттің бірнеше әлеуметтік желілері бар екендігін айта келе,сынып оқушыларын екі топқа бөлді. «Google» «Yandex» болып екі топқа бөлінген сынып оқушылары интернеттің жағымды және зиян тұстарын айта түсті. «Google» тобының топ басшысы Сапарбек Нұркен интернеттің адам өміріне аса қажет екендігін айтса, «Yandex» тобының топ басшысы Ақназар Асхат интернеттің зиянды тұстарын көрсете білді. Топ арасында бір-бірімен сұрақ-жауап әдісі қолданылды. Сабақты қорыта келе сынып тәрбиешісі интернеттің адам өміріне қажет тұстарын атап көрсетті. Психологиялық треннинг арқылы сынып оқушылары сабақ соңын бір біріне деген тілектерімен аяқтады




ХАТШЫ: Н. САПАРБЕК





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.05.2019
1650
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі