Материалдар / Менің білім саласындағы баспалдағым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Менің білім саласындағы баспалдағым

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаз-ұлы есім. Ұрпақ болашағының қандай болмағы ұстаздарға байланысты. Әлеуметтік жауапкершілігі мол осы ұлы міндет-бізге, педагогтерге жүктелген. Осындай қасиетті маман иесі болғандығымды мақтан етемін. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Бала тәрбиелеу-болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» деп, бізге, ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Сәуір 2021
357
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МЕНІҢ БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ БАСПАЛДАҒЫМ

КОЙЛЫБЕКОВА АКНУР ДУЙСЕНОВНА

ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ

5 ЖАҢАТАС КОЛЛЕДЖІ


Қайран, тоқтаусыз, зымырап өтіп жатқан күндер-ай... Өткенге көз жүгіртсем, кеше ғана 1984 жылдың 24 қыркүйек айында өмір есігін ашқан екенмін. Содан бері мінеки, бақандай 35 жыл көзімді ашып-жұмғанша өтіп те кеткен екен-ау.

Киелі Сарысу жерінде балалық бал дәуренім өтті. 1993 жылы Жаңаталап орта мектебінін 1-сыныбына оқуға қабылданып аяулы Оспанова Ғалия апайымның аялы алақанында 6 сыныпты аяқтап, Сайлауов Асқар ағайдың қарамағына келдім. Басқа да ұлағатты ұстаздарымның тәлім-тәрбиесін алып, шіркін-ай, осы кісілердей иманды, ақылды, көрегенді ұстаз болсам ғой деген арман жетегінде өмір сүрдім. Ақыр соңында сол асқақ арманым мені Алматы қаласындағы Орта Азиялық Университетке жетелеп алып келді. 2002 жылы осы университеттің тарих-география пәндерінің мұғалімі мамандығын тамамдап, Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Жаңатас көпсалалы колледжіне жұмысқа орналастым. Онда еңбек ете жүріп қарапайым ұстаздан директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне дейінгі еңбек жолына өттім. Көптеген шәкірттерім облыстық, республикалық дәрежедегі марапаттауларға ие болды. Соның ішінде облыстық ең үздік ғылыми жұмыс байқауының 2015 жылы І дәрежелі диплом жүлдегері Аманбаева Жансая деген шәкіртімді ерекше ықыласпен атай аламын. Өйткені Жансая әлі күнге дейін менімен шығармашылық қарым-қатынаста араласып тұрады. Өзім 2017 жылы өткен Республикалық «Біздің қызықты күндеріміз» атты топ жетекшілер байқауына қатысып І орын иегері атандым. Сол жылы №5 Жаңатас колледжіне колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстым. Осында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде, студенттердің бірлігін сақтап, түрлі іс-шаралардың өткізілуіне ұйытқы болып келемін. ZERDELI Республикалық интеллектуалды дарынды оқушылар порталының ұйымдастыруымен қашықтықтан өткізілген «Тұңғыш Президент күні: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» атты байқауына 27.11.2017ж. қатысып Сазанова Айсұлу

І орын иеленсе, «ПЕДАГОГ» Республикалық озат педагогтар порталының ұйымдастыруымен «Бізді күтер бір бақыт» байқауының «Ең үздік хат» номинациясы бойынша қашықтық байқауына қатысып ІІ орын диплом Жорабекова Әсел 28.12.2017ж.иеленді.

Мен өз еңбек жолымды 25 білімгерден тұратын бір топқа топ жетекшісі болсам, қазіргі таңда 254 студенттерге және 36 мұғалімге жетекші болып, яғни директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары лауазымын атқарып келемін.

Қазіргі таңда жаңа педагогикалық технологиялар түрі өте көп. Оны тарих сабағында тиімді қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Қоғам талабына сай шет тілдерін оқытуда қойылып отырған ортақ міндет – коммуникативті бағытта оқыту. Мақсат –оқушылардың өз ойларын жеткізуімен шектеліп қана қоймай, оларды өзара тіл табысып, пікір алмасуға үйрету, өз жұмысына, топтағы білім алушы жұмысына, жауабына сыни тұрғыдан талдау жасай алу, өз ойын қорытындылай білу, интерактивті жұмыс жүргізуге баулу. Инновациялық оқыту технологияларының білім беружүйесін дамыту ісіне берері мол. Бұл технологияны қолдану арқылы білімгерлердің сабаққа дайындалу деңгейін арттырып, оқу үрдісін қызықты етіп жүргізуге мүмкіндік алдым.

Біз көп тұста Әл-Фараби атамыздың бір сөзін басшылыққа аламыз: Бақыт – адамның мақсатқа жетуі. Бірақ мақсат адам баласында жақсы болуы да, жаман болуы да мүмкін. Сондықтан қазіргі педагогика бұл ұстанымнан ауытқып, жаңаға жақындауы керек. Жамандық – әлемге кедергі келтіріп, зиянын тигізетін әрекет немесе әрекетсіздік. Ал қазір тек жақсыны білім алушыға беріп жатырмыз шамамыз келгенше, шәкірт өз ортасы мен қоғамнан жаманды алып, ластануда. Өйткені жақсылық пен жамандық педагогикада нақты сипатта көрсетілмей, тек жақсылық терминін үстірт қана қолданып келеді. Педагог маман өз шәкіртін жақсылыққа үйрете отырып, жамандықтан алыс тәрбиелік білім бере білгені дұрыс.

Ұстаз-ұлы есім. Ұрпақ болашағының қандай болмағы ұстаздарға байланысты. Әлеуметтік жауапкершілігі мол осы ұлы міндет-бізге, педагогтерге жүктелген. Осындай қасиетті маман иесі болғандығымды мақтан етемін.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Бала тәрбиелеу-болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» деп, бізге, ұстаздарға үлкен жауапкершілік жүктеп отыр.

Бүгінде мемлекет тарапынан педагогтердің шығармашылығын шыңдап, белсенді еңбек етуіне қолайлы жағдайлар жасалып келеді. Елбасы «Қазақстандықтардың әлауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында мұғалім мәртебесін көтеру мақсатында нақты міндеттер белгілеп берді. Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет екенін ескертті. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерін жөнсіз тексерістер мен міндеттерден тыс функциялардан арашалайтыны анық.

Жолдауда Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, бүгінде білім беру ісінде 4К моделіне: керативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аударылуда. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін 16 мыңнан астам мұғалімнің жалақысы 30 пайызға көбейді. Биыл педагогтерді аттестаттаудың жаңа жүйесі енгізілді. Біліктілік санаттары үшін 2000-нан астам мұғалімнің лауазымдық жалақысына 1 қыркүйектен бастап 30- дан 50 пайызға дейін қосымша үстемақы қосылды. Міне, осындай құзіреттіліктер арқылы менің білім саласындағы баспалдағым биіктей түсті. Мұның өзі менің педагог мамандығыын дұрыс таңдағандығымды айғақтайды. Әрбір тәрбие шәкірт аяулы ұстаздарын құрмет тұтады. Жағымды бейнесін өзіне үлгі етеді. Ел болашағына осыылайша өлшеусіз қызмет ететін ұстаз қауымының еңбегі әрқашан құрметтеуге лайық! Менің әріптестерімнің беделі бұдан да биік баспалдақтарға көтеріле беретіндігіне бек сенімдімін.

Тәуелсіздіктің кешегі елең – алаңында айлап, жылдап жалақы алмай, алған күнде еңбек ақысы шайлығына жетпесе де қабақ шытпай еңбек етіп келген ұстаз қауымы әкімшіліктің қол баласына айналып, жиналыстарда, түрлі концерттік бағдарламаларда залды толтырып, іс-шаралардың қайнаған ортасында жүруші еді. Осылардың барлығын өткен шақпен жазсамда бұл келеңсіздіктердің басым көпшілігі осы шақта әлі де үстемдігін жүргізіп келеді. Мен Елбасы Жолдауына арқа сүйеп өткен шақпен атап отырмын. Жолдауға қолдау болса әлі-ақ біз баспалдақтап осы бір қиындықтан сатылап өтерімізді сезінемін. Лайым, сол күндерге, шуақты күндерге тезірек жетейік!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!