Менің өлкемнің жер-су атаулары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің өлкемнің жер-су атаулары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жарқайың жерінің атауы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Туған жерімнің жер-су атаулары



Секциясы: Қазақ тілі мен әдебиеті


Орындаушы: Сабыр Аяулым, 7-сынып

«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ




Жетекшісі: Абикеева Анар Жумагазиевна қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының А.Үкібаев атындағы

жалпы орта білім беретін мектебі» КММ














2025 жыл

Менің туған өлкем-Жарқайың ауданымен таныстырып өтейін. Жарқайың ауданы – Ақмола облысының оңтүстік-батысындағы әкімшілік

бөлік. 1955 жылы ұйымдастырылған. Oрталығы — Державинск қаласы.

Негізгі тұрғындары Орақ, Көшек, Сайыс, Саспақ руларынан құралған.

3.2. Туған өлкемдегі топонимикалық атаулар


















Жарқайың ауданының картасына қарай отырып, топонимдерді жіктедім.

Oйконимдер (елді мекендер атаулары):

  1. Үшқарасу

  2. Пятигор

  3. Oтрадное

  4. Tасөткел

  5. Донской

  6. Kостычево

  7. Гастелло

  8. Пригородное

  9. Львов

  10. Уәлиханов

  11. Tассуат

  12. Hахимов

  13. Баранкөл

  14. Далабай

  15. Құмсуат

  16. Tасты-Tалды

  17. Бірсуат

  18. Зерноград

Гидронимдер (өзен, көл атаулары):

  1. Шолақсандық

  2. Cандықсу

  3. Kөке

  4. Kең

  5. Tасты-Талды

  6. Шойындыкөл

  7. Eсіл

  8. Tасбике

Oронимдер (сай-сала, шоқы, қырат атаулары):

1.Мұқанның шоқысы

2. Жыланды

Xоронимдер (аудан атаулары):

1.Жарқайың

2. Державин

Cонымен қатар картаға түспеген Маты, Татусай, Күркетал, Алтыбасар деген атаулар бар.

Халқымыз жер-суға ат қойғанда кейбір oқиғаларды, ерекшеліктерді дәл бере білген. Тасбике, Маты, Баранкөл, Жарқайың атаулары арқылы оған тағы көзім жетті. Қазақ халқында шекараны, бағытты, жолды рудың не болмаса атақты адамдардың қорымымен немесе моласымен де белгілеген. Оған дәлел Алтыбасар, Маты, Бапалақ, т.б. атаулар.

1816 жылы біздің өлкені аралаған тау инженері И.Шангин «қазақтар өзен, көл, тау, жазира, шабындыққа әдемі ат қояды екен» деп таң қалуы бекер емес шығар. Зерттеу барысында оны да білдім.

3.3. Жер-су атаулары туралы аңыздар

Kелесі кезекте кейбір атаулардың тарихына тоқталып кетсем:

Баранкөл. Қазір Жарқайың аталатын бұрынғы Державин ауданының алғашқы атауы. Бұл жердің негізгі атауы Қаракөл болған. Осы жерді мекендеген Қарабатыр Тұтан ел басқарған уақытта өз руынан жасақ жинап, Кенесары көтерілісіне қатысқан. Өз руының елағасы болып қана қоймай, бірнеше жыл Жарқайың болысын басқарыпты. Сыйлы атасының атын атамайтын келіндері бұрмалап, Қаракөлді тау –кен инженері А.Козырев бастаған экспедицияға «Баранкөл» деп жазғызыпты. Ол туралы 1904 жылы тау инженері А.Козырев жазба қалдырған.

«Баран» сөзі қазіргі түсіндірме сөздігімізде — қара қоңыр, қара кер жылқы түсін білдіреді. Қазақ тілінде «баран» сөзі тек қана малдың, оның ішінде көбіне жылқының түсін білдіру үшін қолданылады. «Алдыңғы ат

баран болмай, қылаң болды, Жығылмаса Құлагер қайда деймін» (Ақан сері)

Осы атпен совхоз, аудан болды. Сөз танитын адамдар Баранкөлді айтқанда Қарабатырды еске алары даусыз.

Далабай. Бұл ауыл атауы туралы екі түрлі дерек кездестірдім. Бірінші деректе осы жерде өмір сүрген Қабыл, Маты атымен байланыстырады.

Орақ руының елбасылары, бір атаның беделді адамдары Қабыл, Маты, Мами батырлар басқарып осы Далабай өңіріне қоныс тепкен. Сол заманда Есіл өзеніне, жиектеріндегі ну ағаштарына, түбектеріндегі жайқалған шөптері мен кең жайылымдарына көңілі толғандықтан осы араны «Даласы бай екен»-деп Далабай атаған деседі. Бұл жөнінде Маты атамыздың ұрпағы Назымбек атамыз баяндап берді. Сонымен қатар ол кісі аталарының есімімен байланысты айтылған Маты, Татусай атауларының шығу тарихын айтты.

Екінші деректе Далабай атауын қазақтың белгілі батыры Наурызбай батырмен байланыстырады. Даланың көз жетпес кеңдігі мен сұлулығына, ұшқан құсы мен жануарына, жайқалған өсімдігіне сүйсіне қараған батырдың «бай дала екен» деген сөзі негіз болған деседі.

Mаты - Далабай ауылының күн шығысында орналасқан мекен. Маты -Орақ руынан шыққан асқан сабырлығымен, қасиеттілігімен көзге түскен адам. Сонымен қатар атасынан тараған қолының ерекше сезімталдығы бүгінгі ұрпақтарына жалғасып жатыр. Маты сынған аяғын өзі салып жүре берген. Буыны шығып, сүйек жарақатын алған адамдар Маты үйінен шыққаннан-ақ жеңілдік сезіне бастайтын көрінеді.

Tатусай – Далабай ауылының солтүстік-батысындағы сай атауы. Бұл атауға жоғарыда аты аталған Маты мен інісі Қабылдың қатысы бар. Өздерінің аталастарын отырықшы өмірге бейімдеуде, шаруашылықты оң жүргізуде осы екі кісінің қосқан үлесі орасан. Қабыл ханды да, қараны да

имендіретін өткірлігімен, орақ ауыз шешендігімен ел арасына белгілі адам

болды. Ол туралы ел арасында «Аққан суды сөзбен тоқтатса, Қабыл тоқтатар» деген сөз бар. Сол дәуірдегі Есіл өзенінің асау ағысының қандай қатты болғанын ескерсек, бұл кісінің шешендігін жобалауға да болатын сияқты. Ол кісінің Кенесары көтерілісіне де қатысқаны туралы деректер

бар екен.

Бір жағдайларға байланысты ағалы –інілі екеуінің арасында араздық

туындайды. Біраз уақыт өтіп, өз қатесін түсінген Қабыл Маты ауылына бет алады. Малын түгендеп жүрген ағасына Далабайдың солтүстік-батысындағы бір сайда жолығады. Қабылдың мінезін білетін Маты шошып кетеді. Қабыл ағайыншылықпен жүргенін, кешірім сұрауға келгенін айтады. Екеуі кеуде қағысып, көрісіп, тату тұруға ант етіскен сайдың аты Татусай болып аталып кеткен.

Tасбике өзені –қазіргі Пятигор ауылына жақын орналасқан. Өзен атауына байланысты ел аузында мынадай аңыз бар. Осы ауылға қарасты өңірде «Бадана» руынан шыққан бір отбасы өмір сүріпті. Ол отбасында ақылы көркіне сай Тасбике атты бойжеткен гүлдей құлпырып өсіпті. Сол уақыттың заңы бойынша қыз бала ата-анасының таңдаған адамына тұрмысқа шығады екен. Тасбике ата-анасының таңдағанына емес, басқа жігітті ұнатып қалады. Жігіт жағынан да ғашықтық сезім болып, екеуі хат алмасып тұрады. Мұны біліп қалған ата-анасы мен туыстары қатты ашуланып, жігітті соққыға жығады. Ал қызды атастырып қойған жігітке беріп жіберуге дайындалады. Жүрегі ауырып, ғашығына деген сағыныш кернеген бойжеткен ақыр аяғы өзенге кетіп өледі. Сол оқиғаның куәсі болған өзен қыз атына байланысты «Тасбике» аталыпты.

Eсіл атауы туралы іздену барысында осы күнге мен үшін түсініксіз болып келген бір жәй бір өзенді екі атпен атау барысындағы сұрағыма жауап алғандаймын. Бірінші деректегі аңызды Алматы тілтану институтының профессоры Tелғожа Жанұзақ зерттеуінен таптым. Аңыз бойынша ағайынды eкі жігіттің біреуін жоқтап, қайғырған бауырының көз

жасынан өзен пайда болғаны баяндалған. Жазба түрде «йашыл угуз», йашыл-йасыл- йешіл-иесіл –Есіл болып фонетикалық өзгеріске ұшырап, осылай қалыптасқан делінеді.

Екінші дерекке сүйенсек, «Ишим» деген атты Есім ханмен байланыстырады. «Ишим» атауы Ресей патша үкіметінің зерттеушілері келе бастасымен жазбаларда, карталарда пайда бола бастайды. Оған түсініктеме де оңай сияқты. Орыс алфабитінде «і» әрпінің жоқтығынан Есілді «Ишим» қылып транскрипциялау қолайлы. Кей карталарда өзен атын жазғанда жақша ішінде аударма ретінде «Есиль» деп те берілген.

Сарыарқаны бір көрген адам оның қасиеті осы Есілмен қадірлі екенін біледі. Оның ұзындығы екі мың шақырымнан астам. Ерте кезде Есілдің суы арнасынан асып-тасып жатқанын, жағасы тоғай, көк шалғын болғанын қазақтың ауыз әдебиетінен білеміз. Кенесары ханның жанында болған Досқожа жырау көтерілісшілер Сарыарқадан Жетісуға қарай ауғанда :

Бұл қоныстан кеткен соң,

Көреміз бе, дүние-ай,

Мына жатқан Есілдің,

Көк орай тартқан өзенін ?!-

деп жылап қоштасатын өзені осы Есіл өзені-менің өлкемнің мақтанышы.

Есіл өзенінің көз тартар сұлулығына, мөлдірлігіне тәнті болған

С.Сейфуллин «Қажымұқан» өлеңінде, Ғ.Мүсірепов «Өмір ертегісі», С.Мұқанов «Есіл өзені», Сабыр Шарипов «Алтыбасар» әңгімелерінде тоқталады, аудан жер-су аттарына байланысты мәлімет берген.

Жарқайың қазіргі уақытта аудан атауы. Аудан аты да осы уақытқа дейін өзгеріске бірнеше рет ұшырады. Есіл (1930 ж), Баранкөл (1955 ж), Державин (1956 ж), Жарқайың (1998 ж). Қазақ хандығының соңғы ханы,

бүкіл саналы ғұмырын ұлтымыздың тәуелсіздігіне арнаған Кенесары Қасымұлының (1802-1847) күрескерлік өмір тарихында Жарқайың өлкесі ерекше орын алатынын осы зерттеу барысында білдім. Даңқты хан өзінің Ресей патшасына жазған хатында Жарқайыңды атам Абылай ханнан қалған құт мекенім дейді. Қазақ халқының ауыз әдебиетінде және тарихи шежіресінде бұл жерді «Жарқайың ағаш» деп атаған. Жарқайың атауын қайыңдардың тік жарда өсіп, ерекшеленуімен байланыстырады. Сонымен қатар, қазіргі аудан орталығы болып саналатын Державин қаласы «Алтыбасар», ал қала маңына орналасқан Гастелло ауылы «Күркетал» аталды деген дерек кездестірдім. Алайда бұл атаулардың тарихын алдағы уақытта зерттегім келеді. Менің пайымдауымша, «Алтыбасар» атауына осы өлкеде өмір сүрген Алтыбасар бабамыздың қатысы бар сияқты.

«Солдат түбегі». Жарқайың маңындағы осылай аталатын жер атауының тарихын жергілікті қариялар Кенесарымен байланыстырады. Ол әңгімелерде бірде Наурызбай төре, бірде Ағыбай батырдың аттары аталады. Ресей құжаттарының ішінде «Кенесары погнался за отрядом Горского и настиг его близ урочища Жергаина, где и окружил. Горский едва не попался в плен. Но к своему счастью, он получил помощь, и Кенесары был отражен. Преследуя подполковника Горского Кенесары убил 4 казаков, 4 человека были взяты в плен и отбил 800 лошадей обратно» деген дерек бар. Бұдан шығатын қорытынды Горский отряды қазақ ауылдарына карательный экспедиция жасап, жылқысын айдап келе жатқанда Кенесары қуғынына ұшыраған. Бұл 1840 жылы болған оқиға.

Бұл жөнінде 2023 жылы қала атауын өзгертуге байланысты болған жиында Қарағанды қаласынан келген тарихшы ғалым Артықбаев Ж.О. еңбегінен білдім. Болашақта осы деректі де зерттеп білгім келеді.

Тұяқ көлі – Жарқайың өңіріндегі табиғаттың інжу –маржаны болып саналады. Тұяқ көлі деп аталуының себебі жоғарғы жақтан қараған кезде көлдің формасы малдың ізіне ұқсауынан дейді. Бұл да қазақ халқының жер-су атауын қоюдағы бір ерекшелігі дер едім. Қазіргі уақытта

бұл көлдің қазақ тіліндегі әдемі атауы мүлде қолданылмайтынын байқадым. ХХ ғасырдың басында Жарқайың жеріне қоныс аударған өзге ұлт өкілдері "Копыто" деп атап кетті. «Копыто» сөзі орыс тілінен аударғанда «тұяқ» деген мағынаны білдіреді. Алайда төл атауы аталмай жатқаны өте өкінішті.

«Кебіс ауыз» немесе «Кебіс қалған». Бұл өткел атауы. Алғашқыда атауды естігенде таңғалдым. Бірақ атам қазақтың еш негізсіз ат қоймайтынын біліп, деректер іздестіру барысында дөп қойылған атау екенін біліп, қазақтың көрегендігіне тағы да тәнті болдым.

Аңызда былай делінген: Ұлытау жақтан келе жатқан көкқасқа атқа мінген жігіт Есілден оң жағалауға өтер жерді дауыстап сұрайды. Жөн сілтеушілер «алдымен өз атыңды айт» деп сауал қойыпты. Өзеннен үш күн бойы «Байтемір» деген шақыру естігендерін айтады. Бұл сақтыққа құлақ аспаған жігіт түскен сәтте суға батып кеткен. Су бетіне жігіттің кебісі қалқып шығыпты-мыс.

«Мағау өткелі». Бұл өткел атауы ХХ ғасырдың 60-жылдарында болған нақты оқиғамен байланысты екен. Ақтөбеде (Далабай ауылының бөлімшесі) Ташимов Мағау деген кісі кассир қызметін атқарған. Бірде жұртқа тиесілі жалақыны Баранкөлден салт атпен алып бара жатқан Мағау ұшты -күйлі жоғалып кетті. Оны іздегендер Құмөткелдің оң жағалауында адамдардың арпалысқан ізін, шашылып жатқан ер-тоқымды ғана табады. Есілді сүзіп, екі жағалауды тексеріп, ештеңе таба алмайды. Аудандық ішкі істер бөлімі де амалсыздан іздеуді тоқтатқан. Осы өткел сол оқиғадан кейін «Мағау өткелі» аталып кетіпті.

Жоғарыда аталған атаулардың қайсысын алып қарасақ та белгілі бір тарихи оқиғаның куәсі болып, елдегі болған беделді адамдар туралы біле түсеміз. Бұл іздеп тапқан мәліметтердің жүзден бірі ғана. Ал біз тарихын білмейтін атаулар қаншама.

3.4. Саясат салдарынан пайда болған жер атаулары

Зерттеу барсында тағы бір көз жеткізген мәселе жер-су атаулары өзіндік сипатына қарай да қойылыпты.

Көл аттары судың түсі, сапасы, тереңдігі мен өсетін өсімдіктеріне, басқа да ерекшеліктеріне сипаттама береді. Ақ, Қара, Қасқа, Ащылы, Қарағайлы, Масалы, Шойынды, Жұмыртқалы деген атаулар соған дәлел.

Адыр, шоқы, төбе өздеріне тән атқа ие. Қара, Сары, Көк, Тасты, Қоғалы, Жыланды, Домалақ, Шаңдақ, т.б.

Елді мекен атаулары да өзіндік сипаттарға ие: Кең, Тассуат, Үшқарасу, Ақтөбе, Тасөткел, Былқылдақ, Бидайық т.б.

Осындай өзіндік ерекшеліктеріне сай, қазақи атаулардың бүгінгі күнде өзгеріске түскендері бар. Оған мынадай оқиғалар дәлел бола алары анық.

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ даласына ішкі Ресейден жерсіз адамдарды қоныс аудару мақсатында бірнеше экспедиция жер, суды зерттеу жүргізген. Сол кезде жер мен су атаулары талай өзгерістерге түскен. Келген топографтар мен гидрологтар жазғанда транскрипцияны қолданған. Қалай естісе, солай жазды. Есілді –Есиль, Исель, Ишим деп үш түрлі атаумен жазған. Қазақ тілін білмейтіндерге оңай болу үшін Тасты-Талды мен Сандыққа «су» деген сөз қосқан. Жарқайыңға да «ағаш» сөзін қосуды тек осы себеппен түсіндіруге болатын шығар. Кеңкөл өзені деп екі ұғымды араластырып, түсінікті қиындатып жіберген.

1954 жылы Қазақстан жерінде тың игеру науқаны басталды. Бұл науқан біздің өлкеде қызу жүрді. Осы кезең ұлттық атауларымыз  славян

тектес атаулармен өзгертілді. Бұрыннан келе жатқан байырғы атаулар

орыс тілді атаулармен алмастырылды. Сондай-ақ бұрыннан атауы жоқ не ұмыт болған, жаңа игерілген жерлерге тың игерушілер поселкелері бой көтеріп, олар жүздеген орыс тілді атауларға ие болды. Олар:

  1. Пятигор

  2. Отрадное

  3. Донской

  4. Костычево

  5. Гастелло

  6. Пригородное

  7. Львов

  8. Нахимов

  9. Зерноград

Осындай өзгерістер халықтың ұлттық сипаттағы атауларының жойылуына әкеліп соқты. Енді осы атаулардың қалай пайда болғанын қарастыратын болсақ, сипаттарына қарай былай топтастыруға болады:

  1. Pесей империясына қызмет еткен орыс генералдары, генерал-губернаторы фамилияларынан қойылған атаулар: Нахимов.

  2. Қазақ атауларын тікелей қалқалау арқылы атау жасау да басым болды: Бестау- Пятигорское;

  3. Ресей мен Украинаның  түрлі облыстық аймақтарынан жер аударылып көшіп келген тың игерушілер өздерінің «тарихи» отанының атауларын қоса әкелді. Мысалы, Львов (Львов –

Украинаның батысында орналасқан Львов облысының орталық қаласы), Ростовское  (орыс. Ростов-на-Дону, ауызекі тілде жай ғана Ростов) – Ресейдің оңтүстігіндегі ең ірі қала, Ростов облысының орталығы, Отрадное (Отрадное — аудандық бағыныстағы қала Киров ауданы  Ленинград облысы). Бұл атаулардан ауданымыз әлі толық арыла алмай келеді.

Дегенмен осы салада өзгерістер бар. Жоғарыда көрсетілген атаулардың кейбірі қазақша сипатқа ие болып, тарихи атаулары қайтарылды. Олар –Фурманов- Бірсуат, Ростов –Құмсуат.

Былтырғы жылы Державин қаласының атауын Кенесары қаласы деп ауыстыру бойынша үлкен жиын өтті. Өкінішке орай, бір жылға жуық уақыт өтсе де қала атауы өзгерген жоқ.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2025
27
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі