Материалдар / «Менің отбасым және спорт» атты эстафеталық жарыс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Менің отбасым және спорт» атты эстафеталық жарыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды салауатты өмір салтына бейімдеу, ата-ана мен оқушыны байланыстыра отырып салауатты өмір салтын көтеру,оқушының дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру. 1. Ата – ана мен мектептің тығыз қарым – қатынасқа болуға шақыру. 2. Шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Қаңтар 2019
668
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»

Сабақтың мақсаты: : Оқушыларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру;пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі:ұлттық ойындар салынған суреттер,арқан

Сабақтың барысы:

Амандасу. Түгендеу.Спорттық киімдеріне көңіл аудару. Оқушыларға денені сергітуге арналған түрлі жаттығулар орындату.

Дене тәрбиесі сабағындағы тіршілік қауіпсіздігі ережелерін пысықтап өту .

2.Негізгі бөлім.Қазақ ұлттық ойын түрлерімен таныстыру.    Атқа қатысты спорт түрлеріне тоқталу.Оқушыларды 2 тоқа бөлу.

«Жүкті қоржын» әдісі.Қоржынға 4 түрлі ат спортының аты жазылған парақшалар бар.Екі топ 2-2-ден алып сол спорт түрлері туралы өз ойларын топ арасында талқыға салады да,сол спорт түріне қатысты шағын сахналық қойылым қояды.Уақыт аяқталғанда спорт түрлері туралы ойларын ортаға салады.Ұйымдастырған шағын қойылымдарын көрсетеді.

Мұғалім спорт түрлеріне қатысты кейбір мәліметтерді толықтырып өтеді.

.Қазақ халқының тарихи өмірі, оның ішінде спортпен шұғылдануы  жылқы малымен тікелей байланысты.

Қазіргі заманда көптеген елдерде ат спорты кеңінен тараған.Ат спортымен шұғылдану адамнан батылдылықты, күш-қайратты, сонымен бірге жылқы малына деген шынайы сүйіспеншілікті қажет етеді.

Қазақта бәйге жарысы мен қыз қуу өте кең тараған.

Қазақтың ұлттық ат спортының түрлері:

  1. Бәйге — әрқандай қашықтықтарға атпен жарысу.

Бәйге - ұлттық спорт ойындарының бір түрі. Ат спортының бұл түрі түркі тектес басқа халықтарда да бар. Мысалы, Бәйге өзбектерде “пайга”, қырғыздарда “чабыш” деп аталады. Кейбір деректер бойынша, 15 ғ-дың 70-жылдарында Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрғанда, Шу өзенінің жағасында, Тұлпарсаз деген жерде бәйге ұйымдастырған. Осы кезден бастап Бәйге қазақ халқының алқалы жиындарының (тойлардың, астардың, т.б.) ажырамас құрамдас бөлігіне айналған (қ. Сауын айту).

Бұрын бәйгеге қосылған аттар түстік, күндік жерге, ұзақ қашықтықтарға шабатын (қ. Аламан бәйге). 1957 жылы Қазақстандақабылданған ереже бойынша құнан бәйге 1200, 1500, 1600, 1800, 2000 м, дөнен бәйге 2400, 3000, 3200, 4000, 4800 м, ат бәйгесі5000, 8000, 10000 м қашықтықтарда өткізіледі. Көбінесе, қашықтық төрешілер алқасының шешімі бойынша бәйгеалаң (ипподром) айналымының ұзындығына байланысты белгіленеді. Бәйгеге мал дәрігерінің қарауынан өткен аттар жіберіледі. Жарысқа қатысушылардың кеудесіне және арқасына нөмірлер тағылады; шабандоз жеңіл, ыңғайлы, белгісі бар ұлттық киім киеді. Аттың ер-тұрманындашабандоздың киімінде адам жарақаттанатындай заттар болмауы тиіс. Бәйгеге қатысушы атын оздыру үшін өзі білетін, ережеде рұқсат етілген тәсілдердің бәрін қолдануына болады. Ал қатарласып келе жатқан атқа қамшысын тигізуге немесе қамшысын үйіріп басқа аттарды жасқауға, айқайлауға, ысқыруға, жарыс жолынан шығып кетуге, оның айналмаларынан төтелеп өтуге болмайды. 1-ші орын мәреге атының тұмсығы бірінші іліккен шабандозға, қалған орын аттардың келу ретіне қарай беріледі. Қазақ халқы Бәйге аттарын ерекше күтімге алған. ҚұлагерАқбақайМаңмаңгер сияқты сәйгүліктерді ән-жырға қосқан. Топтан озған тұлпарлар туралы халқымыздың ауыз әдебиетіндеэпостық жырларында, мақал-мәтелдерінде көп айтылады.[1]

2)     Қыз қуу – атқа мініп қашқан қызды қуып жету.

Қыз қуу — өте көне ойындарының бірі. Ол республикамыздың халықтарының арасында кеңінен тараған ұлттық ат ойыны тобына жатады. Сонау ертеден келе жатқан спорт ойыны, ертеде «Қыз қашар», «Қыз қуалар» деп аталғаны болмаса, біздің заманымызға дейін оншама өзгеріссіз жеткенін атап өтуіміз керек. Бұл жарыс өзінің түрі жағынан біздің заманымыздан бұрын қандай болса, қазірде сол күйінде қалды. Сол заманғы тәртіп бойынша жарыс жігіт пен оның қалыңдығы арасында өткізілген (біздің заманымыздан бұрын VIII—VII ғасырларда Қазақстанның территориясын жайлаған кейбір рулардың арасында осындай тәртіп болған). Егер жігіт жарыста жеңілсе, ол өзіне қойылатын талапты ақтай алмағаны үшін оның қызбен некелесуге құқы болмаған. Ертедегі аңыз-ертегілерге қарағанда, қазақтарда тағы бір мынадай әдет-ғұрып болған. Осы әдет бойынша жарысқа екі рудың қыз бен жігіті түскен. Жігіттің жеңілуі оған салынатын айыппен қоса, өз руында еті тірі жігіт пен жүйрік атының жоқтығы үлкен кемістік болып табылған. Егер қыз жеңілген деп табылса, оның жағының келісімі бойынша, ешқандай қалыңсыз-ақ ол жеңген жігітке тұрмысқа шығады.

Бұл сияқты ескі әдет әлдеқашан ұмыт болды. Қазіргі қыз қуу өзінің идеялық мазмұны жағынан одақтағы ұлт республикаларының мәдениетіне енген халықтың спорттардың қай-қайсысынан болса да кем түспейді.Қазіргі кездегі қыз қуу спорт жарысында күшті теңдестіру үшін әлсіз жаққа берілетін тиімді шартты еске салады. Жарыс мынадай тәртіппен өткізіледі. Сөреге қыз бен жігіт шақыралады. Жігіт қыздан 10—15 метр кейін тұрып жарысқа қосылады.

Жігіт қызды қуып жетсе, өзінің жеңгендігін білдіру үшін оның білегінен орамалды алуға тырысады. Ал қыз оның керісінше, қуғыншыдан қашып құтылып, сөреге бұрын жетуге әрекет жасайды.

Қыз қуу-ды қазіргі бағытымен келешекте де дамытудың үлкен спорттық маңызы бар. Оны ұлттық спорт ойындарының қызғылықты бір түріне айналдыру үшін мүмкіншілік толық. Ол өзінің маңызы жағынан дене тәрбиесін беруде бүгінгі талапқа толық сай келеді.

  1. Көкпар – бауыздалған ешкіні тартысу.

Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрі” сөзінен шыққан.

Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды.

Көкпар – Орталық Азия халықтары арасында кең тараған ойын түрі. Ол қырғыз тілінде "көк бөрү", “улак тартыш (тартуу)”, тәжік тілінде “бузкаши” деп аталады. Көкпар тарту сияқты ұлттық ат спорты ойындары басқа да Шығыс елдерінде де бар. Ауғанстанда кең тараған бузавиш ойыны Көкпарға өте ұқсас. Сондай-ақ, Аргентина халқының да Көкпарға ұқсас ат спорты ойыны болған.

Көкпар жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады. Сонымен қатар Көкпар – аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорт. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі. Мұны кейде марта тарту деп те атайды.



  1. Аударыспақ – атқа мінген екі адамның бірін-бірі аттан аударып жерге түсіруі.

Аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі (екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады).

Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын. Сондықтан қазіргі тәртіп бойынша сайысқа 18 жасқа толғандар ғана қатынастырылады. Сайысқа қатынасушылар үш салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспақ салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспаққа салмақтың категорияны енгізудің мақсаты — қатынасушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Оны спорттың сайыстың бір түріне айналдыру үшін бір-біріне тең келетін салмақтық категорияны көбейту дүрыс. Бұл категорияға бөлу соңғы кезде қалыптасты. Ертеде кез келген тілек білдіруші өз еркімен қатынаса беретін болған. Амал қанша, спорттық жарыстарда сол үш категорияның өзі де көбіне әлі де сақтала бермейді. Спорттың бұл түрінің дамуымен бірге, сөз жоқ оның салмақтық категориясы да көбейе, кеңейе беретіні күмәнсіз.

Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады. Сайып келгенде, аударыспақта негізгі рольді ат пен ойыншы жігіттер атқарады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды. Аударысу ат пен жігіттің үндескен қимыл-бірлестігіне сүйене отырып, күш-жігердің басымдығын көрсететін қалыпты, байсалды шеберлікке үласып жатуы шарт. 

  1. Жамбы ату – атпен тоқтамай шауып келе жатып найзаны жоғарыда ілулі тұрған нысанаға көздей лақтырып шаншу.

Жамбы ату, қазақ, халқында кең тараған мергендік сынның бір түрі. Атпен шауып келе жатып жігіттер екпінін бәсеңдетпестен құрулы бақан үстіндегі нысананы атып құлатуға тиісті болған. Ереже бойынша жігіттер сөреде өз сәйгүліктерінің жанында болады. Төреші белгі берісімен олар аттарын тез ерттеп, шаба жөнеліп, жолындағы нысаналарды атып құлатуға тиісті. Терешілердің ұйғарымы бойынша, нысаналар бірнешеу болады. Әрбір олимпиялық ойындардан кейін оның бағдарламаларына енген спорт түрлернің халықаралық бірлестіктері қайта қарап, түзетулер, өзгерістер енгізіп жүр. Қазір уақыт басқа. Қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінің ережелерін де қайта қарап, заман талабына сай өзгертуге болады. Мысалы, Жамбы ату биатлонның ережесіне сай өзгертуге келеді. Тек шаңғының орнына ат керек.



«  Айгөлек.» ойынын ойнату.

Ойын жазық жерде өткізіледі.Ойын тәртібі: жиналған балалардың ішінен екеуі шығып, басқаларды екіге бөледі де, әрқайсысы өз тобын басқарады.

Басқарушылар екі топты бір-біріне қарама-қарсы 40-50 метр қашықтыққа қаз-қатар тұрғызады.Сонан соң екі басқарушы ойын бастайтын топты белгілеу үшін жеребе тастайды да, қайта өз топтарының қасына барып тұрады.Ойын бастаушы топ екінші топтың ішінен (басқарушыдан басқа) бір баланы тақпақ айтып шақырады: — Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, бізге батыр ұл керек, бізге батыр қыз керек, сонау тұрған Талғаттың өзі керек, — деп дауыстаған уақытта шақырылған бала тұрған топтан қолын босатып, жүгірген бетімен бірінші тотың қол ұстасып тұрған балаларының арасын кеудесімен үзіп кетуге тырысады.Егерде жүгіріп келуші бала күшті болса, үзіп кетеді. әлсіз болса, үзе алмай, ұсталып қалады.

Шақырылған бала қатарды үзіп өтсе, өткен жеріндегі екі баланың бірін өз тобына алып кетеді.Егер үзіп өте алмаса, сол топта қалады.Осыдан кейін ойынды екінші топ жалғастырады.

Ойын осы тәртіппен бір жағы таусылғанша жалғаса береді.Таусылған жағы жеңілген, қосып алған жағы жеңген болып есептеледі.

«Айгөлек» ойыны жастардың денесін щынықтыруға, ұстамдылыққа, күштілікке тәрбиелейді.

 3.Қорытынды бөлім.

Оқушыларды мадақтау,бағалау.

 



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!