Менің қасиетті Қазақстаным

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Менің қасиетті Қазақстаным

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзімнің туған жерім қасиетті Торғай өңірі жайында сыр шерту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 2 Мияссар Илияс

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы,

Қалам-Қарасу ауылы

Ғ.Қайырбеков атындағы орта мектеб мектеб

7-сынып оқушысы


Менің қасиетті Қазақстаным

Елбасымыздың «болашаққа бағдар, рухани жаңғыру » мақаласын маңыздылығы жоғары деп айтуға болады. Елбасымыз осы мақаласында жаңаша бастау алатын «туған елге» ұласатын «туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Әрбір азаматты өзінің туған жерінің, елінің гүлденуі үшін еңбек етуге шақырады. Мен өз ЭССЕ- де Қазақстанның бір бұрышы туған жерім Торғайдың қасиетті даласы жайлы жазғым келеді.

Тарихи Торғайымның әр төбесі,

Биік қой әрқашанда мәртебесі.

Қайда жүрсем мақтан етем туған жерді,

Қымбат маған туған жердің әр өлкесі.

Менің қасиетті Торғай аталатын өлкем, алыстағы керемет бұйра-бұйра бұйраттары өркештеніп жатқан атақты Тосын құмынан басталады. Сол Тосынның кіре беріс қақпасы-Жаркешу. Құм төсін тілген ақ алмастай Жаркешуден Торғай өзені жарқырап алысқа тартады. Торғай өзенінің терең жерлеріде осы Жаркешуден басталады. Өзен жағасы жапырағы жалбыраған талдар. Құм бойын қуалай өскен жиде ағаштары. Ойымды-ойымды қара сулар. Әр ағашқа бір қонып сықылықтаған сауысқандар. Осынау Торғай табиғаты көңіліне жел беріп, әлдейлегендей болады. Торғай жері,Торғай төрі керемет ауыз толтырып айтарлық жер. Жаратылысында Торғай халқы тойшыл халық.Топырағына ақындық киесі қонған жер. Мақтанып айтып кетер болсам, әйгілі ұстаз, балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин ғұмырының тең жарымынан астамын осы менің өлкем, кіндік қаным тамған жер Торғайда өткізген,шәкірт тәрбиелеген. Оның атақты «Кел балалар, оқылық» өлеңі сөз жоқ осы Торғайда туды. Сол сияқты А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлы сияқты ағып тұрған ақындар осы жерде туып,мекендеген. Осындай тума талант иелері туған жерді қалай қасиетті деп атамаймын. Айтарлық мақтанышым көп. Өзім сияқты балалардың рухани азығына,мақтанышына айналған небір өнер дүлдүлдері өмір сүрген киелі жер. Тағыда елім жайлы айтар болсам, өз ауданымыз осы Торғайда «Біздің Торғай» атты газетіміз апта сайын халыққа жаршылық қызымет атқарады. Өзімде , ата-әжемде осы газеттің жаңа басылымын асыға күтеміз. Себебі, туған жерімізде болып жатқан жаңалықтардан хабардар боламыз. Сондай-ақ аудан орталығында орналасқан ауырухана Торғай халқына қызмет жасауда. Бәрімізде ауылдан арнайы барып, сол аудандық ауруханадан ем аламыз. Мен Торғай топырағынан нәр алып өскеніме мақтанамын, шаттанамын. Айта берсем, ауданымызда бес мұражай орналасқан. Шақшақ Жәнібек, Ыбырай Алтынсарин , Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы , Әліби Жангелдин, Нұрхан Ахметбеков мұражайлары ел мақтанышына айналған. Биыл 2018 жылы 27-28 қыркүйекте Жангелдин ауданының 90 жылдық мерей тойы тойланғалы жатыр. Осыған байланысты ауданымызда дайындық жұмыстары қызу жүруде. Менің кейелі Торғайымда туып-өскен аға –апаларым туған жерін көркейту жолында жан-жақтан қол ұштарын беріп,туған топырағына жаңашылық еңгізуде. Атап айтсақ,орталық аланда мерекелік дала сахнасын қалыпқа келтірді. Баспа беттерінен оқуымша осы сахнаны орнатуға тоғыз миллонға жуық қаржы жұмсалыпты. Енді, «Торай әуендері», «Бабалар өсиеті » атты аймақтық дәстүрлі әншілер байқауын осы сахнадан тамашалай аламыз. Сонымен қатар, бірқатар әлеуметтік нысандар қалыпқа келтірілуде. Жастар алаңы, ауданның кіре беріс қақпасы, орталық аланда орнатылған жарнамалық үлкен экранды орнатқандары үшін барлық аға –апаларыма алғысым шексіз. Көп-көп рахмет сіздерге торғайлық бауырларым ! Мен осындай қасиетті жер, Торғайда туғаныма мақтанамын!





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.10.2018
468
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі