Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Менің үздік жазбам

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпылама білім саласы туралы жазылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы













Алматы қаласы

Жетісу ауданы

КММ №110 мектеп-гимназиясының

Информатика пәнінің мұғалімі:

Чотаева Айжан Кәкімғажықызы

2020-2021 оқу жылы



































I секция. Қазіргі заманғы білім беру саласындағы ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері мен болашағы

Уақыт. Әрине уақыт бір орнында тұрмайды. Соның арқасында «Заманына қарап адамы» деп айтатын болдық! Уақыт пен бірге білім жүйесінде алға жылжыйды. Қазіргі сәтте жаңа оқыту жүйесі енді. Бұл туралы пікірлер екі түрде: бірі қолдаса, бірі құптамайды. Оқу мәселесінің өзекті екенін қоғамда мойындады. «Білімі мықты ел озады», - деген сөз бекер айтылмаса керек. Оған сөз жоқ. Бірақта қазіргі оқулықтар заманға сай болғанымен оқушы жасына сай ма? Қазіргі білім жүйесі ұстаз бен оқушыға ұнай ма? Оқулықтар барлық мектепте бірдей ме? Қазіргі өзекті мәселелердің бірі – осы сұрақтар болып табылады. Осы кезде кітап баспалары көбейді. Әрине, бұл жақсы. Алайда бұл оқу жүйесінде үлкен қателік болды деп есептеймін. Өйткені әр баспа әртүрлі білім жүйесін қолданады. Бұл оқушыларға кері әсер етеді. Мысалы біз «Дарын» мектебіне түсуге дайындалдық делік. Біз «Алма-ата» баспасын қолдана отырып дайындалдық. Бірақ сұрақтар «Атамұра» баспасы арқылы жүргізілді. Ал оқушы Алма-Ата кітаптары пайдаланды. Әрине екі баспадада басылатын нәрсе бір тақырып, бір мазмұн деп көрейік. Бірақ, бір кітапта басылған жазба екінші кітапта жоқ. Осы мәселенің кесірінен қаншама жас, мықты оқушылар өздерін көрсете алмай қалады. Менің ойымша білім жүйесіне тек бір баспа орталығы болса, сонда ғана оқушыларда уақыт жоғалтпастан тек бір кітап арқылы дайындалып, жеке дамуына көбірек уақыт бөлер ме еді.

Байқасаңыздар әр жылы оқушы саны артып келеді. Бұл деген сөз бастауыш сынып көп екенін білдіреді. Осы жерде көтерілетін мәселе оқу жүйесі бала жасына сай ма? Қазір төртінші, үшінші сыныпқа бесінші сыныптың білім жүйесін үйретеді. Бір жағынан қарасаң дұрыс секілді көрінеді. Басқа қырынан қарасақ балаға ерте жасынан сабаққа деген құлшынысын ашу өте жақсы, алайда, көптеген түсініспеушілік туындауы мүмкін. Мысалы, сабақ бағдарламасы балаға сай болмауы деген сияқты. Өмірде кездесетін жағдай екінші сыныпқа берілген тапсырманы ата-аналар орындай алмай жатады. Әр баланың деңгейі әртүрлі. Соған сай сабақ жүйесі құрылуы керек сияқты. Баланың зейінін ашып, сабаққа деген көзқарасын өзгертіп, оқушыны оқуға шақыру керек ең басты мақсатымыз осы болуы тиіс. Мектепішілік немесе аудан, облыс арасында болатын жарыс, сайыс, олимпиада, ғылыми жобаларға жақсы оқитын оқушыла қатысып жатады. Неге барлық бала қатысып көрмеске, сол кезде оқушылардың бойында оқуға деген құлшыныс оянады. Бәселестік болады. Бәсеке бар жерде ынта мен жігер болады. Сол арқылы баланың оқу деңгейін жақсартуға мүмкіндік береміз деп ойлаймын.

Келесі бір тоқталатын, ол қазіргі кітаптар қазақ тілінің ережелеріне сай ма? Менің өзімнің жеке пікірім, келешек ұрпақ қазақ тілін анық білсін десек, ол туралы ережесін, қазақ салт-дәстүрлерін ұмытпасын десек кітаптарға аздап өзгертулер керек. Бұл ащы шындық . Айналамыздан-ақ байқасақ болады, қарапайым өмірде қазақ баласы қазақпен орысша сөйлеседі. Егер бұл жағдай қайталана берсе, алдағы уақытта қазақ тілі ұмытылып кетпесіне кім кепіл? Жаңа оқу жүйесінің жақсы жағын қарастырып көрейік. Бұл жаңа оқу жүйесі бойынша ұстаздарымыз ағылшынша оқыту жүйесін меңгеріп келе жатыр. Сол арқылы оқушылар пәнді ағылшынша меңгере отырып, ағылшын тілін жіті меңгеріп шығатын болады. Мектептерді әр апта сайын семинарлар, коучингтер және жиналыс, апталықтар өтеді. Әр мектепте оқушы арасынан президент, оқу министрі, тазалық секторы тағайындалады. Осындай міндет жүктеу арқылы баланы жауапкершілікке және үлкендерді сыйлауды үйретуде ат салысудамыз. Қазіргі уақытта мектепке «Логиканы дамыту», «Робототехника» сияқты пәндер енгізіліп, сол арқылы баланың ойлау қабілеті мен шапшаңдығын артыра түсуде. Дәл бүгінгі сәтте карантин режимі енгізілген уақытта да біздің оқу процессіміз жалғаса бермек. Қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша, яғни онлайн оқып жатыр. Әр сабақтың өту барысы әртүрлі. Бірнеше форматта жұмыс жасауға болады. Мысалы, Online mektep, spera, zoom, classroom сияқты платформалармен жүргізіліп жатыр. Видео сабақтар, теледидар арқылы сабақтар түсіндірілуде, балаларға барынша түсінікті болуы үшін барлық жағдай қарастырылған және осы оқу процессі қатаң түрде бақылау үстінде. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды.

Қорытындылай келетін болсақ, қазақта жақсы бір мақал сөз бар «Ұстаздан шәкірт озар» деген, бұл дегеніміз біздің қазіргі таңда беріп жатқан біліміміз еш кетпегені болса игі. Шәкіртіміз бізден озып жатса, біздің қуанарымыз хақ. Әрбір оқушының бойынан ерекшелікті ұстаз байқай отырып, сол оқушыны дұрыс арнаға бұру арқылы жол көрсетіп отырса, онда ол оқушы білімге деген құлшынысы арта түсіп, қатарынан озары сөзсіз.

Оқу, білім - жанған шырақ, ойласаң.

Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.

Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.

Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң, -


деген Жүсіпбек Аймауытов атамыздың керемет өлең шумағымен аяқтағым келеді. Өскелең ұрпаққа айтарым қанаттарың талмасын, оқуға деген зейіндерің мықты болсын, сәттілік жолдас болсын әрдайым!!!
 





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.05.2021
327
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12