МЕРЕЙ ТОЙЫҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, БАЛДӘУРЕН!

Тақырып бойынша 11 материал табылды

МЕРЕЙ ТОЙЫҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, БАЛДӘУРЕН!

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша бізге өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге, баламен бірге балша ойнауға, ойлауға, еркелеуге, қиял әлеміне шарықтауға, ертегілер еліне саяхат жасауға мүмкіндік береді. Ең бастысы – балабақшаны тек оқу – тәрбие ошағы деп санамай, баланы түсінетін, әрдайым көмек қолын созатын әлем деп сезіну. Осындай мейірім мен сүйіспеншіліктің аймағы Қармақшы ауданы, Ақай ауылындағы біздің №19 «Балдәурен» ясли – бақшасы. Балабақшамыз 2007 жылдың сәуір айында ашылып, содан бері он жыл үздіксіз жұмыс жасап келеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕРЕЙ ТОЙЫҢ ҚҰТТЫ БОЛСЫН, БАЛДӘУРЕН!


Балабақша бізге өз мүмкіндігімізді толық көрсетуге, баламен бірге балша ойнауға, ойлауға, еркелеуге, қиял әлеміне шарықтауға, ертегілер еліне саяхат жасауға мүмкіндік береді. Ең бастысы – балабақшаны тек оқу – тәрбие ошағы деп санамай, баланы түсінетін, әрдайым көмек қолын созатын әлем деп сезіну. Осындай мейірім мен сүйіспеншіліктің аймағы Қармақшы ауданы, Ақай ауылындағы біздің №19 «Балдәурен» ясли – бақшасы. Балабақшамыз 2007 жылдың сәуір айында ашылып, содан бері он жыл үздіксіз жұмыс жасап келеді. Осы жылдар ішінде балабақшамыз орасан зор жетістіктерге жетті. Сондай-ақ, ол мәңгілік балалық пен жастықтың ордасына айналды. Кішкентай бүлдіршіндеріміздің бойына ізгілік нұрын, адамгершілік қасиеттерді сіңдірудеаянбай еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі ұстаздарымыз да баршылық. Балабақшада 24 педагог кадр жұмыс атқарады. Соның ішінде ұлылық пен жылылықты қоса алып ұлы жол көрсетіп жүрген басшыларымыз Жайлханова Райхан апайымыз бен әдіскеріміз Абдраманова Гульдары апайларымызды мақтана айта аламыз.

«бБалдәурен» ясли-бақшасының күнделікті өмірі бүлдіршіндердің қызықты күндеріне толы. Себебі, тәрбиешілер мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас, тәрбиешілердің іс-қимылы, тәжірибесі көпке үлгі болып, жақсылыққа бастау алып отыр.

Әсіресе Елбасының «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» атты идеясы өмірге жаңа жолдама беріп тұрғандай. Ел ертеңі осындай кішкентайлардан бастау алары сөзсіз. Дәлірек айтқанда, біздің ұжымның да мақсаты – балабақшаның әрдайым биіктерден көрінуіне септігін тигізу, жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие беру. Ұжым педагогтары әрбір бүлдіршінді жеке тұлға ретінде қабылдап, оларды ізгілікке баулиды. Осындай жетістіктердің көп болуы, әрине басшымыздың ерен еңбегінің арқасы. Өз ісінің шебері, баланы жанындай сүйетін басшының ұжым қызметкерлерін де жүрекпен жақсы түсіне білу нәтижесінде жетістіктерге жетіп отырмыз. Балабақшада үнемі түрлі байқаулар, спорттық іс-шаралар, педагогикалық кеңестер, «дөңгелек үстелдер» , психлологиялық тренингтер өткізіледі. Үстіміздегі жылы «Мектепке дейінгі ұжымда оқу-тәрбие үрдісінде «Тәй-тәй» технологиясын қолдану тиімділігі» тақырыбында аймақтық семинар ұйымдастырылып, онда балабақша тәрбиешілері өз тәжіребиелерімен бөлісті.

Бойымыздағы бар білімімізді, асыл қасиеттерімізді періште бөбектерге арнай білсек, олардың жүрегіне жол тауып, өзіндік «мені» бар дәрежеге жеткізсек, Отанды, адамзатты сүюге тәрбиелесек - міне, біздің балабақшамыздың нағыз мейірім алаңына айналғаны.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.07.2018
462
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі