«Қош келдің, Жаңа
жыл!»
Жүргізуші:
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы!
Құтты болсын ағайын!
Жаңа жылың тағы да
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға
Ертеңгілік басталсын
«Еркем -
ай»
тобында!
(балалар келіп шыршаны айналып тұрады
музыка қосылады Сиқыршы шыр айналып
кіреді)
Жүргізуші:
Міне, керемет, қол ұстасып әнімізді
шырқайық.
Ән: «Шырша жыры»
Жүргізуші:
Ендеше, шыршамызға тақпақтарымызды
айтайық.
Жүргізуші: - Балалар, жарайсыңдар.
Айтыңдаршы жылда Жаңа жылға бізге қонаққа кім келуші еді?
(Балалардың жауабы)
Жүргізуші: Кәнекей, ендеше бәріміз бірге
шақырайық.
Бәрі: Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау - у - у - у! 3 -
рет
- Ой, балалар, шыршамызға Аяз Ата мен Ақшақар жетіспейді.
Бәрі. Қоңырау үні сыңғырла
Аяз ата, Ақшақар
Біз Сендерді сағындық
Тез келіңдер ортаға
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(әуенмен бірге Ат шанаға мініп Аяз ата, ақшақар келеді)
Аяз
Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар.- Сәлеметсіңдер ме, балалар.
Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Жылқы - Мұрагер
Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер, баршаңызда,
алыс жолдан келдіңіздер.
Әсем әні де, биі де бар
Отыр ата, сәл дем ал.
Ән: «Аяз Ата»
Аяз
ата: Жарайсыңдар, өнерлі
екенсіңдер!
Жүргізуші: Иә, ата, балаларымыз шеттерінен өнерлі, тақпақты да
жақсы айтады.
Аяз ата: мына ата - аналар да
мықты екен. Енді мен дем алсам деймін.
Жүргізуші: - Шыныменен, балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл
Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз
сізге ризамыз!
Жүргізуші: Міне, балалар аңдар
да өнерлерін көрсетті.
Жаңа жылға барлығы жақсы дайындалған, осындай өнерлерімен
белсенділік танытып жүрген және он саусақтарынан өнер тамған ата -
аналарым мен балаларым бірлесіп ойыншықтар жасап әкеліп көрмеге шын
жүректерімен қойған ата - аналарды марапаттағым келіп тұр.
(ата - аналарға алғыс хат табыстау)
- Аяз ата Ақшақар сіздер біздердің балаларымыздың сыйлықтарын қашан
бересіздер?
Аяз ата: Ой - буй, ұмытшақ басым ай, әрине қазір, қазір....
(барлығыңа сыйлық үлестіріледі)
Аяз -
Ата: Жарайсыңдар
балаларым! Meнi бүгін
бip қуантып, алыс жерден шаршап
келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де
өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің
сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да
балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер,
өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!(қолдарын
бұлғап шығып кетеді.)
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар!
«Қош келдің, Жаңа жыл!» жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды.
Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, әріптестерім
сіздерге де мың алғыс! Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл
құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен қуаныш
әкелсін!!!