Материалдар / Мерекеге тұспа-тұс келген сүйінші хабар.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мерекеге тұспа-тұс келген сүйінші хабар.

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж ұстаздарын " Ұстаздар күні" мерекесімен құттықтау. Талғар медициналық колледжі бойынша ақпарат.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Қырқүйек 2021
414
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мерекеге тұспа-тұс келген сүйінші хабар.


Тарихы сонау ғасырлар қойнауында жатқан "Талхиз" қалашығы орналасқан, ауасы таза, суы мөлдір Талғар қаласында адам жанының арашасы, ақ халатты, абзал жан-медицина мамандарын дайындайтын, 83 жылдық тарихы бар "Талғар медициналық колледжі" халыққа қызмет көрсетуде. Колледжде 5 мамандық бойынша «Фельдшер», «Жалпы тәжірибедегі мейіргер», «Фармацевт», «Акушер», «Медициналық зертханашы» мамандарын дайындауда. Білім ордасында білікті де білімді оқытушылармен қатар, тәжірибесі мол, бәсекеге қабілетті дәрігер мамандар және өз ісіне өте мығым жас мамандар білім беруде.

Қазіргі таңда 75 оқытушы 1096 білім алушыларға дәріс беріп, тәлім-тәрбие көрсетуде. Колледжде білім берумен бірге мерекелік іс-шаралар жыл сайын дәстүрлі түрде аталып өтіледі. Соның бірі шырынды жемістері мен ас атасы астыққа толы алтын күздегі қадірлі де қастерлі мамандық иесі- ұлағатты Ұстаздар күні болса, екіншісі жайма шуақ, жайдарлы жаз мезгіліндегі адам жанының арашасы, ақ халатты абзал жандар Қазақстан медицина қызметкерлерінің төл мерекесі.

Міне,  қиын-қыстау жағдайда өз өмірлерін қатерге тігіп, ұлтының денсаулығы мен амандығы үшін аянбай еңбек етіп, халқымыздың санын көбейтуде сапалы қызмет көрсетіп, өлім-жітімнің санын азайтуға өз үлестерін қосып, сырқатына ем, жанына дәру іздегендерге сая болатын, дауа іздегеннің көңіліне демеу болған, аяулы жан- медицина қызметкерлерінің төл мерекесі де келіп жетті. Осы орайда, барлық медицина қызметкерлерін осынау тамаша мерекемен құттықтай отырып, ерен еңбектеріңізге толағай табыс, жанұларыңызға бақ-береке, таусылмас бақыт пен амандық тілеймін! Үмiтке үмiт жалғап, ғұмырдың ұзақтығын сабақтастырып, бiлiм мен мейiрiмдiлiктi ұштастыра бiлген ақ халатты абзал жандар қашанда құрметке лайықсыздар! Атаулы мерекемен бірге біздің киелі шаңырақ «Талғар медициналық колледжіне» сүйінші хабар да келді.

Медициналық колледждердің өзін-өзі бағалауы бойынша есептерінің негізінде жасалған Комиссия қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «Талғар медициналық колледжі» ШЖҚ МКК бағалауын «талаптарға сәйкес келеді» деп келісу шешімін қабылдап, колледждің мейіргер ісі қолданбалы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқытуға дайындығын растады. Яғни колледж жоғары медициналық колледж статусын алды. Жаңалықтың жаршысы болған арқылы осындай керемет жаңалықты сіздермен бөлісуді жөн көрдім. Бұл әрине ұжымның жетістігі деп санаймын және қымбатты әріптестеріме шексіз алғысымды білдіре отырып, отбасыларына бақыт, еңбектеріне шығармашылық табыс тілеймін. Болашақта биік белестерді бағындырып, жоғары жетістіктерге жетістіктерге жетіп, халқына адал қызмет көрсететін білікті, адал медицина мамандарын дайындаймыз деген сенімдемін.

Қазіргі замануи мейіргер білімді, ұқыпты, жауапкершілігі мол, науқастарға мейрімділікпен күтім жүргізетін, медициналық манипуляцияларды үлкен шеберлікпен жүзеге асыратын, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын маман болып саналады. Мейіргер – науқастарға толық күтім жасау үшін өзінің кәсіби білімділігін, психологиялық және рухани байлықтарын дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қазіргі кезде дәрігерлердің сенімді көмекшісі. Кез келген денсаулық саласында мейіргердің атқаратын қызыметі жоғары бағаналады. Өйткені науқас күтімінде олардың атқаратын жұмысы орасан зор, үлкен ерлік. Медицина қызметкерлеріне ең қымбат – адамдардың өмірі, денсаулығы, олардың жақсы жағдайда болуы сеніп тапсырылған. Ол тек науқас және олардың туыстарының алдында ғана емес, тұтас алғанда мемлекет алдында да жауапкершілікте. Сондықтан-да, медицина қызметкерлерінің арасында мейіргерлерге де үлкен міндеттер жүктелген. Мейіргерлер жоғары кәсіби шеберлік иелері болумен қатар бақылаушылық, науқастың бойындағы физикалық, психологиялық өзгерістерді көретін, байқағыштық қасиеттерге де бай болғаны жөн. Олар ұстамды, өзінің сезімталдық берілгіштігін басқара білетін, эмоциялық тұрақтылықта тәрбиеленген өз ісінің шебері болуы тиіс.

Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде заман көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас маманды білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол оқытушыдан үздіксіз ізденуді, өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді, өйткені еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!