Материалдар / Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі»

Материал туралы қысқаша түсінік
білімділік – Міржақып Дулатұлы туралы, оның шығармашылығы туралы сын тұрғысынан ойлау, талқылауға үйрету; дамытушылық – оқушының осы сабаққа дейінгі және одан кейінгі білгенін ақпараттармен ұштастыру, жинақтау; тәрбиелік- оқушыларды ананы сүюге, құрметтеуге, қамқорлық көрсетуге , сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2018
635
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Міржақып Дулатұлы «Шешенің балаларын сүюі»

Сабақтың мақсаты:

білімділік – Міржақып Дулатұлы туралы, оның шығармашылығы туралы сын тұрғысынан ойлау, талқылауға үйрету;

дамытушылық – оқушының осы сабаққа дейінгі және одан кейінгі білгенін ақпараттармен ұштастыру, жинақтау;

тәрбиелік- оқушыларды ананы сүюге, құрметтеуге, қамқорлық көрсетуге , сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Жаңа сабақты меңгертуде пайдаланылатын стратегиялар:

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, дамыта оқыту технологиясы.

Сабақтың көрнекілігі: Ақын суреті,слайд,АКТ

Сабақтың әдісі: оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту,сұрақ-жауап,топпен жұмыс.

Сабақтың өтілу барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды түгелдеу,топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге «Батыр Баян» поэмасындағы кейіпкерлерге мінездеме беру тапсырылған болатын.

Үй тапсырмасында берілген тапсырманы тақтаға шығып, дәлелдеп қорғайды.

ІІІ. Өткен білімді бекіту.

1.Батыр Баян поэмасының негізгі тақырыбы не?

2.Идеясы не?

3.Батыр Баян бойындағы қасиеттер?

Сонымен балалар , біз өткен сабақта Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасынан бойымызға не алдық?

- Бойымызға Баянның батырлығын, намысқойлығын, елі үшін, елінің намысы үшін өзін құрбандыққы шалатын қасиеттерін алдық. Жақында ғана «Батыр Баян» киносын көрдім. үлкен әсер алдым.

ІV. Жаңа сабақ. Ақын өмірі мен шығармашылығы жайлы видео ролик

Қызығушылығын ояту

қаламгер драматург

аудармашы Picture 7 Picture 5

жазушы Picture 6 Picture 8 публицист


ә) Мағынаны тану.

Міржақып Дулатұлы 1885 жылы 25-қараша да Қостанай облысы Жангелдин ауданы Қызбел деген жерде дүниеге келген.

Міржақып әуелі ауыл мектебінде оқыған. 1897 жылы Торғай қаласындағы орыс-қазақ мектебіне түсіп, 1902 жылы ойдағыдай бітіріп шығады. Алты-жеті жыл ауыл мектебінде мұғалім болады. Мұғалім бола жүріп, өлең жазды. Міржақып 1904 жылы Омбы қаласына барады. 1909 жылы Уфа қаласында «Оян қазақ» өлеңдер жинағы басылып шығады. «Бақытсыз Жамал» романын жазады.

Поэзия минутына кезек береміз.

«Шешенің балаларын сүюі» өлеңін өзім мәнерлеп оқып беремін.

Бұдан кейін өздері оқиды.

-Ал, балалар, өлең қандай үлгідегі жазылған?

-Сұрақ-жауап түрінде жазылған.

Ақын өзі сұрақ қояды да, өзі жауап береді.

-Жақсы, балалар, енді дәптерімізді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазайық.

Оқулықпен жұмыс Сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беру.

1.Ақын осы өлең арқылы қандай ой айтпақ болды?

2.Ақын ананың балаға деген махаббатын қалай жеткізеді?

3.Қазіргі қоғамда анаға деген құрмет қандай дәрежеде?

4.Ана туралы қандай даналық сөздер бар?

Талдау-табыс кілті

Топтарға тапсырма.

Өлеңге сатылай кешенді талдау.

Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,

Қуанышыңа қунаып, қайғыңа күйетұғын?

Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,

Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.


1. Авторы: М.Дулатов

2. Тақырып: Бұл өлеңнің тақырыбы ананың баласына деген махаббатына арналған

3. Жанр түрі– поэзия ( өлең) Өлең дегеніміз – белгілі бір өлшеммен

қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып

келетін өрнекті сөз жүйесі

4. Идеясы– автор тақырып арқылы шындық өмір көріністерін суреттегенде,

оны өз көзқарасы,өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді.

Сол арқылы өз мақсат, мүддесін, арманын білдіреді.

Идеясы – ананың бар арманы, өмірінің мәні – баласы,

соның амандығы.

5.Шумақ– аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді.

6.Тармақ— өлеңнің әр шумағы

7. Бунақ– белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі. 3 бунақ

8. Буын саны– сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты. ( 8,11 буын)

9.Ұйқас. Өлең тармақтарының соңғы сөзі біріне – бірі ұқсас дыбыстармен үйлесе келуін ұйқас дейміз. Қара өлең ұйқасы (а, а, б, а)

10. Арнау– бір адамға, не көпшілікке, не табиғаттың бір құбылысына

қайрыла арнай сөйлеу.Олар кейде лепті сөйлем, кейде

сұраулы сөйлем, кейде риторикалық сұраулар арқылы

құрылады. ( Сұрай арнау)


11. Түсіндірме сөздік( бұл өлеңде түсінуге қиын тиетін сөздер жоқ)

12.Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні – балаға ана қадірін түсіну, ананы сүюге,қамқор болуға, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.

Олай болса, сабағымызды ары қарай өрбітіп, түрлі тапсырмалар орындаймыз.

Топтарға тапсырма:

Ақындар тобы. Бес жол өлең. Ана туралы өлең шығару

Шешендер тобы. Мақал - мәтелдер айту. Мақал - мәтелдермен сөйлем құрастыру.

Жазушылар тобы. Ана туралы шағын шығарма жазу.


Жаңа сабақты бекіту. Тест сұрақтары

1. М. Дулатовтың туған жері?

А) Торғай облысы в) Ақмола облысы с) Семей облысы

2. Міржақовтың ұстазы?

А) Асқар в) Мұқан с) Дулат

3. 1909ж жарыққа шыққан кітабы?

А) “Азамат” в) “Терме” с) “Оян, қазақ!”

4. Міржақыптың анасы?

а) Дәмеш в) Айғаным с) Жамал

5. Міржақып анасынан неше жасында жетім қалады?

А) 12 В) 2 с) 9

6. “Шешенің балаларын сүюі өлеңіндегі ұйқас түрі?

А) ерікті ұйқас в) шұбыртпалы ұйқас с) қара өлең ұйқас


Кері байланыс: Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазу.


Қорытынды.

Ислам жолы да Ананы бәрінен артық ардақтауды талап етеді.Әділ патшаның: «Құдайдың көңілінен қалай шығуға болады?» -- деген сұрағына,дана уәзір: «Анаңды қуанту арқылы »,--деп жауап берген. Ендеше бір қолымен бесікті,екінші қолымен әлемді тербеткен аналарымыз аман болсын!

Бағалау. Сабаққа қатысып отырған оқушылар бағаланады.


Үйге тапсырма. М.Дулатов « Шешенің балаларын сүюі » өлеңін жаттау.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!