
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
М.ЖҮСІП ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҮЙІН
М.ЖҮСІП ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҮЙІН
Айтенов Ержан Еркебаевич, магистр-аға оқытушы
Қарабек Айгүл «Қазақ тілі мен әдебиеті» БББ студенті
Академик Ә.Қуатбеков атындағы ХДУ
Мәшһүр-Жүсіп жырлары өмірбаяндық деректермен қабысып отырады. Бастан кешкен жақсы-жаман оқиға, құбылыстардың бәрінен дерлік өзіндік субъектілі көзқарас бедері айқын көрініс табады. Ш.Қ. Сәтбаева бір шоғыр қазақ ақындарымен бірге М.Ж. Көпейұлын да Шығыстың классикалық әдебиетінен нәр алып «нәзира» дәстүрін қалыптастырған тұлғалардың қатарына жатқызады. Сондықтан Мәшһүр шығармаларындағы оқырмандық
пен астарлы ойлау, тұспалдап сөйлеу, кесек ой айту үрдісі осынау іргелі көркемдік-эстетикалық дискурс әсерін толық аңғартады. Бұл орайда оның мысал жанрындағы ізденістері тапқыр да салмақты тұжырымдамаларымен ерекшеленеді. «Жарты нан хикаясында» ұлттық үлгіден гөрі «Мың бір түндегі» Сүлеймен патшаның жазасына ұшыраған дию мен балықшы әңгімесін еске түсіретін сәттер мол. «Сиқырлы тас» (Қазақ ертегілері. 2-т. – Алматы, 1988. 27–31 бб.) ертегісінде бай баласының қанағатсыздығы, сан-
дықтан шығатын жыланның шексіз жақсылығы суреттелетін. Ал мұнда керісінше сандықтан босаған жылан өсе келе айдаһарға айналады, өзіне рахым жасаушының өмірін қатерге салады. Бұл жағынан ол «Айдаһар қатын» ертегісімен үндеседі. Автор көркемдік шарттылық заңдылықтарын еркін пайдаланған.
Қолыңа алдың ойлап нені? – дейді,
Осынша әуре қылып мені, – дейді.
Ауызға ашылған соң қорек керек,
Жұтамын енді амалсыз сені! – дейді
Құмырадан құтылатын дию бірде жауыздық танытқанмен, келесі жолы қателігін ұғып, уәдесін бұзбайтын. Әрине, диюдыңда, айдаһардың да кішкене сандыққа сыйып жатуы, олардың тілге келіп, сөз таластыруы, әсіресе бірден іске көшпей, дау қуалап, тәжікелесуі – өзі де шартты шындық аясындағы әдеттегі көзбен қарағанда расынан өтірігі көп көріністер. Мәселен сұм тажал
көмектесуге бет қойған отыз адамға тиіспейді, әлгілер амалсыз жөніне кетеді. Бұлардан кейінгі бес адам тіпті қайран қыла алмасы тағы түсінікті. Осы екі ортада жарты адам пайда болады. Ол қандай кейіпте екенін қиялмен болжайсыз. Жарты адам ыңғайланып тұра қалған, Сөзіне мұның айтқан құлақ салған: Айдаһар, айтқаныңның бәрі өтірік, Нанбаймын мен орынсыз сөзге жалған!
Жарты адамның айлалы лебізі аждаһаны ашуға міндіріп айтқанын дәлелдеу үшін бұрынғы мекені – сандық ішіне қайта түседі. Балықшы да диюды солай жерге отырғызған. Ендігі тұста мінез бен символ кеңістік шарттылығы жағдайында шаң береді. Мәшһүр Жүсіп осы оқиғаның бәрін екінші деңгейдегі концептуалды емеурінге айналдыра отырып, әрекет-таңбалар легінен философиялық мән түйеді. Бұл көркемдік міндетті автор
аясымен егіздес күйдегі жарты адам – жарты нан атқарады. Пәленің үлкені – ауыздан байқаусыз шыққан сөз екен. Айдаһар – сол. Алыстағы отыз кісі де, жақындағы бес досың, туысың да лаулаған өртке араша түсе алмауы мүмкін.
Оразаң отыз күнгі – отыз кісің,
Бес кісі – бес намазың, білемісің.
Жоқ қылып жамандықты жойылтуға,
Бұлармен дәнемеге келмес күшің.
Қысылды, мен болмасам, шыбын жаның,
Дәрменің қалмап еді, құрып әлің.
Танып қой, танымасаң, мен боламын,
Дүниеде қылған қайыр – жарты наның!
Ақынға тән көркемдік ой қанатының топшысы мығым. Бір-екі ауыз нақылмен айтыла салатын ұждандық қағида өлең жолдары, әрекет, шешім, пәлсапа-ғақлиялық идея құдіреті, поэтикалық образ, характерлердің шартты қиял әлеміндегі нанымдылығы нәтижесінде өте зор имандылық тұжырымдаманы өрнектейді.
...Қолына қаламды мұсылман болып алып, көзін де сол мұсылман қалпында жұмған» (У. Қалижанұлы) М. Жүсіп Көпейұлы адамға адамныңбауырластық, ортақтастық, мүдделестік сезімдерінің бүтіндігін бәрінен жоғары қояды. Сонымен қатар ақын жеке тұлға үшін қажет сапалар құрамында жан-жақты толымды, тұтас мінез үлгісінің сілемін кестелей біледі. Аңқаулық, көрсеқызарлық, пайдакүнемдік – ақылсыздыққа баланса, ұстамдылық, мінезге байлық, жомарттық исламдық инсаниятта хас бағалы қасиеттер саналады. Ақын-философ барлық жанның қатесіз өмір сүре алмайтынын біледі. Сонда да ағаттықтан сақтандырып, зұлымдықпен күресудің қиындығын, ол үшін жүрек, қайрат, парасат, кісілік сапалардың,
яғни Абай айтатын толық адам сипаттарының керектігін Мәшһүр Жүсіп терең астарлы символикалық нұсқа – белгілердің көмегімен шебер мүсіндейді.
«Жарты адам хикаясы» – әдеби, философиялық, эстетикалық тұрғыдан қазақ әдебиетіндегі құнды жәдігер. Шығыстық, фольклорлық, діни-ағартушылық сарын, терең қабатты тұспалдар жүйесі М.Ж. Көпейұлының өзге мысалдарынан да мол байқалады. Мәселен «Мәшһүр Жүсіптің тырнамен айтысында» бір адам, бір хайуанның тілдесуінен екі әлемдегі ортақ жағдаяттар, қуаныш пен реніш, күш пен әлсіздік, зорлық пен қорлық неғұрлым шынайы көңіл өрнегінен өтеді. Аққу бола алмаған тырнаны менсінбей тұрып, мойындап, әнтек қылығынан тосылу ұзын мойын баяндайтын әңгімеге қатысты.
Ұлттық поэзиямызда жұлдыздай
жарқыраған таланттардың бірі өлеңмен өзі туралы айтқандай 5
жасында-ақ желдей тасып, тоғызға қараған жасында Мұса мырзадай
қоғам қайраткерінен «Мәшһүр» атты алған аса зерек, тума талант
дарыған, он бесінде біртіндеп емес, бір түнде кеудесіне өнер өлең
болып құйылып, тылсым қасиет қонған ерекше ақындық дарынның иесі,
халық ауыз әдебиетінің інжу-маржанын жинаушы, тарихшы, шежіреші,
аудармашы, философ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы артында аса мол мұра
қалдырған біртуар тұлға.
Мәшһүр бір жыл ішінде хат танып, өнер-білімге, әдебиетке құмар
болып өседі. Жеті-тоғыз жасында «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш — Баян
Сұлу» сияқты халық жырларын, шығыс қиссаларын жатқа айтады. Сол
себепті де Мәшһүр деген атқа ие болады. «Мәшһүр» арабша белгілі
деген мағынаны білдіреді. Медреседе оқып жүрген кезінде ол
балалардың алды болып, 15 жасынан өлең жаза бастаған. Ол туралы
ақынның өзі: «Жабысты маған өлең он бес жаста, Жұрт айтты: «Не
қыласың» — деді баста. Дегенмен қоя алмадым үйренген соң, Мінім жоқ
қылған жұртқа мұнан басқа. Шүкірлік, бергеніңе, құдай патша, Он
бесте шабыттандым жүйрік атша. Бір күндер ұйықтап жатқан
мезгілімде, Кеудеме өлең толды сызған хатша» —
дейді.
Мәшһүр-Жүсіп шеберлігі, бейнелеу тәсілдері дегенде, ол мәнерлеген сөз кестелерінің алдымен ұлттық бояумен көмкерілгенін, көп детальдің ұлттық өрнекке сай сұрыпталғанын дәлелдеу қажет: «Өнерге өзіңді өзің ерте баулы,// Жастықтың бір күн көшіп кетер ауылы»). Бұл деталь, жастық ауылының бір күн көшіп кетуін бейнелеу өрнегі, негізгі тіршілігі малмен, көшумен байланысты қазақ ұғымына неғұрлым жақын түсінікті болумен де мәнді. Ауыл көшуімен, басқа жерге ауысуымен, яғни шұғыл алыстауымен салыстыру нәтижесінде жастық шақтың да тез өтуі мүмкіндігі ұтымды кестеленген. Сол тәрізді: «Бұл жалғанның жүзінде көңілің өспей, // Көрінгеннің жұртында қалдың көшпей» тармақтарында басқалар аттанғанда ере алмай қалуды сипаттау да малы барлар ғана көше алатынын бағамдап өскен қазақ үшін аса аянышты халді жайып салады.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының 1907 жылғы «Хал-ахуал» кітабында шығыс поэзиясында кең әспеттелген махаббат, бақыт символы бұлбұл мен гүл жарасымдығын қызықтап, бұлбұлдың түнімен қызыл гүлдің ашылуын тосуын, арман етуін жырлағаны белгілі. Ақын сонымен бірге орыс поэзиясы дәстүріне де иек артып отырған. Бұл ақынның шеберлігімен бірге тақырыптық аясы мол кемел талант иесі екенін де білдіріп тұрғандай.
Алты алашқа жайылып кеткен атым,
Жүрген жерім – ду базар, қылып хатым.
Ұстаз пірдің һүмматы болып жәрдем,
Бір ұшсам, кете берем, бар қанатым, – деп жырлағандай шығармашылығы халқымыздың тарихымен, салт-дәстүрімен, бай ауыз әдебиетімен тығыз байланысты өрілген ақынның дара туындылары өзіндік қолтаңбасымен ғасырдан ғасырға жалғасып, тәлім-тәрбиелік әсері, өнегесі мен тағылымы талай ұрпақтардың жан дүниесін кемелдендіріп, рухани тұрғыдан байыта берері сөзсіз.
1858 жылы қыста Көпей
Сермұхаммедұлы керуеншілікте жинаған табысына мал алып,
Қызылжардан көшіп келіп, Қызылтауға қоныс тебеді. 1861 жылы Адам
Жүсіп 3 жасқа толғанда, әкесі Көпейдің малы жұтқа ұшырап, «ақ
сирақ» болып шығады. Сонда Көпей Сермұхаммедұлы: «Адамға мал жолдас
болмас, ғылым жолдас» деп, ұлы Адам Жүсіпті оқуға беріп, ол
Баянауыл медресесінде Қамар (Хамариддин) хазіреттен білім алып,
оқуын жалғастырып, 1872-1874 жылдары Бұһарадағы «Көкілташ»
медресесінде ортағасырлық араб, парсы, шағатай тілдерін еркін
меңгереді. Еліне оралған соң екі жылдай (1833-1835 жж.) өз ауылында
балаларды оқытып табыс табады. Тұрмысы түзелген Мәшһүр-Жүсіп
Көпейұлы 1885, 1887, 1907 жылдары үш мәрте Түркістан, Ташкент,
Бұхара, Самарқанд қалаларына сапар шегіп, шығыстың мұсылмандық
білімін молайтады.
Орта Азия қалаларына шеккен сапарларының тағы бір құнды нәтижесі –
сол өңірлердегі тарихи әңгіме, аңыз, шежіре сөздерінің жазылып
алынуы. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының өзі дерек жинастыру қызметін ерте
кезден бастаған. Әлкей Марғұлан хаты бойынша, «Ер Олжабай батыр»
жырын Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы 7 жасар бала кезінде 1865 жылы Сақау
ақынның айтуымен жазып алған. Бұған ұстазы Қамар хазіреттен
қисса-дастандары қағаз бетіне көшіріп түсіруі де әсер еткен. 1887
жылы Бұхар сапарының барар жолында Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи,
Ташкенттегі Зеңгі Ата кесенелерін көріп, қайтар жолында Шу мен
Сырдария, Ұлытау, Кішітауды, Есіл мен Нұраны асықпай аралап сапар
шегеді.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы патша
манифесінің арқасында үш бірдей кітабын («Тірлікте көп
жасағандықтан көрген бір тамашамыз», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның
кімдікі екендігі?» ) 1907 жылы жарыққа шығарды. Ғалым бұл мезгілде
саяси-қоғамдық өмірмен байланысын үзіп, ақындықпен қош айтысып,
«Қазақ түбі» үлгілерін (шамамен XX ғ. 20-жылдары) құрастырып
жинақтай бастайды. Саяси күрестің шиеленіскен жағдайда, 1921 жылы
ортаншы баласы Әмен Ташкентте қаза болып, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы
көтерілісші қазақ жастарының тобына кездесіп, солардың ескертуінен
соң, Ташкентке бармай орта жолда қайтып оралуға мәжбүр болады. 1931
жылы Мәшһүр Жүсіптің қайтыс болғаны туралы хабар ел арасына
жетеді.
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармаларының 20 томдығы 2013 жылдың
21-қарашасында ақынның 155 жылдық мерейтойына орай жарық көрген
болатын.
Төрт шумақтан тұратын мұндай туынды ғана емес, небәрі төрт не сегіз тармақтан құралған дербес өлең түрлері де Мәшһүр-Жүсіпте аз емес. Шалқар ойды шағын өлеңге, оның ішінде төрт жолды шумаққа сыйғызу жалпы шығыс, оның ішінде X-XIV ғасырлардағы араб, парсы, түркі поэзиясына тән құбылыс екенін біз Әбу-Насыр әл-Фараби (Х ғ.), Жүсіп Баласағұни (ХІ ғ.), Омар Һаям (ХІІ ғ.), Қожа Хафиз (XIV ғ.), т.б. өлеңдерінен білеміз. Мәселен, Жүсіп Баласағұнидың: «Тіл – арыстан: есік баққан ашулы, // Сақ болмасаң, жұтар, ерім, басыңды» тәрізді екі жолдық өлеңін жеке алсақ та, біткен, аяқталған ойды да, идеяны да ұшырастырамыз. Осы дәстүрді Мәшһүр-Жүсіптің ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында өзінше өрбіткенін мына үлгілерден көреміз:
Әр істі ойлау керек әуел бастан,
Не пайда өнері жоқ жігіт жастан.
Мәз болма мұнарланып көрінгенге,
Кісі жер жемісі жоқ тау мен тастан
Дос қой деп ішкі сырын түгел айтып,
Опық жеп жүрген жан көп аңдамастан.
Бір өрттен қалмайтұғын қалың қаудай,
Көріп отырғанымыздай, мұндағы әр төрт жолдық туындыда шығарманың тақырыбы да ашылып, идеясы да тәмамдалып тұр. Бірінші туындыда алдымен әр істі басынан ойлау керектігі діттелсе, ондағы екінші тармақта «өнері жоқ жігіт жастан» пайда жоқтығы мәлімделіп, үшінші, төртіншіде құр мұнарланып көрінгенімен, тау мен тастың «кісі жер жемісі жоқ» екенін шегелеумен шығарма аяқталып тұр. Екіншіде «дос қой деп ішкі сырын түгел айтып» жүргендердің опық жеуі берілісімен, соның жалғасы ретінде «бір өрттен қалмайтұғын қалың қаудай» «баянсыз бақ-дәулетке» мастанбау идеясы алға тартылады. Үшіншіде сол кезеңдегі адамдар басының үрген қуыққа ұқсайтыны, себебі онда көз жасы жоқтығы, таққа отырса да, иттің жерік асын ұмытпайтыны сөз болады. Бұл «парасаты жоқтарға, тексіздерге билік беруге болмайды» деген идеяға жетелеп тұр. Төртіншіде алдымен болуға тиіс күз, демек, сәл салқындай бастау емес, барынша суық қыс орнағаны айтылады.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Көпеев М.Ж. «Әулие ақынның туындысы». Сарыарқа 1995ж №5 8-35 б
-
Көпеев М.Ж. «Екі томдық». Алматы, Ғылым 1992 ж 224 б
-
Кенжебаева Б. ХХ ғ басындағы әдебиет. Алматы «Білім» 1993 ж 60
-
Қуандықұлы Е. «Шығыс поэзиясындағы ақиқаттанудың бастау көздері» Ұлағат 2004 ж №4 30-41 б
-
Қабдиева С. «М.Жүсіп шығармаларындағы адамгершілік мәселесі» Қазақстан мектебі 2005 ж №2 59-61 б

