Мотивация

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мотивация

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрметті оқырман, менің бүгінгі қозғағым келіп отырған тақырып- мотивация ұғымы. Қазіргі таңда «мотивацияны қайдан алсам болады?» деп толғанатын адамдарды жиі кездестіреміз. Алдымен жалпы мотивация ұғымына түсінік бере кетсем. Мотивация ағылшын тілінен аударғанда motіvation – қолданылу ыңғайына қарай қазақша «түрткі», ниет», «ынталану», «жігерлену» деген мағыналарды береді. Бұл ұғымды алғаш рет неміс философы А.Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында қолданған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мотивация

Құрметті оқырман, менің бүгінгі қозғағым келіп отырған тақырып- мотивация ұғымы. Қазіргі таңда «мотивацияны қайдан алсам болады деп толғанатын адамдарды жиі кездестіреміз. Алдымен жалпы мотивация ұғымына түсінік бере кетсем. Мотивация ағылшын тілінен аударғанда motіvation – қолданылу ыңғайына қарай қазақша «түрткі», ниет», «ынталану», «жігерлену» деген мағыналарды береді. Бұл ұғымды алғаш рет неміс философы А.Шопенгауэр өзінің философиялық шығармасында қолданған.

Адамдар не үшін мотивация күтеді? Оның себебі, адамның ертеңгі күніне деген талпынысы, мақсаты айқын еместігінен және өзіне деген сенімсіздік пен еріншектіктің ықпалынан деп ойлаймын. Менің көп таныстарымның айтатын сөздері: «мотивацияны қайдан алсам болады?», «еріншектік басым болып кетті», «сабақ оқығым келмейді», «ештеңеге зауқым жоқ», тағы да басқа. Олар біреуден мотивация күтеді. Негізі бұл дұрыс емес. Себебі, сіз қашанға дейін біреуден мотивация күтіп, мотвация іздеп жүрмекшісіз. Сіз біреуден мотивация күтіп, мотивация іздеп жүрген кезде, басқа адамдар өздерінің қаншама мақсаттарына қол жеткізіп, өзінің ғана емес айналасындағы адамдардың да армандарын орындап, басқа армандарына жету үшін жаңа қадамдар жасап үлгеріп жатырғанын ойлап көріңізші. Сіз бүгін біреуден алған мотивацияңызбен бір арманға жеттіңіз делік, иә әрине жетістікке жеткеніңіз жақсы. Бірақ өмір бойы біреуден мотивация күтіп жүру дұрыс емес. Кей адамдар бар біреуден мотивация алады, бірақ сол ой, сол мотивация, сол мақсат сол жерде қалып қояды. Мотивацияны дұрыс қолдана білуде маңызды. Өзіңіз ойлап қараңыз, көп алысқа барып философтарды, ғұламаларды алып мысал етпей-ақ қояйын. Өзіңіз күнделікті инстаграм желісінен көріп жүрген блогерлерді алайық. Олар да қарапайым адамдар, сіз сияқты, біз сияқты адам. Бірақ, неге ол кемшіліксіз, өмірінде бір сәтсіздігі жоқ, бақытты, өмірі тамаша болып көрінеді? Ата-анасымен, достарымен шет елдерді аралайды, түрлі көліктер айдайды, қымбат ұялы телефон қолданады, үлкен, зәулім үйлерде тұрады, көптеген жетістіктерге жетіп, жас болса да өз кәсіптерін ашып, осындай дәрежеге жетіп отыр деп ойлайсыз? Оларда адам! Оларда да қиын кездер болады. Оларда да мотивация іздейтін, қолдау күтетін уақыттары болады. Бірақ, олар өз-өздерін жігерлендіре алады. Біреуден мотивация күтіп отыра бергенше , сізде өзіңізді жігерлендіріп алға қарай қадам басыңыз. Егер қазір өзіңізді қолға алып, әрекет жасамасаңыз кейін кеш болуы мүмкін. Қазір мүмкін байқамайтын шығарсыз. Өзіңіз ойлап қараңыз, сіз өзіңіздің қаншама алтын уақытыңызды бос кетіріп, тик-ток, инстаграм, ватсап, тағы да басқа интернет желілеріне жойып жатырсыз. Бүгін телефон қарап, бір күніңізді өткіздіңіз делік, ертең тағы да. Бірақ қашанғы солай болмақ? Қашанғы өміріңізді құр босқа, біреудің өміріне қызығу мен өткізбекшісіз? Өмір қысқа! Есіңіз де болсын бүгін келген мүмкіндіктің, енді қашан айналып келетінін білмейсіз. Тіпті қайтып келмеуі де мүмкін. Еш мүмкіндік қалмай, не істеріңізді білмеген күннің өзінде бәрі бір тоқтап қалмаңыз. Сіз тоқтап қалсаңыз арада қанша уақыт өтпесін, сол орында тұрасыз. «Әрекет түбі – берекет» дегенді естен шығармаңыз. Шаршасаңыз тынығып алыңыз да, қайтадан алға қарай қадамдар жасаңыз. Басқа адамдарда да еріншектік болады , ойдың шашыраңқы болуы да, маңызды істі кейінге шегеріп, түрлі интернет желілерінде отырып немесе достарымен көңіл көтергісі келу деген секілді сезімдер болады. Біреулер сол уақытша көңіл көтеруді таңдап жатады, енді бірі өзін қолға алып, жетістікке жетуді таңдайды. Әрине, жетістікке жетуді таңдасаңыз өкінбейсіз. Менде де еріншектік болады. Бірақ мен өзімді жігерлендіре білемін. Мені жігерлендіретін бір ой бар. Ол үйдің тұңғыш қызы екенім, ата-анамның маған деген сенімдері. Жетістікке жетіп ата-анамды қуантып, дәрежелерін көтеріп, олардың армандарын орындап, жақсы мамандық иесі атанып, елімді көркейтіп, елдің дамуына өз үлесімді қосып, айналамдағы адамдардың арманын орындап, үздік журналист атану деген ойлар мені ынталандырады. Өмір қысқа. Уақыт қайтып келмейді және зулап өте кетеді. Бұл өмірге келген соң, бір жетістікке жетіп, арманыңызға жету, ата-ана үміттерін ақтап, еліңізге пайда тигізу қандай бақыт. Бұл бақытқа жететіндер де бар, жете алмайтындар да бар. Сондықтан аянбай әрекет жасаңыз. Басқалары ұйқыға, телефонға көңіл бөліп жатырған алтын уақыттыңызды бағалап өзіңізді алға тартып, өз болашағыңыз үшін әрекет жасап, армандарыңызбен мақсаттарыңызға жету үшін ерінбеңіз!

Ойымды қортындылай келе, адам әрекет етпесе, болашаққа қадам баспаса, өз арманы мен мақсаттары үшін әрекет етпесе, өмірде ешқандай жетістікке жетпейді. Сондықтан да ешқашан ерінбеңіз. Армандай біліңіз және сол арманға жету үшін әрекет жасаңыз! Арман мен ұйықтап мақсат пен тұрыңыз. Бүгінгі күніңізді, одан арғы күніңізді соңғы күніңіздей қуанышпен өткізуге тырысыңыз. Әрдайым барыңызды салып еңбектеніңіз және бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізіңіз. Ең бастысы өзіңізге, өз күшіңізге сене біліңіз. Сәттілік!

Алтынбекова Иргиза Адилбековна, Орал қаласы, 25мектеп 11сынып оқушысы.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.07.2022
407
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі