Материалдар / М.Қосын әңгімелеріндегі постмодернистік ізденістер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М.Қосын әңгімелеріндегі постмодернистік ізденістер

Материал туралы қысқаша түсінік
қазіргі қазақ прозасындағы постмодернизм көріністеріне Мерей Қосынның шығармалары дәлел бола алады деген оймен автор шығармаларына зер салсақ. Жас қаламгер проза саласына «Буве нүктесі», «Нерд», «Төстіктің қателігі» сынды Ф.Гваттари мен Ж.Делез сынды жазушылардың шығармашылығында кездесетін шизофриниялық дискурс пен неогуманизм тұжырымдамасының ықпалы бар өмірден шеттелген және шеттетілген «кішкентай адамдардың», виртуалды дәуір ұрпақтарының бейнесін жасады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2023
446
2 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.Қосын әңгімелеріндегі постмодернистік ізденістер

Қазіргі таңда әлемдік рухани-мәдени үдерісте постмодернизм феномені төңірегінде көптеген қайшылықтар жүріп жатыр. Бүкіл әлемдік кеңістікке тараған бұл құбылыс ғылымның әртүрлі салаларында да көрініс табуда. Қоғам ерекшеліктерін көркемдік формада сипаттайтын сөз өнерінде соңғы кездері оның (постмодернизм) көріністері анық байқалып келе жатқаны жасырын емес. Бүгінде постмодернизм ұғымы ұлттық саланы қалыптастырып, қазақ әдебиетін әлемдік заңдылықтардан бөліп қарауға болмайтынын байқатып, бұл бағытта қандай шығармалар жарық көріп жатыр деген орынды сауалды алға тартады.

Осы ретте, қазіргі қазақ прозасындағы постмодернизм көріністеріне Мерей Қосынның шығармалары дәлел бола алады деген оймен автор шығармаларына зер салсақ. Жас қаламгер проза саласына «Буве нүктесі», «Нерд», «Төстіктің қателігі» сынды Ф.Гваттари мен Ж.Делез сынды жазушылардың шығармашылығында кездесетін шизофриниялық дискурс пен неогуманизм тұжырымдамасының ықпалы бар өмірден шеттелген және шеттетілген «кішкентай адамдардың», виртуалды дәуір ұрпақтарының бейнесін жасады. М.Қосын шығармалары мәтінді қайта құрылымдау тәсілімен жүзеге асып, кез келген адаммен тығыз байланысқа негізделген. Ғалым Т.В.Шомин желінің заманауи мүмкіндіктерімен жарияланып жатқан шығармаларды арнайы әдеби жанр ретінде қарастыра келіп, оны кибер-әдебиет (кибература) деп атайды. Ал М.Қосын өз шығармаларын интертекстуалдық әдісімен әртүрлі мәтіндерден құрастырып, мәтінаралық байланысты интермедиалдық тәсілмен ұштастыра отырып, ғаламтор желісінің мүмкіндіктері арқылы оқырманына өз нұсқасын ұсынуға мүмкіндік береді. Осы мәселе жөнінде «Перемены» веб-журналының редакторы Г.Давыдов: «Желілік шығармалар жай шығармалардан аса ерекшеленбейді, бірақ блог-кітаптар көрерменнің көз алдында жазылып, реалити-шоу секілді қабылданады»-дейді. Себебі кез келген оқырман ой қорытындысын, тұжырымын жасап, оны жалғастырып әкете алады. Сондықтан оны желілік, кибер әдебиеттің өкілі деп қарастыруға тұтастай негіз бар. Автор әңгімелері әдебиет әлеміне жаңа із сала отырып, желіге лайықталып, оның мүмкіндіктерімен түрлі тәжірибелер жасаған, яғни музыка, видео, еренсілтемелер (гиперссылка) енгізу арқылы интертексттің күрделі формаларын пайдалана отырып, жаңа жанрда шығармалар туғызып, постмодернистік дискурсқа тән ойын поэтикасын дамытқан. Осындай қосымшалар арқылы М.Қосын оқырманның көңілін аулап, жаңа әсерге бөлейді. Алайда, автор өз шығармалары жайлы «менің жазып жүргенім туынды емес, мәтін» деп тұжырымдайды. Шағын көлемді әңгімелері арқылы автор шығарма кейіпкері жаужүрек батыр мен қаһармандар ғана емес, өмірде өз орнын таппаған, үлесінен қағылған ынжықтар да әңгіме кейіпкері бола алатынын дәлелдей отырып, былай деді: «Менің кейіпкерлерім – 91-ден бері туған тәуелсіз ой мен әрекет иелері. Олар қазір әлемдік ақпараттық-техникалық хаоста өмір сүруде. Олардың қан тамырындағы "Өзіндік" генетикалық қасиетті интеграциялық жаңа ген "ашықтық" ығыстырып барады. Олар – барлық құндылықтар мен "Адамзат" ұғымын қайта қарауға итермелеп келе жатқан Виртуалды жаңа әлемнің ұрпақтары. Олар – адам сезімдерін жаңа формаға түсіруге ұмтылған ақылды адамдар. Менің достарым, мен оларды шексіз сүйемін! Бірақ енді олар өздерінің сана астындағы, қан тамырындағы "МИФ"-пен күреседі» дейді. Сондық оның шығармаларының кейіпкерлерін өмірден өз орнын таппай сенделгендер мен «сенделмегендер», шеттелгендер мен шеттетілгендер арасына теңдік белгісін қоймақ болған постмодернизм аясында қарастырсақ жөн болар. Ал ғалым Ә.Қодар жас қаламгердің әдеби бағытын айқындап: «Бұл ағым түрлі маргиналдардың жағдайына үңіліп, оларды билеуші әлеуметтік топтан еш кем көрмеген постмодернистерден бастау алады. Оның шығармаларында тапа тал түсте тозақ отына күйген жандар жүгіріп бара жатады, жерді ұстап тұрған тартылу заңы емес, адамдардың бір біріне деген "ультрамахаббаты", қарсыласын тек бесатармен ататын суық қанды адалдық тірлік етеді» дейді.

Қорыты айтқанда, М.Қосын шығармаларының көлемі қысқа болғанмен, интертекст, гипертекст сынды постмодернистік ізденістерінің нәтижесінде оқырман жүрегіне жол таба білген жаңа туындылар болып табылады. Алайда, М.Қосын сынды шығармашылыққа қадам басып, прозада қалам сермеп жүрген жас жазушылар шығармашылығы әдеби сыншылар тарапынан талдауды, зерттеуді талап етеді. Себебі олардың шығармашылығының артықшылығы мен кемшілігі және жаңашылдығы туралы ақпараттар өте аз. Сонымен қатар жас жазушылар шығармаларын баспа бетіне шығару мәселесі де өзекті болып табылады. Өйткені олардың шығармалары электронды нұсқада ғаламтор желісінде қалып қойып жатыр.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!