Материалдар / М.Шаханов «Танакөз» поэмасы, «Ғашықтық ғаламаты» балладасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М.Шаханов «Танакөз» поэмасы, «Ғашықтық ғаламаты» балладасы

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Шахановтың өмірі туралы білім беру, шығармаларының идеялық-тақырыптық мәнін талдау, өмірмен байланыстыра отырып, ізгі қасиеттерді бойларына сіңіре білуге ықпал ету; Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту; Адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу..
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
2270
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ө.Қанахин атындағы жалпы білім беретін орта мектебі КММ





Ашық сабақ



Тақырыбы:


 М.Шаханов «Танакөз» поэмасы, «Ғашықтық ғаламаты» балладасы












Өткізген: А.Бақтыбай








2017-2018 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: М.Шаханов «Танакөз» поэмасы, «Ғашықтық ғаламаты» балладасы
Сабақтың мақсаты: М.Шахановтың өмірі туралы білім беру, шығармаларының идеялық-тақырыптық мәнін талдау, өмірмен байланыстыра отырып, ізгі қасиеттерді бойларына сіңіре білуге ықпал ету; Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу дағдысын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту; Адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу..
Әдісі: интерактивті әдіс, сұрақ-жауап,дәлелдеу,талдау,жинақтау,салыстыру,
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кітаптар, түрлі-түсті бояу, А3, жұлдызшалар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,тарих,қоғамтану.
Оқуға ұсынылған шығармалар: .«Танакөз » поэмасы.«Ғашықтық ғаламаты» балладасы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) «Шаттық шеңбері» жұлдыз таңдап алу.

ә) Әдебиеттегі сүйіспеншілік пен достық тақырыбындағы кейіпкерлер атымен топқа бөлу І топ «Достық»

ІІ топ «Махаббат»

(тақырыпқа сай қанатты сөз)

Тақырыпты болжау


«Стоп-кадр» әдісі


ІІ. Үй тапсырмасы

Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» романы Демежанға хат

«Серпілген сауал» әдісі бойынша сұрақ жауап

1.Қ.Жұмаділовтің қандай шығармаларын білесіңдер?

2.Романның негізгі тақырыбы не?

3. Басты кейіпкерлері кімдер?

4.Олардың тағдырлары арқылы не айта аласыңдар?

5. Тағдыр романына арқау болған оқиғалар қандай сипаттарымен ерекшеленеді?

6. Романда шілдехана, бесіктой, қыз ұзату, келін түсіру, ас беріп, ат шабу, жорға жарыстыру, балуан күрестіру секілді ұлттық ойын-той суреттері қандай қызмет атқарады?

ІІІ. Жаңа сабақ

Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Мамандығы тракторшы, филолог. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын сырттай оқып бітірген.

КСРО Жазушылар Одағының мүшесі (1969), КСРО Жазушылар Одағының пленум мүшесі (1978), «Жалын» альманахының (1984), «Жалын» журналының бас редакторы (1986), Қазақстанның халық жазушысы (1996), Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының хатшысы (1986), Республикадағы тұңғыш құрылған экологиялық қозғалыс – Арал және Балқаш проблемалары жөніндегі қоғамдық комитеттің төрағасы (1988), 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі аясында қазақ халқына «ұлтшыл» деп кінә таққан КОКП Орталық комитеті Саяси Бюросының қаулысына қарсы және сол Желтоқсан кезіндегі шындықты қалыптастыру жөнінде тұңғыш рет Қазақстан Жазушылар Одағының Пленумында (1988), КСРО халық депутаттарының І-ші съезінде (Кремль, 1989) батыл мінез көрсетті. КСРО билігі бұған құлақ аспаған соң белгілі ғалым, Нобель сыйлығының лауреаты А.Сахаровтың, кейіннен Ресейдің тұңғыш Президенті болған Б.Ельциннің қолдауымен бұл проблеманы КСРО Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясында екінші рет қайта көтеріп, КСРО Президенті М.Горбачевты Желтоқсан оқиғасын зерттеу және оған түбегейлі баға беру жөнінде жаңа комиссия құруға мәжбүрледі. Бұл комиссия КСРО билігі жүріп тұрған кездің өзінде-ақ КОКП Орталық комитетінің Саяси Бюросына Одақта бірінші боп саяси айып тақты…

Ақын поэзиясының бастау алар қайнары –достық пен махаббат
Топтық жұмыс

1-топ «Танакөз» поэмасы

2-топ «Ғашықтық ғаламаты» балладасы

Ғашықтық ғаламаты

Өлеңді талдау

Идеясы

Естай мен Қорлан

Өзіндік қөзқарас

Естай туралы мәлімет

Ол кедей отбасында туған. Естай әндік-ақындық ортада өскен, анасы Күлипа мен ағасы Байтолым белгілі әншілер болған. Естай олардан жыр, дастандар мен толғауларды орындау мәнерін үйренген. 16 жасында халық әндерін талантты орындаушы, халықтық музыка дәстүрін жалғастырушы тұлға.

20 жасында Ертіс атырабына белгілі әнші болды. Осы өнердің арқасында көп жерлерді (ҚараөткелСемейКерекуЗайсанТарбағатайЖетісу) аралайды. Сұлу Көкше мен Баянға барады. Бұл сапарында Біржанмен кездесіп, оның өнерінен тәлім алды.

Әнші-сазгерлер БіржанАқан сері мен Жарылғапбердінің өнер-өнегесінен сусындаған Естай олардың тек әншілік-орындаушылық өнерін ғана емес, сазгерлік өнерін де ілгері дамытты: көптеген әндер ("Бір мысқал", "Майда қоңыр", "Ашу — пышақ", "Шоқ қара ағаш") шығарды.


Естайдың әнші-ақындық, сазгерлік талантын бүкіл қазақ сахарасына мәшһүр еткен әні — "Қорлан". Осы шығармасымен классик сазгерлердің қатарынан орын алды.
[1] "Қорлан" — Естай шығармаларының шыңы, жүрегі (Жұбанов А., Замана бұлбұлдары, А., 1963, 248-бет). "Қорлан" әнін М. Төлебаев "Біржан-Сара" операсында, Е. Г. Брусиловский "Ер Тарғын" операсында, С. И. Шабельский мен Л.М.Шаргородский "Қобыз бен оркестрге арналған концертінде" (2-бөлімінде) шығармашылықпен пайдаланды.


Танакөз

Поэманың сюжеттік-комп/қ құрылысы

Мазмұны

Поэтикалық тілі (тірек сөздер)

Пролог

Достық атты қазына аралы

Идеясы- достықтың қасиетті қадірін ұғындырады. 

От алып ұшқан адам,мәңгілік бақыт,опасыздар, отсыздар болмайды,Сенім заңы, пенделіктің самалы, бірліктің ақ желкені,

Жүрекке жалғандық ұялату,


Жұптық жұмыс

Салыстыру (Венн диаграммасы)

Shape3 Shape2 Shape1

Ортақ



«Ғашықтық ғаламаты»



«Танакөз» поэмасы









«Танакөз» поэмасы


Ортақ

«Ғашықтық ғаламаты»

Поэма(орта көлемді ,эпикалық шығарма)

Махаббат

Баллада(оқиғалы өлең)

Достық,адамгершілік,адалдық,

Ана махаббаты,әкелер достығы,балалық кез.

адамгершілік

Өнер

Танакөз,Мұрат

ерлік

Естай,Қорлан (тарихта болған)


Ғашықтар қосылады.

бақытты

қосылмайды

Сергіту сәті.

«Поэзия минуты» әр оқушы бір шумақтан жатқа өлең оқиды.

Бекіту

Достық,махаббат тақырыбындағы тағы кімдердің шығармасын білесіздер?

Мұхтар Шахановтың осы тақырыпты қозғау себебі неде?

Қазіргі кезде достық,адалдық ,махаббат тақырыбы өзекті ме?

Қорытынды.-

Өзіне мінез-көркі, рухы сай адал жар табу қашан да ер жігіттің басты арманы болып келді және бола да бермек. Шындап сүйе білу – қашан да зор талант. Күнделікті жай тұрмыста дарынсыз, жігерсіз, тайғанақ әрі тұзсыз көжедей татымсыз адамдар қандай көп болса, сүюде де сондай көп. Сезім мен сенім Эвересінің құзар шыңына ілуде ғана бір адамның көтерілетіні де содан. Адам Ата мен Хауа Анадан бастап бірде қуантып, бірде жылатып, бірде үміттендіріп, бірде түңілтіп келе жатқан махаббат атты құдіретті күшке ешкім ұстаздық ете алмаса керек. «Достық жоғалған жерде – қоғам, махаббат жоғалған жерде ұрпақ азады», – депті Мұхаммед пайғамбар. Ұлағатты пікір!. Міне,санаулы айлардан соң өз кемелеріңді өмір-теңіздің асау толқындарына қарсы салып, жаңа өмірге қадам басасыздар.Армандарыңыз орындалсын,достықққа адал , сезімдеріңізге сызат түспесін,

-Жинасаң да әлемнің бар алтынын,

Адамдығың көрсетпесе жарқылын,
Қоршар сені салқын шаттық, салқын үн.
Ешкім рух байлығынан бөлініп,
Шын бақытқа жеткен емес, жарқыным-деп,рухани бай болуға шақырамын.

Үй тапсырмасы:

М.Шаханов «Танакөз» поэмасы, «Ғашықтық ғаламаты» балладасы

Достық тақырыбында эссе жазу
Бағалау

Көк түс Талпын!

Сары түс Жеткілікті!

Қызыл түс Жарайсың!

Рефлексия

Көңіл-күйді білдіру


Сабақтың тақырыбы____________________________________

Сабақ не туралы болды? ___________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Б үгін сабақтың соңында қандай сезімде болдым?








Мүлде Сенімсізбін Аздап Сенімдімін Өте сенімдімін




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!