Мұғалім мәдениеті.
Адильбекова Замира Жаңабекқызы
Тараз қ.
№69 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Атақты педагог ғалым В.А.Сухомлинский: «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік педагогикалық өнер – ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» - ұстаздық өнерге ерекше баға берген. [ ] /2.48 б /
Жас жеткіншектерге тәрбие беру ісінде мұғалімнің атқаратын міндеті зор. Бұл мәселе әрқашанда педагогика ғылымының өзекті мәселесі болып табылады. Адамгершілік, әдептілік, имандылыққа тәрбиелеу ісінің жеке өзіне ғана тән ерекшеліктері мен заңдылықтары бар.
Мұғалімнің адамгершілік тұлғасының, этикалық мәденитетінің сапалық жақтары Н.К.Крупскаяның, М.К.Калининнің, С.Т.Шацскийдің, А.Жақыповтың, С.Ұзақбаеваның, Л.И.Рувинскийдің, А.С.Макаренконың, Н.И.Болдыревтің т.б. жаңашыл педагогтардың еңбектерінде этикалық тәрбиенің аса маңызды факторлары ретінде қарастырылады.
Сондай-ақ мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін-өзі басқару шеберлігі, басқару техникасы туралы сөз болғанда мұғалімнің моральдік қасиеттеріне қойылатын талаптар да оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен сипатына қарай күн өткен сайын өзгеріп, жаңарып, жаңа сипат алып отыратындығын естен шығармауымыз керек. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыратын нәрсе.
Оқушыларды этикалық мораль рухында тәрбиелеу ісін жетілдіру үшін мұғалімнің ең алдымен этикалық мораль принциптері мен нормаларын өзі толық меңгеріп, оларды моральдық тәрбие берудің пәрменді әдістерімен ұштастыра білуі шарт.
Мұны белгілі бір ережені жаттап алып, оны бұлжытпай іс жүзінде орындаумен ғана тынады деп қарауға болмайды. Моральдық сана қарапайым ережелердің жиынтығы емес. Кейбір реттерде адамдардың адамгершілігі сырттай көзге түсетін әдептілік, ұқыптылық, үлкенді сыйлап, кішілерге көмек көрсетушілік сияқты қасиеттермен ғана бағаланады. Әрине, бұл айтылғандар да балардың тәртібі мен саналылығын қалыптастырудың қажетті құрамдас бөліктері. Бұлар балалардың өсу, жетілу жолындағы күрделі моральдық қасиеттерінің қалыптасуының алғы шарттары да.
Алайда, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу ісін тек бұл тұрғыдан қарастырсақ, моральдық тәрбие беру үшін «Олай істе, бұлай істе» деп үйретудің өзі-ақ жеткілікті болар еді. Ал, шын мәнісінде, мәселе бұдан әлдеқайда күрделі. Кейбір адамдар әдепті де тәртіпті. Сырт көрініске өте ұнамды болып көрінеді. Дегенмен осы адамдардың сыртқы бейнесі оның ішкі рухани дүниесімен іштей қабысып жатқанына мән беруіміз керек.
Жас буын өкілдерінің арасында біздің моральға жат қылықтар кездесе қалса, онда оны объективті және субъективті жақтарынан түсіндіре аламыз. Осы себептердің ішінде мұғалімнің тәрбиеші ретінде қызметі елеулі орын алады. Сондықтан да мұғалімнің рухани дүниесін зерттеу, оның қызметін жан-жақты және терең талдау жасау – қазіргі педагогика ғылымының басты міндеті.
Мораль – қоғамдық сананың ерекше түрі. Ол қоғам жұмысының әлеуметтік құрылымына байланысты адамдар арсындағы қарым-қатынасты реттейтін нормалар мен прициптерін жасап шығарады. [ ]/5/
Әдеп (этика) – адамгершілік пен имандылықтың сан алуан түрлері мен нормалары туралы ілімдер жүйесі. Ол (әдеп) әр этностың қоғамдық санасының бір құрамдас бөлігі. [ ]/ 4 /
Педагогикалық жұмыста мақсатты тәрбие ісі мұғалімнің тәрбиелік қызметі арқылы іске асады. Ағартушы педагог ғалымдардың (С.Қалиев., Ә.Нысанбаев., Қ.Жарықбаев., Ш.Т.Таубаева, И.М.Ломоносов, Л.Т.Охитина, Н.П.Скальковская, Л.И.Рувинский, Ә.Табылдиев, Б. Барсай) еңбектеріне сүйене отырып мұғалім мәдениеті мен шеберлігін, интеллектуалдылығын төмендегідей компоненттермен анықтауға болады деп есептейміз:
-
Мұғалімнің сыртқ келбет мәдениеті
-
Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі
-
Мұғалімнің мимика және понтомимика ишараларының (жест) мәнерлі негіздері
-
Мұғалімнің мәдениеті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, араторлық қасиеті, дем алуы, дауыс дикциясы, интонацисы
Бірінші мәселе бойынша сыртқы бейне мәдениеті тоқталатын болсақ, ол төмендегіше сипатталады:
І. Сыртқы бейне мәдениеті.
-
Тұлға.
а) тік
ә) тік және еркін тұру
б) ұқыптылық, жинақылық
-
Киім.
а) ұқыптылық
ә) қарапайымдылық
б) түстік гармония (өзіңе жарасымды түстен киім кию)
в) киімнің жас шамасына, сабаққа және жұмысқа сәйкестігі
г) сән үлгілеріне сәйкес
ғ) сәндік (алқа, моншақ, сақина) дұрыс пайдалану
-
Гримм (бояну)
-
Шаш үлгісі (ұқыпты, жинақы)
-
Мимика
а) өзіне-өзі сенімділік, сабырлылық
ә) сөлескендегі көз қарасыңыздың әңгімелесушіге бағытталуы
б) эмоциялық мәнерлілік
в) бет әлпеттің айтар ойға сәйкестігі
-
Понтомимика
а) жест (табиғилығы)
ә) жүрістің ритмикалы, жеңіл, айқын болуы
б) қозғалыс (еркін)
в) қозғалыста селқостықты болдырмау, әр уақытта сергек жүру
г) шусыз отырып, тұру
ІІ. Педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті
-
Қарым-қатынасқа сабырлы, мәнерлі, мейірімді тонның сақталуы
а) әңгімелесушіні тыңдай білу
ә) сұрақ қоя білу
б) өз сөзіңді анализдеу
в) басқа адаммен бірінші болып қатынасқа түсуді үйрену
г) кез-келген ситуациялқ қарым-қатынаста өзіңді бақылай білу
-
Көрермендермен (тыңдаушылармен) қарым-қатынасқа түсуге үйрену
а) аудиторияға қарап жұмыс істеу
б) тыңдаушылардың реакциясын бақылау және ұғыну
-
Өз сөзіңмен әңгімеге келесі адамды елітіп әкету
а) еркін, таза және конспектіге қарамай сөйлеуге үйрену.
ә) сөлеуде, әңгіме бастар алдында мұғалімнің сыртқы келбеті әңгімеге дайындығының, тыңдаушының әңгімеге деген көзқарасын түсінуге ынтызарлығын көрсетеді.
б) өзіңнің сезімінңді әңгімелесушіге немесе тыңдаушыға бере алу қабілеті
ІІІ. Өзін-өзі басқару, бақылау
-
Артық қобалжу, артық өзіңе күш түсіруден аулақ болу.
-
Сөйлер алдында пайда болатын шешімсіздікті жеңе білу
-
Жұмыста өзіңді іске шоғырландыру
-
Стрестік жағдайларда өзіңді өзің ұстай білу
-
Әрдайым жақсы көңіл күй климатын жасауды үйрену.
ІҮ. Сөйлеу мәдениеті
-
Сөз екпінін сақтау, сөздің грамматикалық дұрыстығына көңіл бөлу
-
Сөз лексикологиясы (сөз байлығы)
-
Сөздің мәнерлілігі, образдылығы
-
Сөйлеу техникасы
а) Сөйлеудгі дауыстың маңызы, оны тәрбиелеу жолдары
ә) дикция
б) екпін қоя білу
в) дуыс ырғағы (интонация)
г) үзіліс (пауза)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұғалім келбеті, мәдениеті

шағым қалдыра аласыз