ӘОЖ 37.011.31
МҰҒАЛІМНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІН БІЛІМ БЕРУДЕ ТИІМДІ БАСҚАРУДЫҢ МӘНІ
Алхам Дана Талғатқызы
Жалпы білім беретін М.Өтемісов атындағы
орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі
Аннотация
Мақалада мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігіне негізделген білім беру процесін тиімді басқарудың мәні көрсетілген. «Ақпараттық құзыреттілік», «құзыреттілік» ұғымына тоқтала отырып, авторлар терминдерге анықтама берген. Осы ұғымдарға жан-жақты талдау жасалынған. Ғалымдардың еңбектерінің негізінде «құзыреттілік», «ақпараттық құзыреттілік» ұғымдарының алғышарттары мен байланыстары, негізгі қағидалары анықталған. Бұл мұғалімнің оқытуды тиімді басқаруына үлкен үлесін қосады. Сондықтан да, мақала мазмұнында ақпараттық құзыреттілікке ие, өз бетінше шешім қабылдай алатын жаңа форматтағы тұлғаны қалыптастыру көрсетіледі. «Құзыреттілік», «ақпараттық құзыреттілік» мәселесімен айналысқан отандық ғалымдардың еңбектері мақаланың мазмұнын аша түсті.
Тірек сөздер: құзыреттілік, ақпараттық құзыреттілік, тиімді басқару, білім беру
Аннотация
В статье показана важность эффективного управления образовательным процессом на основе информационной компетентности педагога. Ориентируясь на понятия «информационная компетентность» и «компетентность», авторы определили термины. Проведен комплексный анализ этих концепций. На основе работ ученых определены предпосылки и связи, основные принципы понятий «компетентность», «информационная компетентность». Это вносит большой вклад в эффективное управление обучением со стороны преподавателя. Таким образом, содержание статьи показывает формирование нового формата человека, обладающего информационной компетентностью и способного самостоятельно принимать решения. Содержание статьи раскрыто работами отечественных ученых, занимающихся проблемой «компетентность», «информационная компетентность».
Ключевые слова: компетентность, информационная компетентность, эффективный менеджмент, образование.
Annotation
The article shows the importance of effective management of the educational process based on the information competence of the teacher. Focusing on the concepts of "informational competence" and "competence", the authors defined the terms. A comprehensive analysis of these concepts has been made. Based on the works of scientists, the prerequisites and connections, basic principles of the concepts of "competence", "information competence" have been defined. This makes a great contribution to the effective management of teaching by the teacher. Therefore, the content of the article shows the formation of a new format of a person who has information competence and can make decisions on his own. The content of the article was revealed by the works of domestic scientists dealing with the issue of "competence", "informational competence".
Key words: competence, information competence, effective management, education
Қазіргі кезде ақпараттың көптігі мен технологияның қарқынды дамуын ескере отырып, мұғалімнің біліктілігін, ақпараттық құзыреттілігін дамыту өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Мұғалімдердің біліктілігі мен құзыреттілігін арттыру, қоғамның қарқынды даму процесінде білім беру үдерісін ақпараттандыру, білім беру бағытын жаңғырту және ақпараттық құзыреттіліктің дамуына ықпал ету өмір бойы жалғасатын үздіксіз үрдіс екені барлығына белгілі.
Зерттеу тақырыбымыз аясындағы мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігін білім беруде басқарудағы ұғымына тоқталмас бұрын, «құзыр», «құзырет», «құзыреттілік» ұғымдарын қарастыруды жөн көрдік.
Қазақ тілі терминдерінің түсіндірме сөздігінде «құзыр» сөзіне: «белгілі бір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау», - деген анықтама берген[1].
Қазақстандық зерттеушілер Д.Е.Әлімбеков, Г.Әбілқасымова өз зерттеу еңбектерінде «құзыр», «құзыреттілік» ұғымы туралы: «Құзыр» ұғымы тұлғаның даму деңгейі немесе білім беру нәтижесі ретінде қарастырылады. Ал «құзыреттілік» - «құзыр» ұғымының туындысы. Сондықтан құзырды, құзыреттілікті білім сапасын бағалаудың негізгі өлшемдерінің бірі деп қарастыруымызға болады. Бұл жағдайда білім, іскерлік, дағды сырт қалмайды. Керісінше олар жаңа сапалық мәнде, жаңа жағдайда бақыланады – деген түсінік қалдырған[2].
Белгілі ғалым, профессор Ш.Таубаева «Құзіреттілік – әлеуметтану және оқыту үрдістерінде қалыптасқан және өздігінен іс-әрекетке табысты қатысуына бағытталған білім мен тәжірибеге негізделген жеке тұлғаның іс-әрекетке даярлығы мен қабілеттерінен байқалатын интегралды қасиетін түсіндіреді» - деп тұжырымдады[3].
Сонымен, «құзыреттілік» ұғымына берілген отандық зерттеушілердің анықтамаларын қорытындылай келе, «құзыреттілік» ұғымы дегеніміз жеке тұлғаның өзін жан-жақты дамытуы және білім берудегі білік, білім дағдыларын толық меңгерген тұлғаның белгілі бір нәтижеге жетуі деген қорытындыға тоқтадық.
Қоғамдағы ақпарат көздерінің үздіксіз дамуы, сұранысқа ие болып, жан-жақты зерттелуінен ақпараттық құзіреттіліктің дамығандығын байқауға болады.
Отандық ғалымдардың зерттеулерінде ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру, оларды дамыту мәселелері зерттеліп, мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігінің теориялық негіздері алынып, түрлі әдістемелер ұсынылған. Ғалымдардың ақпараттық құзыреттілік туралы зерттеулерін төмендегі кестеде топтастырдық. (Кесте 1)
Кесте 1 - Отандық ғалымдардың зерттеу еңбектеріндегі мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігі ұғымдарының зерттелуі
|
Бағыттары: |
Зерттеуші ғалымдардың аты-жөні |
Зерттеу тақырыбы |
|
Бастауыш және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық құзыреттілігін және ІТ арқылы интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру бойынша: |
Э.Уайдоллақызы Н.С.Кожамкулова |
Зерттеу жұмыстарында ақпараттық құзыреттілікті және интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудың теориялық әдістемелік негіздері айқындалып, маңызы, мазмұны, құрылымы ашылған [4,5]. |
|
Мұғалім және болашақ мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігін дамыту және қалыптастыру бойынша: |
М.А.Галимжанова |
Ғалымдардың еңбектерінде ақпараттық құзыреттілікті дамыту және қалыптастыру теориялық тұрғыда негізделеліп, құрылымдық моделі жасалып, педагогикалық шарттары мен әдістемесі ұсынылған[6]. |
Көрсетілген зерттеулердің мазмұнына жасалған талдауымыз отандық ғылыми әдебиеттердегі білім беруді басқарудағы ақпараттық құзыреттілік мәселелерін топтастыруға мүмкіндік берді:
-
Бастауыш және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық құзыреттілігі
-
Ақпараттық құзыреттіліктің маңызы, мазмұны, құрылымы
-
Мұғалім және болашақ мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігін дамуы және қалыптасуы
-
Ақпараттық құзыреттілікті және интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудың теориялық әдістемесі
-
Ақпараттық құзыреттіліктің теориялық моделі мен педагогикалық шарттары және т.б. Осы аталған еңбектер мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігін тиімді басқару мәселесінің зерттелгендігін көрсете алады.
Олардың ішінде біздің ғылыми жұмысымызға жақын келетін Н.Кожамкулова мен Э.Уайдоллақызының еңбектерінде мұғалімнің, соның ішінде бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық құзыреттілігін тиімді басқарудың мазмұны негізге алынған [4,5], ал М.А.Галимжанованың еңбегінде мұғалім және болашақ мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселесі жан-жақты талданған [6].
Біз жұмысымызда мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігін білім беруде тиімді басқарудың мәнін отандық ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып жан-жақты талдау жүргізіп, «ақпараттық құзыреттілік» ұғымына анықтама беріп, теориялық тұрғыда толық қарастырамыз.
Қазіргі заман талабына сай әр мұғалім өзінің ақпараттық құзыреттілігін үздіксіз арттырып отыруға міндетті. Сондықтан да мұғалім ақпараттық құзыреттілікке ие болуымен қатар, ақпарат ағымында бағдарлай отырып, әр түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай отырып, керек материалдарды талдап, жіктеп, мазмұндап және оған сыни тұрғыда баға беруге міндетті. Егер, мұғалімнің бойында осы қасиеттер табылған жағдайда ғана, яғни, ақпараттық құзыреттілікті толық меңгерген мұғалім болса, ол мектепті тиімді басқара алатын басшы болары анық. Яғни, педагогикалық қызметте тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беріп, білім беруде ақпараттық технологияларды меңгеріп, ең маңызды деген пәндік білімдерді игерген болса, ол мұғалім алға қойған мақсатына жетіп, тиісті білімді ұйымдастыра алады.
Мектептегі білім беруді басқарудың тиімділігін арттыру, ең алдымен, басқару құралы ретінде ақпараттық құзыреттіліктілікті тиімді қолданумен байланысты. Мектепішілік басқарудың басым нысаны - мұғалім, оның құзыреттілігі. Сонымен қатар, мұғалімнің тұлғаға бағытталған білім беру моделін жүзеге асыруға кәсіби дайындығы бірқатар маңызды (дағдыларды) игеруді қамтиды:
- оқушылардың жеке қасиеттері мен функцияларын диагностикалау;
- оқушыларды әлеуметтендірудің жас нормалары негізінде оқушылардың тұлғалық даму мақсаттарын қою, тәрбиеленушілердің жеке-тұлғалық әлеуетін зерделеу;
- оқу-пәндік қызмет арқылы тұлғаға бағытталған педагогикалық жағдайды құру мүмкіндігін анықтау;
- оқушылардың дамуын, сабақтың жеке даму мүмкіндіктерін, өзіндік тиімділігін бағалау критерийлерін қолдану.
Тиімді басқару мен мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігінің байланысын қарастыруда осы мәселеге қатысты бірқатар көзқарастарға тоқтала кетуді жөн көрдік және мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігін тиімді басқарудың мәнін қарастырып көрейік. Ақпараттық құзыреттілік арқылы тиімді басқару әрекеті ақпараттық іс-әрекет түріне жататындықтан, ол ең алдымен басқарушылық тұрғыда анықталады. «Тиімді басқару» ұғымының әдіснамалық сипатын зерделеуші ғалым Г.В.Атаманчуктың пікірінше, «кез-келген еңбек түріндегі кез-келген іс әрекетте қоғамдағы адамдардың белсенділігі, энергиясы, оның нақты көріністері, элементтері, реттілігі, технологиясы, қарқындылығы емес, оның құндылығы мен адамдар қоғамының қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын нәтижесі қызықтырады» - деп пайымдаған.[7]
Қазіргі кезде тиімді басқаруда ақпараттық құзыреттілікпен қатар басқарушылық құзыреттілікке ие болу да маңызды рөл атқарады. Өйткені ол мұғалімге: білім беру процесін үдерісті басқаруға, білім берудің басқарушылық барлық деңгейлерін қамтамасыз етуге, мұғалімнің орны мен рөлін анықтауға, ақпараттық құзыреттілігін кеңейтуге және білім алушылардың өз бетінше іс-әрекетіне бағыт-бағдар беруге, бағалауға жәрдемдесе алады.
Мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігі кәсіби-педагогикалық қызметте тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін пәндік-арнайы білімді ұйымдастырудың ерекше түрі ретінде түсіндіріледі және білім беру процесінде ақпараттық технологияларды игеру және пайдалану деңгейін көрсетеді. Ақпараттық құзыреттілік білім беру процесінің нәтижесі ретінде әрекет етеді. Мұғалімнің міндеті - қабілеттерді анықтау, педагогикалық қызметтің барлық компоненттерін дамыту, оларды құзыреттілік санатына енгізу.
Заман талабына сай мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігі – оның қызметі мен жеткен жетістіктерінің үлкен нәтижесі болса керек. Сонымен қатар, кәсіби құзыреттілікті толық меңгере алған мұғалім ақпараттық құзыреттіліктің алғышарттарын игере алатындай нәтижеге қол жеткізе алады.
Сонымен ғылыми жұмысымызда талдап көрсеткендей, «құзыреттілік», «ақпараттық құзыреттілік» ұғымына берілген анықтамаларды, ғылыми еңбектерді басшылыққа ала отырып, біз мынадай қорытынды жасадық. Тиімді басқаруда ақпараттық құзыреттілікке ие мұғалім – бұл білім беру саласындағы білімдерді пайдалана алатын, оқу әрекеттерін басқара білетін қабілетті педагог. Мұғалімдерге білім беру ортасын тиімді басқаратын және оқу үдерісін қарқынды етіп, кең мүмкіндіктер ашатын бір жақсы қабілет – ол білім берудегі ақпараттық құзыреттілікке ие болуы деп ойлаймыз.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Құсайынов А.Қ. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология. – Алматы:Мектеп, 2007.- 256 б.
2. Әбілқасымова Г., Әлімбеков Д.Е. Болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жолдары // Қарағанды университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы, 2014. -№2. -37-43 б.
3. Таубаева Ш.Т. Педагогика: оқулық. – Алматы: ОНОН, 2018. – 357 б.
4. Н.С.Кожамкулова, А.С.Акрамова , Ш.Б.Бәйнеш. Формирование информационно-коммуникационной компетентности студентов психолого-педагогических специальностей. Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 4(80), 2019
5. Уайдоллақызы Э. Болашақ мамандардың ақпараттық құзыреттілігін қалыптастыру зерттелу жайы. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. Хабаршы ғылыми журналы №3 (106), 2015, 382-388 б.
6. Ғалымжанова М. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру // Информатиканегіздері. No3. – А., – 2006. – 49-52 бб.
7. Атаманчук Г.В. Управление: сущность, ценность, эффективность: учеб. пособие для вузов. - М.: Академ, проект: Культура, 2016. - 544 с.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мұғалімнің ақпараттық құзыреттілігін білім беруде тиімді басқарудың мәні

шағым қалдыра аласыз