Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті мен әдебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті мен әдебі туралы материалдар бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мұғалім әдебі.


Адильбекова Замира Жаңабекқызы

Тараз қ.
№69 келешек мектептің бастауыш сынып мұғалімі



Балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде жалпы әдеп атаулының педагогикаға кіріктіріп пайдаланудың өзі педагогтық әдеп болып табылады. Әдетте, әдепті адамдарды олардың кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік, жылы шырайлылық, тапқырлық, елгезектік, өзгенің пікіріне құлақ асушылық, ұстамдылық байсалдылық, әзілкештік сияқты мінез-құлық белгілеріне қарап тануға болады. Белгілі педагог А.С.Макаренко өзінің педагогикалық мұраларында мұғалім даярлауда дауыс қою, жүріс-тұрыс, өз организімін игеру, өз бет әлпетін игеру сияқты жұмыстарсыз тәрбиеші жұмысын көз алдымызға елестете алмаймыз деп – деп көрсетті.

Әдепті мұғалім ересек адамдармен қалай сыпайы және ілтипаттпен сөйлессе, оқушылармен де солай, тек ересектерден гөрі сақ және ықыласпен сөйлесу керек.

Педагогикалық әдептің негізі оқушыға деген шын ықыласты және олардың адамдық ар-ұятына деген көз қарасында жатыр. Педагогикалық әдеп – баланы адам ретінде сыйлау деп есептеуге болады.

Педагогикалық әдеп – мұғалімнің кәсіптік сапасы деп түсінеміз.

Педагогикалық әдеп кең мағынасынан алғанда мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселелерін ең ұтымды әдіс-тәсілдерін қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапасы.

Оқушыларға біздің тарапымыздан болатын әрбір әдіс-тәсілі, әрбір ескертпе мұғалімнің беделін жоғары көтеретіндей болуы керек. Мұғалімдер өз талаптарын оқушылардың қалай орындайтынына маңыз беріп қоймай, сонымен қатар реніш тумау жағын да ойластырғаны жөн.

Педагогикалық әдеп – ең етене кәсіптік белгісі. Қай мамандық болмасын оның бір белгілі айрықша белгісі болады. Ол белгі адамның үйреншікті әдетінен, сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқалады. Мұғалімнің кәсібінің ерекшелігі ең алдымен оның педагогтық әдебінде жатады. Әнші үшін үн немесе музыкант үшін музыканы ұғыну қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтық әдеп сондай қажет.

Ал ұстаздық шеберлік дегеніміз не деген сұраққа жаңашыл педагогтардың пікірлеріне сүйене отырып, төмендегідей жауап айта алмыз.

Ұстаздық шеберліктің негізі, біріншіден, мұғалімнің өмірге көз қарасы, оның идеялық нанымы.

Екіншіден, пәнді жетік білуі, ойымызды оқушыларға жеткізу үшін негізгі материалды терең түсіну. Олардың алдында жан-жақты дайындықпен баруды, оқушылардың бойына әдеп, дағды сияқты жақсы қасиеттерді сіңіру үшін моральдық нормаларды қамтиды.

Үшіншіден, оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін міндетті түрде меңгеру. Педагог көп біліп қана қоймай, сол білгендерін оқушыларға бере білуді, яғни белгілі бір сынып оқушыларының жас мөлшері мен шама-шақтарын ескеріп, сабақтың қызықты да түсінікті әрі жеңіл өту жағын ойластыру қажет.

Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы жан-жақты және методикалық сауаттылығы ғана емес, ол - әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы, толғанып бойға сіңіруі.

Мұғалім жұмысында педагогтік әдеп сақталмайынша оқушылармен тіл табысу мүмкін емес, ал оқушылардың тілін таппайынша оқу-тәрбие процесінде ілгерілеу жоқ. Оның үстіне белгілі психолог М.Д.Левитов дұрыс айтып көрсеткендей, педагог әдептен құр болса, оқушылар тәрбиесіне залалы тиеді, олардың бойында кейін түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдеп-қылықтардың пайда болуына себеп болады. Левитовтың байқауынша, мұғалімнің әдеп әлемінен алыстығы оқушыны тұйықтыққа, сенімсіздікке, жаман оқуға бастап, тәртіп бұзуға итермелейтін, мұғалімге өшігіп, бәрін теріс істеуге бейім тұратын болып кетуі ықтимал. Педагогтың әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік, әділдік, төзім мен сабыр сақтау деген сияқты қасиеттермен өлшенеді. Ендігі осы түсініктерге тоқталайық.

Ілтипаттылық. Әдетте оқушылар өздері өте жақсы көретін мұғалімдер оларға дауыс көтеріп сөйлесе де көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдер көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім-бардым тыңдаса да, ең болмағанда қастарына жақындап жай-жапсар білмесе де олардың көңілдеріне келеді. Өздеріне мұғалімнің назарын аудару үшін тәртіп бұзатын бірді-екілі балалардың болатыны да бар.

Мұғалім оқушыларға жаңа материалды түсіндірумен қатар оларға назар аудара білу керек.

Қандай түрде болмаса да мұғалімдер тарапынан оқушыларға ілтипат болмаса, мұғалім олардың араларына жарықшақ сызатын түсіріп алады.

Бұған нақты мысал ретінде оқушылардың мұғалім жайында сыр шерту туралы мына сөзін келтіре аламыз:

«...Әңгімелескенде сені жан-тәнімен тыңдайды, оны сол үшін де жақсы көрген үстіне жақсы көремін. Ол өзі қалай жақсы түсіндірсе, солай тыңдай біледі . . . »

Сенім. Педагогикалық әдеп мұғалімнің оқушыларға сенім арта білу қабілетін де қамтиды. Әрбір оқушы өзінің оқудағы табысының нәтижесі ынтыға тырысуға байланысты екеніне сене білу тиіс. А.С.Макаренконың пайымдауынша қателесу қаупі төніп тұрса да мұғалім оқуда болсын, тәлім-тәрбие жұмысында болсын оқушыларға өзінің батыл-батыл ойларымен ықпал жасауы қажет.

Балалар өздерінің күштерімен мүмкіндіктерін әлі шамалай алмайды. Олар ересектердің бағасына, әсіресе өздерінен де артық сенетін мұғалімнің бағасына сүйенеді. Сондықтан мұғалімдер олардың қабілеттерін бағалауда өте сақ болғанды жөн. Оқушылардың қабілеттерін әрине асырып бағалау дұрыс емес, ал оларды құлдыратып бағалау одан да оғаш болады. Оқушыларға сенім арту тәлім-тәрбие жұмысының принципі деп А.С.Макаренко әдемі айтқан.

Сенімсіз жұмыс өнімсіз де, көңілсіз, - деп көрсетеді А.С.Макаренко. Демек, өз шамалары мен мүмкіндіктеріне деген сапалы сенімге тәрбиелеу керек. Сенім дегеніміз былайша алып қарасақ, істелетін істің жартысы деген сөз. Оқушылардың өз шамаларына деген сенімін қолдап күшейту олардың жетістіктерін өсіріп көрсетуге мүмкіндік туғызады.

Әділдік. Мұғалімнің қандай қасиеттерін бағалайсыз деген сауалға оқушылар көбіне көп «әділдігін» деп жауап қайтарады.

Егер мұғалім әділ болғанның үстіне әдебі мол, көңілді, жайдары болса, мектепте одан беделді адам қайсы?

Мұғалімге әділетсіз деген ат оның тек әділетсіз болғандығын ғана емес, сонымен қатар оқушылармен жұмыс барысында әдеп сақталмауынан да танылуы мүмкін. Мұғалім оқушыларға тек қана әділ қарап қоймай, соған қоса өз ісінің дұрыстығына, оларды иландыра ала да білуі керек. Мұғалімнің әдеп сақтамауы оның айнымалы мінезінен немесе өзіне өзі талап қоймауынан және оқушылардың білімін бағалай білмейтіндігінен болуы да мүмкін.

Мұғалім ар-ұяты кіршіксіз болса, оқушылар оның кез-келген қатесін кешіреді. Керісінше, мұғалім әділетсіздік жасап, жалған мінез көрсетсе, оқушылардың көңілдері қалып, аралары салқындау осыдан басталады.

Төзім мен сабыр сақтау. Мұғалімнің педагогтік әдеп әлемі үшін бұл қасиеттің үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар. Бұл әрине өртеніп жатсын, күйіп жатсын, мұғалім еш нәрсеге ашуланбауы тиіс деген сөз емес. Ондай жағдайларда оған өзін ақылға жеңдірмей болмайды. Өйткені, ашу тасып, ақыл төгілетіні белгілі.

Ашу үстінде ешқандай шешім қабылдауға болмайды. Сабырлылық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құралы болуы қажет. Қай кезең, қай дәуірде болмасын адамға білім мен тәрбие беруден асыл міндет болмаған. Ұстаз – ұрпақ тәрбиелеп өсіруші қоғам сенген адам. Ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол. Сондықтан да болашақ ұстаздар өз ісінің әрбір қыр-сырын жетік игеру жолында жоғарыда көрсетілген кәсіптік сапаларды толық меңгеруі біздің қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелей алуына мүмкіндік береді.

Оқушылардың мінез-құлқын қалыптастырудағы мұғалім жеке тұлғасының моделі. Мұғалімдік мамандық жан-жақты білімді, шынайы, сезімтал болуды, шәкірттеріне шексіз сүйіспеншілікті беруді талап етеді. Мұғалім еңбегінің нәтижесі әр күн сайын балаларға қуаныш әкелгенде ғана, оларды ғылымға ынталандыра алғанда, еңбекке баули білгенде, адамгершілік негіздерін сіңіре алғанда ғана жемісті болады.

Мұғалім қызметінің мәні - өзі тәрбиелеп отырған ұрпақтың ішкі жан дүниесіне ене білуде. Әлі толыспаған жас өскін сәби жанын жаралап алмас үшін, мұғалім әрқашан өзінің әдебімен, мейірімімен, балаға деген мол махаббатымен, сыпайылығымен, адамгершілігімен, сұлулығымен шәкіртіне әсер ете білуі қажет.

Мұғалім еңбегінің ерекшелігі неде? Бұл ерекшелік сірә мұғалімнің адамдармен жұмыс істейтіндігінде болар? Дегенмен, басқа мамандық иелері де, юристер де, дәрігерлер де, артистер де ... адамдармен қарым-қатынаста болып, адамдармен бірге жұмыс істейді. Сонда бұл мамандықтың ерекшелігі оның қоғамдағы орнына қарай айқындалуында. Бұл жөнінде Жүсіпбек Аймауытовтың « ... Дәрігерден де ұстаздың көп болғанын қалаймын, дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші ұстаздар адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады», - деген пікірі мұғалімдік мамандықтың қыры мен сыры мол, сан қилы және әр тарапты екендігін көрсетеді дей келе, мұғалімдік мамандыққа төмендегіше бірнеше анықтама беруді жөн көрдік.

Мұғалім – қоғам мен өскелең ұрпақ аралығындағы сарапшы.

Мұғалім – біздің еліміздегі ең кең тараған мамандықтың бірі.

Мұғалім – бұл болашаққа ұмтылған адам.

Мұғалім – жеке адамның қалыптасу процесін басқарушы.

Бұл тұрғыдан сөз ете келе, біз мұғалімнің оқушы мінез-құлқын меңгерудегі шеберлігін, ұстанымын, әдебін сөз еткіміз келеді.

Педагогикада мынадай аксиома бар: «Интеллект интеллектімен ұшталады, мінез-құлық мінез-құлықпен тәрбиеленеді, жеке адам жеке адаммен қалыптасады».

Яғни бұл дегеніміз жеке тұлғаны қалыптастырудағы міндеттерге келіп тіреледі. Мұғалім бала интеллектісін ұштауда алдымен өзінің интеллектісі жоғары, сезімтал, мәдениетті болуды, мінез-құлқын тәрбиелеуде өзі мінез-құлық, әдеп, сабырлық, кішіпейілділік сияқты қасиеттердің өн бойынан табылуын, жеке адамды қалыптасыруда да жеке тұлғаның бар жақсы қасиеттерін, атап айтқанда үйірсектік, өзін-өзі ұстай білу, мақсатқа жетудегі табандылық, оптимизм және әзіл, баланы жақсы көру, педагогикалық қарым-қатынас, педагогикалық байқағыштық, ұйымдастырушылық қабілет, қатынастық сапа сияқты қасиеттерді меңгеру болып табылады.

Мұғалімнің кәсіптік жұмысы, әдептілікті қалыптастыру, ондағы дүниетаным ролі, мәдениеті, ақыл-парасаты, тәрбиелілік қызметі, адамгершілік пен имандылықтың сан алуан түрлері мен нормалары, жұріс-тұрыс, іс-әрекеті арқылы іске асып, оқушылар үшін үлгі болуға, адамгершілік жоғары мінез-құлықтың, идеялық сенімділіктің, мәдениеттің, принциптіліктің және мол эрудицияның өнегесі болуға тиіс. Мұғалім жұмысы осы заңдылықтар мен ережелерді меңгеріп, оны практикада қолданғанда ғана кәсіптік этика деңгейіне жетеді.

Кәсіптік этика - әрбір кәсіптік еңбек түрінің бөлшектенуіне байланысты пайда болып, өмірлік тәжірибеден өткен, өзара қарым-қатынас ереже шеңберіне сәйкес келетін, белгілі бір салада еңбек ететін кәсіп иелерінің нормалар мен ережелер жиынтығы.

Педагогикалық әдеп - мұғалім жұмысының ең негізігі кілті. Ол мұғалімнің әрбір нақты іс үстінде тәрбие мәселелерін ең ұтымды әдіс-тәсілдер қолданып, оқушыларды еліктіріп әкететін кәсіптік сапа. Жалпы бұл сапа этикалық мораль тұрғысынан түсіндіріледі.





Этика – философиялық ілім



DrawObject1

Мораль – этиканың зерттеу объектісі





Этикаға нормативті этика мен нормативті мораль теориясы кіреді

DrawObject2

DrawObject3

Нормативті мораль

Нормативті этика



DrawObject4 DrawObject5

Игілік, жақсылық, жамандық, әділеттілік, ұқыптылық, жауапкершілік мәселелерін зерттейді. Жеке адамның мінез-құлық кодексін жасайды.

Моральдың мәнін, нормаларын, тарихи сипатын анықтайтын заңдылықтарын зерттейді. (гуманистік мораль, ұжымшылдық мораль, белсенді қарекетшіл мораль)








Нормативті этика мен мораль теориясы әрбір азаматты саналылыққа, имандылыққа, мәдениеттілікке, әдептілікке тәрбиелеуде, адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, тәрбие теориясы мен практикасын дамытуда елеулі орын алады.

Моральдық-этикалық нормалар – халықтың ұлттық әдет-ғұрыптары, қалыптасқан дәстүрлері ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады. Болашақ ұрпақ тәрбиелеу барысында бұл мұра жастарға өнеге болып қала бермек. Өйткені, халқымыздың өзі келешек ұрпаққа айтар ақылын, адамгершілік үлгісін, салт-сананы, дәстүрлерді насихаттап отырады.

Қазіргі ұрпақ тәрбиелеу процесінде тәрбиеленуші ұрпақтың болашаққа барар жолында оның білімділігі мен рухани байлығын, әлемдік өркениетке жетер бағытында Қазақстан Республикасының гүлденуіне кепіл болар ұрпақ тәрбиелеу. Нарықтық қатынастар қалыптасып жатқан қоғамның қазіргі жағдайында мәдениетті, білімді, өздік ұстанымы мен таным көзқарасы жетілген адам тәрбиелеудің маңызы зор.

Оқушы тәрбиелеуде және оқытуда мұғалімге педагогика және психология ғылымдарын жетік меңгеріп, оның диалектикалық ыңғайын тауып отыру жеткіліксіз. Қазіргі жаңа әлеуметтік құрылым кезінде уақыт ағымына сәйкес білімнің жаңа мазмұнын жаңарған техника мен икемді технологияны да игеру қажет. Оқушы үшін мұғалімде болатын сапалық қасиеттерге тоқталатын болсақ, олар: білімділік, мәдениеттілік, адамгершілік, әдептілік, ізгілік және тағы басқалар.

Ұлттық психология, этика, мінез-құлық, әдеп мәселелері қазақ елінің егемендік мәртебесін жырлауына байланысты жүзеге асырылып, жаңарып, түрленіп келеді.

Бұл жөнінде оқушы тәрбие ісінде, оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру үрдісі бірте-бірте дамып келеді. Нақтырақ айтсақ, 1992 жылы Алматыдағы Әль-Фараби атындағы университетте «Қоғамның рухани саласын және білім беру жүйесін ізгілендіру» атты ТМД елдерінің қатысуымен аумақтық конференция болып өтуі осының дәлелі.

Оқушы тұлғасын қалыптастыру, оны ізгілендіру барысында кәсіптік негіз мұғалімге жан-жақты, оның идеялық сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің, жалпы және арнаулы білімінің, мамнадығына байланысты ізденіс жемістері қорының жиынтығының мол болуын талап етеді. Шебер педагог болмай тұрып, алдымен мұғалім әдепті педагог атануы қажет. Өйткені педагогтік жұмыс жаттау, еске сақтау және жаттығу жолымен жасалмайды, ол сол мұғалімнің ізденіс үстіндегі ізденімпаздылығы, ақыл-ойының ұшқырлығымен қалыптасады.

Педагогтік әдеп әр түрлі және әр қалай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас мөлшеріне, темпераментіне байланысты. Мұғалімнің оқушылармен тіл табысуы, қарым-қатынасы т.б. қасиеттері міндетті түрде балаға әсер етпей қоймайды. Міне, осы тұрғыдан оқушы мінезін, олардың этикалық мәдениетін қалыптасыруда мұғалімнің алатын орны ерекше. Ол үшін әрбір дара тұлғаның (оқушының) жеке психологиясын жете түсіне білу керек.

Кей мұғалім оқушыларға бірыңғай тәсілдермен ықпал ете отырып, одан тәп-тәуір нәтиже алар болса, екінші бір мұғалім тіптен басқа әдіс-тәсілдерді беру арқылы үлгі болары анық.

Әрбір оқушыны мәдениетті, сабырлы, тәртіпті, инабатты, өзіне-өзі сенімді, жүрегін пәк етіп тәрбиелеуде жүргізілетін жұмыстарға тоқталатын болсақ, бұл ретте де алдымен мұғалім өзі соған үлгі боларлықтай дәрежеде болу керек. Ол үшін мұғалім байқағыш, ілтипатты, сенімді, төзімді, сабырлы, оқушы жанын түсіне білетін болуы шарт.

Байқағыштық. Байқағыш мұғалім шәкірттерінің талап-тілектерін қалай орындайды, қарсыласу бола ма, сабақ үстінде тапсырманы орындау, бүгінгі көңіл күйі тағы басқа қасиеттерін есепке алып, оқушыға бағыт беру керек екенін жақсы біледі.

Оқушылармен тереңірек танысып, олардың жан-дүниесіне үңілемін деген мұғалім үшін оның көптеген әдіс-тәсілдері бар. Мұғалім оқушыларға ілтипаттылық көрсетіп, сенім артып отырып оның оқуға ынтасын арттырса, мәдениет әдебиет, өнер, театр, кино туралы әңгімелеуге болады.

Көңіл-күй. Көңіл-күй әрқашан көтеріңкі болсын. Оқуда да, тәрбие мәселесінде де көңіл-күйдің көтеріңкі болуы - табыс кепілі. Оқушылар арасында да қабақ түйіп, ренжіп жүрген мұғалім де, сол мұғалім тәрбиелеп отырған оқушы да жақсы нәтижелі іс бітіре алмайды. «Ұстаз, көңілсіздікті мектеп табалдырығын аттар жерде қалдыр!» деген педагогикалық ережені мектеп мұғалімі өзі де және шәкірттеріне де күнделікті де үйретіп отыру қажет. Балалармен жұмыс істеудің ерекшелігі – балалар жүзі жайдары, шат көңілді, жайдарман мұғалімді қалайды.

Мінез-құлық мәдениеті. Жеке кісі болсын, адамдардың ұлттық құрылымы болсын, олардың психологиясындағы ерекше бір көрініс – мінез қасиеті. Адам сыртқы ортамен байланысу үшін жасайтын қатынастарының жиынтығы оның мінезін құрайды. Мінез-құлық мәдениеті дегеніміз – адамзат қоғамы мәдениетінің ажырамас құрамдас бөлігі. Оның негізінде қоғамда үстем болып отырған, адамның мінез-құлық нормаларын айқындайтын мораль жатыр.

Әдептілік. Әдептілік сезімі дегеніміз - өзіңізді әр түрлі жағдайда жалпылама мінез-құлық ережелеріне сәйкес қана емес, сонымен қатар эстетикалық және этикалық талаптарды да қанағаттандыратындай етііп ұстай білу. Шын жүректен шыққан әдептілік сезімі адамның өзге біреудің жанына жақсы әсер ететін және қуаныш әкеле алатынын, бәрін түсінуін және басқа біреудің қажеттері мен уайым-қайғысына ортақтаса білуді талап етеді. Әдепті адам (ұстаз, оқушы) ыңғайсыздық тудыратын жағдайды болдырмауға тырысады. Егер оқушылар сыпайылық ережелерін жаттап алып, оларды жақсы дағдыға айналдыра алатын болса, әдептілік үшін көп нәрсе қажет. Өзіңіздің әдептілік сезіміңізді жетілдіру үшін өзіңді көбінесе ойша басқа адамның орнына қою керек.

Әдептілік адамның қоғамға, оның өзіне немесе қайсыбір адамға қауіп төнбейтін жерде өзгенің істеріне айналысудан бой тартуын талап етеді.

Инабатты мінез. Инабатты мінез-құлықтың тірегі жекелеген ережелерді қалай болса солай жаттап алу емес, қайта өмірді дұрыс түсіну, оған өмірлік тәжірибенің арқасында қол жетеді.

Адамгершілік. Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, әрбір дәуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып жетіледі. Адамгершілік қоғамдық ресми дамудың ең жоғарғы кезеңі. Адамгершілікке байланысты көптеген категориялар – жомарттық, батылдық, шыншылдық, баққұмарлық, сыпайыгершілік, әділдік, достық, ар мен намыс т.б. жатады.

Ұстаздық борыш. Борыш – этикалық күрделі категориялардың бірі. Адамдардың моральдық мінез-құлықтарының, сана-сезімдерінің ішінде борыштың алатын орны ерекше. Борыш жеке адамдардың іс-әрекеттерін, тәртібін жалпы мүддеге әлеуметтік бірлікке бағындыру қажеттігін білдіреді.

Ұстаздық борыш – қоғамдық борыштың нақты түрі. Сондықтан да ұстаздық борыш моральдың нақтылы еңбектің нақтылы саласында, атап айтқанда, мұғалімдік қызметте қолданылады. Ұстаздық борыштың негізгі ерекшелігі – бүкіл қоғам өмірінің даму заңдылықтарын меңгеру ісімен тығыз байланыста дамып, қалыптасады.

Мұғалім беделі. Бедел өздігінен келе ме, болмаса ол үшін күресуі керек пе? Беделдің колледж немесе институт, университет бітіргендік туралы дипломмен бірге берілмейтіні жалпыға мәлім. Оқушы үшін мұғалімдегі басты қасиетті нәрсе – оның білімі, қалай оқытатыны, адамгершілігі, балаларға ілтипаттылық сезімі. Мұғалім беделі үшін мұғалімнің жеке басына қатыстының бәрі, онын идеялық-моральдық қасиеттері, тәртібі, оқушылармен қарым-қатынасы бірінші орынға шығады. Мұғалімнің жеке басында негізгі үш қасиет – ол пәнін терең білу, ұйымдастыру қабілеті және жоғары моральдық қасиеттер бас қосса нұр үстіне нұр.

Мұғалімнің қай қайсысы да оқушылар алдында алғашқы сабақта-ақ беделге қолы жете бермейді. Оқушылар үшін мұғалімнің тек өзіне байланысты айрықша жағымды жақтарын бірден байқау және түсіну қиын. Мұның бәрі қабілетке, білімдарлыққа, құштарлыққа және тағы басқа жоғарыда көрсетілген сапаларға да байланысты. Сондықтан мұғалім үшін оқушы мінез-құлқын жетік меңгеру оның білімдарлығымен, ізеттілігімен, инабаттылығымен, парасаттылығымен, күш-қуатымен, ізденімпаздығымен және жоғарыда көрсетілген қасиеттерімен тікелей байланыста ғана өз шешімін таппақ.

Педагогикалық колледж студенттерін ғылыми-зерттеу жұмысына дайындау барысында зерттеуші үшін ғылыми анықтамалар мен терминдердің қысқаша түсіндірме сөздігінің қажеттігі туды. Түсіндірме сөздік зерттеу жұмысын жосарлау, оны ұйымдастыру, жүргізу, нәтижелерді жнақтау, өңде, қорытынды шағырау, ұсыныс беру барысында зерттеуші үшін өте маңызды роль атқарады. Сонымен қатар түсіндрме сөздік зерттеу жұмысының кез-келген кезеңінде әрбір құбылыстың немесе нәтиженің көрсеткіштерін тез аңғаруға да өз септігін тигізіп отырады. Түсіндірме сөздікті құруда тек қана педагогика және психология мәселелері бойынша ғана емес, философиялық ,әлеуметтік, жаратылыстану мәселелеріне де қатысты терминдер мен анықтамаларға түсіндірме беруді жөн көрдік. Сондықтан біз зерттеу жүргізу барысында әр түрлі әдебиеттер, орысша-қазақша, қазақша-орысша түсіндірме сөздіктерден, энциклопедиялардан т.б. әдебиеттерден зерттеушіге қажет деген сөздердің, анықтамалардың, терминдердің түсіндірмесін жинақтап, өз ой қорытындыларымызды, тұжырымдарымызды, ұсыныстарымызды зерттеуші мұғалімге беруді ұсынып отырмыз.

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
23.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12