Материалдар / Мұзафар Әлімбаев – бала жанының бағбаны
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұзафар Әлімбаев – бала жанының бағбаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұзафар Әлімбаев – Қазақстанның ең танымал, құрметті ақындарының бірі, әнұранның авторларының бірі, жетпістен астам кітаптың авторы. Артына өлшеусіз мол мұра қал¬дыр¬ған Мемлекеттік сыйлықтың ие¬г嬬рі, Қазақстанның халық жазу¬шы¬сы Мұзафар Әлімбаев 70 жылдық жазушылық, журналистік өмірінде Қазақстанның қала, даласын жалықпай аралап, үлкенмен де, кішімен де, ғалыммен де, малшы, диқанмен де, көпті көрген көнекөз қарттармен де, үй шаруасындағы аналармен де сұхбаттасып, жылт етер жылуы бар жақсы сөз болса, жинай берді. Халықтық мұраны жинай жүріп, әдеби тілді байытты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Ақпан 2023
524
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Мұзафар Әлімбаев – бала жанының бағбаны


Байдүйсенова Гулмира, Түркістан облысы, Ордабасы ауданы,

"Қарақұм" жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі


Мұзафар Әлімбаев – Қазақстанның ең танымал, құрметті ақындарының бірі, әнұранның авторларының бірі, жетпістен астам кітаптың авторы. Артына өлшеусіз мол мұра қал­дыр­ған Мемлекеттік сыйлықтың ие­ге­­рі, Қазақстанның халық жазу­шы­сы Мұзафар Әлімбаев 70 жылдық жазушылық, журналистік өмірінде Қазақстанның қала, даласын жалықпай аралап, үлкенмен де, кішімен де, ғалыммен де, малшы, диқанмен де, көпті көрген көнекөз қарттармен де, үй шаруасындағы аналармен де сұхбаттасып, жылт етер жылуы бар жақсы сөз болса, жинай берді. Халықтық мұраны жинай жүріп, әдеби тілді байытты.

Жазушының творчестволық мұрасы өте бай: ақындық жолын 26 жасында бастап, 39 жасында «Қарағанды ​​туралы жырлар» атты алғашқы өлеңдер жинағын шығарды. Осы орайда Әлімбаев өлеңдерімен, тағылымды ертегілерімен балаларының ыстық махаббатына бөленді. Дүниетанымының кеңдігі, айналаның және адамның сұлулығын сөз еткен лирик жазушысының орыс, украин, поляк тілдеріндегі өлеңдері дүние жүзінде оқылды.

Әлімбаев – аудармашы ретінде де кең танымал. Орыс классиктерін, қырғыздың «Манас» батырлық эпосын, Фердоуси, Саади, Токтогул, Петофи, Хикмет, Аполлинер мәтіндерін аударған. 2017 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында өткен Әлімбаевты еске алу кешінде сөз сөйлегендер жазушының ұлттық мәдениетті дамытуға, басқа ұлттарға танымал етуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

Мұзафар Әлімбаев – фольклортанушы, қанатты сөздің авторы ретінде танымал. Ол халық мұра­сын ерінбей жинау­шы және оған өз жанынан үлес қосу­­шы ғана емес, фольклорлық шы­ғар­­маларды жан-жақты терең зерттеп, пікір айтушы ғалым да. Оған жазу­шы­ның «Көңіл күнделігі», «Абайды қай­та­лап оқығанда» деген эсселері мен тіл таза­лығы, ұлт мәдениетінің проблемала­ры төңірегінде жазған мақалалары, 1994 жылы «Рауан» бас­пасынан шыққан «Халық – ғажап тәлімгер» атты педагогикалық ой-түйіні, халық педагогикасының қыры мен сыры туралы тебірене жазған ғылыми еңбектері куә.

М.Әлімбаев фольклорлық шығар­ма­ларды шығарушылар мен оны біздің дә­уі­рімізге жеткізушілер туралы да өзіндік ой-пікірлер білдірген. Мысалы, ол терме­шілер мен жыршыларға халықтық қазы­на­ны насихаттаушылар, жыршылар деп қараса, құйма құлақ қарияларды мақал-мәтел, аңыз-әңгімелерді көп білетін халық­тық қазынаны сақтаушылар деп са­найды. «Осындай айтқыштар аза­­йып барады», «Аға буын өкілдері кәрі адамның тісіндей сиреп барады, қара жерге қайтпас сапар шеккен қария­лар­дың ішінде қанша қазына бірге кө­ш­іп, бірге өшіп жатыр» деп өкініш білдіреді. «Надандықтан қашан арыламыз? Халықта барды, бұрынғылардың асыл­дарын жинап, табуды, бағалауды қа­шан үйренеміз» деп қынжылды.

Қазақ халқының ежелден ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесін бөліп қарауы, бала тәр­биесіндегі отбасының, жолдас-жора­ның рөлі де автордың назарынан тыс қалмаған. Мұзағаң көп бала тәрбие­леп, шынайы ұстаз бола білген ата-аналардың өмір тәжірибесінен орынды мысалдар келтіре отырып, ойын тиянақтап түйе білген. Мұзағаң бала тәрбиесі бақ ағашын күтуші бағбан ісімен пара-пар екенін айта келе, халқымыздың «баланы беске дейін патшаңдай қара, он беске дейін көмекшіңдей сана, он бестен асқан соң ақылшы, досым деп қара» деген ұлағатты өсиетін естен шығармау керектігін орынды еске салады.

Ол «Тәрбиенің тілден баста­ла­тыны», «Мақал – сөздің мұнарасы» екені, көсем сөзді көпшіліктің сары алтындай сақтауы, сөз бастаған шешенді қол бастаған көсемнен кем бағаламауы, білім мен өнердің оқу, тоқу, талпыну арқылы келетіні, «Білімге өміріңді байла», «Білімсіз бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді», «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Білім шала естіні бүтін етеді, ал бүтін естіні дана етеді», «Жастықта алған білімің – қарт­тық­тағы мүлігің», «Білім алмай, болдым деме, еңбек етпей, толдым деме» деген халық қағидаларын ұсына отырып, білім мен тәрбиенің ордасы мектеп, ал білімгер ұлы тұлға – ұстаз екені, халықтың осы ойды «Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады», «Өнегесіз өсу жоқ, ұстазға қояр талап көп» дей келе, халық­тың ұстаз бойынан білімділік, әділдік, талап қойғыштық, ұстамдылық сияқты қасиет­тердің үнемі көрінуін қалайтынын жазады.

Әлімбaев есімі өз елімізге ғана емес, алыс-жақын шет елдерге де кеңінен танылған балалар ақыны, жас бүлдіршіндердің сүйікті қаламгері. М.Әлімбаев қазіргі қазақ балалар әдебиетінің классигі және оның зерттеушісі,  өлең-баталарды қайта жаңартушы және дамытушы тұңғыш ақын. Оның бата-өлеңдері «Батамен ер көгерер» деген атпен жеке кітап болып 1996 жылы «Атамұра» баспасынан шықты. Жинаққа көрнекті ақынның 200-ден астам баталары енген. Ж.Елшібек «Ерекше туынды» атгы мaқаласында ақынның баталары жөнінде: «Қашаннан сөздің құдіреті мен қасиетіне зор мән беріп, сергек қарайтын Мұзафар Әлімбаев ықшам, тығыз, ойлы, өрнекті жазу үрдісінен айнымай келе жатқанына куә боламыз», — деп жазады.

Қандай жанның да балалық шағы — болашағының баспалдағы. Кім-кімнің де ат жалын тартып, азамат жасына келгенде қандай адам болмағы, оның балалықтан алған әсер -байлығына көп байланысты.

Әлемдегі қай елде болмасын балалар әдебиетіне, балалар ақын-жазушыларына деген көзқарас пен құрмет ерекше. Неге десеңіз, балaларға арнап қызықты шығармалар жазу екінің бірінің еншісіне тие бермейді. “Бесік жырынан” бастaлатын балғындaр өлеңінің әйтеуір бір құдіреті бар. Соған қарағанда, ән-өлең бала бойына ана сүтімен бірге таралатын болу керек. Әйтпесе, бөбекті өлеңмен қалай ұйықтатып, өлеңмен қалай оята алады? Дүниеден хабaры жоқ, бесікте жатқaн сәбиді өз ырқынa көндіріп, өз дегенін істететін — өлеңнен aртық керемет бола ма? Бөбектерге арнaп өлең жазудың қиындығы да осында болса керек. Өйткені, ол барлық жырдың нәрі, барлық жырдың басы ғой…

"Балалар әдебиетін, балалар поэзиясын Мұзағаңсыз елестету мүмкін емес... Мұзағаның өлеңнен бөлек әлемнің арғы-бергі классиктерінің шығармаларын аударған еңбегі, жаңылтпаш жазып, мақал-мәтел жинақтап құрастыруы – осының әрқайсысы бөлек-бөлек қарастыруды қажет ететін сом дүниелер. Сөздің парқын білетін, мәйегін танитын, мағынасына, мәніне бойлай алатын бірегей қалам иесі болғандықтан, Мұзафар Әлімбаев әдебиетті көркем аудармалармен байытты", - деген ақын Нұрлан Оразалин.

М.Әлімбай — қазіргі балалар  әдебиетінің ата буынына қосылған  көрнекті қайраткері, тәлімгері. Ақынға 1984 жылы “Аспандағы әпке” атты балаларға арналған жыр кітабы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Бұл сыйлықтың бөбектердің сүйікті ақыны — Мұзафарға берілуі әбден орынды. М.Әлімбай балалар әдебиетінің қалыптасып дамуына өзінің әр жастағы баланың ой — өрісіне сай лайықталған азаматтығы асқақ, мұраты асыл, тілі шұрайлы, қызық оқиғалы, күлдіргі әрі тапқырлығы жағынан әр алуан ойлы туындылары бала психологиясының нәзік сырына жетік білгірлігін тaнытады. Оның шығармалары мектеп оқулықтарынан тұрақты орын алған. Өлеңдерін оқып тілі шыққaн бүлдіршіндеріміз қазақ халқының бойындaғы асыл қасиеттерін, қазақ сөздерінің ғажайып нәрін Мұзафар ағамыздaн үйреніп келеді».

Балаларға арналған “Мұғалім ол біздің”, “Көшпелі фонтан”, “Бесік жыры”, “Қартаймайсың, жан ана”  қатарлы   көптеген ән-өлеңдері халықтың сүйікті туындысы болып кетті. Қаламгердің естеліктері мен эсселері, мақал-мәтелдері мен көңіл күнделіктері де оқырмандар көңілінен шыққан тартымды дүниелер. Халықтың ауыз әдебиеті – қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді зерттеп, жинастырған “Маржан сөз”, “Мақал-мәтелдер” секілді кітаптары халықтың күнделікті тұтынар дүниесіне айналды.

Талғамы биік В.Белинскийдің бір сөзі осы бүгін айтылғaндай:”…Бaлaлар жaзушысы болып қалыптaсу қиын, aрнайы туу керек. Мұның өзі өзінше бір қaбілеттілік бoлады… Мұнда талaнт қaна емес, сoнымен бірге өз алдына даналық та керек”. Яғни, бала бола білу керек. Ал, М.Әлімбай атамыз шығарма жазғанда тіпті балалардың жас ерекшеліктеріне дейін  қатты ескереді екен. Сондықтан оның өлеңдері бүлдіршіндерге, балдырғандарға, жaс өспірімдерге арналған болып айқындалып, айрықшaланып тұрады.
Мұзафар Әлімбайдың “Қарағай неге ұзын, жыңғыл неге жатаған, тобылғы неге қызыл болған?”,  “Көкек неге “көкек”  дейді?”  “Тауыс неге қызыл-жасыл?”, “Қарға неге қара?”, “Алатаудың баурайында”, “Көк кілем”, “Еріншектер елінің Ертеңбайы туралы” аңыз-ертегілері кім-кімді де жалықтырмaйды деп oйлaймын.

Мұзaфар Әлімбайдың балaларғa арнaп жазған кітаптарында тәрбиелік мәні бар өлеңдері көптеп кездеседі. Мысалы, ”Суайт сауысқан”, “Қырықаяқ”, “Әппақ пен сатпақ”, “Тарғыл мысық дағдысы” сияқты толып жатқан жырлары бар.

Ақын  “Жел деген не?” өлеңінде:

Жел деген не? (Айт деп інім жалынды).

Жел де ауа кәдімгі (Айтқаныма нана ғой).

Жел егенің тек бірақ, Ойға –қырға шапқылап,

Пайыз таппас ауа ғой - деп, жел сияқты тұрақсыз әрі берекетсіз болмау жағын тапқырлықпен айтып, суреттеп берген.

Ұстаздыққа бейім әрі балажанды мінез  қазақтың жас жеткіншектерінің тілін сындырып-ұстартатын, туған тілімізге деген құрмет-құштарлығын арттыратын тәрбиелік бір басылым — құрал керегі туралы іштей ойлап, толғанып жүретін. Арманына 1958 жылы қолы жетті, шуақты шілдеде дүниеге келген «Балдырған» балалар журналы республика бүлдіршіндерінің – бірнеше буын ұрпақ өкілдері балалық шағының базары мен ажарына, киелі сөз өнері бастауларына баулитын байыпты — ұқыпты бағбанына, адамдық әліппесінің ережелеріне үйрететін үлкен мектепке айналды. «Балдырған» басылымының өзгелерге ойыншықтай оңай көрінетін ауыр жүгін жазушы Мұзафар Әлімбай ширек ғасырдан астам уақыт арқалады. 1958-1986 жылдар аралығында журналға тапжылмастан редакторлық етті.

Сондықтан да Мұзафар Әлімбаев ақындық бақыты туралы айтқанда оның қазақ балалар әдебиетіне сіңірген еңбегіне тоқталу шарт. Ұзына тарихы қырық жылға жуықтаған «Балдырған» журналын Мұзафар Әлімбаев қолымен құрып, 25 жыл бас редактор ретінде басқаруы қазақ балалар әдебиеті үшін ырыс-құт болды. «Балдырған» журналы арқылы дүниежүзі балалар әдебиетіндегі бар дәстүрлер мен эксперименттер қазақ топырағына ағытылды. Қазақ топырағында бойындағы бар жұпарын балаларға арнайтын шын мәніндегі балалар қаламгері «Балдырған» арқылы қалыптасты.

Қорыта айтқанда М. Әлімбаев қазақ балалар әдебиетінің қатардағы қаламгері ғана емес. Ақын, прозашы, аудармашы, сыншы, жинақшы, ұйымдастырушы. Әдебиетте талант бейімі болмай, ештеңе де өнбейді, әдебиет зорлықпен жасалмайды. Мұзағаңның да балалар поэзиясына туа бітті бейімі болғаны анық. М.Әлімбаев қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп еңбек сіңірді. «Менің ойыншығым», «Отпен ойнама», «Орақ — олақ», «Шынықсаң — шымыр боларсың» тағы басқа кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі үлес болды. «Аспандағы әпке» жинағы үшін Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілген.

Осы отыз жылға жуық балалардың сүйікті "Балдырған" журналының редакторы болуы ана тіліміздің дамуына және бүлдіршіндеріміздің дұрыс тәлім-тәрбие алуына лайықты үлес қосты. Қалың жұртшылық үшін оның халқымыздың мақал-мәтелдерін жинақтап, зерттеудегі еңбегінің маңызы зор. Ол жұрт әрдайым айтып жүретін көптеген қанатты сөздер мен сөз тіркестерін өмірге әкелді. Сондықтан да Мұзафар Әлімбаевтың есімі мен еңбегін халқымыз әрдайым тәлім-тәрбие мен ұлтжандылық үлгісі ретінде есінде сақтайды.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!