Музыка пәнін оқытудың ерекшеліктері.
Халқымыздың рухани әлемінде ойып тұрып орын алатын музыка өнері оның тұрмыс-тіршілігімен , мәдениетімен, тарихымен салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Ал осы музыка өнерін білім алушыға меңгерте отырып, оның бойында адами құндылықтардысіңіретін музыка пәні –тәрбиенің көзі десек те болады. Ұлттық мәдениетімізді көтеретін де осы музыка.
Музыкамен қарым-қатынас жеке тұлғаның рухани қалыптасуына, оның өзін –өзі танытуына мүмкіндік береді, музыкалық қызметтің ұжымдық түрлері (хор, аспаптық) музыкалық –шығармашылық қызметке қатысу сезімін дамытуға , музыкамен қарым-қатынас барысында олардың бірігуіне ықпал етеді. Музыкалық білім эстетикалық сезімнің , талғамның ,көркемдік қажеттіліктің , сұлулықты сезінудің , өнердегі және қоршаған өмірдегі үйлесімділіктің қалыптасуына ықпал етеді.
Осыған байланысты біздің, музыка пәнінің мұғалімінің алдында оқушыларды отандық және әлеуметтік музыка мәдениетінің жауһарларына тарту, онымен қарым- қатынаас жасауға деген білімді қалыптастыру, музыкалық ой-өрісін кеңейту , музыкадағы сезімге, ой-өрісіне эмоциялық және эстетикалық тұрғыдан қарауға міндеті тұр.
Бұл жерде мұғалім тарапынан әрбір оқушыны сын тұрғысынан ойлай алатын , жеке пікірі қалыптасқан жеке тұлғаға айналдыру көзделеді. Музыканы тыңдау, құру, сезіну арқылы орындауды кіріктіру негізінде білімдерін дағдылары мен түсінігін жан- жақты дамыту , дарынын ашу басты мақсат болып саналады.
Музыканы өнер саласының басқа да пәндерімен пәнаралық байланыс орнату арқылы меңгерту сабақ мақсатына жетудің тиімді жолы деп санаймын. Себебі, бүкіл өміріміз музыкамен тікелей байланысты. Қуанышымыз бен қайғымыз да, жеңістер мен жемістеріміз де бәрі күйлер мен індермен суреттеледі.
«Туғанда дүние есігінт ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең,
Өмірдегі қызықтың бәрі өлеңмен,
Ойлансайшы бос қақпай елең-селең»,- дегенн кемеңгер ұлы Абай Құнанбайұлының өлеңі осыған дәл сәйкес келеді.Бесік жырымен басталар ғұмырымыз өмір жырымен жалғасады.
Жүрек соғысының өзі музыкалық ритмге сай келеді. Мысалы , «Күйшілік өнер» тақырыбын алсақ , күйдің шығу тарихын оқушылар зерттесе , тарих пәнімен байланысқа түседі, күйдің шыққан жерін қарастырса, география пәнімен, күйді нотамен үйренсе, математика пәнімен , күйді домбыра аспабында орындап , домбыраның қандай ағаштан жасалғанын зерттесе, биология пәнімен , күй туралы өлеңдер құрастырса қазақ тілі әдебиеті пәнімен , дыбыстың шығуы физика пәнімен , күйді тыңдау арқылы сурет салса ,көркес еңбек пәнімен байланысады. Бұл байланысты шебер құрастыра отырып жеткізу мұғалімге байланысты.
Ұлттық және әлем халықтарының мәдениетінің негізгі стильдері мен жанрларын, олпрдағы құндылықтар мен эмоцияларды зерттеп , ажырата отырып талдай білу – білім алушының музыкадан жан- жақты сауаттылығын дамыту да басты назардан тыс қалмауы керек.
Сонымен қатар , музыка пәні сабағында білім алушылардың көңіл күйлері жоғары болуы маңызды , себебі әндер мен күйлердің шабытпен орындалуы соған байланысты.Сондықтан музыка пәнінің мұғалімі психолог қызметін қатар атқарып, әрбір баланың ішкі жан дүниесін сезіп, шабыттандыру арқылы олармен жылы қарым- қатынас орната біліп, психологиялық жағымды орта қалыптастыра білуі тиіс.
Музыка туралы оқушыларға сұрақтар беру, қандай стильдегі музыкаға қызығатыны туралы әңгімеге тарту , қазіргі заманауи әндермен бұрынғы әуендерді салыстыру, сыни тұрғыдан ойландыру арқылы бейімділігін анықтай отырып , тапсырмалар беру олардың музыкалық тәжірибесін қай жағынан жетілдіруге болатынын анықтап береді. Оқушының музыкалық деңгейін анықтап, жетілдіріп алған соң , оларды сыныптан тыс іс-шараларға, мерекелік кештерге, сахналарда өнер көрсетуге мүмкіндіктер жасауымыз керек.
Сабақтағы оқытудың түрлі, жаңа белсенді әдістерін де қолдану үлкен жетістікке жеткізеді. Білім алушылардың бойында білім, білік, дағдыларды қалыптастырады. Мұғалім өзінің музыкалық идеяларымен эксперимент жасауға, оқушыларды қызықтыра отырып, барынша белсенділікке, шығармашылыққа дағдыландыру қажет.
Қорыта келе, ата-бабамыз қалдырған баға жетпес музыкалық байлығымызды барынша нығайтып, заман талабына сай кеңейтіп, ұрпақ бойына құйып, музыканы рухани азығы ретінде қолданатын адам өмірін нұрландыруға ат салысатын тұлға тәрбиелеуде бар күш- жігерімізді аямай еңбек ету біздің басты міндетіміз деп санаймын.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
-
«Музыка мектепте» әдістемеліе журнал 2014 №4
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық /үшінші деңгей /Әдістемелік құрал Астана 2015ж
-
«Білім шапағаты» газеті. 2016ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз