НАН – ДАСТАРХАН БАЙЛЫҒЫ
№10 «Наурыз» б/б тәрбиешісі
Тақырыбы: «Нан дастархан байлығы»
Мақсаты: Балалардың өмірге қажетті білік - дағдыларын тереңдете отырып, әдептілік, мейірімділік, еңбекқорлық, сыйластық ұғымдарын түсіндіру. Алған білімдерін тиянақтай отырып іс - жүзінде көрсете білуге үйрету. Сөйлесе білуге, ойын терең жеткізе білуге үйрету, тіл байлықтарын дамыту. Мақал - мәтелдердің мағынасын түсінуін қалыптастыру. «Бидай масағы» ертегісінің жаңаша қойылымын қою арқылы нанның дастарханға қандай еңбекпен келгенін түсіндіру, денсаулыққа пайдалы жаттығуларды жасау және шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Дағдыларды қалыптастыру: Қимыл-қозғалыс, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік-эмоционалды.
Инновациялық технология: интеграция, драмматизация.
Әдіс –
тәсілдері: ойын, сахналау, түсіндіру,
сұрақ – жауап.
Құрал –
жабдықтар: ертегі кейіпкерлерінің
атрибуттары.
Ертегіні сахналауға қатысушылар: Тауық-тәрбиеші, балапандар-тәрбиеленушілер, екі тышқан-педагогтар.
Зал ертегіге сай әсемделген(үй, ағаштар мен гулдер, сыпырғы, бақша және т.с.с.)

Барысы:
«Ку-ка-ре-кууууу» әтеш шақырған дауыс естіледі.
Залға Тауық кіріп балапандарын шақырады (тауықтын қытқылдаған дауысының аудиожазбасы). Балапандар шиқылдап жүгіріп кіреді (музыка). Ағаш түбінде ұйықтап жатқан тышқандар керіліп оянады. Ауланы сыпырып тазалап еңбектеніп жатқан Тауық пен балапандарға қарап керіліп жата береді. Тауық бидай масағын тауып балапандарға көрсетеді.
Тәрбиелік жұмыс:
-
Балапандарым менің, мынау бидай масағы ғой. Бұл масақтан ұн жасап нан пісіруге болады. Нан пісіру үшін көп ұн қажет, бір масақтан бізге жетерлік ұн шықпайды. Сол үшін біз бидайды егіп, өсіріп, көөөп бидай жинап алайық. Нан бізге тек үлкен еңбекпен келеді. Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей. Көмекке тышқандарды шақырайық (тышқандар келіп масақты көріп қуанады).
Тауық:
-
Достар бізге бидай егуге көмектесіңдер!
Тышқандар:
-
Менің ішім ауырып тұр!
-
Ал менің қолдарым ауырып тұр! (қашып кетеді)
Тауық:
-
Онда өзіміз еге берейік. Олай болса іске сәт!
Тауық пен балапандар бақшадағы (жәшіктегі) топырақты қопсытып дайындайды, кішкене шұңқырлар жасап, оған дәндерді шашады. Топырақпен бетін жауып, суғарады. Егу процесі кезінде тәрбиелік жұмыс жүргізіледі. Еңбек туралы мақалдар айтылады:
-
Еңбегің өнімді болса,
көңілің сенімді болар.
-
Еңбек — ата, жер — ана.
-
Еңбек әрі сүйсіңдіреді,әрі сиындырады.
-
Еңбек бейнет емес, зейнет.
-
Еңбек еткен емеді, еңбексіз не өнеді?
-
Еңбек еткен — мұратқа жеткен.
-
Еңбек етпей елге өкпелеме,
Егін екпей жерге өкпелеме.
-
Еңбегі жанғанның тоқтысы егіз туады.
-
Жарайсыңдар, менің ақылды балапандарым! Бидайымыз өсі келе жатыр, кәне көрейік.
«Бидай»
Мақсаты: қол моторикасын дамыту.
Шарты: ермексазбен жасалған кішкене сопақшаларды (картон бетіне ермексаздан масақ жасалып, файл ішіне салынады) саусақпен басып созады. Нәтижесінде балалар бидай масағын көреді.
«Егін ору»
Мақсаты: жалпы моториканы дамыту, физикалық қабілеттерін арттыру.
Тауық:
-
Тышқан достарымызды көмекке шақырайық (тышқандар тағы сылтау тауып еңбектен қашады).
-
Мен істей алмаймын, белім ауырады.
-
Мен де еңкейсем, басым айналады.
Тауық пен балалар еңкейіп жерден бидайды қол орақпен өздері орып жинайды. Ал тышқандар ойнап билеп жүреді. Бидайды жинап болған соң, диірменге апару керектігін айтады. Диірмен туралы түсіндірме жұмысы жүргізіледі. Тышқандарды көмекке шақырады. Олар тағы да көмектен бас тартып қашып кетеді.
Сергіту сәті «Синий трактор»
Тауық пен балапандар бидайды диірменге трактордың көмегімен апарады. Әуен ырғағына қосылып билейді, имитация жасайды. Әуендегі жануарларға еліктеп тіл ұстарту жаттығуы жасалынады:
Му-му-му-мууу
Бе-бе-бе-бееее
Хрю-хрю-хрю-хрюю
ме-ме-ме-меее
Шығармашылық жұмыс
«Елгезер»
Диірменнен қалтамен ұн алып шығады. Тышқандарды көмекке шақырады. Олар: - қолымыз тимейді,-деп, жұмыстан қашып кетеді. тауық пен балапандар алжапқыш киіп, ұнды елгезерден өткізіп бәліш бейнесін жасайды: бәліштер трафареттерін қара қағаз бетіне қойып үстінен ұн електейді. Бәліш трафареттерін ақырын алып, астындағы бейнені тамашалайды.
«Бәліштер»
Тауық ұннан қамыр илейді (ермексазбен имитация жасайды). Балапандарға бөліп береді, барлығы жабылып ермексаздан бәліштерді илейді.
«Отқа үрлеу» (тыныс алу жаттығуы)
Бәлішті пісіру үшін пешке от жағады. От жанбай тұрған соң, көмекке тышқандарды шақырады. Тышқандар естімеген кейіп танытып, ойнап жүре береді. Тауық балапандармен пештегі отқа үрлеп отты жағады (тыныс алу жаттығуы жасалынады: жәй-орташа-қатты үрлейді). Пешке бәліштерді салып, піскенін күтеді. Сол аралықта ойын ойнатады, тышқандарда ойын ойнауға келеді.
«Кім жылдам» ойыны
Мақсаты: дене мүшелерін, түстерді, санауды, аз-көп ұғымдарын бекіту, жылдамдық пен зейіндерін дамыту.
Шарты: екі қатарға бөлініп, бір біріне қарайды. Әр жұп ортасында шығыршық ішіне түрлі-түсі доптар салынады. Тауық дене мүшесін атағанда, балапандар сол мүшені көрсетеді. Доп түсін атағанда, сол түстегі допты жылдам, қарсыластан бұрын алу керек. Ойын біткен соң, жинаған доптарды санап шығу, салыстыру (аз-көп).
Пештегі бәліштер піседі. Тауық балапандарын шақырып, қолдарын жуып, дастархан басына шақырады. Тышқандарда жүгіріп, орындықтарына отырып, бәліш жеуге дайындалады. Алайда Тауық тышқандарға сұрақ қояды:
-
Кім есік алдын сыпырып, масақты тапты? (сен балапандармен)
-
Кім бидайды екті? (сен балапандармен)
-
Кім бидайды суғарды? (сен балапандармен)
-
Кім бидайды орды? (сен балапандармен)
-
Кім диірменге апарды? (сен балапандармен)
-
Кім ұн иледі? (сен балапандармен)
-
Кім қамыр иледі(сен балапандармен)
-
Кім от жақты? (сен балапандармен)
-
Кім бәліш пісірді? (сен балапандармен)
-
Ендеше, кім бәлішті жейді? (сен балапандармен)
Тышқандар бастары салбырап кетеді. Тауық балапандарды мақтап, тәтті бәліштерді жейді. Бәліштерге қосып тәтті сусын ұсынады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз