«НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЛҒАН МӘСЕЛЕНІ
ШЕШУ»
Менің пікірім бойынша нәтижеге бағытталған
мәселені шешу – бұл қойылған мақсатқа жету үшін нақты нәтижеге қол
жеткізуді көздейтін шешімдер қабылдау және сол мақсатқа сәйкес
әрекет ету процесі. Мен қарастырып отырған Пирс пен Ван
Книппенбергтің «Парадоксалды көшбасшылықты реттеу» мақаласына
сүйене отырып, бұл академиялық эссені білім беру саласындағы
нәтижеге бағдарланған мәселелерді шешудегі көшбасшылық
тәсілдердімен байланыстырдым. Бұл әсіресе, вертикалды (жоғарыдан
төменге) және ортақ (бірлескен) көшбасшылықты үйлестіру арқылы
білім беру нәтижелерін арттыруға қатысты болады
[1].
Зерттеуде парадоксалды көшбасшылық моделі негізге
алынған. Яғни, инновациялық топтарда вертикалды және ортақ
көшбасшылықты қатар қолданудың артықшылықтары талқыланған.
Дегенмен, авторлар нәтижеге бағдарланған көшбасшылықтың
корпоративті емес ортада, мысалы, білім беру саласындағы ықпалын
толықтай қарастырмаған. Әсіресе, оқу орындарында мұғалімдер мен
әкімшілік арасында командалық жұмыс қажет болған жағдайларда
парадоксалды көшбасшылықтың әсері жеткілікті деңгейде
зерттелмеген.
Білім беру саласында нәтижеге бағдарланған
мәселелер көбінесе жаңа оқу бағдарламаларын енгізу барысында пайда
болады, онда нұсқаулықтың бірізділігі мен мұғалімдердің еркіндігін
теңестіру маңызды. Пирс өз зерттеуінде атап өткен , «екі бағытты»
көшбасшылық моделі (жоғарғы деңгейдегі басшылық пен ортақ
жауапкершілікті біріктіру) әртүрлі рөлдер мен қабілеттері бар
командаларда тиімді стратегия бола алады деп. Бұл принципті білім
беру саласында қолдану үшін мектеп әкімшілігі (вертикалды
көшбасшылар) нақты мақсаттарды қоюы қажет, ал мұғалімдерге
сыныптағы әдістемелік тәсілдерді бірлесіп әзірлеу арқылы мақсатқа
жетуге мүмкіндік беруі қажет.
Нақты мысал ретінде, мектепте STEM негізіндегі
оқу бағдарламасын енгізу процесін қарастырайық. Әкімшілік, яғни
вертикалды көшбасшылар, бұл бағдарламаның негізгі мақсаты —
оқушылардың аналитикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту екенін
айқындап, мақсатты жүзеге асыру үшін жалпы жоспар құрады. Олар
бағдарлама құрылымын жасап, қандай пәндер мен тақырыптар
қамтылатынын анықтайды және бағдарламаны орындау үшін ресурстар
бөледі. Сонда бұл жерде басшыларлың мақсаты STEM оқу бағдарламасын
енгізу арқылы мектептің білім сапасын көтері.
Алайда, бағдарламаның нақты нәтижеге жетуі үшін
мұғалімдер — сыныптағы күнделікті жұмыстың тікелей жауаптылары —
белсенді рөл атқаруы тиіс. Мұғалімдер STEM бағытындағы негізгі
қағидаларды оқушылардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттеріне
бейімдеп, оқытуда креативті және әртүрлі тәсілдер қолдануы керек.
Мысалы, бір сыныпта робототехника жобалары қызығушылық тудырса,
екінші сыныпта химия немесе физика тәжірибелеріне басымдық берілуі
мүмкін деген секілді.
Осы жерде парадоксалды көшбасшылық
моделі өз тиімділігін көрсетеді. Әкімшілік жалпы
стратегияны және негізгі мақсаттарды белгілеп, бұл бағдарламаның
мектеп деңгейінде біркелкі орындалуын қамтамасыз етеді. Ал
мұғалімдерге нақты жағдайға бейімделген оқыту әдістерін қолдануға
еркіндік беріледі. Мысалы, 9-сынып мұғалімі инженерия негіздеріне
қызығушылықты арттыру үшін робот құрастыру жобасын ұйымдастыруы
мүмкін, ал 10-сынып мұғалімі STEM бағдарламасы аясында оқушыларды
нақты ғылымдарды тереңірек түсінуге ынталандыру үшін күрделі
физикалық есептерді шешуге көңіл бөледі.
Мұндай жағдайда мұғалімдер өзара тәжірибе
алмасып,
тиімді әдістермен бөліседі. Бір мұғалімнің робототехникаға қатысты
тәжірибелік сабақ өткізу әдісі, мысалы, басқа мұғалімдерге
де шабыт
беріп, өз сабақтарына жаңа тәсілдерді енгізуге
ықпал етуі мүмкін. Ал әкімшілік мұғалімдерді қолдап, ресурстармен
қамтамасыз ету арқылы бағдарлама табыстылығы үшін жағдай жасайды.
Осылай мектеп өзінің нәтижесіне
жете алады.
Бұл модель әкімшілік пен мұғалімдердің өзара
байланысын нығайтып, әрқайсысы өз рөлін сезініп, бірлескен жұмысқа
ынталандырады. Әкімшілік басқарушылық жауапкершілігін сақтай
отырып, жалпы бағыт-бағдарды анықтайды, ал мұғалімдер өздерінің
креативтілігі мен оқыту тәжірибесін пайдалануға мүмкіндік алады.
Нәтижесінде, STEM негізіндегі оқу бағдарламасы икемді, оқушы
қажеттіліктеріне бейімделген білім беру ортасын құрып, оқушыларға
ғылым мен технологияға деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді.
Сонымен қатар мектептің білім деңгейін көтереді. Бұл өз кезегінде
мектепшілік рейтингке әсер етеді.
Қорытындылай келе, білім беруде вертикалды және
ортақ көшбасшылықты біріктіру Пирстің теориясына сәйкес келеді және
корпоративті емес ортадағы шектеулерді еңсереді.
Әдебиетке сілтеме:
-
Pearce
C. L., van Knippenberg D. Moderated paradoxical leadership:
Resolving the innovation team leadership conundrum //Journal of
Product Innovation Management. – 2024. – Т. 41. – №. 1. – С.
3-11.