Материалдар / Ойранды жер атауының шығу тарихы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойранды жер атауының шығу тарихы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыптың өзектілігі: Құлан өлкесінің сан ғасырлық тарихын, өмірмен сабақтастыра отырып, ұрпақтан - ұрпаққа мұра болған Ойранды жері туралы, бұл жерде шынайы соғыс болғандығын дәлелдеп, келер ұрпақ үшін ұмытылып бара жатқан тарихи жерлерімізден табылған жәдігерлерімізді жарыққа шығару.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2022
345
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

І. Кіріспе

Болған талай қалалар да халық та,

Уақыт көмді бәрін бірдей табытқа.

Болған талай ауылымыз, қаламыз,

Енді соның ізін тауып байқаңыз.

Жүсіп Баласағұн



Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосылудың бір кілті – білімде. Ал, білімді ұрпақ ел ертеңі. Мемлекет мәртебесі қашанда білімді ұрпақ негізінде ғана жоғарылайды. Сондықтан да, қазіргі жастар терең білім алып, мәдениетті адам болуға тиіс. Демек, бүгінгі мектеп оқушысының білімі болашақ мемлекет мәртебесінің өлшемі. Бүгінгі оқушы ертеңгі ғалым, кәсіпкер , түрлі мамандар мен мемлекет қайраткерлері. Мемлекеттің тұтқасы солардың қолында.

Тарих (араб сөзі – "зерттеу, оқиғалар жөнінде әңгіме″) адамзаттың басынан өткен заманалар туралы шежіре шертеді. Тарихты білу алдымен өзің туып- өскен өлкеңді, еліңді оқып-үйренуден басталады. Менің ғылыми жобамның тақырыбы: «Ойранды жерінде сақталған ғасырлар шындығы» деп аталынады. Мұхитқа тамған тамшыдай көрінетін бұл еңбегім екі жылдық ізденісімнің нәтижесі.

Тарихы мол Құлан өңірі - еліміздің киелі өлкесі. Сол өңірдің тарихын зерттеп, ұмытылып бара жатқан тарихи жерлерді ұрпаққа үлгі етіп жеткізу баршаның ісі. Олай болса, барша халықтың болашағы мен бақыты үшін, бабалар салған сара жолды іздеу мақсатында Құлан халқының тіршілік талабын тарих тағылымымен ұштастыруға деген тарихи тілек. Ал, қазақ елінің киелі топырағы, тарихы тәрбиеге толы, әсіресе, өткен ғасыр сабағы сан ғасырларға созылары сөзсіз. Қасиетті қазақ топырағы әулиелі мұраларға толы. Тарихты зерттеу өте керемет құбылыс. Осы орайда мені «қазақ халқының» басынан өткерген қиыншылықтары мен ерліктері таң – тамаша етті. «Ойранды жерінде сақталған ғасырлар шындығы» деген тақырыбымды жазу барысында Кәріпжан Нүсіпов «Сырсандық» деген кітабындағы «Қалмаққия» толғауы деген өлеңінде бабалардың көрсеткен ерлігімен толық келісемін. [1:65]

Жоңғар шапқыншылығында қазақ халқының батырлығы мен айлакерлігі соғыс өнерін о бастан- ақ игергендігі көрінеді. Мысалға: Сақ тайпасының малшысы Ширақтың ерлігін тілге тиек етсек, Сақ қоғамына қауіп төндірген қарсылыстарын шөл далада адастырып қырғаны, жалғыз адамның жау қарасынан сескенбей Отанын, халқын қорғаған ерлігі деп түсінгеніміз абзал.










ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Ойранды жер атауының шығу тарихы

Қазақ жерінде киелі де, талай қиын тарихи оқиғалардың куәгері болған жерлер көп, атап айтсақ III ғасыр өтсе де өзінің маңыздылығы мен құндылығын жоғалтпай, ұрпақ жадынан шықпай жүрген жерлер 1723 – 1728 жылдары тарихта мәңгілік есте қалған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» мен 1727ж «Бұланты, Білеуті шайқастары», 1729 ж «Аңырақай шайқасы». Бұл оқиғаларды қазақ халқының ел болып қалыптасуындағы кедергі болған, ел болудан жойылып кетуіне қауіп төндірген Отан соғысы деп түсінуіміз керек. Ақ боз ат мініп ел бастаған дарабоз батырларымыздың ерліктерінің арқасында өздерінің елі, жері, ұлты үшін осы қанды шайқастарда мерт болғанын ұмытпауымыз керек. Жамбыл облысында да осындай жерлердің бар екеніне ғылыми жобамды жазу барысында көзімді жеткіздім. Жамбыл облысы, Талас ауданы, Досбол ауылы да тарихи оқиғалардан кенде емес екенін байқадым. Бұл жерлерде «Ақ кесене» деген орта ғасырлық сәулет өнеріне жататын күмбездің барын білдім. Осы жерде тұратын тұрғылықты халқы атап келген «Күміс төбе» деген жердің тарихына тоқталатын болсақ жоңғар қалмақ шапқыншылығында қанды соғыстың болғандығын аңғару қиын емес. Саңырақ батыр Тоқтыбайұлы (1691, қазіргі Талас ауданы Үшарал ауылының маңындағы «Ағыбай қыстауы» - 1740 ж, Арыстанбап кесенесінің маңы) – жоңғар басқыншылығына қарсы күресте шайқасқан атақты батыр, қолбасшы. Ұлы жүздің Ошақты тайпасынан Тасжүрек руынан. Саңырақтың ерекше қасиеті – құралайды көзге атқан мергендігі. Алғашқыда атағы осы мергендігімен шыққан. Ошақтының атақты бір байы той жасап, сонда мергендер жарысын өткізіп, бас бәйгеге қалы кілем жабылған қара нар бастаған тоғыз және сүйектен жасап, алтынмен аптап, күміспен күптеген керемет садақты тігеді. Осы сайыста 16 жасар Саңырақ бас жүлдені жеңіп алады. Кейін «Саңырақтың сарнауығы» деп аталып кеткен осы садақ Саңырақ батырдың жоңғармен соғыстағы бес қаруының бірі болған. Саңырақ батыр әсіресе, Талас өңірін жаулап алған жоңғарларға Ақкесене мен Көккесенені әскери қосынға айналдырып, жоңғарларға жиі – жиі шабуыл жасап қолбасшылық шеберлігін танытқан. [2:190]


Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Өрнек ауылына қарасты «Сұңқайты» елді мекеніне тоқталсақ. Қазақ халқына зорлық - зомбылық көрсетіп, ұлт болашағына қаралы бұлт үйірткен жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі кезінде бұл өңірде ірі шайқас болған. Әбілхайыр хан басшылық еткен қазақ жасақтары осы жерде ірі жеңіске жетіп, жаудың бетін алғаш қайтарған еді.

1 – сурет. Ақ кесене




2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!