Материалдар / Ойын арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойын арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу

Материал туралы қысқаша түсінік
ойын арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу.Ойын кезінде бір біріне құрмет көрсете білу,достық сезімдерін қалыптастыру.Үлкенді сыйлау,кішіге қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2022
257
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ОЙЫН АРҚЫЛЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ БАУЛУ

Тәрбиеші:

Балабақшада жаңа келген бөбектер үйренгенше өздерін әр түрлі ұстайды.Біреулер жаңа жағдайда тез бейімделеді,ал кейбіреулері көндіге алмайды,енді біреулері қорқақтық танытады,қайсарлық пен қарсылыққа баратындары немесе енді біреулері үлкендерге айқайлап жылап ашуланып,қайткенде де өзінің дегенін орындатқысы келетіндері бар.Мұндай жағдайда баланың үйелменде алған тәрбиесіне байланысты.Бір бала тым ерке болса, екіншісі орынсыз тиымнан, жазалаудан жасық болып қалған.Үйдегі ересектердің балаға әр қайсысысы әртүрлі талап қоюының әсерінен де оның мінезі құбылмалы күй кешенді. Тәрбиешінің басты міндеті – бала тәрбиелеудегі осы көлеңкелі сәттерді дұрыс жолға қою,ата – анасына да тиімді әсерін тигізу. Ата – аналармен тек кеңес өткізіп қана қоймай, баланың тәрбиесін дұрыс ұймдастырудың түрлі амал – тәсілдерін ойластырған жөн.Балаларға тікелей талап қойып,үлкендерді тыңда дей бергенен гөрі баланың жан дүниесіне жағымды әсер етіп, оның бойында адамгершілік сезімін ұялатуды көздеген адам ұтады. Біз жас өскіндерді адамгершілікке бағыттау мақсатында ойындар ұйымдастыру арқылы оларды қиыншылықтан қорықпауға,мақсатқа бетуді барлық күш – жігерін жұмсауға,кезегін төзімділікпен күтуге,ойыншықтарын өзара бөлісуге, құрбыларына сүйкімді қолғабыс жасауға тәрбиелеуді көздеп отырмыз. Ойындар бөбектен белгілі дәрежеде еріктілікті талап етеді және айналасындағы үлкен – кішімен жақсы қарым – қатынас жасай білуге үйретеді. Бала тіптен ойынға қатысушыларға ғана емес, өзіне де баға бере алады. Сонымен қатар ойындар баланың белсенділігін арттырып, оның тәртібіне де оң әсер етеді.

Әрбір ойын – балалардың адамгершілік жолында бір көтерілер басқышы іспетті. «Қуыспақ», «Сабалақ ит» ойндары балаларды тез шешімге келуге, жаңа белгісіз мәселеде батылдыққа жетелейтіні даусыз. «Сабалақ ит » ойнының ерекшеліктері мен тәрбиелік маңызына келетін болсақ, оның сюжеттік мәнінде,сақтыққа баулитын қасиеті бар. Ойынның шарты бойынша сәби қауіпті бейнеге қарсы келе жатып өзіне арнайы белгі берілмейінше қашуға тиісті емес. Бұл әрекет сәбиді қиындықты жеңе білуге,батылдыққа баулыса, сонымен бірге үйретеді. Тәрбиеші жерге дөңгелек шеңбер сызады.Бұл сабалақ иттің үйшігі.Бұдан 2 – 3 адым жерге тағы сызық түседі,бұл сызыққа балалар жете алатындай болуы к. Осы сызықтай 20 – 25 адымдай жерге екінші сызық сызылады.Бұл сызық балалардың сабалақ иттен қорғанатын балалардың сабалақ иттен қорғанатын жері. Мұндай дайындық балалардың көңілін сөзсіз сақтыққа аударады. Тәрбиеші балаларды ойынның ережесімен және шартымен таныстырады. Міне,жатыр сабалақ ит, Табанына мұрнын тығып. Маңғазданып тыныш жатыр, Бірде қалғып, бірде ұйықтап. Жақын барып,оятайық.. Үрмес пе екен бір байқайық . Ойынның басында сабалақ ролін тәрбиеші өзі атқарады.Оның ұсынысымен балалар бір – бірінің қолынан ұстап сызыққа жақындайды.Ортаға бір бала шығып өлең айтуы тиіс , қалғандары оны қайталайды. Осы өлеңнің соңғы шумағы айтылғанда, балалар итті түртеді және сипайды. Ит өзінің балалар келіп түртіп , сыйпағанша көзін ашпай батады.Кенеттен көзін ашқан ит арс – арс етіп үреді де , балаларды қуады.Ал балалар үйлеріне қарай қашады.Балалардың соңынан түскен ит сызыққа жеткенше ұстап алады. Келесі ойындарда балалар жекеліктен гөрі топ болып қимылдауға баттығады. Енді балалар белсенділікті тек өзінен ғана емес,құрбыларынан да байқай бастайды. Белгі бойынша қимыл жасау баланы тиянақты болуға әрі өзін жақсы ұстауға дағдыландырады.

Ойынның шартын бұлжытпай орындау мәні саналы тәртіпке үретеді. Ал оны орындаудың құралы – қозғалыс .Қимыл – қозғалыс дененің өсіп жетілуіне септігін тигізеді. «Бос орын», « Айгөлек» ойындарында жарысушылық басым , яғни бала көбірек күшін жұмсайды. Срнымен әр түрлі қимылдарды кезектестіріп жасай отырып, блалар өзгелерден үйренеді және өз кемшілігін көре біледі. Мысалы, « Айгөлек» ойнының тәрбиелік маңызы зор. Бұл ойында бір – біріне жеке жәрдем беруге достасуға ұмтылады. Ойынның сипаты және өткізілу тәсілі: тәрбиеші балаларды кішкене орындықтарға отырғызады. «Дос табуға келем, келем, келем!» - деп , жар салған бала балаларға жақындап біреуінің қасына тоқтайды да оған: - Алихан, менімен ойнағың келе ме? - Иә, сенімен ойнағым келеді. - Ендеше менімен бірге жүр. Алиханды ерітіп, «дос табуға келем, келем, келем!» - деп ,тақпақтап тағы бір баланы жетектеп алады.Сөйтіп балалар түгел қол ұстасып,тізбек құрайды да, соңғы баланың қолынан ұстап дөңгелек шеңбер жасайды. Тәрбиеші әрі қарай «Айгөлек» ойнының екінші түрін ойнау тәсілін түсіндіріп, мазмұнын айтып береді және балалардан өзінің қимылын қайталауды талап етеді. Бала тәрбиешіге қосылып: Айгөлек – ау , айгөлек, Айдың жүзі – дөңгелек . Дөңгелекті қуалап,

Суға жеттік домалап,

Айгөлек – ау ,айгөлек! – деп ,көңілді әндер айтады да өлеңнің қайырмасы ретінде:

Дөңгелекті қуалап,

Суға жеттік домалап,

Айгөлек – ау ,айгөлек! – деп ,көңілді әндер айтады да өлеңнің қайырмасы ретінде:

Дөңгеледік құладың,

Суға барып сұладық!

Дөңгеледік , құладық.

Суға барып сұладық! – дегенде тегіс отыра қалады

.Сол күйде оңға,солға қарай қисайып қимылдарды қайталайды.

Бір сәт қолдарын төмен түсіріп,ортаға қарап тұрады. Одан кейін қолдарын желкелеріне ұстап, бастарын шайқайды. Соңғы сөзді айтып барлығы ауладағы суға бұрылады да, бірнеше рет орнында тұрып секіріп дайндалады.Соңғы сөз айтылғанда балалар «суға күмп – күмп түсіп кетеді » - ( Бұл ойын жазды күні ауладағы бассейн суына түсіп ойналады).Тәрбиеші кез келген балаға барып, оның «судан шығуына » жәрдем береді.Құтқарылған бала судағы басқа балаларға көмектеседі.

Ойын ережесі: 1) Өлеңді айтқан кезде , қимыл дәл келуін қадағалау;

2)көмек көрсету ерікті түрде жүргізіледі. Ойынның әсерлі,қызғылықты өткізілуі балаларға жақсы әсер қалдырады. Ал «Бос орын » ойыны балалардың күшін сынауға ерік жігерін қайрауға және тәртібін бақылауға бағытталған.Ойында бала өзіне тең жақтас іздейді,оған көңіл бөледі, балалардың қарым – қатынасына да әсер етеді. Сол сияқты ойын элементтері баланы аңғарыпаздыққа, жинақылыққа ұмтылдырып,ойын тәртібін бұзбауға шақырады. Ойын сипаты және өткізу тәсілдеріне келетін болсақ, былай басталады. Бір – бірінің қолдарынан ұстасып шеңбер жасап дөңгелене тұрған балаларға тәрбиеші: «Кім біздің ішімізде тез жүгіре алатынын тексерейік!» дейді. Балалар шеңбер жасаған бойда, еденге отырады.

Тәрбиеші шеңбер сыртында айналып жүріп (бір шумақ өлең айтып жүріп): От жағып, су жылытамыз,

Сені соған жуынасың,

Сені ешкім ұстамайды, - деп, Балалардың біреуіне қолын тигізеді де, шеңбердің сыртына бұрылып: «Бір,екі, үш – ал жүгір! » - дейді.

Тәрбиеші бос орынды иемдену үшін қай бағытта жүгіретінін күні бұрын түсіндіріп қояды. Тәрбиеші мен бала шеңбер сыртымен қарама – қарсы жүгіреді. Тәрбиеші жәй жүгіріп баланың бірінші орынға келуіне мүмкіндік жасайды. Ол тағы шеңберді айналып жүріп тәрбиешінің сөздері мен қимылын қайталайды. Келесі жүгіргенде тәрбиеші өзі бос орынға бірінші болып тұра қалу керек.Енді орынсыз қалған бала ойын бастаушының ролін атқаруы тиіс. Жеңген баланы қол шапалақтап,мадақтап отыру керек.Осылайша ойынды жалғастыра беруге болады. Ойын ережесі бойынша,өзіне серіктесті ойнамаған баладан таңдауы жөн. Шеңбердің сыртында бір – біріне қарама – қарсы жүгіреді.

Кім орынға бұрын жете алмай қалса, сол ойынның басқарушысы болады. Ойын Ойын ұйымдастыру жағынан қарапайым болғанымен көбірек кеңістікті қажет етеді. Ойынның тез,жылдам,әсерлі өткені жөн. Ойынға барлық балалар тегіс қатысқанын да қадағалау керек.

Қолданылған әдебиет тізімі: 1. « Семья және балабақша » Редакциялық алқа: Сайраш Әбішева ( бас редактор), Күләш Бейсенбиева



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!