Ойын барысында түрлі әдіс-тәсілдерді жүзеге асыру

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ойын барысында түрлі әдіс-тәсілдерді жүзеге асыру

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыру мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ: Ойын барысында түрлі әдіс-тәсілдерді жүзеге асыру.

Күні: 08.06.2018

Мектеп: КММ «№ 46 орта мектебі»

Мұғалімнің аты-жөні:Шугаев М.Н

Сынып: 8


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

8.1.1.1 Арнайы спорттық қимыл әрекеттерінің дәлдігін бақылауды және икемділікті дамытуға арналған қимыл- қозғалыс дағдыларын көрсету

Сабақ мақсаттары:

Волейбол ойын техникаларын жетілдіру

Барлық оқушылар орындай алады:

Қимыл қозғалыс әрекеттерінің дәлдігін, бақылауды және икемділікті дамытуға арналған қимыл – қозғалыс дағдыларын орындай алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Ойын барысында допты дәл беру және алу техникаларын біледі, икемді қимыл –қозғалыс дағдыларын салыстыра алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Волейбол ойынында допты дәл беру,алу икемді қимыл –қозғалыс дағдыларын біледі, көрсете алады және басқаларға үйрете алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар волейбол ойынына байланысты негізгі термин сөздерді меңгеріп және тіл арқылы ашып түсіндіре білуге дағдыланады.

Оқушылар орындай алады:

Допты ойынға қосу жаттығуларын және икемділікті дамытуға арналған қимыл –қозғалыс жаттығуларын орындай алады.

Волейбол ойынына байланысты барлық ережелерді біледі және дене қыздыру жаттығуларын орындау кезінде, ойын барысында қауіпсіздік ережелерін сақтай алады

Пәнге қатысты сөздік терминдер:

Дағды,ойынға қосу,техника, аут, таймаут, орын алмасу, тор, нетбол(доп қосу кезінде торға тиіп түскен доп)

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • «Волейбол» ойынындағы қандай техникалық амалдарды білесіңдер?

  • Ойын кезінде, қарсылас команданы жеңу мақсатында қандай түрлі техникаларды қолдана аласың?

  • Доп қосу кезінде алаңсыздығын басуға бола ма?

  • Допты төреші рұқсатынсыз ойынға қосуға бола ма?

Не себеті... деп ойлайсыз?

Волейбол ойын барысында не себепті алаңда аусады?

Жоспарланған уақыт

40 минут

Ишара

Командадағы қатысушыларға қол қимылдары арқылы бағыттау әдіс тәсілдерін меңгерту.

Алдыңғы оқу

Жаттығу икемділікті дамытуға арналған қимыл – қозғалыс дағдыларын көрсетуді біледі.

Жоспар

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы:

10 мин


Оқушыларды сапқа тұрғызып сәлемдесу, түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқушылар өздерін қалай сезініп тұрғандарына аса мән беру. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

Оқушыларға бүгінгі сабақ мақсатына байланысты сұрақтар қою («Қар кесегі» әдісін пайдалану)

  • «Волейбол» ойынындағы қандай техникалық амалдарды білесіңдер?

  • Волейбол ойыны сабағындағы дене қыздыру жаттығуларын орындау кезінде, қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды ма? Қалайша жүргізіледі?

  • Ойын кезінде, қарсылас команданыжеңу мақсатында қандай түрлі техникаларды қолдана аласыз?

Жаттығу:(Молекулалар және атомдар).

Спорт зал бойынша айнала жүгіру жаттығуларын орындау. Шеңбер жасап тұру: мойын бұлшық еттерінен бастап жаттығу жасау. Иық, қол, аяқ буындарына жаттығу жасау.


Бос кеңістік,




Бос кеңістік, ысқырық





Сабақтың ортасы

20 мин.

Волейбол ойынындағы қауіпсіздік ережелері

  • Волейбол ойынында арнайы спорт киімнің болуы міндетті

  • Жарақат алмау және өзгені жарақаттап алмау үшін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау

  • Сабақтың басында дұрыстап денені қыздыру

  • Ойын алаңын тексеріп шығу, бөгде заттардың болмауы


Волейбол ойынының ережелері.

 Волейбол ойыны аумағы  9∕18м алаңда өткізіледі. Ортаңғы сызық алаңды екіге бөліп тұрады. Ортаңғы сызықтың  үстіне екі бағанға керілген волейбол торы орнатылады. Жасөспірім  ер балаларға арналған тордың биіктігі – 220 см. қыздар үшін 210 см. болады. Ойынға әрқайсысына 6 ойыншыдан болады. Ойынға диаметрі 65 – 68 см. салмағы      250 г – дық доп пайдаланылады. Бір команданың ойыншылары үштен артық қол тигізуіне болмайды. Бір ойыншы допқа екі рет қол тигізуі рұқсат етілмейді. Ойын барысында доп қай алаңға түссе, сол команда осы жолы ұпайдан ұтылған болып есептеледі. Жасөспірімдер ойыны 3 немесе 5 кезеңнен тұрады.


Ойын барысындағы әдіс тәсілдер:

Жұпқа бөлу ( «Шаңырақ» әдісі арқылы, оқушылар бірдей лента түстері бойынша жұптасады.)

  • Сынып волейбол ойынына байланысты доппен дене қыздыру жаттығуларын орындайды (екі оқушы бір доп арқылы).

  • Тордан асыра допты шабуылдау жасау жаттығуларын орындайды.

Шабуылдау соққысы екпін алудан, секіруден және жеке соққы жасаудан тұрады. Ұшып келе жатқан допты көргеннен кейін, қолдарын алға әрі жоғары көтере серпіле секіру керек. Ұратын қол допты соғу үшін сермеледі. Кеуде шамалы ғана артқа шалқайтылады. Соғу кезінде кеуде соғатын қолмен бір мезгілде ілгері қарай ұмтылады.

Соққы допқа күшті тиюі үшін қолдың ұшы бос ұсталуы керек. Соққы дәл болуы үшін саусақтар жинақы болғаны дұрыс.

  • Допты ойынға қосу жаттығуларын орындау. Волейболда допты ойынға қосудың екі тәсілі болады.

  1. Допты жоғарыдан беру.

Ол үшін волейболшының тұрысынан ойыншы бір аяғын екіншісінің жанына әкеліп доп бағытына сәйкес қозғалыс жасап, ілгері қарай бүгіліңкіреген күйде допты қолдарын жоғары көтеріп қарсы алады. Доп қолына тиісімен жазылып, серпіле бере оны тиісті жаққа бағыттап жібереді.

  1. Допты төменнен беру.

Бұл жағдайда қол алда, алақандар біріктіріліп ұсталады. Қолдың қозғалысын қиындатпау үшін оны еркін ұстайды. Соққыны жұмсарту үшін, допты қабылдау кезінде екі шынтақты жақындатады, қолдыңқарын (тоқпақжілікті) көтеріп, бұрады.


  1. Балмұздақ таяқшалары арқылы командаларға бөлу.

  2. Екі немесе үш командаға бөлініп екі жақты волейбол ойынын ойнайды


Саралау:

-Қабілеті жоғары оқушыларға шабуыл және тосқауыл қимыл-қозғалыс әдіс-тәсілі күрделендірілген тапсырма беру.

-Мұғалім тарапынан қолдау: жарайсың, керемет, жақсы, сенің қолынан келеді.

Дескриптор: Білім алушы

- доппен жеке жұмыс жасайды;

- допты ойынға қосу тактикасын, стратегиясын көрсетеді;

- композициялық идеяларын анықтайды.



Спорт зал, бос кеңістік











Спорт зал, волейбол доптары, тор, ысқырық

http://bigox.kz/volejbol/

Волейбол туралы жалпы мәлімет










Түрлі-түсті ленталар.





Спорт зал, волейбол доптары, тор, ысқырық

http://u- s.kz/publ/7571-dene-shynytyru-sabaynda-voleybol-oyynyny-tsldern-megertu.html

Волейбол ойынының тәсілдерін меңгерту






Балмұздақ таяқшалары

(маркер арқылы әртүрлі түстермен белгіленген)

Сабақтың соңы:

10 мин


Оқушыларға қозғалыста демалыс жаттығу жасатып,

сапқа тұрғызу.


Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді

«Аяқталмаған сөйлем» тәсілі

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

  • бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

  • бүгін сабақта қуантқаны.....

  • мен өзімді.....үшін мақтар едім.

  • маған ерекше ұнағаны.....

  • сабақтан соң маған........келді.

  • бүгін маған..........сәті түсті.

  • қызықты болғаны.....

  • ......қиындық тудырды.

  • менің түсінгенім.....

  • енді мен......аламын.

Үй тапсырмасы – дене қабілеттерін дамыту жаттығулары


Қосымша ақпарат

Саралау- оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларға тапсырманы қалай түрлендіресіз?



Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс-денсаулық және қауіпсіздік АКТ- мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)


«Жарайсың», «Керемет», «Жақсы» сөздері арқылы мадақтау.

Оқушылардың дене қабілеттерінеқарай жаттығу түрлерін қиыннан оңайға қарай күрделендіремін.


«Бағдаршам» әдісі арқылы өз білімдерін бағалау.


Қызыл – тапсырманы орындай алмадым

Сары – тапсырманы жартылай орындадым

Жасыл- тапсырманы толық орындадым


Физика, математика, қазақ тілі.

Интернет сайттары арқылы волейбол тәсәлдерін көрсету.

Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне деген сыйластықтары. Ойын немесе жаттығу кезіндегі іс-әрекеттің жауапкершілігін түсінеді, команда болып жұмыс жасайды. Әділ және таза ойын ойнауға ынталанады.

Рефлекция:

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақыттықалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.00.2018
1297
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі