Материалдар / Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру. Футбол ойынының қауіпсіздік ережесі. ӨҚН Салауатты өмір салты әдеттері туралы түсінік.

Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру. Футбол ойынының қауіпсіздік ережесі. ӨҚН Салауатты өмір салты әдеттері туралы түсінік.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары талапқа сай жазылған. Құндылықтар қамтылған. АКТ қолданылған. Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға тапсырма қарастырылған. Өзара бағалау жүзеге асырылған.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлім:

2 бөлім. Ойын арқылы мәселелерді шешу дағдылары

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Избасаров Бағлан Зиябекович

Күні:

15.10.2024 ж.

Сынып: 8 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ойын жағдайында қабылдауды іске асыру. Футбол ойынының қауіпсіздік ережесі. ӨҚН Салауатты өмір салты әдеттері туралы түсінік.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

8.1.3.3 арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіру және көрсете білу

Сабақтың мақсаты

Арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіреді және көрсетеді

Құндылық: тәуелсіздік және Отаншылдық айы

*Отанға адалдықтың маңызын бағалау, елінің тарихы мен мәдениетін құрметтеу

*Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін құрметтеу, мемлекеттік мерекелердің мәнін түсіну

*Қазақстан азаматының міндеттерін орындауға, өз елінің мүдделері мен құндылықтарын бағалау

Сабақтың барысы Апта дәйексөзі: «Отанды сүю – отбасынан басталады

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

15 мин

Дайындық бөлімі

Сапқа тұрғызу.Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу.

Бұрылу жаттығулары: оңға,солға,артқа бұрыл.

Жүру жаттығулары:

-Қол белде өкшесімен жүру;

-Қол белде аяқтың сыртқы қырымен жүру;

-Қол белде аяқтың ішкі қырымен жүру;

-спорттық жүріс;

Жүгіру жаттығулары:

-жай жүгірспен жүгіру

-бұрышқа дейін жылдамдықпен жүгіру

Секіру жаттығулары:

-оң аяқпен,сол аяқпен,қос аяқпен секіру.

-қол желкеде, толық отырып қоянша секіру.

-тыныс алу тапсырмалары

Сабақ тақырыбы және сабақ мақсатымен таныстырамын.

Құндылық: Халықтық əдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында әңгіме жүргіземін.

Сапқа тұрады.




Қауіпсіздік ережесін еске түсіреді.





Жүру, жүгіру, секіру жаттығуларын ережеге сай орындайды.



«Басбармақ»

әдісімен бағалау



Жарайсыңдар!

Тамаша!

Керемет!

Жақсы!

Тағы да ойлан!

Мұқият бол!

Футбол алаңы, ысқырық,

секундамер, жалаушалар.

Сабақтың ортасы

25-мин






Негізгі бөлімі

«Футбол. Допты қабылдау» бейнесабақ көрсетемін.

https://youtu.be/uZUzKiecZyQ?si=dLb6kIdkC8VsUrfq

Дереккөздер: Футбол — көптеген қасиеттерді талап ететін жан-жақты ойын. Жақсы футбол ойыншысы болу үшін қатты жүгіру мен допты қатты тебу аздық етеді. Допты қаға білу, допты келесі ойыншыға дәл беру, яғни футболдың жалпы техникасын меңгеру маңызды болып табылады.

ЕББҚ оқушыға:

-Футбол ойынының ережесі туралы не білесің?

Футбол ойынның қауіпсіздік ережелері:

Футбол ойнайтын ойыншылардың саны алаңның кең-тар екендігіне байланысты.

Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды. Ойыншы әріптесіне белгі беруіне болады.

Ойынға төрешілік етушінің ескертпесін ойыншы мүлдіксіз орындауы тиісті.

Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда оның аяғын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады.

Қандай жағдайда болмасын, допты алып келе жатқан қарсыласпен бетпе-бет келгенде, тек допты ғана тебу керек.

Төрешінің берген белгісін (ысқырықты) естіген сәтте ойынды тоқтауға болады.

Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге болмайды.

Жоғарыдағы допқа таласқанда қарсылас ойыншыны итеруге болмайды.

Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тиісуге болмайды. Жалпы дөрекелік жасау футболшыға жат құбылыс. Сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шашты түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағында тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.

Футбол ойынын ойнату

Футбол ойынының ережелерін сақтап ойнауын қадағалаймын. Ойын аяқталғанда оқушылардан «Екі жұлдыз, бір тілек» бағалауы арқылы бір бірінің ойынын бағалауын сұраймын.

ӨҚН Салауатты өмір салты әдеттері туралы түсінік.

Салауатты өмір салтының ең басты қағидалары — дұрыс тамақтану, белгілі бір нормада су ішу және спортпен шұғылдану.Адам баласының дені сау болуы дұрыс өмір сүру салтымен тікелей байланысты. Қазіргі таңда жастар арасында фаст-фуд тағамдары көп желінеді. Жылдам әрі калориялы тез дайындалатын астың пайдасы болмаса да, зияны жеткілікті. Оның кесірінен ас қорыту жүйесінің бұзылуы, яғни ішек қабаттарының қабынуы, ойық жара, асқазан ісігі сияқты түрлі дерттерге шалдығады. Салауатты өмір салтын белсенді ұстану үшін дұрыс тамақтанумен қоса, спортпен де айналысқан жөн. Денесін шынықтыратын адам шымыр, мықты, шыдамды және әрқашан көңілді жүреді.

Құндылық: Салауатты өмір салты — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Ал дені сау адам мемлекеттің басты байлығы. Отанды қорғау, оның гүлденуіне үлес қосу әрбір азаматтың міндеті.


Қауіпсіздік ережелерін сақтайды.



Оқушылардың барлығы топтағы бірлескен тапсырмаларды орындап шығу.



ЕБҚ-қабілеті төмен оқушыға оңай жаттығу жасатамын.



Оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасайды.



Ойын кезінде допты дұрыс қабылдауды орындайды.






Ережелерді сақтап футбол ойнайды.




«Екі жұлдық, бір тілек» бағалауы арқылы футбол ойынын өзара бағалайды.


Салауатты өмір салты не екенін түсінеді.



Оқушыларға жүйелі түрде кері байланыс ұсынамын.


Дескриптор:

-Оқушылар топта бірлесіп жұмыс жасайды.

-Ойын кезінде айып добын орындай алады

-шабуыл жасайды

-ережеге сай футбол ойнайды



«Екі жұлдыз, бір тілек» бағалауы



Ноутбук



«Футбол. Допты қабылдау» бейнесабақ сілтемесі


Футбол добы,

қақпа, тор


Футбол ойын кезіндегі алғашқы медициналық көмек көрсетудің суреті




Футбол добы



Ысқырық

Сабақтың соңы

5-мин


Қорытынды бөлімі

«Сұрақта қағып ал» әдісі арқылы қорытындылаймын.

- Футбол ойынын ойнауда қандай ережелерді сақтау керек?

- Қауіпсіздік ережесін сақтаудың маңыздылығы неде?

- Пас берудің түрлерін атаңдар

Кері байланыс «Аяқталмаған сөйлем»

1. Мен сабақта … жұмыс істедім.

2. Мен сабақта өз жұмысымда …

3. Сабақ мен үшін … көрінді.

4. Сабақ үшін мен…

5. Менің көңіл-күйім…

6. Сабақтың материалы маған...


Сұрақтарға жауап береді, өз ойын білдіреді, пікір алмасады.



Бүгінгі сабақтан түйгені бойынша кері байланыс жасайды.

«От шашу» бағалауы


Жарайсыңдар!

Тамаша!

Керемет!

Жақсы!

Тағы да ойлан!

Мұқият бол!

Кері байланыс

     

Тексерілді:

ЖИ арқылы жасау
04 Ақпан 2025
106
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі