Материалдар / ОЙЫН ОЙ МЕН БОЙДЫ ӨСІРЕДІ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ОЙЫН ОЙ МЕН БОЙДЫ ӨСІРЕДІ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты : Мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне қазақ халқының үлкен мұраларының бірі- ұлттық ойындар туралы мәлімет беру. Ұлттық ойындар- асық ату, қол күрес, тоғызқұмалақ ойындары арқылы балаларға қазақтың салт – дәстүрі мен әдет – ғұрыптарын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Міндеттері: 1. Қазақтың ұлттық ойындарының ойын шарттарын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету. 2. Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін ойын кезінде саусақ қол моторикасын дамыту. 3. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: асық, қазақ ұлттық киімдері (шапан, желетке, тақия)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2024
117
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ТӘРБИЕ САҒАТЫ.

ОЙЫН ОЙ МЕН БОЙДЫ ӨСІРЕДІ.

Жаманкулов Алимжан Амзебекович, Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің тәрбиешісі

Мақсаты : Мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне қазақ халқының үлкен мұраларының бірі- ұлттық ойындар туралы мәлімет беру. Ұлттық ойындар- асық ату, қол күрес, тоғызқұмалақ ойындары арқылы балаларға қазақтың салт – дәстүрі мен әдет – ғұрыптарын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.


Міндеттері:

1. Қазақтың ұлттық ойындарының ойын шарттарын дұрыс бұзбай ойнауға үйрету.

2. Ойынды ойнау барысында балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін ойын кезінде саусақ қол моторикасын дамыту.

3. Қазақтың ұлттық ойындарын ойнай білуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: асық, қазақ ұлттық киімдері (шапан, желетке, тақия)


Жүргізілу барысы:

Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі сабағымызға келген қонақтармен амандасайық, ол үшін шаттық шеңберін құрып, дөңгеленіп тұрайық.

Армысың, әлем!

Армысың, жарқын күн!

Армысың, абзал Адам!

Армысың, менің досым!

Хормен айтады.

Тәрбиеші: Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Қазағымыз өршіл, батыр халық болғандықтан өздерінің ұрпағын жан-жақты жақсы, шымыр болып өсуі үшін ой-өрісін кеңейту арқылы баланың тілін дамытуды, өз ана тілінде таза сөйлеп, жылдам ойлануға үйретуді мақсат еткен. Бүгін біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Әрбір қазақ тарихтың әрбір парағында жеңіске жеткенде, ас бергенде , той болғанда халық мерекелерін ойын-сауықсыз өткізбеген. Сондықтан да қандай да бір ұлттық мерекелерімізде қандай ұлттық ойындар ойналған?

«Көкпар, Күрес, Теңге алу, Қыз қуу, Алтыбақан, Жамбы ату» және т.б қандай спорттық сипаттағы ойын түрлерін білеміз? Білім алушылар білетін ұлттық ойын түрлерін атайды.

Тәрбиеші: Тәрбие сағатымыздың мақсатына қарай, бірінші ел арасында ең көп тараған ойын- асық ату ойынын кім көрсете алады?

Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де. Түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық- алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады.

Ортада балалар «Асық ату» ойынын көрсетеді.

Тәрбиеші: Келесі ұлттық ойындарымыздың бірі - « Қол күрес». Үстелдің шетіне қарама – қарсы екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылайша ұстасқан екі ойыншы тәрбиешінің белгісімен, шынтақтарын сол орынынан қозғамай қарсыласының тіреулі қолын жығуға ұмтылады. Білегі жығылған ойыншы жеңіліп ойыннан шығады. Шарты: Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасумен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тіреп қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Бұл ойынды олимпиадалық немесе айналмалы деп аталатын жүйемен өткізуге болады.

Тәрбиеші: Келесі ойын- Тоғызқұмалақтың мыңдаған жылдық тарихы бар, қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың ішінде ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі. Еліміздің әр түкпірінен табылып жатқан қазба жұмысы барысында тасқа қашалып қалдырылған тоғызқұмалақ тақтасының бейнелері бұл ойынның өте ертеде пайда болғандығын білдіреді.

Қазіргі таңда қазақтың төл ойынын – тоғызқұмалақпен шұғылданушылар саны 200 мың адамнан асыпты. Тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, сонымен бірге Ұлыбритания, Швейцария, Франция, Германия, Испания, Түркия, Чехия, Ресей, Украина, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда.

Ең қызығы. тоғызқұмалақтан 1948 жылы Алматы қаласында өткен бірінші республикалық жарысқа 4 адам қатысып, бірінші жеңімпаз ретінде Жамбыл облысының өкілі - Ш. Өтегенов танылды.

Енді, тоғызқұмалақ ойынының қағидасы мен заңдылықтарына тоқталсақ, Ережеде тақтада ойналатын зияткерлік ойынға қатысты, ереже төрешілердің қажетті құзыретке ие, ой-білімі жеткілікті және үнемі нақты болуы шарт. Тоғызқұмалақ ойынының мәні – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру, кез-келген жанның ақыл-ойын шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыру.

Тоғызқұмалақ-бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты. Бұл ойын ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойы кең, рухы биік, саналы тұлғаларды тәрбиелеудің қуатты құралы бола алады.

Тоғызқұмалақ сөздігі

- «Тоғызқұмалақ тақтасы» - тең екі бөлікке бөлінген 18 тік отаудан және 2 көлденең қазаннан тұратын арнаулы тақта.

- «Құмалақ», «Отау» , «Қазан» - ұтып алынған құмалақтар салынатын көлденең отау.

- «Бастаушы» - ойында алғашқы жүріс жасайтын ойыншы.

- «Қостаушы» - бастаушыдан кейін жауап жүріс жасайтын ойыншы.

Ойын ережелеріне тоқталу.

Ойын негізінен екі ойыншының арасында өтеді. Ойынды бастайтын ойыншыны – бастаушы, ал оның қарсыласын қостаушы деп атайды. Бастаушы ойыншы жеребе арқылы анықталады.Тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма-кезек жүрістер жасайды.

«Тұздық» алу әдісі.

1. Егер кезекті жүріс жасағанда соңғы құмалақ қарсыластың № 9-шы отауынан басқа 2 құмалағы бар кез-келген отауына түссе, қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, «тұздық» жарияланады.

2. «Тұздық» алынған отауға Республикалық тоғызқұмалақ спорт федерациясы мақұлдаған немесе сол жарыстың Бас төрешілер алқасы бекіткен арнайы тұздық белгісі ғана қойылады. Жүріс жасаған сайын тұздыққа түсетін құмалақ, міндетті түрде «тұздық» жариялаған ойыншының қазанына салынып отырады.

3. Ойын барысында «тұздық» тек бір рет алынады. Қарсыластың «тұздығы» бар отауының нөмірімен сәйкес келетін отаудан және № 9 отаудан «тұздық» алынбайды.

4. Тұздық алынған отауға құмалақтарды жинауға тиым салынады.

«Атсырау» жағдайы

1. Ойын аяқталуға жақындаған сайын ойыншылардың отауларындағы құмалақтар таусыла бастайды. Қай ойыншының жүрістері бірінші таусылып, жүріссіз қалса, сол ойыншы «атсырау» жағдайына түсті деп есептелінеді. «Атсырау»жағдайына түскен ойыншының қарсыласы қосымша жүріс жасап, өз отауларында қалған барлық құмалақтарды өз қазанына салады. Содан кейін ойыншылар ұтып алған құмалақтар есебін шығарады.

2. Егер «атсырау» жағдайына түскен ойыншы өз қазанына кемінде 82 құмалақ жинап үлгерген болса, жеңіске жетеді. Егер қазанындағы құмалақтар саны 81-ден кем болса жеңіліс табады, ал 81 болса ойын тең аяқталды деп есептелінеді.

Жарысқа қатысушы ойыншылар мен командалар саны 10 болса айналма жүйесі қолданылады.

Рефлексия. Тәрбиеші бүгінгі тәрбие сағатын қорытындылай келе, «Тәрбие сағаты несімен ұнады?» деген ойды ортаға салады.

Қорытынды: Менің ойымша, сіздер ұлттық ойындарымыз арқылы қазақтың салт – дәстүрі мен әдет – ғұрыптарына құрметпен қарауға үйрендік. Бойларыңызда туған елге, жерге, өз Отанымызға деген сүйіспеншілік сезімдеріңіз оянды деген оймен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз!





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!