Материалдар / Ойын техникасын үйрету 9 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ойын техникасын үйрету 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар әртүрлі дене дайындығының жаттығуларын орындау барысында қауіпсіздік ережелерді сақтай алады. Оқушылар альтернативті жаттығулардың жиынтығын құрастыра алады. Оқушылар допты беру техникасын жетілдіре алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қырқүйек 2021
905
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: №2 Cпорт ойындары арқылы бірлескен жұмыс.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ойын техникасы.


Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.4.1. Дене дайындығының жаттығуларын альтернативті және қабылдау құрылымы қызметін оңтайландыру үшін, ережелерді салыстыру және бағалау.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар әртүрлі дене дайындығының жаттығуларын орындау барысында қауіпсіздік ережелерді сақтай алады.

Оқушылар альтернативті жаттығулардың жиынтығын құрастыра алады.

Оқушылар допты беру техникасын жетілдіре алады.

Бағалау критерийлері:

Қауіпсіздік ережелерді білу және түсіну.

Орындаған қозғалыстарды талдау және альтернативті жаттығуларды құрастыру.

Баскетбол ойынында допты беру техникасын жетілдіру.

Тілдік мақсаттар:


Оқушылар: баскетбол ойынының керекті дағдыларын талқылап және талдау.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Допты беру, допты ұстауы, доппен жүруі, әртүрлі жағдайлардан допты себетке лақтыру, 2 рет адыммен өту.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Баскетбол ойынында допты беру түрлерін әртүрлендіру: жер арқылы (с отскоком), алысқа лақтыру (в отрыв), кеудеден екі қолмен.

Қашан және қай кезде допты дұрыс беруге болады?

Құндылықтарды бойға сіңіру.

Ынтымақтастық, шындық.

Пәнаралық байланыс

Физика.

АКТ пайдалану дағдылары

Ғаламтор-ресурстарын қолдану:

https://www.youtube.com/watch?v=0OFlaZOg5Gw

Алдыңғы білім


«Спорттық ойындардың» бөлімінен, өткен сабақтардың тәжірибесі.

Сабақ барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызмет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-12 минут

Сыныптың жиыны. Бағалау критерийлерді және оқу мақсатын хабарлау.

Мұғалім оқушыларға: Ойыншыларды бір-бірімен қандай техникалық элемент байланыстырады? Допты берудің қандай тәсілдері сіздерге таныс?

Жүру, бір колонамен. Белсенді қозғалыстарға ауысу.

Бір қалыпты жүгіру. Бір колонамен. Мұғалімнің ысқырығы бойынша оқушылар секіріп 360 градусқа айналып, қайта жүгіреді.

Жүру және денені қалыпқа келтіру.

Ж.Д.Ж орнында. Мұғалім оқушыларға жалпы жаттығуларды арнайы топ бұлшық ет мүшелеріне, осы топ бұлшық ет мүшелеріне тағы бір жаттығудан жасауды сұрайды.

Күшті дамытуға арналған жаттығулар: оқушылар өздері таңдайды кермеде тартылу немесе тіреліп жатып, қолды бүгіп, жазу. Мұғалім оқушылардың жаттығуларды, дұрыс орындауын қадағалайды.

Спортзал, ысқырық.

Сабақтың ортасы

13-37 минут

Сыныптың жиыны. Мұғалім оқушыларды топтарға бөледі.

Допты беру әдістерін орындау:

Кеудеден екі қолмен беру әдісі.

Жерге бір рет соққы жасап беру әдсі. (с отскоком от пола).

Бір қолмен иықтан беру әдісі.

Әр топтарға мұғалім гимнастикалық обруч және гинастикалық таяқша береді, оқушылар оларды тапсырманы орындау барысында қолдану керек. Әр топтың өздерінің қолдану нұсқасын ойлап табады. Мұғалім оқушылардың талқылау үрдісін қадағалап, керек болған жағдайда өзінің ұсынысын беріп отырады.

Тапсырманы берілген құрал-жабдықтармен орындау. Әр топ өз қозғалыстарына өздерінің бағалауларын жүргізіп отырады.

Ең жағымды тәсілді мұғалім, барлық оқушыларға көрсетуді ұсынады.

Жаттығу ойыны. Ойыннан бос оқушыла, күшті дамытуға арналған жаттығуларды орындайды.

Спортзал, баскетбол доптары, гимнастикалық таяқшалар, гинастикалық обручтар, ысқырық.



Сабақтың аяғы

38-40 минут

Сыныптың жиыны. Сабақты талдау. Рефлексия: Мен баскетболда доптың берудің қандай тәсілімен жаңадан таныстым? Рефлексия сұрақ-жауап ретінде өткізіледі.

Спортзал.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру.




Мұғалім оқушылардың дарынды және талантты қабілетін қадағалап отырып, тапсырманы деңгейлеп беру.

Жұпттық жұмыс барысында психолгиялық дайындықты беріп, қарастыру.

Сабақ үрдісі кезінде өзін-өзі және бір-бірін бағалау тәсілі жүреді. Жұптық жұмыс барысында көшбасшылық қасиеттері оянады. Мұғалім оқушылардың бір-бірінің қарым-қатынасын қадағалап отыру керек.

Дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік ережелер сақтау туралы журналы.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары іске асырмалы болды ма?

ОМ-ға барлық оқушылар қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, не себепті?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыт кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және не себепті?


Жалпы бағалау:


Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:


Сабақты жақсартуға не ықпал етуші еді (сабақ беру, сондай-ақ оқыту туралы ойланыңыз)?

1:

2:


Мен сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені айқындадым, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!