Өндірістің өзегі – жаңа технология

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өндірістің өзегі – жаңа технология

Материал туралы қысқаша түсінік
Әлемді мобильді құрылғы емес, мейірім құтқаратынын да естен шығармайық.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сафи Өтебаев атындағы

Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжі

Shape1

«Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару» мамандығының өндірістік оқыту шебері және арнайы пән оқытушысы Асылбекова Гульдана Аманкосовна

Өндірістің өзегі – жаңа технология

Жыл артын жыл жалғап, бір қадам алға жылжыған сайын заманның бізге арнаған мол мүмкіндіктеріне көз тастап келеміз. Осындайда «заманыңа қарап бөркіңді ки» деген қазақтың келісті сөзін ойға алатынымыз анық. Таң атып, кеш батқанмен, әлемнің түкпір-түкпірінде біз білмейтін жаңа технологиялар жарыққа шығып, біз естімеген небір жобалар іргесін қалап жатыр. Шет мемлекеттер әлемнің озық елдерінің қатарына кіруге талпынып, ми жұмысы мен фантазияны іске қосып әлек боп жатқанда, біздің де бұл жолда қарап қалмасымыз анық.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің алғашқы отырысында салмақты сөз сөйлеп қай заманда да дамудың басты кілті ғылым екенін атап өтті. Сондай-ақ ол өз сөзінде:

-Қазіргі озық технология дәуірінде ғылымсыз алға басу мүмкін емес. Сондықтан мен ғылымды дамыту ісіне айрықша мән беріп отырмын. Себебі ғылымды дамыту – мемлекет саясатындағы ең маңызды бағыттың бірі. Өкінішке қарай, елімізде ұзақ жыл бойы оған баса назар аударылған жоқ. Соған байланысты шешімін таппай жатқан мәселелер аз емес. Тіпті, бұл сала артта қалды деуге болады. Біз өркениетті ел боламыз десек, осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек,-деп жаңашылдыққа баса назар аударған еді. Иә, біздер осыдан ең жақын дегенде 10 жыл бұрын жаңа заманның жуық арада есік қағатынына толықтай сенімді болмадық. Бұл уақытта АҚШ, Корея, Жапония, Германия, Қытай сынды алпауыт елдер мен мемлекеттер біз атын атап, түсін түстемейтін қаншама жаңа роботтар, байланыс құралдарын, 3D баспалар мен түрлі гаджеттерді бірінен соң бірін шығарып, өз экономикасын көтеріп қана қоймай, жаңа заманның мүмкіндігіне ерте қадам жасады. XXI ғасырдың нағыз мықтылардың заманы екенін жіті түсінді. Дегенмен тәуелсіз еліміздің арайлап атқан аң таңымен жарыса туған қазақ жастарының жаңа заманға деген көзқарасы бүгінгі күні тым ерекше. Кейінгі жылдары көзі ашық, көкірегі ояу жастар әлемнің мықты елдеріне көз тастап, олардың өндірісі мен озық технологияларына қызығушылықтары артты. Соның аясында бір кездері ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін үздік жобалар мен өнертапқыш жастардың қатары көбейді. Жас ғалымдарға арналған «KazRoboProject», «JasScience», «NURINTECH», «Smart City» сынды мектеп оқушыларынан бастап студенттерге дейін арналған респубикалық инновациялық байқаулар мен жобалар осының айғағы. Мұндай ауқымды іс-шараларда мектеп оқушылары мен жастар заманның ағымына сай адамды қажет етпейтін өрт сөндіру машинасының жасалу жобасын, ерекше қажеттіліктері бар адамдардың аяқ-қолын оңалтуға арналған белсенді-пассивті жаттығу аппараттарын, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бағыт-бағдар беретін білезікті, зағип жандарға арналған «Брайль» шрифтін өз бетінше оқып үйрену әдісін, сондай-ақ өсімдіктер үшін суды үнемді пайдаланып, егін алқабын қашықтықтан басқарып көмектесетін «Аэропоника» жобаларын ойлап тауып, қазақстандықтарды талай рет таң қалдырған. Жоғарыда айтылған жұмыстар өскелең ұрпақтың байқауларға ұсынған жобаларының оннан бір бөлігі ғана. Ал біз естімеген, біз білмейтін, біз көрмеген жобалар қаншама?!

Бүгінде жаңа технологияның бірнеше бағыттары бар. Ол әрине, сіз бен біз білетін цифрандыру жүйесі, жасанды интеллект, робототехника, биотехнология, 3D баспа және жасыл технологиялар. Бұл аталған бағыттың барлығы еліміздің өндірісіне үлкен өзгеріс әкеліп, мемлекет әлеуетін арттырмай қоймасы хақ. Өмір сүру салтымызда қолданысқа енгізілген жаңашыл әдістер мен құралдар, сондай-ақ техникалық шешімдер қоғамның дамуына, өндірістің тиімділігін арттыруға, экологиялық проблемаларды шешуге және өмір сүру сапамызды жақсартуға бағытталғанын білеміз. Соның негізінде білім беру жүйесінде де өзгеше әдістер қолданылып, бүтін ұлттың тәрбиешісі – ұстаздарымыз интерактивті тақтамен жұмыс жасап, цифрландыру құралын қолданып бастады. Бұл мұғалім мен шәкірт арасындағы байланысты нығайтып, ақпарат алмасуды жеңілдетіп, білім беру сапасының артуына мүмкіндік сыйлады. Ал ағымдағы жылы сұранысқа ие болған жасанды интеллект жүйесі адам тәрізді ойланып, тіпті шешім қабылдау қабілетінің барымен көпті таң қалдырды. Бұл технология өндірістің барлық салаларында кеңінен қолданылып, өз қажеттілігін сан салада дәлелдеді. Ал жаңа заманның жемісі робототехника саласы жылдан-жылға даму үстінде. Роботтар әлемді жаулауда. Адам роботтор, үй тазалағыш роботтор, машина роботтар технология дәуірінің шыңы десек те артық айтқандық болмас. Себебі түптеп келгенда адам өмірін жеңілдетіп қана қоймай, оның уақытын үнемдеуге әкелетін үлкен жүйенің сұраныс көзі жылдан-жылға артуда. Тірі ағзалардың немесе олардың құрамдас бөліктерін қолдану арқылы жаңа өнім жасап шығаратын технологияның тағы бір түрі – биотехнология. Бұл сала фармацевтикадан бастап, ауыл шаруашылығына дейін кеңінен қолданылады. Сондай-ақ күн мен жел энергиясын, биоэнергия мен энергияны үнемдеу мақсатында және қоршаған ортада зиянды әсерді азайтуға бағытталған экологиялық таза өндіріс тәсілдерін, яғни жасыл технологияны да жаңашыл жүйеге жатқызамыз. Табиғаттың адамзатқа жасаған жылуына бей-жай қарамай, оның да көзін үнемдеуге тырысып, оның үстіне озық технология қатарына жатқызу ел дамуына жасалған бір қадам болары анық. Осы тұста ауыл шаруашылығына үлес қосып, егіндік алқабына тамшылатып суару жобасын ұсынған бірқатар қарапайым азаматтарды да айта кеткеніміз жөн болар. Білім алу мен ғылымға бойлау жасты талғамайды. Сондықтан ел экономикасын үлес қосам деген әр өнертапқыш миға еріп беріп, жүрек түкпіріндегі жоспарды жүзеге асыруы тиіс. Сонда ғана біз іргесі мықты, мұнарасы биік, дамыған елдердің бірі боламыз. Ал ол үшін тек оқу керек, іздену керек, идеяға сену керек. Білімге ең көп қаражат бөлетін ел Израиль, Швеция, Жапония, АҚШ, Германия болса да, өз ақылы мен сана сезіміне сенетін жастардың бәрібір түбінде бір жерді тесіп шығатынына сенеміз. Әйтпесе, қазақтығымыз қайда?

Жаһандану үрдісінен туындап, барша қазақстандықтың парызына айналған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын байыппен жүзеге асыру бүгінде уақыт талабына сай келіп, біз әңгіме қылған жаңашылдыққа жол бастайды. Екіншіден онсыз технологиялық, экономикалық, әлеуметтік салалардағы терең өзгерістерді көзге елестетудің өзі қиын. Бұл тұста жаңа әлем көшбасшыларын көбейту негізінде цифрландыру жөніндегі қанатқақты жобаларды табыстарымыздың берік кепіліне айналдырып, бұл жүйені кеңінен тарату қажет. Бүгінде еліміз «ақылды технологияларды» жүзеге асырып қана қоймай, Қытай, Сингапур, Германия, Канадалық шетелдік серіктестермен жұмыс жасауда. Ал отандық озық технологияның атасына айналған С.Киров атындағы зауыт елімізде цифрландыру бойынша нақты жобалар ұсынып келеді. Ол цифрлы спутниктік және эфирлік телерадиохабарларын таратуға арналған жабдықтардың толық топтамасының өндірісін жүйелі түрде жолға қойған бірегей кәсіпорын десек те болады. Бұл зауытта «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған жобалар көп және мұндай ірі зауыттар елдегі жұмыссыздық мәселесін де шешіп, ел экономикасын арттыруға үлес қосуда. Міне, «елге пайдам тисе екен» деген әр азаматтың өз жобасын ұсынуына және сол арқылы табысқа шығып тарихта қалуына мүмкіндік көп. Өткен ғасырда танымал Нобель сыйлығына ие болған жобалардың қолданысқа енуіне 30-40 жыл уақыт қажет болса, қазір бәрі басқаша. Бүгінде көзді ашып жұмғанша елге пайдасы мол жоба ұсынып, қарапайым дүниелерден өнертабыс көзін тапқан жандар кем дегенде 2-3 жылда ұсынысын жүзеге асырып, өмір сүруді әлдеқайда жеңілдетіп жатыр. Қазіргі заманның қажеттілік көзі мен тенденциясына айналған жаңа технология келер жылдары екі есе жоғарыламаса, сұраныстан түспесі анық.

Оның үстіне ашық ақпарат көздері, яғни, ғаламтор, әлеуметтік желі, мобильді қосымшалар байланысты онлайн кеңістікке көшіріп, ақпаратты кез келген уақытта, кез келген жерде жеткізуге қолжетімді болды. Бұл дегеніміз жаңа ұсыныстар мен жаңа жобалардың, жаңа құралдар мен жаңа аппараттардың, жаңа техникалармен мен жаңа көліктердің бірден сатылуына жағдай жасап, әлеуметтік көзқарас пен мінез-құлықтың өзгеруіне жағдай жасайды. Сондықтан XXI ғасырды XXI ғасырдың адамындай пайдаланып, мол мүмкіндіктерге уақытында есік ашсақ, заман талабына сай күн көруге жағдай жасайтынымыз анық. Дегенмен «жаңа заманның жаңашылдығынан қалмауымыз керек» деп жүректегі жанашырлықтан айырылып қалмайық. Әлемді мобильді құрылғы емес, мейірім құтқаратынын да естен шығармайық.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.12.2024
181
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі