Өнімнің сипаттамасы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өнімнің сипаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
дәріс материалы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәжірибелік сабақ: №3 САБАҚ: «Өнімнің сипаттамасы»

Кәсіпорында бизнес-жоспарды іске асыру

Бизнес-жоспарды жүзеге асыру барысында негізгі кезеңдік жұмыстарды орындаудың жоспар-графигі әзірленеді және шығындардың нақтыланған сметасы құрастырылады. Жобада қарастырылған жұмыстарды орындауға кететін жұмыс уақытының шығындарын жоспарлау персонал еңбегін нормалаудың белгілі әдістерінің көмегімен жүзеге асырылады. Әдетте кестелерді құрастыру кезінде әрбір жұмысты немесе міндетті орындаудың қабылданған кезектілігі мен ұзақтылығын сипаттайтын сызықтық графиктер қолданылады.

Өнімді немесе қызметтің түрін сипаттаудың мәнісі – бизнес-жоспарда тиісті нарыққа жеткізуге ұсынылатын келешек өнімнің, тауарлар мен қызметтердің негізгі сипаттамаларын неғұрлым нақты және толық ұсынуда. Бұл бөлімде тауар туралы жалпы түсінік беру және оның бәсекеге қабілеттілігін ашу, сұраныс динамикасын, сатылым нарығының кеңеюін, жетілуі және шығындарды қысқарту мүмкіндігін көрсету қажет.

Бизнес-жоспардың осы бөлімінде фирманың қызмет түрін сипаттау негізгі болып табылады. Кез келген бизнес кәсіпкерлік қызметтің бірнеше түрімен айналысуды көздейді.

Кез келген бизнес-жоспардың бөлімінде кәсіпкердің өндіретін не ұсынатын өнімі (қызметі) сипатталады. Бұл бөлімде:

өнімнің (қызметтің) не үшін керек екені;

тауарыңыздың (қызметіңіздің) пайдасы;

өніміңіз (қызметіңіз) бәсекелестердің тауарынан (қызметінен) несімен ерек шеленетіні көрсетілуі керек.

Сондай-ақ тауардың (қызметтің) негізгі сипаты, сыртқы түрі, қажет болса, қаптамасын, сервистік қызметті де сипаттаған жөн. Тауардың бағасын, жұмсалатын шығынды да нақтылау қажет. Сол арқылы пайда көлемі, табысқа кенелу мүмкіндігі не шығынға ұшырау қатері де айқындалады.

Өміршеңдігі минималды өнім дегеніміз не? MVP (немесе өміршеңдігі минималды өнім) — аудиторияға негізгі құндылықтарын жеткізіп, алғашқы тұтынушыларда байқап көруіне мүмкіндік беретін бастапқы өнім . MVP кері байланыс орнатып, тұтынушыларға өнімнің қажеті бар-жоғын анық тауға бағытталған. Алғашқы тұтынушылар өнімнің қаншалық ыңғайлы екені туралы ойларын айтады, соның негізінде әзірлеушілер өнімді жетілдіре алады. Кейін тұтынушылардың талап-тілегін ескере отырып, өнімді өзгертуге мүмкіндіктері пайда болады.

MVP-ның ең көп таралған түрлері:

1. Жоспар-схемалар

2. Макеттер

3. Лездік нұсқа

4. Өнімнің жеңіл (light) нұсқасы

MVP-ның ыңғайлы схемасы 4 кезеңнен тұрады:

Think it — ойластыр;

Build it — құрастыр;

Ship it — тарат;

Tweak it — жетілдір.

Ойластыру барысында болашақ өнімнің қандай болатынын айтып, түртұрпатын бейнелейсіз. Сонан соң команда MVP құрып, адамдардың қалай қабылдайтынын анықтау үшін қарапайым нұсқасын жасап шығады. Аудитория қызыға қоймаған жағдайда өнім шығарылмайды. Біреулер қызыға қалған жағдайда сынақтан өткізіп, жетілдіреді. Әбден елеп-екшеген соң ғана өнімді көп данамен шығарып, таратуға болады. Қолыңызда ештеңе болмаса да, ешқандай идеяңыз болмаса да, жасымай, тырыса беру керек. Себебі ынжық, жасық адам қолындағы дүниесін де өткізе алмайды. Қолыңызда ештеңе болмаса да, тапсырыс түсіп жатса, бизнесіңізді ашып алуыңызға болады. Алайда, керісінше, бизнесіңізді ашып алып, оны ешкім керек қылмайтын болса, жағдай қиын болады.




Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Өнімді немесе қызметтің түрін сипаттаудың мәнісі?

  2. Фирманың қызмет түрін сипаттаудың негізгі?

  3. Өміршеңдігі минималды өнім дегеніміз не?

  4. MVP-ның схемасының 4 кезеңі?

  5. MVP-ның ең көп таралған түрлері?



Пайдаланылған ақапарат көзі:

https://atameken.kz/



Тапсырма №1

Стартабыңыз үшін қай MVP ыңғайлы болатынын, ол үшін қанша қаржы, уақыт керек болатынын анықтаңыздар.



Тапсырма №2

Стартабыңыздың өміршеңдігі минималды өнімінің жобасын құрастырыңыз (суретін салуға да, егжей-тегжейлі сипаттауға да болады).


Тапсырма №3


Тапсырма №4

Акростих” стратегиясын қолданып, тапсырманы орындаңыз.

Т


Қ


А


Ы


У


З


А


М


Р


Е




Т





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.05.2021
992
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі