Материалдар / Оқу -білімнің темірқазық жұлдызы -А. Байтұрсынұлы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқу -білімнің темірқазық жұлдызы -А. Байтұрсынұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу -білімнің темірқазық жұлдызы -А. Байтұрсынұлы Қазақтың маңдайына біткен ардақты ұлы , қазақты оқу-білімге шақыруда, рухын көтеріп, мәдениетін арттыруда ерен үлес қосқан қайраткер. Халқымыздың есіл ері «Қазақтың Ахаңы» деген мәртебелі атауға ие болған жанашыры.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Ақпан 2022
268
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

 «Оқу -білімнің темірқазық жұлдызы -А. Байтұрсынұлы

 Қазақтың маңдайына біткен ардақты ұлы , қазақты оқу-білімге шақыруда, рухын көтеріп, мәдениетін арттыруда ерен үлес қосқан қайраткер. Халқымыздың  есіл ері «Қазақтың Ахаңы» деген мәртебелі атауға ие болған жанашыры. 

   Қазақтың «Байтұрсынұлы әліпбиі» атты төл туындысын сыйға тартқан авторы. Бүгінгі күнде әліпбидің дүниеге келгеніне 100 жылдам астам уақыт өткен. Әрдайым есімізде сақтап, ұлықтап, құнды деректің маңызын келер ұрпаққа ұғындыру біздің алғы міндетіміз секілді. Себебі жазуы дамымаған, өсуі артта қалған қара халыққа оқу-білімнің қажеттілігін ұғындыру жолында «араб » әліпбиіне өзгеріс еңгізу арқылы-өзіміздің қазақ әліпбиін шығару. Керемет емес пе?

  Қай кезде болсын әріп тану, оқу, тиісінше жаза білу ол әр халықтың дамуының рухани, мәдени даму көрсеткіші екені жалпақ жұрттың бәріне мәлім нәрсе. Байтұрсынұлы салт-сананы жаһандандыру, оқу-білім арқылы ұлтық деңгейді көтеруді, онсызда көтеріле алмай жатқан еңсемізді тік ұстауды мақсат тұтты. Отаршылдықтың езгісінен әбден тапталған халықтың құтқарушы күші «араб әліпбиін қазақша жасап шығару»-деп түйді. Бұндағы басты реформа араб тілінде қара халыққа қиын соғып жатқан сөздердің баршаға түсінікті болуы еді. Себебі араб әліпбиінің өзіндік қиындықтары бар еді. 

   Дәлірек айтсақ, араб әліпбиінде бір ғана дауыссыз дыбысты жазу қиынның қиыны іспеттес. Бір әріптің жазылуына бірнеше әріптің керектігі,дауысты дыбыстарды жеке-жеке табудың қажеттілігі, яғни, дауыссыз дыбыстардың ғана таңбаланып қағаз бетіне түсетіндіктен оның мән-мағынасына үңілу қиындығы, одан қалса мұсылманша араб дыбысталуы мен жазылуы қазақтар үшін қиын екені, жаттау мен үйренісу ұзақ уақыт алатыны қазақтың сол кездегі дәрежесіне сай емес деп бағалады. Ол араб тілін қазақ тіліне барынша жақындату үдерісін 1910 жылы қолға алып ,1912 жылы қолданысқа еңгізді. Ол 1924 жылы Қазақ білімпаздарының тұңғыш сьезінде» мынандай тұжырымын білдірді: «Егер бір ел басқа елдің әліпбиін өзінше икемге келтірмесе, оның оны толыққанды қабылдауы қиындық әкеледі». 

Ғалым бұл күнгі мұсылманша оқып жүрген жолдың бұлғалақ-жырғалағы көп, оныменен жүріп хат жаза білуге жеткенше, русша білуден уақыт кем кетпейді. Себебі қазақ тіліменен оқытпай, ноғай, түрік, парсы, араб тілінде жазылған кітаптар араласып бас қатып, ми ашып, балалар әуре-тәуре болады. Сондықтан оқу керегі даусыз болса, оқуға керек құралдарды сайлау керектігі де даусыз» деп «қазақша оқу» мен «мұсылманша оқудың» екі түрлі екендігін ескерткен («Айқап», 1912, №4-5). Осы пікірінен соң оның «төте жазу» үлгісімен жазылған «Оқу құралы» жарыққа шығады. Бұл қараңғы халық үшін өте үлкен өзгеріс еді. 

 Күллі қазақ балаларын «еліміздің ертеңіне теңеп, сауаттандыру керектігін үнемі аузынан тастамады. Бар білімін барынша беруге, солардың бойына сіңіруге тырысты. Осы арқылы қазақ балаларының қазақша әліпбиді жаттап, қазақша хат танып, бойында «патриоттық сезім »ояна бастады. «Айқап» журналының 2 санында жарық көрген «Қазақ өкпесі» атты мақаласы: надандық көленкелеген, сауатсыз халықтың , ғылым мен мәдениет өркендеуінен кенде қалып жатқандығы туралы жазылған үлкен айғақ. Онда шынында да, қазақтың басына төнген кеселдің бәрі де білімсіздіктен туған қасірет екендігін анық дәлелдеп бергендей. 

Ағартушылыққа шақыру арқылы халқының« қараңғы қапастың тұтқыны » болғанын шын жүрегімен қаламаған жанашыр тұлғаны көреміз. Ендеше , қазіргі рухани жаһандану процесінде ілгерілеп келе жатқан елімізде қолда бар мүмкіндіктің бәрін пайдаланып, оқу- білім қуғанымыз дұрыс сияқты.

Әл-Фараби атындағц ҚазҰУ, Журналистика 101 топ студенті:Бақберген Дилназ Сәуірбекқызы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!