Оқу- өндірістік тәжірибе барысындағы есеп

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу- өндірістік тәжірибе барысындағы есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала өзімнің өткен педагогикалық тәжірибем және тәжірибе барысында қандай іс-әрекеттер атқарылғаны туралы баяндалады. Жалпы қысқаша айта кетсек, педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру, тәрбие тәжірибесі және оқушының нәтижесі жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу-өндірістік тәжірибе барысындағы есеп

Бұл мақала өзімнің өткен педагогикалық тәжірибем және тәжірибе барысында қандай іс-әрекеттер атқарылғаны туралы баяндалады. Жалпы қысқаша айта кетсек, педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру, тәрбие тәжірибесі және оқушының нәтижесі жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.

Тәжірибенің мақсаты: білім алушылармен мұғалімнің педагогикалық қызметінің негізгі функцияларын меңгеру, тәжірибелік дағдылар мен оқыту әдістемелерін қалыптастыру, ЖОО-да психологиялық-педагогикалық пәндер циклі, жеке әдістеме бойынша алған білімдерін жан-жақты пайдалану, педагогикалық құзыреттіліктің құрылуы және дамуы, мұғалімнің кәсіби қасиеттерін қалыптастыру, оларда педагогикалық ойлау икемділігін, шығармашылықты қалыптастыру.

Мен тәжірибені колледж қармауындағы 1-2 курс студенттері арасында өткіздім. Тәжірибе өту кезінде мен оқу орнының бейінімен, оның қызметімен, сондай-ақ оның басшыларымен және педагогикалық ұжымымен таныстым. Дене тәрбиесі жұмыстарының негізгі мақсаттары мен міндеттерін зерттедім.

Тәжірибе кезінде студенттер арасында жағымды, көңілді атмосфераны қалыптастыруға және сол атмосфераны сақтауға тырыстым.. Жаттығу техникасын нақты және қысқаша түсіндіріп, жаттығуларды дұрыс орындау арқылы спорттық ойындардың іскерлігін дамыта алуға болатынын көрсеттім. Студенттердің спортқа және әртүрлі спорттық ойындарға (волейбол, баскетбол, футбол және т.б) ынтасын, қызығушылықтарын арттырып, олармен жақсы тіл табысып кеттім десем де болады. Студенттермен жақсы қарым- қатынас құру дегеніміз – сабақты тиімді өткізудің жолы деп білемін. Тәжірибеде студенттер арасында әртүрлі спорттық ойындар (волейбол, баскетбол, футбол, гандбол және т.б), ұлттық ойындар (тоғызқұмалақ, асық ату және т.б) мен эстафеталар өткізілді. Бұл тәжірибеде денсаулық пен дене шынықтыру- сауықтыру мәселелеріне тоқталып, жетекшімнің барлық нұсқаулықтарын тиянақты орындауға тырыстым.

Дене тәрбиесі құралдарысыз ешбір дене тәрбиесі сабағы өткізілмейді, әсіресе эстафеталық ойындар кезінде дене тәрбиесі құралдарының атқаратын рөлі өте маңызды. Тәжірибеде қолданылған құралдар: ысқырық, секіртпе, волейбол, баскетбол, футбол және гандбол добы.

Қорытындылай келе, бұл тәжірибеден дене тәрбиесі жұмыстарының өзіме керекті барлық ақпараттатын теориялық жағынан да, практикалық жағынан да иелене алдым.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.10.2022
1144
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі