Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу пәндерін өзін-өзі тану пәнімен интеграциялаудың маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
өзін-өзі тану пәнін интеграциялау кезінде, жаңа технологияларды қолдануда қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқу пәндерін өзін-өзі танумен интеграциялаудың маңызы

Кубашева Анар Утегеновна

Алматы қ., «Өзін-өзі тану» АҮД

гуманитарлық колледжінің

арнайы пәндер оқытушысы


В. Маяковский: «Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек»,-дейді. Соңғы әлемдік пандемиялық жағдайға байланысты қашықтықтан оқыту технологиясы мұғалімдердің білім беру сапасы мен оқушыларды тәрбиелеу жұмыстарына жауапкершілікті екі есе қажет етуде. Кез келген оқушы ең алдымен білімнен гөрі, ұстаздардан жылулық, сүйіспеншілік күтетіні ақиқат. Барлық ата-ана балаларының оқушылар арасында жақсы достық қарым-қатынаста, сыйластықта араласқандарын, балаларының білім мен адамгершілік қасиеттерді бойларына қатар сіңірген, тәрбиелі адам болғанын қалайды. Міне, сондықтан да оқу пәндерін жалпыадамзаттық құндылықтармен кіріктіретін, оқушылардың жүрегіне сүйіспеншілік нұрын құя алатын педагагог бүгінгі күннің нақты қажетті маманы. Осындай заман талабына сай оқу үдерісін өзін-өзі танумен интеграциялаудың қазіргі таңда үлкен маңызы бар.

Интеграция – педагогикалық тұтастықты қалыптастырып, білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіру үшін қажет. Демек, мұғалімнің шеберлігі, әдіс-тәсілдері айқын көрінетін кезең десек те болады. Оқу пәндерін өзін-өзін танумен интеграциялаудың бірнеше себептері:

а) Баланың санасында теориялық материалмен қатар адамгершілік ілімі дамиды;

ә) Оқу пәнінің материалын адами қатынаста практикалық түрде қолдана алады;

б) Бала оқу материалдарына тек ғылыми тұрғыдан ғана емес, адамдық сезіну, ұғыну тарапынан мән беріп қарауға мүмкіндік алады.

Оқушылардың барлығы «Өзін-өзі тану» пәнін жақсы көреді. Себебі, олардың айтуынша ойларын еркін айта алады, психологиялық ахуалдар, қызықты әдіс-тәсілдер жетерлік, сабақ оңай, әрі қызықты өтеді, тіпті уақыттың жылдам өтіп кеткенін де аңғармай қалатындарын да жасырмайды. Міне, баланың ойын емін-еркін айтқызу үшін, пәнге деген қызығушылықтарын ояту үшін, жүректеріндегі махаббаты дамыту үшін, адамгершілік қасиеттерін шыңдау үшін, жалпы білім мен тәрбиені қатар ұстау мақсатында мен өз сабақтарымның көпшілігін «Өзін-өзі тану» пәнімен байланыстырамын.

Сара Алпысқызы: «Әр баланың қабілетін ашуы, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне сенуі өзінің өмірдегі орнын анықтау үшін өте маңызды! Әлемде махаббат пен мейірімділік аурасын жасай отырып, қарапайымдылық пен махаббат жүректен жүрекке жетуі тиіс»,-деп тұжырымдайды. Әрбір баланың, ата-ананың жүрегіне сүйіспеншілік нұрын ұялатуда әрқайсысымыздың орнымыз ерекше екенін ұмытпайық!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
31.05.2021
327
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12