Оқу қызметі "Спорт біздің досымыз"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оқу қызметі "Спорт біздің досымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балабақша қызметкерлер арасында жарыс өткізе отырып, оларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу; Көңіл-күйлерін көтеріп, денелерін шынықтыру; Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Балабақша қызметкерлер арасында жарыс өткізе отырып, оларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу; Көңіл-күйлерін көтеріп, денелерін шынықтыру; Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Жүргізуші: Құрметті сайысқа қатысушы ұжымдастар, көрермендер! «Спорт –өмір көркі» апталығының қызметкер арасындағы «Спорт – біздің досымыз» атты спорттық шараға қош келдіңіздер! Сайысқа қатысушы ұжымдастарға көтеріңкі көңіл-күй, батылдық, жеңіс тілей отырып, сайсымызды бастаймыз!

Спорт – көркі өмірдің,

Спорт – досың серігің

Жаттықсаң шымыр боларсың

Шынығып өсіп толарсың – деп бәріміз бірге денемізді шынықтырып, серігіп алайық!

-Ал енді бізге баға беретін әділ-қазы алқаларымен таныс болайық.

1.Базарбаева С

2.Севепова А

3.Дәулетова М

Бүгінгі сайысымыз 7 турдан тұрады.

1.Таныстыру

2.Шашақшаны жеткіз

3.Көлтаусар

4.Мерген тасбақа

5.Мұртты пингвин

6.Әдемі моншақтар

7.Автобус

Өнер қуып, достарым менің өтер деменіз,

Бір басына өз өнері жетер дейміз,

Сайысқа келген топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін кетер дейміз – деп кезекті таныстыруға береміз.

1.Таныстыру ( аты, ұрады)

(Әр қатысушы жеребе алуымен топ құрып, өз аттарын, ұрандарын ойластырады)

Әділ-қазылардан бағасын сұрау.

2. «Шашақшаны жеткіз»

Ойын бастаушы межеден сөреге дейін шашақшаны ұстап, кедергілер арасымен бар жылдамдықпен жүгіріп, қайтарда түзу жүгіреді.

3. «Көлтаусар»

Қос аяғыпен секіргіш жіппен секіріп, межеге жетеді де, бір суды тауысып, қайтарда бір аяқпен секіргіш жіппен секіріп қайту.

4. «Мерген тасбақа»

Допты ішіне қойы, шалқалап межеге жетіп, межеде допты себетке лақтырып, допты қайта алып қайтару.

5. «Мұртты пингвин»

Екі тізенің ортасына допты қысып жүгіру, ал ауызда қаламсаппен «Мұрт» жасап, (қаламсапты мұрын мен еріннің арасына қысып жүру) межеге жетіп 4 жол тақпақ жазу. 1 тақпақтың атып жазады, қалған 4-еуі 4 жолын жазады, соңғысы қатесін тексеріп қазыларға апарады.

6. «Әдемі моншақтар»

Межеде екі ойыншы белгілі арақашықтықта шығыршықта отырады, екі ойыншы ермексаздан жасалған моншақтарды тізушілерге жеткізіп тұрады. Ал сөреде екеуі моншақ жасап үлгеруі керек. (уақыт 2 мин).

7. «Автобус»

Бірінші ойыншы межені бір аяқпен айналып келеді. Айналып келіп екінші ойыншыны алып кетеді ол белінен ұстап жүгіреді. Үшінші,.... осылай барлығы ойыншы автобус болып қол ұстасып, межені айналып келеді.

  • Осылай сайысымыз өз мәресіне жетті, әділқазылар бағаларды есептегенше «Ортаға түспек» ойынын ойнап жіберейік.

  • Енді әділқазыларға сөз берейік.

Осымен тәмамдалды сайысымыз

Бәріңіз тамаша бір сайыстыңыз

Бәріңіздің де дендеріңіз сау болып,

Аңсаған арман мұраттарға жетіңіздер – деп бүгінгі сайысымыз аяқтаймыз!































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.04.2022
1085
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі