Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқу стратегиялары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оқылым стратегиялары
1 «Жылдам кездесу» стратегиясы (қарама- қарсы тұрып,бір- біріне сұрақ қояды,жауап алынған соң жұбын ауыстырады) топты жұптастырады,қарым қатыгас жасатады, тілдік коммуникация.Пысықтау,бекіту,қорыты,рефлексия жасау кезңнде қолданылады.
2 «Ойланыңыз,жұптасыңыз, бөлісіңіз»
3 «Піспеген модель» оқушыға алғашқы ақпарат береміз,оқушы оны жетілдіреді
4 «Белсенді түрде модельдеу» ( оқушыларды топқа бөледі.Әр топқа бір тақырып бойынша 40-50 сөзден тұратын мәтін жазу керек (жексенбідегі демалыс, спорт),бірақ әр жол сайын ашық жол тастап кету керектігін ескертіп қою керек. Әр топ өздерінің сөйлемдерін жазып болғаннан соң сағат тілінің бағытымен келесі топтың мәтін жазылған қағазын алады, екінші топ постердегі ойды жалғастырады,үшінші топ бір сын есім қосады, төртінші топ бір сөйлемдегі шақты ауыстырады,постер өз иелеріне ауысып келеді,топ мүшелері оқиды. Стратегия идеясы-оқушыларды белсенді түрде жұмысқа жұмылдыру,қызығушылығын арттыру,дәлелдемелерді келтіру дағдыларын,оқу дағдыларын дамытады.Бастапқы ой жетіліп отыру керек.Ой жетілсе,тапсырма орындалған болып есептеледі)
5 «PEST» анализ «Ойланыңыз,жұптасыңыз, бөлісіңіз» деген стратегиямен қатар жүргізілді.
Р- саяси, Е- экономикалық, S-әлеуметтік, Т- технологиялық(оқушыларды топтастырады, әріптестерінің жазғанын оқиды,өз ойларын білдіреді,дәлелдеуге жетелейді,)
6 Тілді үйренудегі «Табиғи тәсіл» сөзді қажеттілікті білдіру үшін қолдану
7 Тілді үйренудегі «Физикалық тәсіл» белгілі бір сөзді нақты әрекетпен білдіру(қоян екі қолын басына қою, қарға екі қолын сермеу)
8 «Стоп кадр»
9 «Белсенді оқушы қандай?» моделі (өздеріндегі жазылмаған басқалардың постеріндегі сөздерді анықтап өз постерлеріне жазулары керек. Кімде сөз көп болса, сол топ жеңімпаз болып табылады.)
10 «Кітап оқу кезіндегі саяхат» сызбасының бойында оқыған кітаптары туралы ақпарат жазады, содан соң келесі бір баламен өзара пікірімін бөліседі.
11 прогрессия
12 «Ақпараттағы олқылықтар» (мәтіннің ішінен сөз қалып қалса,сол сөзді анықтап,тиісті орнына қойғызамыз, мәтінді бірнеше бөлікке бөліп сыныптың ішіне іліп қоямыз,оқушылар қалып қалған бөлікті тауып тиісті орнына қою керек болады. )
13 «Сен білесің бе?» (Карточкаға сұрақ оның астына жауабы жазылады.Оқушылар бір біріне барып карточкадағы сұрақты оқиды, жауабын естиді,қатесі болса, түзетеді,жауабын мүлде білмесе өзі айтып түсіндіреді.)
14 «Бір минуттық жаттығу» (қалпақтың ішіне сұрақтар жазылып қойған қағаз қиындылары болады, одан басқа оқушылардың есімдері жазылған таяқша қолданылады. Оқушы сұраққа бір минуттың ішінде жауап беру керек болады )
15 «Саймон айтты» сол сөзді естігенде айтылған әрекет жасалады,ал «саймон айтты» деген сөз тіркеспеген сөйлем болса, әрекет орындалмайды.
16 «Қабырғадағы рөл» белгілі бір мәтіндегі кейіпкердің сұлбасын салғызамыз,сұлбаның ішіне мәтіннің ішіндегі кездескен фактілерді,іс әрекеттерді жазғызамыз.Ал сыртына осы кезге дейін байқамаған қасиетін,не білетінін,сұрақ туындаса сұрағын жазып қоямыз.Дайын жұмыстарды қарама қарсы іліп қойып,мұқият оқылым жасатамыз.
17 «Пікірлердің желісі» Жіптің екі басына екі адам тұрады. Бір басы «Иә», екінші басын «Жоқ» деген пікірді білдіретіндігін түсіндіріп болған соң «Қабырғадағы рөлде» кездескен талас тудыратын сұрақтың дұрыс не бұрыс жауабын анықтау үшін жіп бойына тұру керектігі түсіндіріледі.Ойды дәлелдеуге,жақтаушыларын көбейтуге алып келеді.
18 «Эмоциялар графигі» (төменде негізі оқиға,тігіген эмоциялар шкаласы көрінеді)
19 «Маңызды аймақ» (шеңбер ішінде сұрақтардың жауаптары маңыздылық жағынан орналастырылуы керек. Дұрыс жауап немесе маңызды нәрсе болса ортасына жазылады, шындыққа жанаспаса, маңыздылығы онша болмаса,шеңбердің шетіне жазылады)
20 «Графикалық органайзерлер», «Жалғыз құты», «Қос құты», «Венн» «Күрделендірілген», «Уақыт диаграммасы» (уақыт сызығы),«Оқиға картасы»(Тарих картасы), «Торлы диаграмма»(Радиальді диаграмма), «Себеп салдарлы диаграмма» (Балық сүйегі немесе Фишбоун), « Тоғыз гауһар»
Болжау әдісі екінші тіл үйренушілерінің терең ойлы оқырман болуына себепкер болатын оқылым дағдысының ең маңызды стратегияларының бірі болып табылады. Болжау стратегиясы кез келген оқылымның қиындығын оқушының сезінбей игеруіне көмектеседі және жаппай сынып болып білім алуды ұйымдастырады. Нақтырақ айтсақ: «Болжау дегеніміз - кілт сөздерді оқылымға дейін пайдаланып, мәтін мазмұнының не туралы болатындығын алдын-ала болжап білу». Мәселен, оқушы газет мәтінінің тақырыпатына немесе оның фотосуретіне, шығарма тарауларының атауларына, автордың атына, тіпті хат сыртындағы мәліметке қарап, оқитын мәтіннің не туралы болатынын біле алады (Spratt, Pulverness, Williams, 2011). Демек, болжау стратегиясы тақырып аясында ақпарат алуға бірден бір себепші болатын оқыту құралы.
Түрлі ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде болжау стратегиясын пайдаланудың артықшылықтары бар. Біріншіден, болжам жасау барысында оқушылар жаңа білімді анықтау үшін өздерінің бұрынғы білімдерін қайта жаңғыртады. Екіншіден, болжауға негізделген тапсырма оқушылардың қызығушылығын арттырады (Duke пен Pearson сілтемесіндегі Anderson, Wilkinson, Mason, Shirey, 1987). Үшіншіден, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау мүмкіндіктерін дамытады (Wagaman, 2008) және оқушылар осы әдіс арқылы өз білімдерін тексеріп, нақтылай алады. Осы тақырыптың өзектілігін дәлелдеу мақсатында қазақстандық жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне сауалнамалар жүргізіліп, нәтижесі статистикалық үлгіде сараланған болатын. Сауалнама қорытындысы бойынша отандық оқытушылардың практикасында болжау стратегиясы тек сабақты ұйымдастыруда қолданатын амал ретінде ғана танылған. Ал кейбіреулері оны оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын, шығармашылығын шыңдайтын амал ретінде түсінеді. Ол бағытта тапсырмалар оқушыға мәтіндегі ойды аяқта, мәтіннің ортаңғы бөлігін ойдан құрастыр т.б. болып келеді. Сондай-ақ, болжау стратегиясының зерттеу нысанына алынудың басқа да бірнеше себептері болды. Біріншіден, күні бүгінге дейін қазақ тілін оқыту әдістемесінде тек аударма-грамматика әдісі ғана қолданылып келген (ол оқушыларға мәтінді жай ғана бір тілден ана тілдеріне аударту арқылы түсіндіру). Ал шетелдік әдістемеде бұл әлдеқашан ескірген әдіс болып табылады. Бүгінде бұл әдістің орнын Лексикалық әдіс (Lexical approach), Анықтауға бағытталған әдіс (Guided discovery) т.б. басады. Ендеше, оқытудың жаңа әдістерін біртіндеп қолданысқа енгізу мақсаты алға қойылып отыр. Екіншіден, оқылым дағдысының өз ішінде алуан түрлерге жіктелетіндігі қазақстандық тіл үйрету әдістемесінде әлі де болса тың тақырып.
Оқыту процесі барысында «Болжау стратегиясы» тілді меңгерушілердің оқылым дағдысын дамытатын оқыту құралы қызметін атқарады. Тіл үйренушілерге қазақ тілін меңгертуде Болжау стратегиясын қолданудың маңыздылығы жетіп артылады. Оқушыларға белгілі бір тақырыпта немесе кітап туралы болжау жасатқанда оның дөп түсуі міндетті емес. Олар тақырып аясында түрлі болжамдар айтып нақты жауап тапқанға дейін бұрыннан қордаланған білімдерін жаңғыртады. Мұның өзі оқылымға қажетті басты элементтердің бірі.
Болжам жасаудың түрлі жолдары бар. Ол тілді үйретуге қатысты дағдылардың барлығына ортақ әдіс болып танылғанымен, негізінде ол оқылым дағдысын қалыптастыруда қолданылатын тиімді тәсілдердің бірі. Грилеттің айтуынша (Grellet,2006.p17) болжау әдісі оқылым материалын егжей-тегжей оқымай, кілт сөздерге сүйеніп-ақ оқылым мазмұнын анықтау мүмкіндігіне ие болады. Бұл, әсіресе, екінші тілді үйренетін оқушыларға ең қажет оқылым дағдысы.
Болжауды оқылымға дейінгі, оқылым барысында, оқылымнан кейінгі деп бөлуімізге болады. Оған қоса, болжау әдісі төрт түрлі дағды бойынша да (оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым) өз ішінде түрленеді. Мысалы, жазылым дағдысы бойынша - сурет бойынша әңгіме құрап жаз, әңгімені аяқта, мәтінді қайта қалпына келтір т.б. Дәл осындай болжау ретімен оқушылардың айтылым дағдысы дамытылады. Мысал ретінде Бруноның «Сниффи мен Флаффидің басынан кешкендері» атты онлайн сабағын айтуға болады. Автор сюжетке құрылған суреттерді ғана оқушыларға ұсынып, соған сәйкес әңгіме құрап айтуды тапсырады. Кейін оларға әңгіменің дұрыс нұсқасы беріліп, өздерінің болжамдарымен салыстыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл тұста оқушылар үшін өз болжамдарының қаншалықты жақын болғанын білу маңызды болып келеді әрі олар тапсырманы асқан қызығушылықпен, ынтамен орындайды. Ал тыңдалым дағдысына қатысты болжау стратегиясының аса көп түрлерінің болмайтындығы анық болды. Көбіне тыңдалым материалы қосылып, одан кейін оқушылардан сөйлеуші адамдардың мамандықтары кім, іс-әрекет қай жерде орын алған, оны қалай анықтадыңыз дегендей болжамға негізделген сауалдарға жауап алынады. Әлбетте, болжау әдісін қолданғанда кейбір дағдыларды қатарластыра, араластыра қолдануға болады, бірақ бір сабақ көлемінде максималды деңгейде екі-ақ дағды нысанаға алынады.
Кей кездері болжау стратегиясы оқылым мен грамматиканың да басын қосады. Мәселен, ағылшын тіліндегі оқылымда Filling the gap аталатын тапсырма бар. Ол тапсырма бойынша оқушы әрбір бесінші немесе алтыншы сөздерді (мәтінде ол сөздердің орны бос келеді) грамматикалық білімдерін пайдаланып болжау арқылы оқылымды жалғастырады.
Болжау стратегиясын жаңа сөздерді үйрету тәсілі ретінде де жиі пайдалануға болады. Мысалы, оқушыларға оқылым алдында белгілі бір тақырыпты ашатындай, яғни сол тақырыпқа қатысты он сөз тізбегін жазу тапсырмасы беріледі. Ондағы мақсат оқушылардың бұрыннан бар білімдерін жаңғырту, атап айтқанда білетін сөздерін қайталату және жаңа сөздерге баса назар аударту. Бұл тапсырма бойынша мұғалім оқылымнан кейін оқушы сөздерінің мәтінде кездесу не кездеспеулерін бірлесе талқылатады, кездеспеген жаңа сөздердің есте сақталуы үшін олармен сөздік жұмысын жүргізеді.
Оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыруда болжаудың түрлері өте көп ұшырасады. Оларға: мәтін ішіндегі бос орындарға қажетті мәліметтерді тауып қою (сөздерді), сюжетті желімен жазылған мәтін бөліктерін біртіндеп болжап оқу, әңгімені аяқтау, оқылым материалының тақырыпаты бойынша оқылатын мәтін мазмұнын тексеру т.б. Оқылым дағдысындағы болжам әдісі, сонымен қатар, оқылым алды, оқылым кезіндегі, оқылымнан кейінгі деп те бөлінеді. Сол себепті де болжату тапсырмаларының мақсаты да түрлі болып келеді.
Болжаудың сабақ барысындағы қолданылу мөлшері әрқилы. Себебі ол оқылым материалының мазмұны мен сабақтың мақсатына байланысты. Мәселен, ‘New English File’ студент кітабында абзацтары бірінен кейін бірін болжатып оқуға құрылған оқылым мәтіні берілген. Мұндай жағдайда болжау әдісі сабақ бойына татырлық жұмыс түрі бола алады. Мәселен, сабақ тақырыбын болжатып барып хабарлауға болады, оқылым бойында болжау әдісі қолданылады, оқылым соңында оқушыға мәтінді өз бетінше аяқтау тапсырмасын беруге болады т.с.т. (Үлгі ретіндегі сабақ қосымша тіркеледі). Демек, бұдан болжатып оқыту жай ғана сабақты қызықты етіп өткізудің амалы ғана емес екендігін көреміз. Болжау әдісі арқылы оқушылар өздерінің оқылым дағдыларының қандай деңгейде екендігін бағалай алады, өздерінің бұрынға білімдерін қаншалықты қолдана алатындықтарына көз жеткізеді. Болжау әдісі оқушылардың оқылым тапсырмаларын дұрыс орындап, өз жауаптарына сенімді болуларына себепкер болады.
Болжап оқытуды сәтті жүзеге асыруда көрнекі құралдардың да маңызы зор. Болжауға қатысты заттық көрнекіліктер мен карточкаларды, бейнематериалдарды, суреттерді пайдалану арқылы оқушыларды дұрыс болжауға бағыттай аламыз. (Harmer, 2007). Сондай-ақ, аталғандардың қатарында компьютерлік ойындардың да орны ерекше. Оларды сабақты қорытындылау немесе сабақ тақырыбын хабарлау мақсатында ұтымды қолдануға болады. Мысал ретінде Давид Тулганың “Picture Puzzle Prediction” сияқты компьютерлік ойындарын атауға болады. (Picture puzzle. www.Davidtulga.com).
Ойымызды қорытындылай айтқанда, оқушылардың оқулықтарындағы оқылымды жүзеге асыруда болжау әдісінің маңызы өте зор. Оған өзге дағдыларға қарағанда оқылымдағы болжау әдісінің көптеп қолданылуы дәлел бола алады. Болжау әдісін сабақ кезеңдерінде қолданылуына орай және оқылым мазмұнына байланысты бірнеше түрлерге жіктейміз. Алайда, қайсыбір түрі болмасын оқушының түсінігін қалыптастыруға, сабаққа деген қызығушылығын арттырға, ойлау қабілетін арттыруға, өз білімін бағалауға зор септігін тигізеді.
Болжап оқытуға негізделген сабақ жоспары
Сынып құрамы |
16 оқушы |
Сабақаралық тақырып |
Оқушылар өткен шақ пен келер шақты біледі |
Негізгі мақсат |
Болжау стратегиясы арқылы оқушыларды қылым дағдысына төселту |
Қосымша мақсат |
Сөйлесім дағдысын дамыту |
Болжам |
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артып, оқылым дағдысын дұрыс қолдануға үйренеді, сөйлесім қабілеттері дамиды |
Күтілетін қиындықтар |
Оқушылар сурет арқылы болжауда қиналады |
Пайдаланылған әдебиет |
New English File Teacher’s Book Pre-intermediate Photocopiable, Oxford University Press 2005. |
уақыты |
сабақтың кезеңдері |
кезең мақсаттары |
көрнекі-ліктер |
қарым-қат. |
3 мин |
Мұғалім оқушылардан орындарынан тұрып қалаулары бойынша жұп тауып және жұбымен «Бұрын-соңды қатты үрей тудыратын, қорқынышты кітап оқып көрдіңдер ме?» деген сұрақты талқылауларын сұрайды. |
Сабаққа кіріспе: Студенттердің қызығушылығын арттыру |
B қосымша-сы |
О-о (оқуш. – мұғ.) |
5 мин |
Оушылар мұғалім тарапынан дайындалған түрлі жағдаяттарға байланысты өз шешімдерін ұсынады (жағдаяттар оқушылардың көңіл-күйін көтеру үшін гүл жапырақтарына қыстырылып беріледі). |
Жаңа сабақты ендіру: -тақырыпты хабарлау; -оқушылардың бұрыннан бар білімдерін жаңғырту |
C қосымша-сы |
оқушылар мұғ.-барл. сынып |
5 мин |
Оқушыларға мәтін мазмұнынан хабар беретін төрт сурет беріледі. |
Оқылым ады тапсырмасы: - оқушыларға тақырыпат пен мазмұнды болжату |
D қосымша-сы |
о-о М-Б/с |
15 мин |
Оқушылар әр абзацты біртіндеп болжай оқиды. |
Оқылым бойында: - оқылым дағдысын игерту; -болжап оқу дағдысына үйрету |
E қосымша-сы |
Ооо М-Б/c |
5 мин |
Мұғалім оқушылардан жұп болып әңгімені өз болжамдары бойынша аяқтауын өтінеді. |
Оқылымнан кейінгі тапсырма: -сөйлеу дағдысын дамыту; -оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдау |
|
О-о |
5 мин |
Мұғалім оқушыларға сауалнамалар таратады және олардың сабақ бойындағы жұмыстарына баға береді. |
-оқушылардың сабақ туралы пікірін білу; -оқушылардың жұмысын бағалау |
F қосымша-сы |
М М-ооо |
2 мин |
Сабақты аяқтау (суыту): Оқушылар өздеріне жұптарын табу арқылы өздеріне арналған мадақтамаларды оқып біледі. |
-сабақты жақсы көңіл-күйде аяқтау |
J қосымша-сы |
О-о |
Сабақ жоспарына қатысты қосымшалар
B қосымшасы
«Бұрын-соңды қатты үрей тудыратын, қорқынышты кітап оқып көрдіңдер ме?» - деген сауал тақтада жазулы тұрады.
C қосымшасы (мұғалімнің өз жанынан)
-
Сіз шетел тілі курсына барып кештетіп үйге қайтып келесіз. Сағат 10. Сіз 5 минуттан соң автобустан түстіңіз. Сіз тезірек жүріп келесіз, бірақ соңыңыздан біреудің ілескенін сезесіз. Осы сәтте қандай әрекет етер едіңіз?
-
Ата-аналарың жақын достарының үйіне қонаққа кетті. Сіз үйде жалғыз қалдыңыз. Кенеттен, жарық өшіп қалды. Сіз осы кезде «Өлі қыздар» атты қорқынышты фильм көріп жатқан болатынсыз. Сізді үрей билер ме еді? Өзіңіздің бөлмеңізге қалай жетесіз?
-
Сіз лифтіде келе жатсыз. Сіздің қасыңызда бір ер адам бар. Сіздің оған көзіңіз түсіп еді, ол адамның өңі қашып бара жатады. Қндай шара жасайсыз? Сіз қорқар ма едіңіз?
-
Ауылда тұратын әжеңізге қыдырып бардыңыз. Ол сізді бірде көрші үйден шайға сүт әкелуге жұмсайды. Бірақ ол үйге жақындай бергенде ауладан үлкен ит шығып, сізге ұмтылады. Не істер едіңіз?
Е қосымшасы
Бұл салқын әрі қараңғы кеш болатын
Бұл қарашаның салқын әрі қараңғы кеші болатын. Сағат 6 шамасы. Адамдар жұмыстан үйлеріне қайтып жатырды. Ванесса қала сыртына беттеп барады. Ол өте асығыс болатын. Бірақ ол үйге бара жатырған жоқ. Ванесса жолшыбай бір шыны (бөтелке) шарап сатып алды. Ванесса қайда бара жатыр деп ойлайсыздар?
О
л кешкі ас ішуге досына бара жатырды. Оның досының аты Мартен болатын. Ол фермер болғандықтан қала сыртында тұрады. Ванесса радио тыңдап отырды. Ол жұмыстан кейін қатты шаршады, сондықтан бой жазғысы келді. Ванесса бір топ ағаштан аса бергенде жолдан бір нәрсені қағып өтті. Ол көлігін тоқтатып, сыртқа шықты.
Қалай ойлайсыз, ол нені қағып кетті?
О
л өліп жатқан итті көрді. Ванесса итті жолдың шетіне сүйреп апарды да машинасына отырып жолын жалғастырды. Кенет Ванесса айнадан бір қара машинаның ілесіп келе жатқанын көрді. Ванесса машинасын оңға бұрса, ол да оңға бұрады, Ванесса машинасын солға бұрса, ол да солға бұрады. Соңынан қалмай келеді. Бұл машина неге қалмай келеді деп ойлайсыңдар?
Ванессаның ойынша бұл көліктің иесі манағы өлген иттің қожайыны болса керек. Ванесса не істеді?
В
анесса көлігін тез жүргізе бастады. Соңындағы машина да сөйтті. Сағат 7 болғанда радиодан жаңалықтар беріле бастады. Радиодан: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше түрмеден аса қауіпті қызмыскер қашып кетті. Сақ болыңыздар!» - деген хабарлма жолданды. (Жаңалық барысында полицияның кеше түрмеден қашып шыққан қылмыскерді іздеп жатқандығы және оның өте қауіпті екендігі хабарланды). Ванесса қандай күйде болды деп ойлайсыздар?
Ванесса қатты қорықты. Ол соңындағы көлікте сол қызмыскер отыр деп ойлады. Машинасын қатты жүргізді. Мартеннің фермасына жақын қалды, бірақ соңындағы машина да таяп (жақын/қатар) келеді. Ванесса Мартеннің үйіне келіп жетті де, машинадан дереу шығып есікке жүгірді. «Мартен, аш, көмектес, көмектес!» - деп айқайлады, қоңырауды басты.
Мартен қайда деп ойлайсыздар?
Б ұл уақытта Мартен ас үйде тамақ пісіріп жатты. Ол Ванессаның айқайын естіген соң, қолына тапаншасын ала жүгірді. Ол есікті ашты. Сол сәтте, қара машина келіп Ванессаның машинасының қасына тоқтап жатты. Машинадан ұзын бойлы жігіт шықты. Бұл жігіт кім деп ойлайсыздар?
«Бұл түрмеден қашқан қанішер, бізді өлтіреді» - деп Ванесса айқайлап жіберді. «Жоқ, жоқ, мен қылмыскер емеспін, түрмеден қашқан қылмыскер сіздің машинаңыздың артында» - деді жігіт.
Қылмыскер Ванессаның машинасына қалай мінген?
«Мен сіздің соңыңыздан келе жатырдым. Кенет сіз итті қағып кеттіңіз, сосын оны жолдың бойына шығарып тастадыңыз. Сіз тоқтаған жерде, ағаштың түбінде бір ер адам тұр еді. Ол дереу сіздің машинаңыздың артына тығылды. Мен оны танып қойдым. Оның суреті газетте жарияланған болатын. Ол түрмеден кеше қашып кеткен. Сол себепті мен сіздің соңыңыздан ердім» - деді жігіт. Мартен қолындағы тапаншасын кезеп, машинаның артын ашты да: «Шық қане, көтер қолыңды!» - деп айқайлады. Ол қылмыскер богажда жатыр екен. (New English File Teacher’s Book Pre-intermediate Photocopiable, Oxford University Press 2005).