Оқушыларды ғылыми жобаға
дайындау жұмысын ұйымдастыру
Дарынды оқушымен жұмыс
ұйымдастыру жолдары Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғашқы рет «Әр баланың
қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын
дамыту»сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны белгілі. Өйткені
ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту
үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары
дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай мамандар дарынды
балалардың ішінен шығады.
Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен
тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам
басқаға қарағанда көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам, еңбекке
бейім, ол шығармашылық тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді. Сонымен
дарынды, талантты бала деп баланың, ата - ананың, мектептің
үздіксіз еңбегінің жемісін айтуға
болады.
Дарынды оқушыларды анықтауда назар аударатын
басты ерекшеліктері:
1. Дарынды бала шапшаң және өзгеше
ойлайды.
2. Көп көлемде білім меңгереді, алған білімін
қолдана біледі.
3. Таным, түсінігі
жоғары
4. Дарынды оқушының физикалық тұрғыдан
ерекшелігі: дамудағы шапшаңдылық, қиял - күшінің
басымдығы.
5. Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан
өзгешелігі: сезімтал, толыққанды, аңғарлы
болуы.
6. Дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан
өзгешелігі: сезімтал, толыққанды, аңғарлы
болуы.
Жұмыстың
бағыттары:
- Диагностика – оқушыны тұлға ретінде
байқау.
- Қабілеті жоғары және дарынды оқушылармен
күрделі тапсырмалар бойынша жұмыс
істеу;
Жоспар
1. Дарынды оқушымен жұмыс ұйымдастыру
жолдары
2. Талантты және дарынды оқушылармен
жұмыс
3. дарынды балалармен жұмыс істеу
жөнінде
4. бастауыш мектептерде дарынды балалармен
жұмыс жүргізудің тиімді
әдіс.тәсілдері
5. дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс
түрлері
6. Ақыл.ой
дарындылығы
7. Дарынды
балалар
8.
Белгісі
9.
Дереккөздер
10.
Дарындылық
Оқушыларды ғылыми дайындау
жұмысын ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының
"Білім туралы" Заңында мемлекеттік саясат негізінде алғашқы рет "Әр
баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның
дарындылығын дамыту" сияқты өзекті мәселелер енгізіп отырғаны
белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік
деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын
білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет. Ал ондай
мамандар дарынды балалардың ішінен шығады. Дарынды балаларды іздеу,
оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет,
себебі дарынды адам басқаға қарағанда көп пайда
әкеледі.
Пәндік олимпиадалар-
оқушылардың білім деңгейін тексерудің бұқаралық сипаттағы жарыс
түрінде өткізілетін бірден-бір
формасы.
Мектеп оқушылары арасында
пәндік олимпиада өткізудің басты мақсаты-дарынды оқушыларды
іріктеу, білім мен тәрбие берудің оңды жолдарын
іздестіру.
Дарынды бала
дегеніміз:
Өз қатарларынан әлде қайда
дамыған, ерекше зейіні бар, белгілі бір іс-әрекет бойынша асқан
қабілеттілік танытып, жоғары жетістіктермен дараланатын
бала.
Дарындылық-
зияттың немесе қабілеттің
жоғары деңгейі.
Олимпиада резервтерін
дайындауда ең алдымен оқушының пәнге қабілетін анықтап, 1- сыныптан
бастап дайындаған тиімді нәтиже береді. Дайындық жұмыстары жүйелі
түрде, оқушының жас ерекшелігіне сай болуы
керек.
Олимпиада резервтерімен жұмыс
жүргізудің дайындық жолдарына тоқталсам, ол ең алдымен төмендегідей
ұйымдастыру және оқу-әдістемелік бағыттарда жүзеге асуы
тиіс:
-
Ең алдымен әр пәнінің мектеп
бағдарламасы шеңберінде сұрақтар мен тапсырмалар меңгерілуі керек,
бірақ ол сұрақтар оқушыны шығармашылық ойларға жетелеуге
тиіс;
-
Пән бойынша алған теориялық
білімдерін оқушы қолданбалық түрде көрсетуге, оның себеп-салдарын
түсіндіруге, алуан түрлі мәліметтермен жұмыс істеу, салыстырулар
мен талдаулар жасауға, болжау жасау дағдыларын қалыптастыруға
машықтануы керек.
-
Оқушы алдына қойған
проблемаларға сараптау, айқындау, жіктеу, дәлелдеу, қажет болса
болжам жасау негізінде өз көзқарасын білдіруге үйренуі
қажет.
Осындай бағыттарда жұмыс
жүргізуде мен оқушыларды пәндік олимпиадаға даярлаудың үлгі-
жоспарын назарларыңызға ұсынғым
келеді.
Өзімнің құрастырған
тапсырмалар, Ресейлік авторлардың және интернеттен алынған есептер
жинақтарын өз тәжірибемде пайдаланып
келемін.
Оқушыларды олимпадаға
дайындауда қосымша әдебиеттерді тиімді таңдай білген жөн. Мен өз
тәжірибемде энциклопедиялар,анықтамалар,журнал-газеттер,сөздіктер
пайдаланамын.
Оқушы жетістігі-
мұғалімнің еңбегінің жемісі болып табылады. Осы орайда, шәкірттерді
пәндік олимпиадаға дайындауда жүргізген жұмыстарымның нәтижесі өз
жемісін беріп келеді.
Қорыта келгенде, білімді
ұрпақ- Қазақстанның ертеңі мен болашағы. Сондықтан, қиындығы мен
қызығы мол осынау ұстаздық еңбек жолында мен
Сіздерге,құрметті әріптестер, тек қана шығармашылық табыстар
тілеймін.
Қолданылған
әдебиеттер:
-
«ҚР Білім туралы Заңы», Астана,
2007ж.
2. Ү.Б.
Жексенбаева. «Балалардың
дарындылығын диагностикалау».
Әдістемелік құрал, «РАДиАЛ»
баспасы, Алматы, 2005ж.
3. «Дарынды балалармен жұмыс», «Қазақстан
мектебі», 2008ж., №6,
-
б.
4.« Дарынды оқушымен жұмыс»,
«Мектеп директорының орынбасары»,
2010ж., №1, 27-29
б.