Оқушылардың дарындылығын
анықтау және дамыту бойынша шығармашылық/ зерттеу топтарының
жұмысын үйлестіру, талдау.
Оқушылардың дарындылығын
анықтау, талдау бойынша арнайы шығармашылық топ мүшелері құрылып,
«Дарын», «Зерде» жобаларында оқушыларға және жоба жетекшілеріне
әдістемелік қолдау көрсету және пән олимпиадаларында оқушыларды
ұйымдастыру жолдары бойынша арнайы мектепішілік бұйрық шығарылып,
топ мүшелері құрылды.
Мұғалімдерге әдістемелік
қолдау көрсету мақсатында: директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары: С.Туткабаева шығармашылық топ мүшелерімен бірлесе
отырып, әдістемелік кеңесте түсіндірме жұмыстары
жүргізілді.
Нәтижеге бағдарланған білім
берудің негізі оқушының дара тұлғалық, дарындылық қабілеттерін
дамытумен анықталады. Бүгінгі таңда білім беруде оқушыға тек қана
білім, білік дағдыларын ғана қалыптастырып қоймай, алған білімін
өмірлік қажеттілігіне жарата алып, оны шығармашылықпен іске асыру
жолдарын игеруді үйрету, оқуға деген танымдық қызығушылық қабілетін
арттырып, өз білімін әрқашан кеңейту қажеттілігін сезінуге жетелеу
көзделеді.
Оқушының дарындылығын анықтап,
дамыту мақсатында әр пән мұғалімінің алдында төмендегідей мақсаттар
мен міндеттер болуы орынды:
-
Дарынды оқушының ақыл-ойының,
эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен ерекшеліктерінің өзіндік
ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
-
Жан-жақты
ақпараттандыру;
-
3.
Коммуникативті бейімдеу;
-
Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына,
дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек
көрсету.
Пәндік олимпиадалардың негізгі
мақсаттары мен міндеттері педагогтардың ғылыми-әдістемелік
деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік
деңгейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын
пәнде шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын
дамыту, ғылыми білімді насихаттау болып
табылады.
Дарынды баланың қабілетіне
білім беру тарапынан және тәрбиеішілік жұмыстар тарапынан қолдау
болуы шарт. Ол ең алдымен: дарынды баланы анықтау жолдарымен және
дұрыс бағыт-бағдар беру жолдарымен айқындалады. Оқушының
дарындылығын анықтауда:
-
Дарынды бала туралы педагогикалық, психологиялық,
әлеуметтік ақпараттар, мәліметтер
жинақтау.
-
Бақылау
-
Анкета
-
Психодиагностика
-
Социометрия
-
Әңгімелесу
-
Интервью сынды жұмыс түрлері жүргілуі
тиіс.
«Дарынды балалармен жұмыста
мұғалімнің рөлі» тақырыбы бойынша физика пәнінің мұғалімі
Курмангалиева Салтанат Айтановна және директордың оқу-тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Туткабаева Сауле Сатыбалдыевна мұғалімдерге
әдістемелік қолдау көрсету мақсатында коучинг
өткізді.
Мақсаты:
- дарынды балалардың
қабілеттерін тану және олардың жұмысын одан әрі түзету мақсатында
оларды ерте анықтаудағы жеке тәжірибесін
талдау;
- дарынды балалармен жұмыс
жасау бойынша мұғалімдер мен сынып жетекшілеріне нақты ұсыныстар
әзірлеу;
Тапсырмалар:
- Дарындылық мәселесінің
теориялық аспектілерін осы мәселе бойынша өз идеяларын сыни
тұрғыдан түсіну негізінде талдау және
талқылау.
- Мұғалімге көмектесетін
ұсыныстарды әзірлеу: «Дамыту қажет ең маңызды қабілеттер мен
дағдылардың тізімі», «Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімнің
қасиеттері», «Дарындылық белгілері бар балалармен жұмыс істеуге
арналған әдістемелік ұсыныстар».
Адамның дарыны – жерден әрең
шығып жатқан, үлкен назар аударуды қажет ететін кішкентай өскін.
Оны қастерлеп, бағып-қағып, күтіп-баптап, өсіп-өніп, мол жеміс
беруі үшін бәрін жасау керек. (Слайд №4)
В.А.Сухомлинский
1. Дарынды балаларды қалай
анықтауға болады.
2. Дарындылықты дамыту үшін
жағдай қалай қамтамасыз етіледі.
3. Дарынды балалармен жұмыс
жасағанда мұғалім өзі туралы білімін жетілдіріп, іс-әрекетін қалай
түзете алады?
4. Рефлексиялық
блок.
Шақыру
кезеңі:
Мұғалімдерге дұрыс деп
санайтын жауап нұсқасын таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру
ұсынылады.
1. Дарынды балалар –
бұл…
1) оқуда жақсы нәтиже
көрсету;
2) тапсырмаларды тез және
дұрыс орындау;
3) әр сабақта жауап
беру;
4) өзінің нақты қабілеттерін
көрсетуге дайын (мысалы, математикадан және
т.б.);
5) басқаларға қарағанда
материалды тез қабылдап, жақсы есте
сақтау;
6) ерекше ойлау қабілетімен
ерекшеленеді;
7) шығармашылық қабілеттердің
болуы;
8) күрделі тапсырмаларды
орындай алады;
9) әртүрлі сұрақтар
қоюға;
10) жауап
нұсқаңыз_____________________________________
2. Дарындылықтың дамуына
қандай факторлар ықпал етеді?
1) үйде ерекше жағдай жасау,
ата-ананың қызығушылығы мен көмегі;
2) білім беру ұйымындағы
ата-аналар мен педагогтардың бірлескен
жұмысы;
3) балаларды күрделіліктің
жоғары деңгейінде оқыту;
4) арнайы топтар мен мекемелерде
оқыту;
5) күрделі ойындар, тапсырмалар, шығармашылық
сынақтар;
6) баланы жан-жақты дамыту;
7) психикалық даму;
8) жеке жұмыс;
9) баланың дамуына шебер басшылық
жасау;
10) сіздің жауабыңыз
_______________________
3. Дарынды балалармен жұмысты
ұйымдастыруда қандай қиындықтарға
кезігесіз?
1) кәсіби дағдылардың болмауы;
2) мектепте тиісті жағдайдың
болмауы;
3) материалдық базаның
әлсіздігі;
4) сыныпта балалардың көп
болуы;
5) ата-аналардың өз балаларына көмектескісі
келмеуі;
6) сіздің жауабыңыз
_______________________
Дарынды бала – бұл сол немесе
басқа іс-әрекетте жарқын, айқын, кейде көрнекті жетістіктерімен
(немесе мұндай жетістіктерге ішкі алғышарттары бар) көзге түсетін
бала
Түсіну
кезеңі:
Жұппен жұмыс. Дарынды
балаларды қалай анықтауға болады? Дарынды балалардың ерекше
белгілері.
Мұғалімдердің
сөзі.
Дарынды балаларды бір реттік
іріктеудің орнына, дарынды балаларды оқыту барысында оларды
кезең-кезеңімен іздеуге күш салу қажет.
Дарынды балаларды анықтау
кезінде жоғарыда айтылғандай, кешенді тәсілді қолданған
дұрыс.
Бұл жағдайда әртүрлі
әдістердің кең ауқымын қолдануға болады
балаларды бақылау әдісінің
әртүрлі нұсқалары (зертханалық жағдайда, сабақтан тыс жұмыстарда
және т.б.);
арнайы психодиагностикалық
тренингтер;
мұғалімдердің, ата-аналардың
және тәрбиешілердің балалардың мінез-құлқына сараптамалық баға
беруі;
арнайы бағдарламалар бойынша «сынақ» сабақтарын
өткізу, сондай-ақ балаларды арнайы ойын және пәндік-бағдарлы
сыныптарға қосу;
балалардың шығармашылық іс-әрекетінің нақты
өнімдерін сараптамалық бағалау;
әртүрлі интеллектуалдық және пәндік
олимпиадаларды, конференцияларды, спорттық жарыстарды
ұйымдастыру;
дарындылықтың нақты жағдайын талдау міндетіне
байланысты әртүрлі психометриялық әдістерді қолдану арқылы
психодиагностикалық зерттеу жүргізу.
Дегенмен, дарындылықты анықтауға арналған кешенді
тәсілдің өзі қателерді толығымен жоймайды. Нәтижесінде, дарынды
бала «елеусіз қалуы» мүмкін, немесе, керісінше, өзінің кейінгі
іс-әрекетінде бұл бағалауды ешбір жолмен растамайтын бала
дарындылар қатарына жатқызылуы мүмкін.
Баланы дарынды деп бағалау өз алдына мақсат емес.
Дарынды балаларды анықтау оларды оқыту мен тәрбиелеу міндеттерімен,
сондай-ақ оларға психологиялық көмек пен қолдау көрсетумен
байланысты болуы керек.
Ұсыныс:
-
Мектепішілік, қалалық,
облыстық ғылыми конкурстарға дайындық жұмыстарын жандандыру.
Жауапты: ДОТЖО С.Туткабаева, пән
мұғалімдері;
-
«Дарын, Зерде» ғылыми жоба
жарыстарына жобалық жұмыстарының дайындық барысы тексеріліп,
жұмыстары жүйеленсін. Жауапты: Шығармашылық топ мүшелері, жоба
жетекшілері;
-
Әр пән бойынша Онлайн, оффлайн
пән олимпиадаларына оқушылардың қатысуын үнемі қадағалап отыру
керек. Жауапты: ДОТЖО С.Туткабаева
-
Тіл саласы бойынша әдеби
шығармашылық жарыстарға, конкурстарға оқушыларды дайындау,
қатыстыру. Жауапты: ДОТЖО С.Туткабаева, пән
мұғалімдері.