Материалдар / Оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік және жобалау қабілеттерін арттыру жолдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік және жобалау қабілеттерін арттыру жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды ізденушілікке, зерттеушілікке баулу жолдары, жобалау қабілеттерін арттыру туралы жазылған. Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын баланың зерттеушілік қабілеті арта түсетіні жайлы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қазан 2021
445
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сағындыкова Алтынай Әмірқызы,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Раздольное негізгі мектебі» КММ

ШҚО, Көкпекті ауданы


Оқушылардың ізденушілік, зерттеушілік және жобалау қабілеттерін арттыру жолдары


«Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі»
Питер Клайн


Абай Құнанбаевтың жетінші қара сөзіндегі « Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі – көрсем, білсем деп, ер жетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, «ол неге өйтеді?», « бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді», – деген ой тұжырым оқушының биік танымдық қабілет, тұрмыс-тіршіліктің сырын ұғуға талпыныс баланың ерте жасынан туындайды екен. Сондықтан, оқушыны зерттеушілік, ізденушілікке бастауыш сыныптан бастаған дұрыс.

Өйткені бастауыш сынып оқушысының түрлі сөздіктер мен қызықты әдебиеттерді іздеп табуға, оқып танысуға деген құштарлығы басым болады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады.

Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасының “ басты мақсаты оқушылардың талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, яғни оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, оқушыны ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету болып отыр.

Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз” демекші, бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сондықтан қазіргі мектептің басты мақсаты – баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің ашылуына қолайлы жағдай жасау. Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту – бүгінгі күннің басты талабы.

Қазіргі кездегі білім беру ісінің негізгі нысаны-жас ұрпақтың біліктілігін ғана қалыптастырып қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сонымен қатар оны ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі күнге лайықты өмір сүріп,қызмет етуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру болып отыр. 

Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Шығармашылық қабілетті дамытудың құралдары мен түрлі жолдарының арасында оқушының өзіндік зерттеу тәжірибесі өте тиімді болып табылады. Зерттеушілік білігі мен дағдылары бүгінгі күні ғылыммен айналысатын адамдарға ғана тән емес, түрлі саладағы әрбір адамның әрекетіне қажет. Зерттеуші-оқушы өзінің табиғатынан зерттеуге бейім келеді. Білуге құмарлық,бақылау жасауға талпыныс,өзінше эксперимент жүргізуге баланың балалығымен бірге  жүретін процесс. Зерттеу,іздеу белсенділігі-баланың жаратылысына тән табиғи құбылыс. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі.Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандыруға, көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады. 1999 жылдан бастап, оқушылардың зерттеушілік, ізденушілік, жобалау әрекеті біртұтас жүйе ретінде құрылды. Ал бүгінгі күні бұл әдістеме оқытудың құзіреттік тәсілі жағдайында ерекше қажеттілікке ие. Жоба- латын тілінен аударғанда «алдын ала» деген ұғымды береді. Зерттеу күнделікті қолданыста адамның танымдық әрекет түрлерінің бірі ретінде жаңа білімді игеру қабілетімен түсіндіріледі. Зерттеушілік оқыту- баланың қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құралған оқытудың негізгі тәсілі.Зерттеудің жобалаудан айырмашылығы мынада. Зерттеу алдын ала жоспарланған нысанды құруды көздемейді.Ол белгісізді іздеу,жаңа білімді іздеу процесі. Бұл-адамның танымдық әрекеттерінің бірі. Осылайша,жобалау мен зерттеу басынан-ақ әрекет түрлерінің бағыттары, мәні мен мазмұны жағынан түрліше. А.И.Савенков “жобалау мен зерттеу бағыттылығы мен мағынасы және іс-әрекетінің мазмұны бойынша әртүрлі ’’ деп атап көрсетті. Дегенмен жобалау әдісі мен зерттеу әдістерінің негізіне мыналар жатады:

           -оқушының танымдық білігі мен дағдысын дамыту;

          -ақпараттық кеңістікте бағдарлай алу білігі;

          -өз білімін өздігінен құрастыра алуы;

          – ғалымның әр саласының білімдерін кіріктіре алу білігі;

          -сын тұрғысынан ойлай алуы;

Екі әдіс те оқушылардың өзіндік әрекетіне бағдарланған (дербес,топтық,жұптық),оны арнайы бөлінген уақыт аралығында (сабақтың бірнеше минуттарынан бастап бірнеше апталар мен тіпті айлар аралығында) орындайды. Жобалау технологиясы және зерттеушілік әрекет технологиясы төмендегілерді қамтиды:

-кіріктірілген білім мен оны шешудің зерттеушілік ізденісін талап ететін проблеманың болуы;

-алынатын нәтижелердің практикалық,теориялық,танымдық маңыздылығы;

-оқушының өзіндік әрекетін;

-жобаның мазмұндық бөлігін оның кезеңдік нәтижелерін көрсете отырып құрылымдау;

-зерттеу әдістерін қолдану,яғни проблеманы және одан туындайтын зерттеу әдістерін анықтау; зерттеу әдістерін талқылау,ақпарат жинау,соңғы нәтижелерді рәсімдеу; алынған өнімнің тұсауын кесу,талқылаулар мен қорытындылар.

    Дарындылықтың табиғаты шексіз. Осы дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі ең тиімді болып есептеледі.
Зерттеушілік, ізденушілік – бала табиғатына тән құбылыс. Білуге деген құштарлық, бақылауға тырысушылық тәжірибеден өткізуге дайын тұру, әлем туралы жаңа мәлімет жинауға талпынушылық қасиеттер балаға тән дәстүрлі мінез.

Зерттеу жұмысымен айналысу, шығармашылық жоба жазу оқушының аналитикалық ойлау қабілетін дамытады, шешім қабылдай алу қабілетін қалыптастырады. Оқушыны ізденушілікке баули отырып, ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға көмектеседі.
                     Зерттеу түрлері:

1)теориялық          2 ) фантастикалық          3) эксперимент


Теориялық зерттеу мәселелерін теориялық талдау. Мәселелердің маңыздылығын, оның ерекшеліктерін, осы тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды сипаттау, сондай-ақ оның бүгінгі таңдағы шешілу жолдары. Осының барлығы зерттеу бөлімінің 1-ші теориялық мазмұнын құрайды.

 

Фантастикалық- өмірде болмайтын фантастикалық құбылыстар мен заттар жөнінде.

Эксперименттік – өзіндік байқаулар мен эксперименттерді жүргізуді  талап етеді.Балалар үшін ең қызықты эксперимент-нақты заттарға және олардың қасиеттеріне жасалған тәжірибелер.Оқушыларға әр түрлі тақырыпты беруге болады. Экспериментальді (практикалық бөлім) зерттеу мәселелер мәнісін түсіндіретін немесе оны шешуге мүмкіндік беретін ғылыми әдістерді пайдалануды болжайды. Зерттеу жұмыстарының бұл кезеңі маңызды болып табылады, бұл кезеңде жоба авторы өзінің шығармашылық мүмкіндігін көрсете алады. Бұл кезеңде эксперименттер,байқау, сауалнама, әңгімелесу, сұрақ қою, интервью алу т.б. зерттеу әдістері пайдаланылады. Ғылыми зерттеуді жүргізу кезінде дұрыс ақпарат алу үшін бір емес, бірнеше әдістер жиынтығы қолданылады.

      1.ТАҚЫРЫПТЫ ТАҢДАУ

Ғылыми зерттеу табыстылығының маңызды шарты-тақырыпты дұрыс таңдау.Тақырыпты таңдау –біржолғы процесс емес және қиын өзіндік ізденістің нәтижесі болып табылады.   Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.

Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек. Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.

Зерттеу жұмысының басты шартыоның жаңалығы және өзектілігі. Жұмыстың сәтті болуы үшін зерттенудің мақсаты мен міндеттерін ұғыну қажет.                                                                                                                     Мақсатбұл зерттеушінің ізденіс нәтижесі.Зерттеу мақсаты нақты және қол жетерлік болсын.

Міндеттерқадамдарды,мақсатқа жету кезеңдерін көрсету болып саналады.                                                                                                               Жұмыстың өзектілігі –яғни бұл жұмыстың қазіргі кезеңіндегі проблемасы.

Болжам-логикалық дәлелденбеген,тәжірибемен нақтыланбаған алдын ала ойластырылмаған білім

Қорытындыда болжамды дәлелдейтін жобаның негізгі нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалады, ұсыныстар беріледі.

Зерттеудің қол жетімді әдістері:

1.дербес ойлау

2.кітаптан оқып білу

3.кино,теле фильмдерден білу

4.интернет желісінен іздеп табу

5.басқа адамдардан сұрап білу

6.байқау

7.эксперимент жүргізу.



Оқушыларды ғылыми ізденіске баулу мақсатында «Мен-зерттеушімін» , «Мен – жобалаушымын» деген дәптер арнату. Дәптерге оқушылар ғылым әлеміне енудің түрлі жолдарын жазады, ұлы ғалымдар еңбегі, өмірінен мәліметтер береді. Оның маңызы оқушыларға практикалық та, теориялық та көмек бере алатынында. Ол әр баланың алдында жатады. «Мен-зерттеушімін» тақырыбында оқушылармен «дөңгелек стол», әңгімелер өткізуге болады. Алғашқы әңгімелерде «ғылыми жұмыстардың түрлері» сөз болады. Бұл жұмыстың тиімділігі оқушылардың ғылым туралы ұғымдарын кеңейтуге ықпал етіп, іздену, зерттеу жұмыстарының түрлерімен таныстырады

Педагогикалық үрдісте балалардың дарынын ашуда оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығы қажет. Зерттеу білігі мен дағдысы тек ғылыммен айналысатын адамға ғана емес, сондай-ақ әр адамның түрлі саладағы қызметіне қажет.


Оқушыларды зерттеу-ізденушілік жұмыстарға баулуды 2015 жылдан бері бастап, оқушылармен қызықты да өзекті тақырыптар таңдауға тырысамын.

2015 жылы 9 – сынып оқушыларымен бірге «Туған жердің табиғаты» тақырыбында жоба жасап, сыныпта қорғадық. Оқушылар бір ай көлемінде ауылдың табиғатын, көрікті мекендерін, өзенін, көлін суретке түсіріп, өз ауылының құрылу тарихы туралы жазуы керек болатын. Оқушыларға бұл жоба ұнағаны соншалық, күннің батқан кезіндегі сәтін қалай күткенін, ауылдың тарихын қалай іздегені туралы жарыса әңгімеледі. Дәл осы сыныпта дарынды оқушылармен сабақ тақырыбына сәйкес «Мұражайлар» тақырыбында презентация жұмысын жасаған болатынбыз. Мұндай ізденушілік жұмысын жасаған себебіміз оқушыларды презентация жасауға үйрету және оқушылардың ұғымындағы мұражайдан мұражайлардың түрлері одан да көп екенін ұғындыру мақсатында жасалған дүние болды.

«Тарихи тұлғалар тағылымы» тақырыбы бойынша халқымыздың басына қара бұлт болып төнген отыз жетінші жылдың қырғынына ұшыраған есіл ер – Ілияс Жансүгіров шығармашылығына арналған сабақ моделін құрастыру барысында оқушылардың білім деңгейін іздену, зерттеу жұмыстары арқылы шығармашылық деңгейге жеткізуді мақсат еттім.

Оқушыларға ұсынылатын шығармашылық тапсырмалар:

  1. «Өз ұлы, өз ерлерін ескермесе,

Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді?»

Рөлдік ойын.

А) Ілиястанушы ғалым ақынның өмірі мен әдеби еңбектеріне тоқталады.

Ә) Тарихшы ғалым сұм заманның шындығына тоқталады.

Б) Тілші дауылпаз ақын туралы баспасөз бетінде жарияланған мақала, естеліктерге шолу жасайды.

В) Әдебиеттанушы ғалым Ілиястың күллі жанрда қалам тербеген дарын иесі екендігін дәлелдейді.

Жақында ғана жалпы білім беретін мектептердің, мектепке дейінгі мекемелердің және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Ұстазға тағзым» тақырыбында өткізілген балалар шығармашылығының республикалық сырттай байқауына қатысып, ІІІ дәрежелі жүлдегер атанған оқушым Мурсалимова Сабинаның жұмысын да үлкен жобаға теңер едім.

        Зерттеу әрекеттері бала жаратылысына тән: білуге құмарлық,байқау жасауға талпыныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты табиғи құбылыстарды ынталандыра отырып,олардың жеке қасиеттерін ашуға жағдай жасайды. Алайда,орыс сыныптарына қазақ тілден зерттеудің әдістерін қолданудың өзіндік қиындықтары бар. Орыс тілді баланы зерттеу тақырыбымен «қинауға» да болмайды. Әр бала табиғатынан зерттеушілікке бейім болғанымен, алғашқыда оған бәрі арнайы түрде үйретіледі:проблеманы қалай анықтауға болады,болжамды калай құру керек,байқауды,экспериментті қалай жүргізу керек және т.б. қысқасы,оның зерттеушілік табиғаты үнемі педагогикалық қамқорлықты қажет етеді. Баланың айналаны өз бетімен танып білуге деген ұмтылысы негізінде құрылған оқытуда зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Балаларды оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен,оны қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі.Оқушылардың өзіндік зерттеулері,олардың жеке қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді.Сонымен қатар,өзіндік зерттеулер интеллектуалды және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар қоршаған дүниені тани келе,өздері үшін жаңа білімдерді «дайын күйде»алмай,өз бетімен ашады. Кіші жастағы балалар тәжірибесінде жеке және ұжымдық зерттеулер қолданылады.                                          

Сонымен, ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушының:

  • Ой-өрісі мен рухани жан дүниесінің дамуына ықпал етеді,
    • Өз бетінше жұмыс жасауға үйреніп, зерттеулер жүргізуге
    бейімделеді;
    • Ой жүйелілігі мен шешендік өнері қалыптасады;
    • Танып-білу,талдау-жинақтау,салыстыру, бастысын бөліп
    шығару, өмірде қолдану әдістерін меңгереді;
    • Оқыту мен тәрбиелеудің тиімділігін арттырып,оқушылардың
    жоғары шығармашылық деңгейін қамтамасыз етеді.

«Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін, дарынын ашу және әрбір оқушының өз мүмкіндіктерін, қабілет және икемділігін таныта білуіне жағдай жасау – мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Ендеше мектепте оқушыны ізденушілікке баули отырып ғылым мен техниканың жетістігіне сәйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дәл табуға, ғылымға жетелеу арқылы өздерінің қабілеттерін ашуларына көмектесуіміз қажет.
Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!