Материалдар / ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Математикалық сауаттылық – нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру
Авторы:
28 Қаңтар 2019
346
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ

САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ



      «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қзақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.

Қазіргі таңда білім берудің мазмұны жаңартылып, жаңаша көзқарас пайда болды. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандырып , оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған. Сауаттылық тұлғаның тұрақты қасиеті болып табылатындықтан, функционалдық сауаттылық сол тұлға меңгерген белгілі бір білім-біліктерден көрініс табады. Өйткені функционалдық сауаттылыққа адам нақты білім алу кезеңдерінен өткеннен кейін қол жеткізеді. Сондықтан білім белгілі бір сауаттылық деңгейін қамтамасыз ететін құрал және нақты іс-әрекеттердің нәтижесі ретінде қарастырылады.


   Осы функционалдық сауаттылықты дамытудың ең бір тиімді тәсілі  ол – оқытудағы математикалық сауаттылық.

Оқушылардың математикалық сауаттылығының қалыптасуы «математикалық құзыреттiлiктiң» даму деңгейлерімен сипатталады:

  1. білу (еске түсіру); Терминдерді, сандарды қасиеттері бойынша суреттеу және есептеу; график пен кестеден мәліметтерді алу; құралдарды қолдану; классификациалау, математикалық объектілерді танып білу.

  2. қолдану (байланыстарды орнату); Нәтижелі шешу тәсілін таңдау; математикалық ақпаратты талдау және көрсету; модельдеу; тізбекке байланысты тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу.

  3. -   ойлау (пайымдау). Объектілердің арасындағы тәуелділікке талдау жасау; қорытындылау, дұрыс және бұрыс айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес есептерді шешу.

Математикалық сауаттылық – нәтижелерді түсіндіру, талдау және түрлендіру, математикалық модель құрастыру, қатынастарды анықтау, шынайы өмірде пайда болған мәселелерді шешу үшін математиканы дәлме-дәл қолдану қабілеттілігі. Осы қасиеттерді оқушы бойына дарыту үшін математика пәнінен берілетін тапсырмалардың сан алуандығы, есепте қарастырылатын мәселердің өмірден алынуы маңызды.

Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру үшін оларды теориялық білімін логикамен ұштастыра білуге, есепті тиімді тәсілмен шығаруға үйретумен қатар мынадай жұмыс түрлері жүргізіліп келеді:

  1. Сабақта жаңа технологияның тиімді әдіс- тәсілдерін қолданып, әр тақырыбы және тарау бойынша “білу – түсіну – қолдану”  дағдысын жетілдіру мақсатында деңгейлік тапсырмаларымен  жүйелі жұмыс жасалынуда.

  2. Математика пәні сабақтарында және таңдау курстарында күнделікті өмірде кездесетін төмендегідей есептерді сонымен қатар PISA тапсырмалары қолданылады:

Үйді салу үшін 15 бөрене,2 әйнек және 15 тақтай керек. Бұл материалдарды «Бөрене», «Әйнек», «Тақтай» қоймаларынан алады. Материалдардың бағасы және сату шарты төменде көрсетілген.



Қойма

1 бөрене бағасы,тг

1 әйнек бағасы,тг

1 тақтай бағасы,тг

«Бөрене»

400

2500

300

«Әйнек»

350

2450

325

«Тақтай»

375

2400

350

Қойманың атымен аттас затқа 5% жеңілдік бар,Қайсы қоймада сатып алған заттар арзан және қанша тұрады?

А) Бөрене, 15200тг. В)Әйнек, 14780тг.

С) Тақтай, 13412. Д) Әйнек, 13290тг.

Е) Тақтай,15270.

Жұмыс орнындағы бухгалтер ай сайын анамның айлығының  10%-ын, яғни 15 000 теңгені міндетті зейнетақы қорына  жібереді. Сонда анама жұмыс орнынан қанша  еңбекақы тағайындалған?   (150 000 тг)

Биылғы 2017-2018 оқу жылынан бастап 10-11 сынып оқушыларының интеллектуалдық потенциалын, шығармашылық қабілеттерін және тұлғалық сапаларын дамыту мақсатында таңдау пән ретінде «Математикалық сауаттылық» пәні өткізіліп отыр. Бұл оқушылардың жоғары оқу орнында оқуын жалғастыру мүмкіндігін беретін ұлттық бірыңғай тестілеудің математикалық сауаттылық бағыты бойынша білім сапасын жетілдіру болып табылады.

Оқушылар жетістігін қорытындылайтын болсақ, былтырғы 2016 – 2017 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысы бойынша мектеп түлектері математикалық сауаттылық пәні бойынша жоғары деңгейдегі білім сапасын көрсетіп, республикамыздың жоғары оқу орындарының грантын жеңіп алды. Атап айтсақ, Кантаева Рита, Қадыр Аян, Жұлдызбек Қасым, Зекенова Асылай, Рахымжанов Ғасыр.

Соңғы екі жыл көлемінде оқушылардың қабілеттерінің ашылуына математикалық сауаттылық пәні көп септігін тигізуде. Мектеп оқушылары КИО, НИО қашықтық және әр түрлі қалалық деңгейдегі олимпиадаларға қатысып, жүлделі орын иегері атанды. Сондай – ақ түрлі жобаларға қатысып, өз шығармашылықтарын шыңдауда.

Биылғы 2017-2018 оқу жылында республикалық «Ақбота интеллектуалды марафонына» мектептен 90 оқушы қатысып, 50 оқушы жүлделі орын иеленіп, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.









Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.Ә. Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту– Қазақстан дамуының басты бағыты» атты  Қазақстан халқына Жолдауы, 27 қаңтар 2012 жыл

  2. Мектеп оқушыларының функционалық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832  қаулысы.

3.PISA халықаралық зерттеуі. Әдістемелік құрал - Астана ,ҰББСБО, 2013

4.Қазақстан мектебі №1 2018 қаңтар.
















Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі