Материалдар / Оқушылардың стресс жағдайында психологиялық көмек беру тәсілдері мен амалдары

Оқушылардың стресс жағдайында психологиялық көмек беру тәсілдері мен амалдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі әлемде кез-келген адам әлеуметтік мәртебесі мен материалдық деңгейіне қарамастан стресске ұшырайды. Стресс уқытқа қарай қысқа немесе созылмалы болуы мүмкін. Әрбір бала бұл стрессті кем дегенде бір рет бастан өткергеннің өзінде және бұл процесте әрқайсысы өзін жайсыз сезінеді. Бұл авторлық бағдарламада оқушыларға психологиялық қолдау көрсетудің бағдарламасын ұсынады. Бағдарлама өте тиімді және педагог-психологтарға көмекші құрал бола алады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Сәуір 2024
291
0 рет жүктелген
1500 ₸
Бүгін алсаңыз
+75 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +75 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«............................................» коммуналдық мемлекеттік мекемесі









АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА


«Оқушылардың стресс жағдайында психологиялық көмек беру тәсілдері мен амалдары»

(жоғары сынып оқушылары үшін)





Авторы: .....................................................................

Педагог-психолог





..........................., 2024 жыл

МАЗМҰНЫ


Бағдарламаның түсіндірме жазбасы ...................................................

2

Оқу-тақырыптық жоспар .....................................................................

4

Жалпы сабақтың өту циклограммасы .................................................

5

Бағдарламаның мазмұны ...............................

6

1. «Стресс дегеніміз не?». «Стресс бұл жақсы ма, әлде жаман ба?» Тақырыпты таныстыру.

6

2. Диагностиканы жүргізу үшін «Стресстің даму ықтималдығын анықтау әдісі» ...............................................................................................

6

3. Оқушылардың стрестік күйіне психологиялық көмек беру тәсілдері ......................................................................................................

7

4. Стрессті жеңуге қалай көмектесуге болады? Жазбаша практика .....

7

5. Стресске төзімділік- бұл әр адам үшін маңызды қасиет. ...................

8

6. Стрессогендік қасиеттерді шыңдау жаттығулары ..............................

8

7. Стрестік күйіне психологиялық көмек беру тәсілдері. Ата-аналарға арналған психологиялық ағарту жұмыстары ............................................

9

8. Оқушылардың стресске төзімділігін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық тренингті жүргізу тәсілдері ...........................

10

9. Стресс-менеджмент: стрестік жағдайларды басқару мен ұйымдастыру бойынша кеңестер ................................................................

12

10. Ата-аналарға кеңес. Сұрақ-жауап алаңы. Стресс жағдайындағы балаларға қамқорлық жасаудың кейбір тетіктері ......................................

13

11. Стресс синдромы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде мұғалімдерге психологиялық кеңес беру бағыттары ..............................

14

12. Қорытынды сабақ. Оқушылар өткен тақырыптар бойынша өзіндік талдамы мен ұсыныстары .........................................................................

14


ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР .....................................................


16

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ........................................

17

ҚОСЫМШАЛАР


БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫ


Мектепте орта сынып оқушылары аса байқалатын және кейде қарама - қайшы сезімдерді бастан кешіреді, яғни: өзін-өзі қабылдауы, ата-аналарымен және достарымен қарым-қатынасы, алдағы ағымдағы емтихандар, өз болашағы үшін жауапкершілік, әрине, қуаныш пен толқуды ғана емес, сонымен бірге үлкен стрессті де тудыруы мүмкін.

Қазіргі әлемде кез-келген адам әлеуметтік мәртебесі мен материалдық деңгейіне қарамастан стресске ұшырайды. Стресс уқытқа қарай қысқа немесе созылмалы болуы мүмкін. Әрбір бала бұл стрессті кем дегенде бір рет бастан өткергеннің өзінде және бұл процесте әрқайсысы өзін жайсыз сезінді.

Бағдарлама мектептің 5-8-сынып оқушыларына арналған және бір оқу жылы кезеңінде жүзеге асырылады.

Бағыты: Психологиялық алдын алу және ағартушылық жұмыстары.

Өзектілігі: Әрине, қазіргі балалар өмірінде кішігірім стресстер сөзсіз болады. Өйткені, қоғам мен қоршаған орта үнемі қозғалыста, өзгеруде және адам үнемі жаңа жағдайларға бейімделуі керек. Жеткіншек балалардың стрестік күйіне психологиялық көмек беру жолы ретінде әлеуметтік-педагогикалық тренинг- жеке қасиеттерді қалыптастыруға және дамытуға бағытталған топтық пікірталас, іскерлік және рөлдік ойын әдістерін қолдана отырып белсенді топтық жұмыс.

Жаңалығы: стресске төзімділігін қалыптастыруға бағытталған өзін-өзі реттеу және әлеуметтік-психологиялық тренингтің оқушы өмірінде тиімділігі артады.

Мақсаты: оқушының өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру және жағдайды түсіне алу мен стресске төзімділік деңгейін арттыру.

Міндеттері:

- оқушылардың стрестік күйіне психологиялық көмек беруді ұсыну;

- қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру, стереотиптерді жоюға және қатысушылардың жеке мәселелерін шешуге психологиялық көмек пен қолдау көрсету.

Ерекшелігі: бағдарламаның практикалық маңыздылығы бар, балалар мен жеткіншектерге мектептегі стрессті жеңу бойынша ұсыныстар әзірленген.

Күтілетін нәтижелері:

  • Оқушыларда стресс, стресске төзімділік, өзін-өзі реттеу туралы білім жүйесі қалыптасады;

  • өзін-өзі диагностикалауға, өзінің психоэмоционалды жағдайын өзін-өзі бағалауға үйренеді;

  • стресстік күйден шығудың және жеке өзінің тұлғалық ресурстарын ашуда жеке әдісін таңдауға негіз жасайды;

  • психоэмоционалды шиеленісті жеңілдету әдістерін тәжірибеде үйренеді.

  • жағымды және жағымсыз стресті ажырата алу арқылы сол жағдайда мінез-құлықтың тиімді әдістерін меңгереді.

Әдістері: қолданылатын формалар мен әдістер ретінде әңгімелер; дәрістер; рөлдік ойындар; бейнелеу, релаксация, тыныс алу әдістері; психогимнастика; тренингтік әдістері; арт-терапия элементтері кіреді.

Авторлық зерттеу бағдарламасының тәжірибелік-эксперименттік базасы: ............................................» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Жүргізу формасы: топтық және/немесе жеке сабақтар.

Бағдарлама мазмұны 12 тақырыпты қамтиды. Мектептегі стресстің балаларға әсерін анықтау үшін арнайы «Стресстің даму ықтималдығын анықтау әдісі» сауалнамасы қолданылды.

Жалпы сабақтың жоспарланған сағат көлемі – 36 сағат.

Жалпы сабақтың өту ұзақтығы – 2022-2023 оқу жылы бойы.

Апталық сағат саны – 1- сағат (бейсенбі күндері).

Бір оқу-жаттығу сабағының ұзақтығы – 45 минут.

Әзірленген бағдарлама оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру және стресске төзімділік деңгейін анықтау барысында мектеп педагог-психологының профилактикалық жұмыс бағытына сәкес келеді.

Практикалық мәні: сабақтарда психогимнастикалық жаттығулар, ойын элементтері бар жаттығулар, топтық пікірталастар, «миға шабуыл», өзін-өзі реттеу әдістері, сыни ойлауды дамыту әдісі, оның ішінде: визуализация әдісі, метафоралық астарлы әңгімелер, ассоциативті-метафоралық фотокарталар белсенді қолданылады.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында ұстанатын қағидалар:

Ізгілендіру қағидасы – стресске төзімділік деңгейін анықтау арқылы оқушылардың тұлғалық, ресурстық мүмкіндіктері және өзін-өзі нақтылауға баса назар аударылды.

Даралау қағидасы - педагог-психологиялық жұмыс формалары мен әдістерін таңдауда оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескеру.

Әлеуметтену қағидасы – стресс жағдайында оқушылардың әлеуметтік ортада өзін-өзі реттеуіне ықпал ету, әртүрлі эмоционалдық қобалжу кезінде жағдайды дұрыс қабылдау арқылы әлеуметтік тәжірибені меңгеру жүзеге асырылды.

Денсаулық қағидасы - ұйқыны дұрыс ұйымдастыру, ақуызға, дәрумендер мен минералдарға бай тағамдарды тұтынуды, физикалық белсенділікті қоса алғанда, дұрыс күн режимін сақтау ескеріледі.

Бұл бағдарлама 5-8 сынып оқушыларын стресстің алдын-алу қажет екенін ескертеді. Яғни стресс - бұл дененің физикалық және психикалық күйінің эмоциялық сипаты, десек те бүгінгі таңда стресс кез-келген тұлғаның өміріне еніп, оның әрекетінің барлық салаларында өзінше сипатымен көрінуде. Осы тақырыпты жан-жақты қарастырып талдау педагог-психологтың атқаратын кәсіби әрекеттерінің бірі.

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

Сабақ тақырыбы

Өту мерзімі

Сағат саны

Сабақты өткізу формасы

1

Кіріспе сабақ.

«Стресс дегеніміз не?».

«Стресс бұл жақсы ма, әлде жаман ба?» Тақырыпты таныстыру.


Қыркүйек


4

Өз ойларын аргументтеу. Жауап ұсыныстарымен пікір алаңын қалыптастыру;

Коммуникативтік тренинг;

Кейс, рөлдік ойындар, презентациялар.

2

Диагностиканы жүргізу үшін «Стресстің даму ықтималдығын анықтау әдісі» Т.А. Немчиннің модификациясындағы Дж. Тейлор әдісі

Қазан

2

Психодиагностикалық, түзету-дамытушылық сабақ.


3

Стресстің түрлері. «Эустресс және дистресс дегеніміз не?». Оның бала өміріне әсері жайында.

Қазан

2

Психологиялық тренинг; Білім алушыларға диагностика жүргізу және талдау.

4

Стрессті жеңуге қалай көмектесуге болады?

Жазбаша практика (жеткіншек өзіне-өзі сұрақ қоя алуы)

Қараша

2

Психологиялық ойын «Сіздің нұсқаларыңызды тыңдап көрейік».

Психологиялық ағарту жұмыстары (дәрістер, тренингтер және т.б.).

5

Стресске төзімділік- бұл әр адам үшін маңызды қасиет.

Стреске түсудің жасерекшеліктік сипаты.

Қараша

2

Тыныс алу релаксациясы. Эмоционалды реакциялар бойынша психологиялық, терапиялық жаттығулар.


6

Стрессогендік қасиеттерді шыңдау жаттығулары.

Желтоқсан

4

«Стресс факторлары» бейне жазбалар.

Кейс тапсырмалары.

7

Стрестік күйіне психологиялық көмек беру тәсілдері. Ата-аналарға арналған психологиялық ағарту жұмыстары.

Қаңтар

4

Психологиялық, терапиялық жаттығулар.

Топтық және жеке жұмыс. Кейс, рөлдік ойындар, презентациялар.

8

Оқушылардың стресске төзімділігін қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-педагогикалық тренингті жүргізу тәсілдері.

Ақпан

4

Мотивациялық тренинг, психологиялық, терапиялық жаттығулар.

9

Стресс-менеджмент: стрестік жағдайларды басқару мен ұйымдастыру бойынша кеңестер.

Наурыз

2

Психологиялық ағарту жұмыстары (дәрістер, тренингтер және т.б.)

10

Ата-аналарға кеңес. Сұрақ-жауап алаңы. Стресс жағдайындағы балаларға қамқорлық жасаудың кейбір тетіктері.

Наурыз

2

Коммуникативтік ойындар. Психологиялық ағарту жұмыстары (пікірталастар, тренингтер және т.б.)

11

Стресс синдромы бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде мұғалімдерге психологиялық кеңес беру бағыттары

Сәуір

4

Семинар-тренинг. Коммуникативтік ойындар.

12

Қорытынды сабақ.

Оқушылар өткен тақырыптар бойынша өзіндік талдамы мен ұсыныстары.

Мамыр

4

Жазбаша жұмыс.

Эссе жазу. Оқушылармен өзара талдау.

Мотивациялық тренинг.


Барлығы:


36


Жалпы сабақтың өту циклограммасы

DrawObject1

КУРС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ


Сабақ 1. Кіріспе сабақ. «Стресс дегеніміз не?». «Стресс бұл жақсы ма, әлде жаман ба?» Тақырыпты таныстыру (4-сағат).

Сабақты өткізу формасы: Коммуникативтік тренинг; кейс, рөлдік ойындар, презентациялар; өз ойларын аргументтеу; жауап-ұсыныс-пікір алаңын қалыптастыру.

Мәтін. Стресс дегеніміз не және оның психологиялық денсаулыққа әсері жайында сөз сөйлеу. Стресс - бұл ми мен дененің әмбебап реакциясы. Стресс - бұл қарапайым және жиі кездесетін құбылыс, ол адам өмірінің ажырамас бөлігі болып табылады, оны бәрі бірдей жеңе алмайды. Ал, стресске төзімділік - бұл әр адам үшін маңызды қасиет, әсіресе жасөспірімде бұл қиын кезеңді физикалық және психологиялық жетілуінен қалыпты өткізуге көмектеседі.

Әдістемелік ұсыным: Осы оқу-тренингтік сабақтарының пайдасы және өзектілігі жайында баяндап беру. Оқу-жаттығу жоспарымен таныстыру. Анықтамалық парақшаларды үлестіру, бағдарламаны сәтті жүзеге асыру мақсатында пікірлерін білу және есепке алу.

Жаттығу «Стресс бұл?» психологиялық ойын. Ойын арқылы көпшілікке өзін таныстыруды да қоса орындайды. «-Сіздің ойыңызша, стресс жақсы ма, жаман ба? Жауабыңызды дәлелдеңіз».

Мақсаты. стресстің түсінігі мен себептерін, қорқыныш ұғымын, стресске төзімділікті, дененің стресске төзімділігін, стресстік жағдайлардан шығу жолдарын анықтау.

Сабақтың кері байланысы. Оқу-жаттығу тренингтік сабақты қорытындылау.

Сабақ нәтижесі: Қатысушылар стресске төзімділігі бойынша тұлғалық ерекшеліктерінің маңызды қасиеттерімен таныс болады. Өз бойларынан іздеп, идентификациялық әрекеттерді жүзеге асырылады.

Сабақ 2. Диагностиканы жүргізу үшін «Стресстің даму ықтималдығын анықтау әдісі» Т.А. Немчиннің модификациясындағы Дж. Тейлор әдісі (2-сағат). Қосымша 1-де толық берілген

С

абақты өткізу формасы: психодиагностикалық, түзету-дамытушылық сабақ.

Мәтін: «Стресстің даму ықтималдығын анықтау әдісі» Т.А.Немчиннің модификациясындағы Дж.Тейлор әдісі оқушылардың стресске төзімділігінің үш деңгейін анықтауға мүмкіндік береді: төмен, орташа және жоғары. Тестілеу басталар алдында оқушыларға 50 бекіту сауалдардан тұратын әдістеме бланкілері таратылады, оларға «иә», «жоқ» деп жауап беруге болады. Оқушылар өздері келісетін мәлімдемелерді атап өту керек деп түсіндіреді. Нәтижелерді өңдеу кезінде субъект келісетін «жоқ» және «иә» деген мәлімдемелердің жалпы саны есептеледі. Сауалнамада берілген сұрақтарды атап өту керек. Нәтижелерді өңдеу кезінде қатысушы келісетін «жоқ» немесе «иә» деген мәлімдемелердің жалпы саны есептеледі. Егер мұндай мәлімдемелердің саны 40-50-ге жетсе – адам күйзеліске ұшырайды, оның дене күшінің резервтері сарқылуға жақын-стресстің үшінші сатысының даму ықтималдығы жоғары. Ал, 25-ке дейін-стресстің орташа тұрақтылығы, тиісті шаралар болмаған кезде (өзін-өзі реттеу әдістер

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!