400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың мәні»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім толық және пайдалы болу үшін оның теориялық және практикалық мәнділігі қатар жүруі тиіс. Сабақта берілген практикалық тапсырмаларды орындауда балалардың стандарттан тыс ойлауы мен тың шешімдерді ұсынуы, бірнеше әдістерді комбинациялауы мен трансформациялауына ұстаздар қауымы дайын болуы да маңызды. Ескі сарынмен жүрмей, сабақты балалардың қызығушылығын оятып, олардың шығармашылық-өнертапқыштық әлеуетін оятып, 4К моделінде көрсетілген сапаларды (критикалық ойлау, коллобаративтілік, коммуникативтік, креативтілік) қалыптастыратындай етіп құру аса маңызды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ


«Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың мәні»


Бегаулова Айгүл Айтқұлқызы




Еліміздің білім беру саласындағы басты құжаты «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, .. жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту» - деп көрсетілген [1]. Жыл өткен сайын креативті, ұшқыр ойлы жастарға деген сұраныс артып жатқанын байқаймыз. Ендеше жоғарыда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін мектеп партасынан бастап, оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін, дарынын ашуға жан-жақты мүмкіндік жасауымыз керек. Ол үшін әрбір сабақ педагогикалық технологияларды шебер үйлестіріп, оқушының жеке қабілеттерін, құзыреттіліктерін дамытуға бағытталуы тиіс деп санаймыз.

«Өмір бойы білім алу» принципіне сәйкес ұстаздың да, оқушының да білім алуға және алынған білімді өмірде қолданып, тың нәрсе ашуға құлшынысын арттыру үшін пәнге деген қызығушылықты арттыру қажет. Педагогикалық технологияларды біртұтас педагогикалық процесске енгізу, тиімді пайдалану ешқашан күн тәртібіні түспейтіні анық. Оқушы бойындағы білім, білік, дағды, құзыреттіліктер оның өмір бойғы азығы екенін жете түсінетін болсақ, әрбір сабақтың жеке тұлғаға берер орасан зор мүмкіншілігін ескеруге болады.

Атақты ғалым Б.С.Гершунский қазіргі заманғы білім беру саласының тиімді жұмыс істеуін негізгі екі міндетті шешумен байланыстырады: біріншісі, осы саламен қамтылған әрбір тұлғаны, оның жеке дүниеге көзқарасы мен ментальдығын қалыптастыру, осы құндылықтарды білім беру (педагогикалық) мақсатын қою, мазмұны мен білім беру (оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту) үдерісі жүйесіне тікелей немесе жанамалып қосу жолымен оны қоршаған орта мен адамзат өркениетінің мәдени құндылықтарына тарту; екіншісі, алынған білім есебінен осындай себептер келтірілген және онда өмірлік өзін-өзі іске асырудағы жоғары басымдылықтарын көрсетіп жеке шығармашылық, белсенді түрлендіргіш, жасампаз қызметі есебінен адами қауымдастықтың «ментальды кеңістігін», «рухани өрісін» қалыптастырып, үздіксіз байытуға негізделеді [2]. Ғалымның пікірімен келісе отырып, мынадай тұжырымға келеміз. Жыл өткен сайын МЖББС-тің талаптары мен нормамен шектеліп қалмай, әр баланың әлеуетін арттыру қажеттілігін байқаймыз.

Сапалы білім мен құзыреттіліктермен қаруланған, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру мақсатында «жалпыдан жекеге өту» арқылы, әр балаға назар аудару қажеттілігін байқаймыз. Партада отырған әр баланың қабілет-қарымын ашу мен дамытуда білім беру ұйымы қызметкерлері мен ата-ананың бірлескен іс-әрекеті маңызды.

Бүгінгі таңда жалпы орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзыретттілік тәсілді алу ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген [3]. Сонымен қатар, функционалды сауаттылықты жетілдірудің негізгі мәні – оқушылардың алынған білімду өмірде қолдана білуіне үйрету болып табылады.

Білім толық және пайдалы болу үшін оның теориялық және практикалық мәнділігі қатар жүруі тиіс. Сабақта берілген практикалық тапсырмаларды орындауда балалардың стандарттан тыс ойлауы мен тың шешімдерді ұсынуы, бірнеше әдістерді комбинациялауы мен трансформациялауына ұстаздар қауымы дайын болуы да маңызды. Ескі сарынмен жүрмей, сабақты балалардың қызығушылығын оятып, олардың шығармашылық-өнертапқыштық әлеуетін оятып, 4К моделінде көрсетілген сапаларды (критикалық ойлау, коллобаративтілік, коммуникативтік, креативтілік) қалыптастыратындай етіп құру аса маңызды.

Әрбір баланың зор мүмкіншіліктерін ашу үшін шығармашылық қабілеттерін, зерттеушілік құзыреттіліктерін ояту қажет деп санаймыз. Шығармашылық зерттеушілік ізденіс адам үшін екі түрлі көзқараспен маңызды: бір жағынан, жаңа өнімге қол жеткізуінде, екінші жағынан, ізденіс процесінің мәнділігінде. Адам шығармашылық нәтижесіне ғана қанағаттанып қоймай, шығармашылық пен зерттеу ізденушілігінің өзінен де ләззат алуға қабілетті [4].

Психологтар зерттеу үрдісін тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуында маңызды деп көрсетеді. Ізденушілік белсенділігі төмендеген сайын адам қолынан еш нәрсе келмейтін сияқты үрей туғызатын жағдайға тап болуы мүмкін. Сонымен қатар ізденушілік талабы басылып қалған баланың мінез-құлқы өзгеріп, айналасындағы жағымсыз қылықтарға бой алдыруы мүмкін. Сөйтіп білімге деген ынтасы басылып, нәтижесінде өзінің қабілетін- мүмкіндігін әлдеқайда төмендетіп алуы ғажап емес. Ал, оы ізденіс пен білуге-тануға деген құштарлықты арттыру әрбір педагогтің жазылмаған заңы десек болады. Яғни, сабақты сапалы құру мен жүргізу, оның практикалық мәнділігін арттыру үшін де педагог үнемі ізденісте, өз білім алушыларын жете зерттеуі тиіс.

Бала дүниеге келе салысымен, айналаны зерттеуге, жаңа нәрсені тануға құмар болады. Сол қабілет-қарымды сөндіріп алмай, пайдалы нәрсеге жұмсау үшін отбасынан бастап, жоғары білім беру ошақтары барын салуға тиіс.

Оқытуда оқушының өз еркімен білім алуына, материалды ойлау қабілетіне бағыттауға, оқытуды жаттанды түрде емес, шығармашылықпен меңгертуге көңіл бөлу қажет. Әрбір оқушы қиялы жүйрік, жан дүниесі нәзік, өзін қызықтырған істе белсенді, ақыл-қабілеті дамыған болашақ еліміздің азаматы, болашақ дәрігер, ұстаз, құрылысшы, ғалым т.б. деп қарайтын болсақ, осы бастан оның қабілет-қарымын, шығармашылық әлеуетін анықтап, оны барынша дамытуға шын ықылас қоюымыз қажет.

Қорытындылай келе, бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді, дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Блум таксономиясы, Маслоу пирамидасы, СТО (сын тұрғысынан ойлау технологиялары), интерактивті оқыту әдістері т.б. қаруланып, оны дұрыс және ұтымды қолдана білудің артында не тұрғанын байқай қиындық келтірмейді.

Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктейді. Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді , өз білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Сабағы қызықты, адамгершілік қасиеттері жоғары, оқушы жүрегіне жол таба білген ұстаздың берер пайдасы ғасырларға жалғаспақ.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2007.

  2. Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. – Астана, 2015.

  3. Гершунский Б. Соврменные требования в учебном процессе. – Москва, 2019.

  4. Тұрғанбекова Б. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе. – Алматы, 2005

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
16.05.2024
235
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі