Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оқушылардың танымдық белсенділігі құралы ретінде қазақ тілі сабақтарында оқытудың интерактивті әдістерін қолдану
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Оқушылардың танымдық белсенділігі құралы ретінде қазақ тілі сабақтарында оқытудың интерактивті әдістерін қолдану
Қазіргі таңдағы жаңалықтар білім беру жүйесіне жаңа технологияларды әкелгені баршамызға белгілі. Оған білім стандарты, инновациялық технологиядан іздену, әлемдік білім кеңістігіне ену жұмыстарын жатқызуға болады.
Білім берудің қазіргі міндеті – білім алып, білім мен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес әлеуметтік және кәсіби біліктілікті ақпаратты өзі іздеп тауып, талдау және ұғымды пайдалану, тез өзгермелі қоғамға лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Оқу орындарының студенттеріне мемлекеттік тілді оқытып-үйретудің кәсіби бағдарлы, қатысымдық жағын күшейту, сөйтіп, оны ұлтаралық қатысым құралына айналдыру талабы қойылып отыр. Қазақ тілінің қоғамдағы қатысымдық қызметінің деңгейін көтеру үшін оны студенттерге кәсіби бағытта оқытып - үйрету қырынан жандандыру керек. Бұл үшін студенттерге мемлекеттік тілді оқытып-үйретуді болашақ маманның кәсібімен тығыз байланыстыра жүзеге асыру көзделеді.
Кәсіби қазақ тілін оқытуда интерактивті оқыту технологиясын қолдану арқылы өмірде болып жататын түрлі жағдаяттарды дидактикалық талаптар тұрғысынан екшеп алған соң, тілдік жағдаят жаттығуларына айналдыра білу керек.
Тіл үйрету жұмысы - өте күрделі процесс. Сондықтан тіл үйрету барысында жүргізілетін жаттығу жұмыстарының барлығы бір-біріне байланысты, жеңілден ауырға қарай, сатылап жүргізілуі қажет. Студенттер қазақ тілі сабағында тек тіл үйреніп қана қоймайды, олардың сабақ үдерісінде қазақша ойлау дағдылары қалыптасып, өмірге өзіндік көзқарасы айқындалып, ұғым - түсінігі кеңейеді. Сондықтан да оқытушы әр студенттің қабілетін, қазақ тіліне деген көзқарасын білуі керек. Өйткені тіл үйрету барысында әрбір студенттің жеке қабілеті еске алынады, жан дүниесі ескеріледі.
Қазақ тілі сабағында студенттер болашақ мамандығы бойынша ғылым негіздерімен танысып, білімді игеруде түрліше оқу әрекеттерін орындай отырып, өзінің шығармашылық қабілеттерін жетілдіреді. Ойлау қабілетіне тәрбиелеу студентті жан-жақты дамытумен тығыз ұштасып жатады. Бұл оның білу құмарлығы, көзқарасы мен сенімін тәрбиелеумен қоса жүргізілуі тиіс. Бүгінгі таңда тіл үйретуші оқытушыларымыз қазақ тілін мамандыққа қатысты оқытудың әр түрлі жолдары мен технологияларын қолдануда.
Интерактивті әдістерді қолданудың басты себептері мыналар:
- ақпараттар мен дағдыларды игереді;
- студенттер өздерінің білетінін басқалармен бөліскенде, ақпаратты беруші де, алушы да білім алады;
- студент идеясының логикалық дұрыстығы бірден анықталады;
- өзара әрекет арқылы студенттер қазіргі кездегі саналы азамат игеруі тиіс демократиялық қатысу практикасына ие болады;
- әріптестерінің көзқарастары мен өзіндік пікірлерінің бірдей болуы -
мүмкін еместігіне студенттердің көздері жетеді;
- оқытудың бұл түрі оқушыларды қызықтырады. Себебі бұл әдіс студенттердің бойына төмендегідей әдет-дағдыларды қалыптастырады.
1. Студент өзін-өзі еркін, батыл сезінеді. Тілге деген қызығушылығы артады.
2. Студенттер топ болып, жұп болып әрекет етуге үйренеді. Топпен не жұп -
пен жұмыс істеу кезінде оқушылар арасында өз пікірін дәлелдеп қорғау немесе қателігін көрсете білу мен мойындауға, пікірлесе отырып ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді.
3. Білімі төмен студентке, білімі жоғары студент көмек көрсетеді.
4. Студент өз білімін бағалау және бақылау дағдысын меңгереді.
Осылайша интерактивтік әдіс студенттерді мәселені бірігіп шешуге үйретеді. Ал бірігіп жұмыс істеу – әрі жеңіл, қызық, әрі тиімді. Студенттер бірлесіп үйренуде кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауға қалыптасады, ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарауға төселеді, жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді.
Жаңа технологияларды қолдану барысында студенттердің пәнге ынтасы, белсенділігі артып, білім сапасын тереңдетеміз. Сол сияқты іздемпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттерін дамытамыз. Қазақ тілінде сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу, өз ойын сауатты, толық жеткізу дағдыларын одан әрі қалыптастырамыз.
Зачем нужна эта технология?
Перед современным образованием стоит задача поиска новых видов и форм организации учебной деятельности. Обучение должно быть развивающим в плане развития самостоятельного критического и творческого мышления. С этой целью многие учителя уже давно используют проектную технологию, привлекая ресурсы сети Интернет. Но обилие информации в сети и ее качество не только не упрощают процесс работы над проектом, но и усложняют его. Одно из возможных решений данной проблемы это технология веб-квест.
Что такое веб-квест?
Веб-квест (webquest) в педагогике - проблемное задание, проект с использованием интернет-ресурсов.
Вебквест – сценарий организации проектной деятельности учащихся по любой теме.
Что дает использование этой технологии?
Веб-квест способствует:
-
поиску Интернет информации, которую поручает учащимся учитель,
-
развитию мышления учащихся на стадии анализа, обобщения и оценки информации,
-
развитию компьютерных навыков учащихся и повышению их словарного запаса,
-
поощрению учеников учится независимо от учителя,
-
развитию исследовательских и творческих способностей учащихся,
-
повышение личностной самооценки.
Для каких предметов подходит эта технология?
Преимущество данной технологии состоит в том, что она применима к любому школьному предмету.
Рассмотрим примеры веб-квестом по различным дисциплинам:
Эта технология подходит как для организации урочной индивидуальной или групповой работы, так и для внеклассной работы.
Кәсіби оқыту тәсілдері – бұл жүйелі және логикалық бірізділікпен іс-әрекет жасайтын оқытушы мен студенттің бірлескен қимылы. Осы арқылы студенттер кәсіптік білім негіздерін меңгереді; білік пен дағды, шығармашы-
лық қабілеттерін дамытады, кәсіби шеберлік қыр-сырын үйреніп оның негіздерін қалыптастырады.
Оқытудың қазіргі технологияларына келсек, жаңа технологиялардың бірі – модульдік оқыту технологиясы.
Модульдік оқытудың өзегі – оқу моделі. Ол: ақпараттардың аяқталған блогынан, студент іс-әрекеті бағдарламасынан, оқытушының нұсқауларынан тұрады. Модульдік оқыту – бұл студенттің өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту. Модульдік технология әдісі бойынша әр сабақта тек жаңа ақпаратты игеру емес, сонымен қатар қабылдаған ақпаратты өңдеу ептілігі мен дағдылары қалыптастырылады.
Модульдік технология оқу пәнін ірі тарауларға (модуль) бөлінуін, сонымен қатар әр тараудың мазмұны, білімі және ептілігі анықталып, сол модульді меңгеруге қажетті, бақылау және орындалған жұмыс туралы есеп беру әдістерін қарастырады, атап айтқанда: дәріс (жаңа материалды меңгеру сабағы), семинар, практикалық сабақ (білім, ептілік дағдыларын жетілдіру), коллоквиум, зачет (бақылау жұмысы, бағалау сабақтары), рефлексия (оқу материалының мағыналылығын түсіну деңгейін жоғарлататын студенттердің оқу іс-әрекеті компоненттерінің бірі). Сонымен, оқу процесін модульдік принцип негізінде ұйымдастыру дегеніміз – ол оқу жылын модульге бөлу.
Оқу модулі - ол оқу жылының құрылымдылық бөлігі.
Модульде оқу уақытының басым бөлігі студенттердің өз бетімен жұмыс істеуіне жұмсалады, алайда олардың білімдері күнделікті бақылау, тексеру (ағымдық бақылау) әдістері арқылы анықталып тұрады. Күнделікті бақылау нәтижесінде, пән бойынша рейтинг және аралық бақылау (рубеждік бақылау) жүргізіледі.
Модульдік технология жұмысына қойылатын бірыңғай талаптар әр тақырып бойынша: актуалдану модулі; теориялық модуль; практикалық модуль; қателер модулі; тексеру модулі; технологиялық карта модульдердің болуы қажет.
Актуалдану модульде: өткен тақырыптарды қайталауға арналған тест және жаңа білімді талап ететін бір тапсырмаларды орындау көзделеді.
Теориялық модульде тақырып бойынша:
- теориялық материалдың блок-схемасымен жұмыс істеу;
- топпен (жұппен) жұмысы;
- модуль мазмұнын талқылап, бір-біріне мазмұнын айтуы;
- модуль мазмұны бойынша сұрақтар құрастырып, дәптерлеріне жазып алуы;
- теориялық материалға өздерінің мысалдарын келтіруі және оларды жазып алуы;
- студенттердің өзбетінше жаңа тақырып бойынша блок-схема жасауы қажет.
Практикалық модульде:
- нақты тұжырымдалған оқу мақсаты (үйрену, білу);
- үлгі бойынша жұмыс;
- контексттен жаңа материалды ажырата білу;
- жаңа материалды оқу мақсатына байланысты өзгерте білу;
- жаңа материалды шығармашылық түрде қолдану жұмыстары жүргізеді.
Қазақ тілін өзге тілді дәрісханада оқытуда модульдік технология элементтерін қолданудың артықшылықтарына тоқсалсақ:
біріншіден, білім деңгейі әртүрлі студенттермен жеке тұлғалық жұмыс ұйымдастыру жүйесін (практикалық модульдер білім деңгейі әртүрлі студенттермен жұмыс) жүргізуге бағытталады.
Екіншіден, оқу үрдісінде студент әр деңгейлі жұмыстарды таңдауда:
- бағаланатын тапсырмаларды айқындауға;
- жоғары балмен бағаланатын күрделі тапсырмаларды орындауға;
- қорытынды бақылау тапсырмаларына алдын ала дайындалуға мүмкіндік алады.
Үшіншіден, технологиялық картада күрделі тапсырмаларды, сөздік қорын қолдану арқылы оқу үрдісінің тиімділігі жоғарлайды.
Модульдік технологияны қолдану – оқытушы мен студенттердің құзыреттілігінің өсуіне әкеледі, өйткені қазақ тілін өзге тілі дәрісханада оқытып үйретудің дәстүрлі әдістері жоғарыдағы сұраныстарға жауап бере алмайды.
Модульдік технология жаңа және қалыптасқан дәстүрлі әдістерді сабақтастырып қолдануымен қызықты әрі тиімді.
Ол үшін сабақ процесінде интерактивті әдістерді пайдаланған қолайлы.
Интерактивті оқыту жүйесі (жоғары белсенділікті дамыту) сабақта барлық білім алушының белсенді қатысумен ұйымдастырылатын оқу үрдісі. Кәсіби қазақ тілін оқытуда интерактивтік оқыту технологиясын қолдану арқылы өмірде болып жататын түрлі жағдаяттарды дидактикалық талаптар тұрғысынан екшеп алған соң, тілдік жағдаят жаттығуларына айналдыра білу керек. Интерактивті әдісма оқушының оқу процесіндегі тәжірибе негізінде оқылатын пәнге білімі, дағдысы және қатынасы қалыптасқаннан соң, өзара қатысу арқылы жүзеге асырылуын білдіреді. Оқытушының рөлі хабарлама берушіден сырқы және ішкі қатысушылардың арасындағы өзара іс-әрекетіне негізделген оқытудың жетекші процесіне ауысып отырады.
Оқудың сапасы немесе студенттердің өзара әрекеті топтық көлеміне қарай анықталмайды. Сондықтан да әдістің негізі ерекшелігі оқушылардың өзара әрекетінде. Бұл әсіресе, түрлі көзқарастар мен түрліше шешімдерді қарастыратын азаматтық білім берудегі маңызы зор әдіснама.
Интерактивті әдістерді қолданудың басты себептері мыналар:
- ақпараттар мен дағдыларды игереді;
- студенттер өздерінің білетінін басқалармен бөліскенде, ақпаратты беруші де, алушы да білім алады;
- студент идеясының логикалық дұрыстығы бірден анықталады;
- өзара әрекет арқылы студенттер қазіргі кездегі саналы азамат игеруі тиіс демократиялық қатысу практикасына ие болады;
- әріптестерінің көзқарастары мен өздіндік пікірлерінің бірдей болуы-
ның мүмкін еместігіне студенттердің көздері жетеді;
-оқытудың бұл түрі оқушыларды қызықтырады. Себебі бұл әдіс студенттердің бойына төмендегідей әдет-дағдыларды қалыптастырады.
1. Студент өзін-өзі еркін, батыл сезінеді. Тілге деген қызығушылығы арттады.
2. Студенттер топ болып, жұп болып әрекет етуге үйренеді. Топпен не жұп-
пен жұмыс істеу кезінде оқушылар арасында өз пікірін дәлелдеп қорғау немесе қателігін көрсете білу мен мойындауға, пікірлесе отырып ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді.
3. Білімі төмен студентке, білімі жоғары студент көмек көрсетеді.
4. Студент өз білімін бағалау және бақылау дағдысын меңгереді.
Осылайша интерактивтік әдіс студенттерді мәселені бірігіп шешуге үйретеді. Ал бірігіп жұмыс істеу – әрі жеңіл, қызық, әрі тиімді. Студенттер бірлесіп үйренуде кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауға қалыптасды, ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарауға төселеді, жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. Бірлесіп жұмыс жасағанда мына жайларды: сыйластық, жауапкершілік, топтың әр мүшесінің кезекпен сөйлеу дағдысын үйрену, қажетті кезде кірісіп сөйлеп кету сияқты дағдыларды қалыптастыру керектігін еске ұстау керек. Осылай бірлесіп жұмыс істеп үйренген студенттердің білімдері нәтижелі болады, әрі шындалады. Бірлесіп жұмыс жасауда студент төмендегідей жетістіктерге ие болады:
- есте сақтау қабілеті жоғарлайды;
- студент жұмыс басты болады;
- пәнге деген қызығушылығы оянады;
- топ мүшелерімен ара қатынасы жақсарады.
Қорыта айтқанда жаңа технологияларды қолдану барысында студенттердің пәнге ынтасы, белсенділігі артып, білім сапасын тереңдетеміз. Сол сияқты іздемпаздық, дербес ойлау, өзіндік қорытындылау қабілеттерін дамытамыз. Қазақ тілінде сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу, өз ойын сауатты, толық жеткізу дағдыланырын одан әрі қалыптастырамыз.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Т. Мейірманқұлова Білім берудегі инновациялық технологиялар. А., 2005.
2. М.Жанпейісова Модульдік технологияны қолдану оқушыны дамыту ретінде. 2003.
3. М.А.Чошанова Гибкая технология проблемно-модульного обучения.