Материалдар / Оқыту үшін бағалау құралдары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқыту үшін бағалау құралдары

Материал туралы қысқаша түсінік
ОүБ оқыту мен оқу үдерісінде қолданған кезде өте тиімді. Бұл құралдар мұғалімдерге мақсатқа қол жеткізуге арналған әр түрлі жаттығулар мен аспектілер арқылы көмек беру үшін әзірленген. Бұл жинақты пайдалы деп санаймын!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Ақпан 2019
465
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Майк Гершон дайындаған – mikegershon@hotmail.com
Оқыту үшін бағалау құралдары
ОүБ оқыту мен оқу үдерісінде қолданған кезде өте
тиімді.
Бұл құралдар мұғалімдерге мақсатқа қол жеткізуге
арналған әр түрлі жаттығулар мен аспектілер
арқылы көмек беру үшін әзірленген.
Сіз бұл жинақты пайдалы деп білерсіз деп сенемін!












Ресурстар
http://www.aaia.org.uk/pdf/Publications/AAIA%20Pupils%20Learning%20from%20Teachers'%20Responses.pdf
http://www.aaia.org.uk/pdf/Publications/AAIAformat4.pdf
http://www.aaia.org.uk/pdf/asst_learning_practice.pdf
http://community.tes.co
.uk/forums/t/300200.aspx http://www.schoolhistory.co.uk/forum/lofiversion/index.php/t7669.html
www.harford.edu/irc/assessment/FormativeAssessmentActivities.doc
Paul Black et al, Assessment for Learning, (Open University Press, Maidenhead, 2003)

Paul Black et al, “Working inside the black box”, (nferNelson, London, 2002)

Paul Black and Dylan William, Inside the Black Box, (nferNelson, London, 1998)

Assessment Reform Group, Testing, Motivation and Learning, (The Assessment Reform Group, Cambridge, 2002)
Assessment Reform Group, Assessment for Learning, (The Assessment Reform Group, Cambridge, 1999)


Page 2

ОүБ
ҚҰРАЛДАРЫ
Оқушылар сұрақ құрастырады
Оқушылар сұрақ қояды
Түсініктеме арқылы бағалау
Блок ортасында бағалау
«Мүмкін»
Күту уақыты
Ашық және Жабық
Жұмыс үлгісі
Оқушылардың бағалауы
Айқын мақсат қоя отырып
Сабақтың мақсаты
Мұғалім шолуы
Оқушылар шолуы
Бағдаршам
Өзін өзі бағалау мақсаты
2 жұлдыз, 1 тілек
Құрастыр, сосын жауап бер
Атмосфера орнату
Көршіңізге айтыңыз
Идея туралы пікір
Серпілген сауал
Күтіңіз және түйіндеңіз
Дұрыс емес пікір
Сұрақ құрастыру
Оқу күнделігі
Қайтадан құрастыру
Түйінді сәттер
Жақсарту жөніндегі нұсқаулық
Түсініктемелермен жұмыс
Топтық кері байланыс
Сыныптастарды бағалау
Бас бармақ
Бірлескен жұмыс дағдысын
қалыптастыру
Қайталау Бағдаршам
Құрастыр және жауап бер
Оқушылардың бағалау сызбасы
Топтық жауаптар
Сөйлеу арқылы ойлану
Сұрақты төңкеріңіз
X және Y
Білетініңіздің барлығы
Түзетулер
Үлдірленген критерийлер
Прогресс білдіру
Сөздерді талқылау
Қарым-қатынас
Парасатты диалог
Кері байланыс бутерброды
Не жақсы?
Өзін өзі бағалау
«Жақсы» сұрақ деп нені айтады?
Графикалық органайзерлер
БББ
Әңгімелесетін әріптестер
Стикер
Жауап беретін әріптес
Қолыңды төмен ұста
Жақсы сұрақ негіздері
Оқуды реттеу
А Ә Б В
Неліктен бұл үздік?
Көрсет және әңгімеле
Белсенді оқушылар
Ұзақ мерзімді және Қысқа
мерзімді
Минуттық шешім
Жауап алу
Смайликтер
Шаршылар
Түсініксіз тармақ
Бір сөйлеммен түйіндеу


Page 3

ОүБ құралдарына
Оқушылар сұрақ құрастырады
Мысалы –
• Сіз жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы
білгіңіз келді?
• Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа
оқушылардан сұраңыз;
• Сіз өз біліміңізді бұдан әрі жақсартқыңыз
келген білім/түсінбеу саласын көрсетіңіз.
Сыныпта сұрақтарға арналған қорапша қоюға
болады, оқушылар оған сабақ аяқталғаннан кейін
өз сұрақтарын салады.
Немесе арнайы сабақ ұйымдастыруға болады, онда
оқушылар бүкіл сынып болып жұмыс істейтін
немесе келесі сабаққа негіз болатын сұрақтарды
құрастырады.


Page 4

ОүБ құралдарына

Оқушылар сұрақ қояды
Оқушыларға сұрақтар қоюға
мүмкіндік жасаңыз. Сұрақтар
сыныптастарға, мұғалімге
қойылуы мүмкін немесе
талқылауды дамыту құралы
ретінде қолданылуы тиіс.
Жазбаша түрдегі сұрақтарға
арналған «Сұрақтар қорапшасы»
оқушылар үшін қарым-қатынас жасаудың өзгешелеу түрі болып
табылады.
Оқушылардың жұмыс туралы сұрақтарды дауыстап айтуына
уақыт беріңіз. Бұл бағалау үдерісін іске қосуға және ұғымның
екіұдайы түсінілуін болдырмауға көмектеседі.


Page 5

ОүБ құралдарына

Түсініктеме арқылы бағалау
Түсініктеме арқылы бағалау оқушыларға
марапатқа немесе жазалауға тіреліп қалмай
(баға қойғандағы сияқты), назарларын алға
басу мен дамуға аударуға мүмкіндік береді.
Түсініктемелерді оқулықтарда,
оқулықтардың басындағы кестелерде, оқу
күнделіктерінде немесе журналда
қалдыруға болады. Соңғылары мұғалім мен
оқушыларға түсініктемелердің көбеюі мен жақсаруын қадағалауда
көмектеседі.
Түсініктемелерде оқушының нені жақсартуы керектігіне қатысты айқын
нұсқаулықтар берілуге тиіс.
Кері байланыс беруді көздейтін жаттығулар мен жұмыстарды
жоспарлаңыз – тапсырмалардың құрылымы үдеріске көмектессін.


Page 6

ОүБ құралдарына
Блок ортасында бағалау
Блоктың соңында бағалаған жағдайда,
сізге оқушылар жолықтырған немесе
жалпыға ортақ түсінбеушілік тудырған
саладағы проблемаларды қарастыруға
уақыт жетпей қалуы мүмкін.
Бөлімді оқу барысында бағалауға уақыт
беру (мысалы, 7 сабақтың бесінші
сабағында) мәселені қарастыруға, ұғынуға және қайталауға
мүмкіндік береді.
Бұл сонымен қатар мұғалімге үдерісті дәлелдермен бекіте
отырып, назарын түсінбеушілік туғызған салаларға аударуына
мүмкіндік береді.


Page 7

ОүБ құралдарына

«Мүмкін»
Сұрақ қоя отырып, оқушыларға
болжалды жауаптарды ойлануға және
зерделеуге мүмкіндік беру үшін,
арасында «мүмкін» деген сөз орамын
қолданыңыз.
Мысалы, Демократияның маңызы
қандай?
Демократияның мәні қандай болуы
мүмкін?
Бірінші сұрақ мұғалімге таныс, жалғыз ғана жауапты көздейді.
Ал екінші сұрақ анағұрлым ашық болып көрінеді.
Ұлы күйзеліс бүгінгі таңда қалай байқалар еді?


Page 8

ОүБ құралдарына
Күту уақыты
Күту уақыты оқушыларға ойлануға және жауап беруге
мүмкіндік береді. Сыныптағы барлық балалар бір
бағытта және бірдей ойлай бермейді – күту оқушыларға
өз ойын жинақтауға және берілген сұраққа жауапты
ойластыруға мүмкіндік береді.
Күту уақытының 2 түрі:
• Мұғалім айтады, содан кейін оқушылар өз
жауаптарын бергенге дейін үзіліс жасайды.
• Оқушы жауап беруді аяқтайды және мұғалім оның
жауабына қатысты әрекет еткенге дейін кідіріс
жасайды. Бұл амал оқушыға ойын толықтыруға
және жалғастыруға немесе басқа оқушыға жауап
беруіне мүмкіндік береді.


Page 9

ОүБ құралдарына

Ашық және Жабық
Жабық сұрақтар пайдалы болуы мүмкін,
алайда олар абстрактілі ойлау, талқылау
дағдыларын қолдануға себтігін тигізбейді
және аса түсінікті болмайды. Ашық
сұрақтар керісінше әсер етеді, сол арқылы
оқу үдерісін жақсартады.
Мысалы, Сіз өткен кеште бір жаққа
шықтыңыз ба? Сіз кеше мектептен кейін
не істедіңіз?


Page 10

ОүБ құралдарына

Жұмыс үлгісі
Оқушыларға белгілі бір тапсырма
берер алдында олардың сұрақтарды
анағұрлым анық түсініп, бағалау
критерийлерін қанағаттандыру үшін
не істеу қажеттігін түсіну үшін
мысалдар келтіріңіз.
Оқушылар бағалау критерийлерін
қолдана отырып, жұмыс үлгісіне баға
қоя алады. Бұл не талап етілетінін және бұл үдеріспен қалай
байланыста болатынын түсінуді моделдеуге көмектеседі.


Page 11

ОүБ құралдарына
Оқушылардың бағалауы

Бағалау үдерісіне қатыса отырып,
оқушылар тақырыпты, бағалау үдерісінің
өзін және өз жұмысын орындай отырып,
не жасағандарын аса тереңірек түсінуге
қол жеткізеді. Бұл оларға оқудың не
екенін білуге, осылайша өзінің оқуын
қарастыруына көмектеседі.
Оқушылар өз үй жұмыстарын немесе
сыныптастардың жұмысын бағалай
алады.
Бұл жаттығу «ресми» немесе оқушы жасаған бағалау схемасы бойынша
жұппен немесе дербес түрде орындалуы мүмкін.


Page 12

ОүБ құралдарына
Айқын мақсат қоя отырып
- Сабақ басталар алдында тақтаға мақсатты
жазыңыз.
- Оқушылармен өздері оқып жатқандарын
неліктен оқитыны туралы әңгімелесіңіз.
- Қысқа мерзімді мақсаттарды ұзақ мерзімді
мақсаттармен сәйкестендіріңіз (мысалы,
Шекспирдің жұмысына талдау жүргізу өзге
де ұзақ мерзімді мақсаттарға қол
жеткізумен қатар, мәдени жақтарын кеңінен түсінуге және талдау
дағдыларын дамытуға әкеледі).
- Оқушылар сабақтың/блоктың/пәннің мақсаттарын айқын түсінгеніне
көз жеткізіңіз.
- Мақсаттарды оқушылармен бірлесіп әзірлеңіз.


Page 13

ОүБ құралдарына

Сабақтың мақсаты
Сабақ басталар алдында белгілі мақсат
қоя отырып, сабаққа аса мән беріңіз.
Мақсат сыныппен бірлесе
атқаратындарыңызды көрсетуі тиіс.
Сабақ барысында осы мақсаттарға
сілтеме жасауға және/немесе ол туралы
бүкіл сынып орындайтын тапсырма
кезінде еске түсіруге болады.
Бүкіл сыныпқа арналған тапсырма кезінде оқушыларға
мақсаттарға қол жеткізілгені туралы дәлелдеу және/немесе келесі
сабақ үшін мақсат белгілеу қажет болуы мүмкін.


Page 14

ОүБ құралдарына
Мұғалім шолуы
Мұғалім оқушылардың тақырыпты
түсінуіне қол жеткізу үшін
сұрақтарды қолдана отырып, сабаққа
немесе блокқа шолу жасайды.
Сонымен қатар сабақтың тиімділігіне
және оқу үдерісіне көмектесуге назар
аударуға болады – мысалы, оқушылар
оқу үдерісін жақсарту үшін қандай
өзгерістер енгізу қажет екенін анықтай ала ма?
Мұғалім өз идеяларына сәйкес сабақты бағалау арқылы шолуды
моделдей алады.


Page 15

ОүБ құралдарына
Оқушылардың шолуы
Оқушылар өзінің топтағы немесе дербес
оқуына шолу жасайды. Бұл бүкіл сыныпқа
арналған тапсырма, шағын тапсырма
нысанында немесе блокты алдағы уақытта
қайталауды жоспарлауға көмек көрсетуге
арналған жаттығу ретінде жасалуы
мүмкін.


Page 16

ОүБ құралдарына
Бағдаршам
Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның
түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.
Мысалы:
·Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті
карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды
немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін,
жасыл = барлығы түсінікті).
·Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана
отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге
көрсетілген бағалауды оқушылардың
күнделіктеріне жазуына болады.
·Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды
және т.б. бағалайды.


Page 17

ОүБ құралдарына
Өзін өзі бағалау мақсаты
Оқушылар өзін өзі бағалауға сүйене
отырып, мақсат белгілейді.
Мұндай оқу мақсаттарын тіркеуге және
кейінірек оны қайта қарауға болады (м-
лы, дәптер тысының артында).
Оларды мұғалім белгілеген
мақсаттармен салыстыруға болады
және егер мақсаттар әр түрлі болатын
болса, оларды ортақ мақсат етуге болады.


Page 18

ОүБ құралдарына
2 жұлдыз, 1 тілек
Сыныптастарды бағалау үдерісінде
оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір
тілек айтуды сұраңыз.
Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға
ерекше ұнаған 2 зат
Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.


Page 19

ОүБ құралдарына

Құрастыр, сосын жауап бер
Оқушыларға жауап бергенге дейін өз
ойларын жинақтауға мүмкіндік беріңіз–
· жауап алдындағы 30 секундтық үнсіз
ойлау;
·жұптағы 2-3 минуттық миға шабуыл;
· жауап бермес бұрын бірнеше ойларыңды
жаз;
· өз көршіңмен болжамды жауапты
талқыла.


Page 20

ОүБ құралдарына
Атмосфера орнату
Абстрактылы ойлау дағдыларын
қолдануды талап ететін ауқымды ашық
сұрақ немесе проблеманы шешуге
арналған тапсырманы қолдана отырып,
сабақта атмосфера орнатыңыз.
Пысықтау үшін жауаптарын күтіңіз.
Мысалы, Вьетнам соғысына арналған
сабақ мынадай сұрақтан басталуы
мүмкін -
Американдықтар өздерін соғысып
жатырмыз немесе соғысты жеңіп жатырмыз деп санай ма екен?


Page 21

ОүБ құралдарына
Көршіңізге айтыңыз
«Көршіме айтамын» әдістемесі
оқушылардың өз ойларын ауызша
білдіруі үшін қолданылады.
- Сұрақ қойыңыз, ойлануға уақыт
беріңіз, содан кейін оқушыларданөз
ойларын көршісімен бөлісуін
сұраңыз
- Оқушыға жаңа тақырыпты атаңыз және оларға аталған
тақырып бойынша ненің мәлім екені туралы бәрін көршісіне
айтуын сұраңыз.


Page 22

ОүБ құралдарына
Идея туралы пікір
Сіз сұраққа жауап алған болсаңыз,
бұл ой туралы басқалардың пікірін
сұрай отырып, ойлау логикасын
дамытыңыз.

М-лы. “Сіздер _________идеясы
туралы не ойлайсыздар?


Page 23

ОүБ құралдарына
Серпілген сауал
Тақырыптың түсіну деңгейін
арттыруға және талқылау дағдыларын
дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы
оқушылардың арасында сұрақтарды
лақтырыңыз.
Мысалы,
“Джимми, Сандраның жауабы туралы
сен не ойлайсың?”
“Сандра, Карлдың жауабын барынша
кеңейту үшін оны қалай дамытуға
болады?”
“Карл, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге
болады?”


Page 24

ОүБ құралдарына
Күтіңіз және түйіндеңіз
Оқушыларға олардан күткен негізгі
сөздерді анықтауға уақыт беріңіз және сол
кезде сұрақты басқаша қойыңыз – анық
жауапты, азат жолды және т.б. біріктіру
арқылы пікірталасты түйіндей отырып,
оқушылардан жалпы қорытынды беруді
сұраңыз.


Page 25

ОүБ құралдарына
Дұрыс емес пікір
Талқылау үшін дұрыс емес жауаптарды
қолданыңыз.
Дұрыс емес болғаны үшін ғана жауапты
іріктеудің немесе «бұл қызық»
фразасын қолданудың орнына, үдерісті
ашып көрсету үшін ойлау барысының
дұрыс емес бағыт алуына әкелетін
сұрақтарды қолданыңыз.
Бұл ойдың логикалық барысын
жақсартуға әкеледі және қате үшін
жазғыру болмайтын атмосфера орнатады.
«Мен бұл жауап дұрыс емес екеніне қуаныштымын... ендеше
талқылап көрейік...».


Page 26

ОүБ құралдарына
Сұрақ құрастыру
Мынадай:
• Жалпыға түсінікті қате ұғамдарға
қарсы шығатын;
• Талқылауды талап ететін дайу
тудыратын;
• Екіұштылықты зерттейтін және
талқылау мен айқындылық енгізуге
көмектесетін сұрақтар құрыңдар.


Page 27

ОүБ құралдарына
Оқу күнделігі
Оқу күнделігін бастаңыз, онда
оқушылар оқу туралы және ол бойынша
шолуы туралы ойларын жазып қалдыра
алады. Бұған бүкіл сыныпқа арналған
тапсырмалар, мақсат, тапсырма
кестелері және т.б. кіруі мүмкін


Page 28

ОүБ құралдарына

Қайтадан құрастыру
Сабақ уақытын жұмысты қайта өзгерту
үшін қолданыңыз.
Бұл оқушыларға жақсартуға
бағытталған кері байланысқа назар
аударуға мүмкіндік береді.
Бұл үдеріс сонымен бірге кері
байланыстың құнды екендігін
қуаттайды және оқушыларға қолайлы
атмосферада жұмыс істеуге мүмкіндік
береді.


Page 29

ОүБ құралдарына
Түйінді сәттер
Ауызша тапсырмалармен қатар,
жазбаша тапсырмаларды әзірлеген
кезде бұларды орындау оқушылар
оқып жатқан тапсырмалардың
түйінді сәттерін түсінуге және
дамытуға әкелетін болсын.


Page 30

ОүБ құралдарына
Жақсарту жөніндегі нұсқаулық
Оқушылардың жұмысына
түсініктеме бере отырып, бұл
үдерісті оқушыларға жақсарту
жөнінде нұсқаулық беру үшін
қолданыңыз.
Оқушылардан сыныптастарының
жұмыстарын бағалаған кезде
түсініктемелерді қолдануын сұрай
отырып, үдерісті дамытыңыз.
Нұсқаулық ұғымын және оның басқа
ереже түрлерінен қалай ерекшеленетінін талқылаңыз (мысалы,
ұйғарым, ескерту және т.б.).


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!