ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢАША ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ЕНГІЗУ
Базарбаева М.А.
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Бәрімізді бүгінгі таңда алаңдататын мәселе – жас ұрпақтың сапалы білімді игеруі. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.
Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.
Өзекті мәселе – жас ұрпақтың тұңғыш елбасы бастаған көш – керуенге кідіріссіз ілесуі. Ілесе алмаса – бізге сын. Халқымыздың тағдыры, еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында [ 1,43 б.].
Бүгінгі таңдағы оқыту үдірісі жаңа әдіс – тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс – тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Сол үшін заман көшіне ілесу, өз білімін жетілдіріп отыру қажет. Оқушылар өз пікірлерін, көзқарастарын еркін және ерікті түрде білдірсе екен деп ойлаймыз. Тек білдіру емес, сонымен бірге өз пікірлерін дәлелдей алатын және оны іс жүзіне асыра алатын тұлға болып қалыптаса алса, онда мұғалімнің биік мақсатқа жеткізгені болмақ.
«Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс – тәсілдері – 7 модульді практикалық түрде қолдану арқылы оның білім негізін қалыптастырудағы артықшылықтарына көз жеткіздік. Осы орайда 7 модульге қатысты туындаған ұсыныстарымды білдіргім келеді:
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында сын тұрғысынан ойлау бағдарламасын өз сабақтарымызда қолданып жүрміз. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының мені қызықтырғаны баланың өзі ізденіп дәлелдеуі. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, оуланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы, жөн сілтеуші [2,34-45 б.].
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау. Ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегеннін өзі толықтырып, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық қабілеттерін арттыру. Басты мақсаты оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға бірден – бір тиімді бағдарлама деп есептеймін.
Сын тұрғысынан ойлау –сынау емес, белгілі бір әрекетке деген тың ойынды туғызу, шыңдалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажетсін алуға үйретеді.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді. [4,48-65 б.].
Жаңа білімді меңгерту үшін ең тиімді әдіс сұрақ – жауап, әңгімелесу, диалог болып табылады. Әр сабағымызда диалог құрылады. Топтық жұмыс арқылы оқушы арасында, оқушы мен мұғалім арасында диалогты тиімді ұйымдастыру арқылы мақсатқа қол жеткізе алдым. Әрбір сабаққа жоспар құрар алдында: «Менің оқушыларым не істей алады?» - деп сабақ жоспарын оқушылардың өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы етіп және олардың жас еркешеліктерін ескере отырып құрамын. Бұл оқушылардың жауапкершіліктерін арттырумен қатар, өзін – өзі бағалаулары үшін де тиімді болмақ. Оқушы алдымен өзіне – өзі баға беріп үйрену керек. Көп жағдайда оқушылар өзін-өзі бағалауда көп қиналады. Өзін – өзі реттеу әдісі оқушылардың өздері топтық ереже құрып, оны бұзбауға әрекет еткендерінен, Белсенділіктерінен, сабақтан жиі қалатын оқушының сөйлегенінен, топтағы өздерінің рөлдерін жауапкершілікпен орындағанынан көрініп жатты.
Сабақ кезеңінде 7 модуль түрін пайдалану –жұмыстың нәтижесін берері сөзсіз.
-
Сабақтағы жаңа әдіс-тәсәлдер.
-
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
-
Оқушы білімін бағалау және оқытуды бағалау.
-
Сабақта ақпараттық технологияларды пайдалану.
-
Талантты жәгне дарынды баланы анықтау.
-
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тапсырма беру.
-
Сабақ кезінгдегі оқушылардың өзін – өзі басқаруы. [2,43-69 б.].
Жаңа сабақты дәстүрлі оқыту кезінде өзім түсіндіріп белсенділік танытсам, енді интербелсенді әдіс-тәсілдер мен сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын тиімді қолдана отырып «оқушы және оқушы» байланысы арқылы тақырыпты оқып меңгерулеріне басшылық жасай отырып, мұғалім көшбасшылығы анық байқалады. ЖЭаңа тақырыпты меңгеруде ЖИГСО әдісін қолдануда жақсы нәтижеге жеттім. Оқушылардың айтуына қарағанда жаңа тақырыпты жеке және жұппен оқи отырып, қажетті сызбаларды сызып, топпен талдап оқып меңгергенін басқа оқушыларға түсіндіріп, түсінгенін қағаз бетіне түсіргендері естерінде жақсы қалғанын айтады. Мұғалім әр сабағында және өзіне рефлексивті бере отырса, жұмыс жасау қарқыны жақсарып жанданады. Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компонентерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады. Ендеше, Мұғалім сыныпқа баға қою үшін емес, балаларды шабыттандыру, ең болмағанда, ынталандыру үшін кіру керек.
Еліміздің ертеңгі тізгінін қолына алып, елін, жерін көркейте алатын ұрпақ – қазіргі мектеп партасында отырған қабілеті ерекше, талантты немесе дарынды ұрпақ. Жас ұрпақты оқытуда біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздің міндетіміз.
Әдебиеттер тізімі:
-
Оразақынова Н.А., Әбдіреймова Қ.Ә., Сәрсенбаева А.Қ., Әбітова М.Қ. Сатылай комплексті талдау.-Алматы. 2006 ж.-10-66 б.
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық екінші (негізгі) деңгей «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлігі орталығының баспасы, 2014 ж. – 34-81 б.
-
Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.-Алматы. 2005 ж. 48 б.
-
Мирсеитова С «Мұғалім философиясының қалыптасуы және дамуы» Алматы. 2011 ж. 45-62 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері

шағым қалдыра аласыз