Материалдар / Оқытушының кәсіби дамуы – білім беру жүйесін жаңғыртудың негізі

Оқытушының кәсіби дамуы – білім беру жүйесін жаңғыртудың негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім берудің жаңа моделі - жаңаша ойлайтын, дүниетанымы біртұтас қалыптасқан жас ұрпақ. Ал осы мақсатқа жету жолында Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалынды. Мемлекеттік білім беру сапасы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Сәуір 2022
149
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім беру жүйесін жаңғыртудың негізі

Білім берудің жаңа моделі - жаңаша ойлайтын, дүниетанымы біртұтас қалыптасқан жас ұрпақ.

Ал осы мақсатқа жету жолында Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалынды. Мемлекеттік білім беру сапасы қызметкерлерінің алдында қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.

Ендеше қазіргі заманның оқытудың жаңа инновациялық технологиясын меңгеру – әрбір мұғалімнің міндеті. Мұғалім білім беру үрдісіндегі басшы тұлға, оқыту үрдісін жоспарлайтын, өткізетін, бақылайтын нысан. Сондықтан мұғалім терең білімді өзіне қолайлы жаңа педагогикалық технологияны қолдана білуі керек.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. [2]

Қазіргі замандағы оқыту үрдісі - оқытудың жаңа формациясындағы тұлғаға және оның нәтижесіне бағытталған оқытудың жаңа технологиясы негізіндегі үлгі. Жаңа педагогикалық технологияға енгізілген инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанасына айналады. 

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бүгінгі таңдағы негізгі мақсат - ұлттық құндылықты әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.

«Маған жақсы мұғалім  бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім-мектептің жүрегі» деп қазақтың ұлы педагог ағартушы Ы.Алтынсарин айтқандай: қазіргі білім ордасы алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті  және кәсіби шеберлігі басты шарт екені аян.

Мұғалімнің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс: 
1. Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтиже үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру; 2. Білім беру барысында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету. Мұғалімнің кәсіби деңгейін дамыту бүгінгі таңда әдістемелік жұмысының жүйелі, жаңаша бағыт негізінде ұйымдастыруды көздейді. Мұғалімнің кәсіби деңгейін арттырудың жолдарын қарастыратын әлемдік педагогикалық ойларды жинақтай келе, ғалым Ш.Таубаев мынадай қорытынды жасаған: «Кәсіптік қызығушылық педагогикалық қызметті бағалауда, білуге деген қажеттіліктен туындайды, ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек мұғалімнің жеке өз басының ұмтылуы арқылы ғана айнала алады». [3] Мұғалімнің кәсіби өсуінің өзекті мәселелері: 
кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту; біліммен қамтамасыз етудің ғылымиәдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту; оқытудың алдыңғы қатарлы оқу – тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою; білімдегі жаңашылдықты саралау; білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру; қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу. 

Педагог қауымының педагогикалық технологияны игерудегі шығармашылық ізденістері оның кәсіби жетілуінің басты тетігі болып табылады.

Бүгінгі мұғалім –ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері, оқытушы, ұстаз, оқулық авторы, технолог, жаңалықты дәріптеуші, таратушы. Педагогикалық еңбекті ұйымдастырудың моделін жасау –қоғамдық-экономикалық сферадағы өзгерістерге сай шығармашылық жаңашылдық білім беру жолдарын талап етеді. Сондықтан техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында мұғалімнің кәсіби шеберлігі, мәдениеті, жоғары болып, шығармашылықпен жұмыс атқарып, өз білімін үнемі көтеру қажеттігі туындайды.

Білім берудің жаңа моделіне көшкен білім ордаларына ойшыл, зерттеуші,  жаттандылықтан аулақ,  практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтік  диагностика  қоя білетін  іскер мұғалім қажет.

XXI-ғасыр   мұғаліміне қойылатын талаптар зор. Мұғалім өзіндік жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін, жігерлі тұлға зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті көп оқитын, білетін, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана алатын оқушының  өз бетінше білім алуына үйрете алатын болуы керек. Ол сонымен бірге ұлттық құндылықтарды яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгерген, ғаламдасуға байланысты «Интернет» жүйесін меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу керек. XXI -ғасыр ақпараттық-қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына байланысты, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Мұғалім - қоғам  айнасы.

Белгілі педагог К.Ушинский «мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды»-деген. Сондықтан ұстаз –шәкірт-ұстаз болуы қажет. Мұғалімнің мәдениеті мен шеберлігін, интеллектуалдығын анықтауға төмендегідей талаптар қойылады:

  1. Мұғалімніңсыртқыкелбетініңмәдениеті;

  2. Мұғалімніңөзін-өзібасқарушеберлігі;

  3. Мұғалімніңкәсібимәдениеті, әдептілігі, сөйлеушеберлігі, шешендікқасиеті, өзінқоғамдықорындардаұстауы, дауысырғағы, өнері, жан-жақтылығы.

  4. Ілтипаттылығы, сенімі, әділдігі, төзімділігі.

Ұлттық мемлекеттің дамуы, өркениетті негізгі үш шешуші кезеңнен тұрады.

1. Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеруі.

2. Білім деңгейін көтеруі.

3. Мамандардың кәсіби білімімен айқындауы.

Қорыта  айтқанда, ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол. Сондықтан да ұстаздар өз ісінің қыр-сырын жетік меңгерген болса, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуде мол мүмкіндік ашылатыны сөзсіз. Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары –оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Олай болса жаңаша өмірге бет бұрып жаңаша ой түзеген егемен еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындататын саналы тәрбие, сапалы білім беретін жеке тұлға, мәдениеті мен кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалім-ғасыр көшін бастаушы болып табылады. Тәуелсіздігіміз-халқымыздың ғасырлар бойы армандап қол жеткізген бақытты, оның іргетасы мықты болып, нығаюы жас ұрпақтың терең білім мен тәлімді тәрбиесіне тікелей байланысты. Егеменді еліміздің болашағын жарқын етіп, мерейін асқақтатын бүгінгі жас ұрпақтың дарынды, рухани бай, ой өресі биік тұлға болып қалыптасуы педагог мамандардың кәсібилігіне тікелей байланысты.



 

Қолданылғанәдебиеттер:

1.Инновационные обучение: Стратегия и практика. Под.ред.В.Я.Ляудис. – 1994.

2.Бұзаубақова К.Ж. «Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру. Алматы – 2006ж

3.Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педогагическаяинноватика как теория и практика нововедений в системе образовани: научный фонд перспективы развития (книга 1).Алматы: Научно – издательский центр «Ғылым» 2001.

4.С.К. Исмагулова «Оқуүрдісінтехнологияландыруғажаңашакөзқарастар», Алматы-2010.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ