Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Оралхан Бөкейдің «АТАУ КЕРЕ» романындағы ұлттық таным
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫ
Оралхан Бөкейдің «АТАУ КЕРЕ» романындағы ұлттық таным
Секциясы: Қазақ әдебиеті
ОРЫНДАҒАН ОҚУШЫЛАР:
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ:
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ:
ОҚУ ЖЫЛЫ
ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ МАЗМҰНЫ
І.КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 ОРАЛХАН БӨКЕЙ ӨМІРІНІҢ ФЕНОМЕНДІК КЕЛБЕТІ
2.2 ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ СОҢҒЫ ТУЫНДЫСЫ «АТАУ КЕРЕ» РОМАНЫ
ІІІ. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3.1 АТАУ КЕРЕ РОМАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМДЫ СӨЗДЕРДІҢ КӨРІНІСІ
3.2 АТАУ КЕРЕДЕГІ ҰЛТТЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
3.3 АТАУ КЕРЕДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМДЫҚ ТЕҢЕУЛЕРДІ АЙШЫҚТАУ ҮЛГІСІ
ІҮ. ҚОРЫТЫНДЫ
V. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
АННОТАЦИЯ
Әдебиетіміздің қазіргі аспанын жарқыратып тұрған аяулы жұлдыздарымыздың бірі, ғажайып нәзік суреткер, тамаша журналист Оралхан Бөкей еді. Оралхан Бөкей – жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүлей суреткерінің бірі ретінде әлемдік танымдылыққа ие болды. Оралхан азғантай ғұмырында сондай асқаралы биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де шығарып үлгерді. Оралхан не жазса да қанымен, жанымен жазушы еді. Және қай жанрда жазбасын олардың бірде – бірі қаламдастар мен қалың қауым назарынан тыс қалмайтын. Оралхан бір оқылатын жазушы емес. Оралхан қайталап оқуды қажет ететін жазушы, түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер» Оралхан еш уақытта тақырыптан таусылып көрген жазушы емес. Бір-ақ сөйлемдік мәселеден қалауынша шығарма тудыра беруге қабілетті де, құдіреті де жететін. Сол себепті де болар, ол «Жоспарланған дүниемнің көптігі сондай, оларды ешқашан жазып тауыса алмайтын шығарма» деп қиналған екен. Бүгін біз сіздерге жоба барысында Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы ұлттық танымды зерделейтін боламыз.
АННОТАЦИЯ
Одним из самых ярких звезд нашей литературы, блистающим на современном небосклоне, был замечательный художник, замечательный журналист Оралхан Бокей. Оралхан Бокей-один из величайших художников казахской литературы двадцатого века, получил мировое признание. Оралхан за всю свою жизнь сумел вывести на вершину и себя, и свою страну, и родную литературу. Оралхан был писателем всей своей кровью и душой, что бы он ни писал. И в каком жанре ни один из них не остался без внимания горожан и широкой публики. «Оралхан не один читаемый писатель. Оралхан-писатель, который нуждается в повторном чтении» как вы понимаете, сложный художник. Так что, наверное, это произведение, о котором так много задуманного, что я никогда не смогу их написать. Сегодня я расскажу вам о том, что в ходе проекта мы будем изучать национальное познание в романе Оралхана Бокея «Атау кере».
ANNOTATION
One of the most beautiful stars that shine in the modern sky of our literature was a wonderful artist, a wonderful journalist Oralkhan Bokei. Oralkhan Bokei is one of the most famous painters of Kazakh literature of the twentieth century. During his short life, oralkhan managed to bring himself, his country, and his native literature to such a high level that" Oralkhan was a writer with his blood and soul, no matter what he wrote. And in whatever genre they write, none of them will be left without the attention of the pen and the general public.""Oralkhan is not a single readable writer. Oralkhan is a writer who needs to read again, a complex artist who will read as you understand," Oralkhan is never a writer who has run out of topics. It is not only a question of speech, but also the ability to create works at will. "I don't know," he said, " but I'm sure I'll never be able to write them down." Today, I will tell you that in the course of the project, we will study the national identity of Oralkhan Bokei in his novel "Atama Kere".
Ғылыми жобаның мақсаты – Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы ұлттық танымды оқу мен дәріптеу және насихаттау.
Ғылыми жобаның өзектілігі: Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы ұлттық танымды танымдық тұрғыдан зерттелуі.
Ғылыми жобаның міндеттері:
- Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы ұлттық таным қасиеттеріннің сырларын танып-білу;
- Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы ұлттық таным жайында зерттеулер жүргізген әлем ғалымдарының ғылыми зерттеулерімен танысу;
- Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы ұлттық таным тәжірибелер нәтижесінде пайда болған өзгерістер сырын ұғыну;
- Оқушылардың бойында Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы ұлттық таным жайлы еңбектерін құрметтеу дағдыларын қалыптастыру;
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Зерттеу жұмысы Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы ұлттық таным арқылы оқушылардың өзін өзі тәрбиелеуі және зияткер ұрпақтың қалыптасуына тарихи көмек.
Зерттеудің кезеңдері: Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты әдеби-тарихи, жүйелі-сипаттамалық, баяндау, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі: Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы ұлттық таным мүмкіндіктерін және мән-маңызы айқындалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі: Зерттеу нәтижесінде жинақталған материалдар болашақта Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы ұлттық танымды әрі қарай зерттеп, зерделеймін деушіге пайдалы нұсқа, сондай-ақ мектептің пәндерінде қосымша эллективті курстардың бағдарламасына енгізуге болады.
Зерттеудің дербестік нәтижесі:
- Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы ұлттық таным сырлары айқындалды;
- Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы ұлттық таным таныстырылды;
- Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы ұлттық танымға байланысты нақты мәліметтер ашылды;
- Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы ұлттық таным бойынша нақты тәжірибе жүргізу арқылы байқалды.
Ғылыми жобaның ғылыми жaңaлығы: Оралхан Бөкейдің «Атау кере» романындағы ұлттық таным танымдық тұрғыдан зерттелді.
І.КІРІСПЕ
«Оралхан прозасымен де, драматургиясымен де, тіпті асқақ мінезімен де тұнып тұрған сөз өнерінің шебері болатын».Оралхан Бөкей - ақын. Әр әңгімесі, әр повесі ақындық жүрекпен өмір тылсымын терең түйсініп, сол жұмбақтан өзіндік тың пәлсапа түйе отырып жазылған». «Оралхан Бөкей – суреткер. Табиғат пен адам жанын ақындық көзбен жіті тінтіп, екінің бірі байқай бермейтін тылсым құпияларды өрнектейді. Және де сол суреттері өзі көргендегідей тылсым күйінде, жұмбақ қалпында тұңғиығына сыр бүгіп тұрады». Оралхан – бар жанрда бағын сынап, қазақ әдебиетінің көркемдік әлемінде ғажайып із қалдырған аса көрнекті жазушы, қайраткер қаламгердің өткір қылышты Атау кере романындағы ұлттық танымды біз бүгін жоба барысында зерттейтін боламыз. Жалпы атау кередегі болмысты тың зерттейміз. Өйткені
«атау кере» сөзі ел ішінде адамдардың күнделікті қарым-қатынасында қолданыла бермейтін, сирек жағдайда, шанда бір ашынған ахуалда, болмаса шарасыздықтан айтылатын салмақты, зілді, ауыр ұғымдарды ерекше зерттеп тың тұжырымдарын сіздерге ұсынамыз.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 ОРАЛХАН БӨКЕЙ ӨМІРІНІҢ ФЕНОМЕНДІК КЕЛБЕТІ
Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі – Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданына қарасты Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.
1968 жылдан бастап Алматы қаласына қоныс аударған.
Оралхан Бөкей – жазушы, драматург. 1969 жылы ҚазМУ-ді бітірген. 1965-1968 жылы Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын (Большенарым) ауданында «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары, Шығыс Қазақстан облысы «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар» газетінде) әдеби қызметкер, кейін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде (1988-1984), «Жұлдыз» журналында (1974-1983) бөлім меңгерушісі, «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактордың орынбасары (1983-1991), 1991-1993 жж. осы газеттің бас редакторы болды.
Әдебиетке өзіндік өрнегін сала келген жазушы оқырманын өзгеге ұқсамайтын ерекшелігімен таңқалдырды. 1970 жылы Алматыда жарық көрген «Қамшыгер» атты повестер мен әңгімелерінің тұңғыш жинағы жазушы есімін көпке таныс етті.
Оралхан мектепте оқып жүрген кезінен-ақ өзінің журналист, жазушы болғысы келетінін айтады екен. Мектеп бітіру кешінде жиылған ата-аналар мен мұғалімдер алдында: – «Көкшетау асқан сұлу болса, одан шыққан ақын, жазушылар одан әрі сұлуландырды. Біздің Өр Алтайдың сұлулығы одан әсте кем емес. Бірақ оны жырға қосып, сұлулығын көрсететін ақын, жазушылар жоқ десек қателеспейміз. Мен Алтайдың сұлу табиғатын, сарқылмас байлығын танытуды мақсат етемін. Сондықтан да мен жазушы болуды армандаймын. Адам арманын алдына мақсат етіп қойса, оған жетуге тиісті. Мен де мақсатыма жетемін деп сенемін», – деген екен. Иә, асқақ арман, үкілі үміт өшпеді. Алла ақ тілекті, ақ ниетті қабыл алды. Өр Алтайдың өр де өжет ұлы мақсатына жетті. Қаламгер атанды. Қатардағы емес, әрине. Киелі Алтайдың тамаша табиғатын көркем тілмен кестелеген бірегей суреткер көркемөнер көкжиегін кеңейтті, қазақ прозасын көкке көтерді. Сөйтіп Оралхан өзгелерден озып туып, озық тұрды. Осылайша, Ару Алтай мен Оралхан есімі қазақ әдебиетінде қатар астасып қала берді. Тарих сахнасы мұны ешқашан жоққа шығара алмайды.
«Менің повестерімдегі, әңгімелерімдегі барлық сюжеттер туған жер туралы естеліктер, жас шақтағы болған оқиғалармен байланысты, – деп жазады автор. Менің жерлестерім қазақтар – мінездері бір қалыпты, адал және жүректері ашық адамдар. Әйтеуір, не жазсам да өз заманымды, сол заманда табан ет, маңдай терін жұмсап жүрген қарапайым еңбек адамдарын тілге тиек етуге тырыстым», – деген болатын жазушы О. Бөкей.
Бірінші жинақтың ізімен басқа да еңбектері шықты: «Үркер» (1971 ж.), «Қайдасың қасқа құлыным» (1973 ж.), «Мұзтау» (1975 ж.). Жазушының орыс тіліне аударылған әңгіме-повестерінің жинағы: «Жасынның ізі» – «След молний» (1978 ж.), «Ән салады шағылдар» – «Поющие барханы» (1981 ж.), «Сайтан көпір» – «Крик» (1984 ж.), «Зымырайды поездар» – «Поезда проходят мимо» (1985 ж.), «Кісікиік» – «Человек – Олень» (1987 ж.).
Мұнымен қатар қаламгер туындылары неміс, словян, болгар, ағылшын, венгер, араб, қытай, жапон және ТМД елдерінің тілдеріне аударылды. Оралхан Бөкей – көркем сөз өнерінің хас шебері. Оның туындыларында форма жағынан ерекшелік басым.
1976 жылы Оралхан Бөкей «Құлыным менің» пьесасы үшін Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, 1978 жылы «Найзағай ізі» повестері мен әңгімелері үшін Н. Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты, 1986 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» повестері мен әңгімелері үшін Абай атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты наградаларына ие болды.
Оралхан Бөкейдің Үндістанға барған шығармашылық іс-сапардан оралмағанын көпшілік біледі. Делиде, 1993 жылы 17 мамыр күні көз жұмды.
2.2 ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ СОҢҒЫ ТУЫНДЫСЫ «АТАУ КЕРЕ» РОМАНЫ
Оралхан Бөкейдің соңғы туындысы «Атау кере» романының атының өзі бірден елең еткізеді. Өйткені «атау кере» сөзі ел ішінде адамдардың күнделікті қарым-қатынасында қолданыла бермейтін, сирек жағдайда, шанда бір ашынған ахуалда, болмаса шарасыздықтан айтылатын салмақты, зілді, ауыр ұғым. Шығармашылығында жеңіл мазмұн кездеспейтін Оралханның дәл осы күрделі тақырыпқа барып, әрі оны өзінің дәстүрлі шеберлігіне тән деңгейде ширатып, ширықтыра отырып жазғаны заңдылықтай қабылданады.
«Атау-кере» повесі бүкіл адамзаттық мәселелерді қозғайды. Повесть оқиғасының басында Еріктің реалистік сипаты басым болса, шешімінде мифтік сипаты байқалады. Қаламгер адамдар өмірін аралар дүниесіне ұқсатады. Еріктің көк басты сонаға айналып кетуі және Қатын суының арғы бетіндегі жұмбақ қыз – символ. Ерікті мифтік бейне ретінде қараудың өзі оның құбылуына байланысты. Бір түрден екінші түрге ауыса алатын – тек миф кейіпкерлері. Повесть соңында Еріктің құбылуына мән бере отырып, бұл повесті «Повесть-миф» деп атауға болады. Повестегі Шал образында романтизм сарыны байқалады. Шығармадағы Шал да, Таған да қоғамда бет алған адамның рухани әлсіреуінен шығудың шығар жолын, амалын табуға тырысады. Бірақ табиғат аясында қалудан басқа жолды көре алмайды. Сондай-ақ шығармадағы Тағанның табиғат туралы ойлары былайша беріледі: «... Табиғат жаратқан алқам-салқам болмайды, ол - әмісе әдемі, әмісе сүйкімді, әрі шыншыл, әрі ақылды, сондықтан да адамдар секілді қателеспейді. Табиғат – мәңгілік тірі, өтірік айтпауды, алдап – арбамауды табиғатан үйрену керек, өйткені ОНЫҢ (табиғаттың) жүрегі таза». Шығармада жеңіліс пен жеңіс, түңілу мен үміт, қиянат пен қайырым, аярлық пен адамдық, марғаулық пен махаббат арасындағы тартысты күрес, өткен тарих пен бүгінгі нақтылықтың ажырамас аясындағы ұлт тағдыры мен келешегі таразыға тартылған романның кесек-кесек идеяларының түйіні кульминациялық сәтіне жетіп, ширақ та шымыр тарқатылады. Шеберлік құдыреті дегеніміздің құпиясы да осы болса керек!
ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
3.1 АТАУ КЕРЕ РОМАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМДЫ СӨЗДЕРДІҢ КӨРІНІСІ
«Атау кереде» мағыналары көмескілене бастаған, өздері қолданысқа аз түсетін сөздер де кездеседі. Олардың тілдік тұлғаларын, мағыналарын ашуды осы тарауда қарастыратын боламыз.
Мәселен, повесте «жады»
сөзінің жұмсалып тұрған сыңайы ерекше көзге түседі: Осы жады сөзінің бойында көптеген түркі тілдеріне ортақ болып келетін тарихи-фонетикалық сөздер жатыр. Ол сыр қазақ тілінің тарихы үшін керек-ақ және қызғылықты да.
Жалпы түркі тілдерін өзара топтап, классификация жасау үшін фонетикалық принципке сүйеніп, оларды жіктеп ажырату барысында әдетте д мен з дыбыстарының қолданылу ерекшеліктері еске алынады: адақ//азақ (қазақша: айақ) яғни түркі тілдері д дыбысымен сөйлейтін тілдер және з дыбысымен сөйлейтін тілдер болып екіге бөлінеді. (бұл принцип бойынша қазақ тілі й дыбысымен сөйлейтін тілдердің қатарына жатады) Д дыбысымен айтылатын тілдердің тобына көне түрік тілі, көне ұйғыр тілі, қарағас, салар, тува тілдері жатады. З дыбысымен сөйлейтін тілдердің қатарына сары ұйғыр тілі, шор, хакас тілдері кіреді. Й дыбысын қолданатын тілдер – алтай тілі, қырғыз, құмық, қарашай-балқар, қарайым, татар, башқұрт, қазақө, ноғай тілдері.
Оралхан Бөкей шығармасындағы «жадылау» деген сөздің семантикалық мағынасы «адамның жанына сиқырды жазу» немесе «жаю»
деген ұғымды білдіретіні осыдан-ақ айқындалады.
Ас-тағам атауларына байланысты жалпы айтылатын сөздер. «Атау кереде» «ауқат»
сөзі бірнеше жерде ұшырайды. Мәселен, Тайганың арасындағы ақ тауықтардың көбейіп кеткені сонша, адам ауқатынан асып, өз жұмыртқасын өзіне беретін. [ Бөкей «Екі томдық таңдамалы шығармалар.» 2-том. -Алматы, Жазушы, 1996, 335 бет].
Осы күнгі әдеби тіл тұрғысынан алып қарағанда, бұл тіркесті «ыстық тамақ» немесе «ыстық тағам», «ыстық ас» деп алуға тура келетін тәрізді, бірақ мынадай бір екі түрлі себептерге байланысты бұл сөздің осы жерде өзіндік орны мен иінді себебі бар екендігі дау тудырмайды. Біріншіден, Қазақстанның оңтүстік өңірінде бұл сөз үнемі айтылады да, жиі қолданылады. Ол туралы С. Аманжолов былай дейді: «ауқат: в литературном языке оно означает состояние, а здесь (яғни Оңтүстік Қазақстан облысында) тамақ, ас (пища, еда): Ауқат істеп отырамыз да» (готовим пищу, да сидим дома)» [ Аманжолов С. «Вопросы диалектологии и истории казахского языка.» –Алма-Ата, 1959, 348 бет ]. Екінші жағынан, бұл лексема туысқан түркі тілдерінде, әсіресе, Орта Азиядағы түркі халықтарының тілдерінде күнделікті қолданыла беретін узус сөз болып есептеледі. Мысалы, өзбек тілінде овқат: «1) пища, кушанье, еда; 2) кушать, есть, принимать пищу» деген мағына береді [ «Узбекча-русча луғат.» –Москва, 1959, 295]. Қарақалпақ тілінде де солай: ауқат [ «Қарақалпақша-русша сөзлик.» -Москва, 1958, 62 бет]. Хал-ахуалы жақсы, тұрмысы түзу, тамағы тоқ, бақуатты (дилы) тұратын адамды «ауқатты адам» дейтін сөз осыдан барып туындайды. Н. Д. Оңдасынов «ауқат, ауқаттану, ауқатты, ауқаттылық» сөздерін араб тілімен байланыстырып қарайды [ Оңдасынов Н. Д. «Арабша-қазақша түсіндірме сөздік» (Қазақ тіліндегі араб сөздері), 1-том. –Алматы: Мектеп, 1984, 53 бет]. «Қазақ тілінің орфографиялық сөздіктерінде (1963, 1978 ж) еніп отырғандықтан, бұл сөзді «диалектизм» деп танығаннан гөрі «профессионализм» (кәсіби сөз) деп санағанымыз орынды болар деп ойлаймыз».
Әдеби тілде қолданылып жүрген сөз тұлғасының сәл де болса, өзгеріп, құбылып отыруы тіл дамуының басты бір көрсеткіштері болса керек. Сөздің түрі, грамматикалық формасы, түр-тұлғасы ауытқып, өзгермей тұрғанда, оның мағыналық статусы да өзгере қоймайды, семантикалық өрісі де кеңейтіле қоймайды. Осыдан барып, оның функциясы бір қалыпта тұрақтап қалады да, жиі қолданылу мүмкіншілігі артпайды. Сөз формасындағы әрбір өзгеріс сол сөз түбірінің жұмсалу ауқымын кеңейтеді, сонымен қатар, оның мағыналық ерекшеліктерін үстей түседі. Кез келген формант түбірге деривациялық аз да болса үлес қосып отырады. Мысалы, әдеби тілде баж ету (баж ете қалды, баж-бұж) деген тіркес бар, осыдан бажылдау (бажылдату, бажылдасу, бажылдатқызу, бажылдақ, бажылдауық) деген етістік сөздер жасалады. «Атау кереде» де осындай сөздер кездеседі. Мысалы, «Мылтық үнінен әбден үйренген ат мыңқ еткен жоқ, тек қамшылар жақ қапталдағы шөптің арасынан «ой-бай» деп бажылдай атып тұрған маскүнемнің үнінен ғана көкбесті және жалт ете түскен» [Бөкей «Екі томдық таңдамалы шығармалар.» 2-том. -Алматы, Жазушы, 1996, 335 бет].
3.2 АТАУ КЕРЕДЕГІ ҰЛТТЫҚ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
О. Бөкей шығармашылығында халықтық тіл мен әдеби тілде кеңінен қолданылатын мәні, мазмұны терең мағыналы тілдік амалдар көптеп қолданылады. Бұл жазушының тіл байлығын орнымен, үйлесімді түрде пайдалана алатындығының бір дәлелі. Жалпы, Оралхан Бөкей шығармашылығындағы бейвербалды амалдар туралы айтатын болсақ, олар зерттеу нысанына алынып отырған шығармасы «Атау кереде» өте көп кездеседі. Оны қарастырмас бұрын бейвербалды амалдар туралы тіл біліміндегі тұжырымдарға тоқталып өтейік.
Бейвербалды амалдар туралы тіл білімінің Женева мектебінің өкілі Ш. Балли өзінің: «Общая лингвистика и вопросы французского языкознания» деген еңбегінде: «Ишара, дене қозғалысы, әсіресе, мимика басқа да тілдік белгілер сияқты белгілі бір мағынаға ие» [ Балли Ш. «Общая лингвистика и вопросы французского языкознания.» –Москва, 1956, 46 бет] дейді.
В. М. Верещагин, В. Г. Костомаров бейвербалды амалдарды екіге бөліп қарастыруды ұсынады:
Соматизм тілі. Бұл топқа ишара, дене қалыбы, мимика, бет әлпет кескіні және әр түрлі адам жүзінде байқалатын психосоматикалық симптомдарды енгізеді.
Ғұрыптық тіл. Бұл топқа белгілі бір ұлттың әдет ғұрпы, этикетімен, салт дәстүрімен байланысты дене қимылдарын жатқызады.
«Атау кереде» бейвербалды амалдар мынадай негізде қызмет атқарады:
Айқай шу, дабыр кезінде:
Қатынның құлаққашты шуы қанша айқайласаң да анық естіртпей, тек шың шыңдаған үзік үзік үні ғана жетер еді. Бірақ, Ерік «атың кім?» деп және озаңдады. Қыз басын шайқады. Ести алмадым деген сыңай танытты.
Бейвербалды амалдар бір сөзбен беріледі. Мысалы, ыржию, тыржию, ажыраю, қыржию.
Бұл тауып айтқаның емес, деді орнынан көтерем сиырдай созалаңдап тұрған Таған кіржиіп.
Есікте жүрген құлдың да бір аяқ астық құны бар емес пе? Деп шаптыға ежірейді.(«Атау кере»)
Оралхан Бөкей шығармаларындағы кейіпкерлердің дене қимылдарына, ишараларына байланысты тіркестер де көптеп кездеседі. Бұл ерекшеліктің Оралхан Бөкей қаламына тән екендігін де айта кеткеніміз жөн. Өйткені, күрделі қимылдық амалдарды білдіру, кейіпкерлердің қимыл-қозғалыстарын шығармада дәлме-дәл бере білу шын шеберлікті, қисындылықты талап етеді. Автордың анатомиялық түсінігінің кең екендігін де байқатар тұс - оның «Атау кереде» ишараларды, жалпы кинетикалық амалдарды үйлесімділікпен көрсетуі. Адамның мінез ерекшелігін ашу, психологиялық жан сезімін сыртқа шығару әр қаламгердің тәжірибесінде әр түрлі болатындығын ескерейік. Мысалы, Мұхтар Әуезов «Абай жолында» кейіпкердің жан толқынысын ашу үшін суреттеу құралдарын, көркемдік тәсілдерді, поэтикалық тілді пайдаланады. Ал, Ғабит Мүсіреповте бұл тәсіл кейіпкерлердің сөздері арқылы, автордың қысқа-қысқа баяндаулары арқылы жүзеге асады. Оралхан Бөкейде осының екеуі де тоғысқан. Сонымен қатар, ол адам мінез-құлқына қоғамның сіңірген әсерін, ықпалы, қоғамның қалыптастырған дағдысын ендіруге күш салады. Бұл амалдардың, әрине, повестегі типтердің қайталанбас дара әрекеттері, ишаралары арқылы көрінетіндігі анық.
О. Бөкей шығармаларында кездесетін ишараларды дара түркілік авторлық және жалпықолданыстағы деп ажыратуға болады. Жалпықолданыстағы ишаралар адамдардың бәріне түсінікті, тілде белгілі бір мағыналары қалыптасқан кинетикалық амалдар болса. Даратүркілік, авторлық ишаралар жазушы шығармашылығындағы белгілі бір кейіпкердің өзіне ғана тән және сол кинемалар арқылы кейіпкерлердің мінез құлқын, көңіл күйін аңғартатын авторлық қолданыстағы ишаралар. Даратүркілік авторлық ишаралардың кейіпкер мінез құлқын ашудағы қызметі зор. О. Бөкей бір кинеманы қайталап беру арқылы жеке кейіпкердің өзіне тән әрекетін, әдетін көрсетеді. Мысалы, сұқ саусағын шошайту, сол арқылы жанын мазалаған сұраққа жауап іздеу Тағанға ғана тән қимыл. Жазушы Тағанның іс әрекеті арқылы оның интеллегенет, шешен адам екендігін көрсетеді. Төмендегі мысалдардағы Тағанның кинемалары бұл пікірімізді дәлелдей түседі:
Жатқан қалпында сұқ саусағын шошайтып: Неге біз осы... жанымызда жанып тұрған отты не су құйып өшіреміз, не болмаса май құйып лаулатып өртеп жібереміз. Неге біз осы ... деп, ежелгі әдетінше сұқ саусағын шошайтты. Мен осы бір нәрсеге таң қаламын, деді сұқ саусағын шошайтып.
О. Бөкей тағдыры ауыр, өмірде жолы болмаған адамның бір қырын «сұқ саусағын шошайту» арқылы жүзеге асырса, енді бірде «жеңін иіскеу» кинемасы арқылы маскүнем, араққа салынған адамның бейнесін дәл береді:
Сыраны сіміріп алған соң, жеңін әдетінше иіскеп жіберіп, аузын сол жеңімен сүртіп өткен Таған:
Ал, апа, енді мен қаракетке кірісейін, деді есікке қарай жылыстап.
Ақ баласын көруге жүрегі айнып тұрар Таған пісуі жеткен салқын қымыздың бір тостағанын сіміріп жіберіп, жеңін иіскеді.(«Атау кере»)
Оралхан Бөкей жеке адам психологиясын беруде ишараларды шебер қолдана білсе, тұтас бір халықтық менталитетті көркем тілмен жеткізуде де қазақ ұлтына тән салт-дәстүр көріністерін алға тартады. Өйткені, «қазақ халқының бірнеше ғасырлық өмір тәжірибесінде әр істің, салт-сананың реті мен жөн-жобасы болады және барлық жұмыс соған сәйкес атқарылады. Ол қалыптасқан ұлттық және исламдық салт-дәстүрлер негізінде жасалған. Ұлттық ырым-тыйымның, әдеп-үлгісінің топтасқан немесе жұптасқан құрамы – халықтың әдет-ғұрпын, жөн-жоралғысын құрайды. Осыдан барып, ел ішінде әдетке сай жөн-жосығы мен жолы шығады. Міне, осы жол арқылы халықтық қағида, мәдени-тұрмыстық, рухани-тәрбиелік үлгі-өнеге жиынтығы қалыптасқан. Мұның танымдық, тағылымдық, әдептілік қызметтері де өте зор екендігін тарих талай рет дәлелдеп берген. Олай болса дана халықтың өзі жасап қалдырған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйрену және өмірде қолдану ағайынды адастырмас сара жол болып табылары анық» [ Кенжеахмет С. «Жеті қазына», 3 кітап. Алматы, Ана тілі, 2003, 14 бет]. Жазушының осында айтылған қағидаларды терең меңгергендігі «Атау кередегі» салт-дәстүрге, адамгершілік ұстанымдарына байланысты тұстарда барынша аңғарылады. Мәселен, Нүрке кемпірдің ұлты орыс болғандығына қарамастан, келініне жөн-жобаны көрсетіп, үйретіп отыруы осындағы біртұтас фондық лексиканың шығарма тілінде қолданылуына келіп ұласады. Ислам дінін ұстанатын қазақ халқының бай тілдік қоры араб тіліндегі сөздердің көптеп енуімен тікелей байланысты. Бірақ, бұлардың жай ғана ене салған кірме сөздер емес, исламдық түсінікке тікелей қатысты лексика екендігін ескруіміз қажет.
Халқымыздың ерте заманнан бері келе жатқан салт дәстүрлерінің бірі бата беру. Бата оқылған кезде үлкендер жас ұрпаққа амандық тілеп, адамгершілік пен имандылыққа бейімдеп, тәлім тәрбиенің жолын көрсеткен. Қаламгер шығармаларында бата беру дәстүрі молынан ұшырасады. Қазақ дәстүрінде жайылған дастарқан батасыз кетпеген.
Жас жұбайларға берілген батадан да ізгі ниеттің, ақ тілектің қайнар бұлағын аңғаруға болады. Отау құрған жас жұбайларға берілетін батадан жаңа өмірден өз орындарын табуларына, ұрпақ сүйіп, үбірлі-шүбірлі болуларына, амандықта, саулықта өмір кешулеріне тілектестік білдіреді.
Сонда, енесі таза қазақ тілінде: «Қадамың құтты болсын, қарағым! Қосағыңмен қоса ағарып, бақытты ғұмыр кешіңдер!» деп, алақанын жайып, батасын зулатып бата беріп, құшақтап бетінен сүйіп еді.
Сонымен қатар, қол жаю, бет сипау кинемалары, аруақтарға бағыштап құран оқу, дұға оқу, құдайдан мінәжат тілеп жалбарыну жағдаяттарына қолданылады.
«Бізге көрші Сарқыт деген кемпір болды, төбені қойып, маңдайдан, мұрынның үшінен қан ала беретін, жарықтық жақсы адам еді, жатқан жерің жаннат болсын (Нүрке бетін сипады) ».
К. У. Геворкян «Кинеический язык» атты ғылыми еңбегінде қол алысу кинемасының семантикалық сипатын айқындай келе, оның он екі түрлі жағдаятта қолданылатынын айтқан. Олар:
-
Сәлемдесу,;
-
Қоштасу;
-
Жақындығын сездіру;
-
Танысу;
-
Достасу;
-
Сезімін білдіру;
-
Көңіл айту;
-
Құттықтау;
-
Рахмет айту;
-
Келісімге отыру;
-
Біреуге құрмет сезімін білдіру;
-
Ризалығын білдіру [ Геворкян. К. У. «Кинесический язык.» –Москва, 1963, 56 бет].
«Атау кереде» бас шайқау
кинемасының да әр түрлі мағынада қолданылуы жиі кездеседі. Осы кинеманың қолданылу ерекшелігін қарастырып көрейік.
Бас шайқау. Кекету.
«Ауру қалса да әдет қалмайды деген, отырғандар, әсіресе, Ерік басын шайқап, мырс мырс күлді, тек жылқышыға ғана көзінің қиығымен қарап, мән берген жоқ».
Бас шайқау ІІ сенімсіздік білдіру.
Әй, қайдам, деп сенімсіздікпен басын шайқаған еді Нүрке.
Бас шайқау ІІІ келіспеушілік білдіру.
Күйеуі ұртын толтыра ұрттаған суды тағы да бүркей берем дегенде, басын шайқап, өте әлсіз үнмен: «Керек емес», деді, қолтығымнан сүйеші, тұрайын.
Бас шайқау. Таңғалу.
Мынауың арақ емес... зәмзәмнің суы шығар... Неткен керемет, ғажап... деп насаттана басын шайқаған Таған сәл ұмытыңқырай бастаған ескі әдетін оқыстан тауып алғанына қуанғандай...
Бас шайқау. Аяушылық білдіру.
Шаштының үстіне алдымен шыққан Ерік сонау етекте таман бір отырып, бір жүріп, әйтеуір, жансебілділікпен өрге қарай ілби тырмысқан мүсәпірге қарап, басын шайқап: «Қандай сор екен айдап келе жатқан. биік мансап, ұлы мақсатқа өрлеп келе жатқандай жанталасуын бейшараның...»
Сонымен қатар, «Атау кередегі» осы сипаттас образдар жүйесін берудің көрінісі фразеолозмдер арқылы да беріледі. Ол туралы сөз қозғамас бұрын, әуелі фразеологизмдер туралы мәлімет бере кетейік. «Фразеологизм» деген терминнің «бір мағынаны беретін сөз тіркесі» деген атау екені белгілі. Ал, «фразеология» дегеніміз, біріншіден, "фразеологизмдердің жиынтығы, әлемі, казынасы», екіншіден, «фразеологизмдерді зерттейтін ғылым саласы».
Белгілі бір образды беруде фразеологизмдер — поэтикалық экспрессияның ең бір ұтымды құралы. Фразеологизмдер неғұрлым көп болған сайын көркем әдебиеттің маңызы арта түседі, оның оқырманға ықпал ету күші артады. Әсіресе, жазушылар өз туындыларында әр сөзге жан бітіру үшін фразеологизмдерді жиі қолданады. М. Әуезовтің «Абай жолы» романында, Ғ. Мүсіреповтің романдарында, С. Мұқановтың өлеңдерінде, поэмаларында нағыз суреткер қолынан шыққан фразеологизмдер көптеп ұшырасады. Олардың бүгінгі таңда тілші ғалымдардың негізгі зерттеу нысанына айналып отырғаны да шындық. «Жеке суреткер тіліндегі образды фразеологизмдердің типтерін, олардың көп-аздығын, ескі-жаңаларын түгендеу үстінде айтушының не жазушының фразеологизмдер саласыңдағы байырғы қазынаны қаншалықгы игеріп, кәдеге асырғанын, қаншалықты жаңаларын ұсынғанын көруге болады. Ал бұлар шығармашылық контекст немесе авторлық даралық дегенді танытады, тіпті кеңірек қарасақ, суреткер тіліндегі фразеологизмдер әлемі оның поэтикалық тіл арқылы көрінетін дүниетанымын байқатады» .
Қаламгерлер көбінесе қалыптасқан фразеологизмдік оралымдардан бас тартып, өздерінің қиялдарынан туған немесе табиғат құбылыстарынан түйген ойларының нәтижесінде санаға бекитін тұрақты сөз тіркестерін қолдануға құштар. Бұл сөзден фразеологизмдердің барлығы өз бетімен пайда болған екен немесе олардың жасалуына көркем сөз шеберлері қатыспаған екен деген ой тумауы тиіс. Фразеологизмдердің қайнар көзі – бағзы замандардан бері жасап келе жатқан авторлық немесе халық жырлары, өлеңдер, әдеби туындылар, шешендік сөздер. Ақын-жазушылардың өз бетімен фразеологизмдер жасауға ұмтылыстарын жаңа поэтикалық түсініктердің пайда болуымен, көне тілдік бірліктердің жаңғыруымен түсіндіргеніміз дұрыс шығар.
Осындай жаңашылдық, әсіресе, Оралхан Бөкей шығармаларында молынан ұшырасады. Оның ішінде зерттеу жұмысында арнайы қозғалып отырған «Атау кере» повесінде фразеологизмдердің берілуі қалыпты үлгіден өзгеше. Мұнда автордың өзіндік дара қолтаңбасы анық байқалады. Сонымен қатар, фразеологизмдердің аллитерациялық, ассонанстық үйлесімділікпен келуі де назар аудартады.
Оралхан Бөкей тіліндегі фразеологизмдер — экспрессияның таптырмас құралы.
Біз әңгіме ететін фразеологизмдеріміз - суреттеме сөз тіркестері, яғни, поэтикалық фразеологизмдер. Бұлар әдетте бір нәрсені: затты, сынды, қимылды, қимылдың амалын жай атамайды, суреттеп, бейнелеп, астарлап, "мадақтап" не "балағаттап" атайды, яғни айтушының (жазушының ақынның) сол нәрсеге — объектіге «пейілін» — көзкарасын білдіре атайды. Демек, поэзия тіліндегі фразеологизмдердің басты белгісі — олардың образды (бейнелі) болатындығы. Ал, бейнеліліктің «сүйегі» тілдік метафорада жатады. Метафора дегеніміз сөздердің мағына ауыстырып жұмсалуы болса, фразеологизмдер сөз мағынасын қүбылтудың бірден-бір көзі больш табылады. Мұны ақын-жазушылар жақсы біледі де, шебер пайдаланады.
Қазақ тілі сөз байлығының қуатты саласына фразеологизмдер жататынын айттық. Фразеологизмдердің жасалуында көз, тіл, тіс, аяқ, қол т.б. дене мүшелерінің қызметі айрықша. Орыс тіл білімінде фразеологизмдер мен ишаралардың, қимыл-қозғалыс амалдарының өзара байланысын зерттеген Е. В. Красильникованың «Жесты и языковые фразеологизмы», А. В. Филиппов, В. Д. Кутловскаяның «Фразеолозми и жесты» атты еңбектерін атап кеткен жөн. Е. В. Красильникова «Условный жест фразеологизованное явление в жестовом языке и языковой фразеологизм имеют семиотическое родство. Поэтому не случайно, что проекция условного жеста в язык словесное описани жеста нередко представляет собой фразеологической оборот. То, что фразеологизм в языке может возникать на базе жеста, легко обьяснимо» дей келе бірқатар фразеологизмдердің ишаралық амалдар негізінде пайда болғандығын айтады. Қазақ тіл білімінде ғалым Г. Смағұлова жалпы дене қимылына негізделіп жасалған тұрақты тіркестер түрін «кинетикалық» фразеологизмдер деп атап, оған қол қусыру, құрақ ұшу, табанынан тік тұру, зыр жүгіру, елбек қағу, қолдан қолға түсірмеу, өкшесін жерге тигізбеу, жаны қалмау, бәйек болу, қошемет көрсету, жатып жастық, иіліп төсек болу, шапан жабу, шылбырына оралу сияқты мысалдарды келтіреді.
Бұндай тұрақты тіркестер қатарына теріс қарау (жақтырмау), бармағын тістеу (өкіну, қапалану), құшағын жаю (қуанышпен қарсы алу), қабағынан қар жауу (қатты ашулану), санын сабалау (қатты қуану), желкесін қасу (мәселенің шешімін шеше алмай қатты дағдару), ернін шүйіру (біреуді жақтырмау, менсінбеу), тісін қайрау (ызалану), таңдайын қағу (қатты таңдану, қайран қалу) сияқты ишаралық амалдар негізінде жасалған адамның іс әрекетін, қимылын бейнелейтін фразеологизмдерді жатқызуға болады. Ғалым С. Сатенова: «Қазақ тілінде қос тағанды фразеологизмдердің ішінде ең мол кездесетіні: адамның іс әрекетін, қимылын бейнелейтін және ішкі жан дүниесін, мінез құлқын сипаттайтын түрлері. Себебі, адам баласы шыр етіп жерге түскеннен мезгілі, ажалы жетіп, о дүниеге аттанғанша, өзіне тән мінез- құлқы, психикалық ерекшеліктері қалыптасып, бірте бірте уақыт озған сайын жетіле береді. Әрбір адамзат жайлы осыны айтуға болады: тірі жанның әрқайсысына да тән табиғи құбылыс. Жас ерекшелігіне қарай мінез құлқы, жан дүниесіне орай іс әрекет қимыл қозғалысы қалыптасады. Мысалы, жас пен ақыл тоқтатқан, кемеліне келген өмір тәжірибесі мол кісінің жан дүниесі мен мінез құлқында едәуір ерекшелік болады, сол себепті қимыл қозғалысы, іс әрекеті көпшілік жағдайда жасына, психологиялық ерекшеліктеріне, туа бітті қасиетіне, болмысына сай болады» деп тұжырымдайды.
Ал, туырлығын тілу, ат құйрығын кесісу, топырақ шашу, бетіне түкіру, бетіне күйе жағу, отының басын сабау сияқты қимылдық амалдар уақыттары өтіп, заман ауысқан сайын мағыналары күңгірттеніп, ескіріп, тұрақты тіркестерге айналған. Бұл ой А.В. Филиппов, В. Д. Кутловскаялардың пікірлерімен ұштасып жатыр: «Если жест как знак архаизируется, то в обороте глубинное значение утрачивается, сменяется целостным значением иной природы, поверхностное значение смазывается, и это ведет к появлению обычных фразеологизмов».
Қабағынан қар жауып, әр сөзі сатулы болып отырар Ерік те
еріккендей, томаға тұйық мінезінің шарбағын сындырып, алқалы топ, алқа қотан әңгімеге қосылғандай еді.
Қаратайдың қара балуанының басынан да аттап кеткем, деп шіренді жалғыз алақанына түкіріп. («Атау кере»)
Кейде «Атау кереде» еркін сөз тіркестері де кездеседі. Мысалы, қолын ұсынды, орамалын бұлғады, қамшысын сарт еткізді.
Не болды, Айнаш? Күн иісі аңқыған қолаң шашынан иіскеп, арқасынан сипап өзіне тартты. Амансыңдар ма?
Мылтықтың жаңа түрін тапсаң... қарастырарсың.
Родной мой, если ты прикажешь, автомат доставлю, деп, тісін ақсита күліп, мойнынан құшақтады.
Мұнда «шарбағын сындырып» деген фразеологимнің мүлдем тың тіркес екендігін көреміз. «Шарбақ» - өзінің тура мағынасында үйді немесе қораны, ауланы қоршауға арналған ағаш шыбықтар. Негізінен жалпылама қолданысқа енбеген. Бұл жерде Оралханның фразеологизм жасаудағы екі ерекше шеберлігі танылады. Жазушы, біріншіден, шарбақ деген жартылай диалектілік, жартылай әдеби сөзді батыл түрде шығармасына енгізіп қана қоймай, оны дерексіздендіріп, фразеологизм тудырады. «Таңның хабаршы сәулелері тарап» деген фразеологизмдік құбылыстың да сипаты осыған жақын келеді. «Күн шықты» деп немесе «таң атты» деп қоя салмай, оны барынша поэтикалық астарда беруі жазушының сөзді қолдануындағы талғампаздығын, әр сөзден сыр іздейтін ізденімпаздығын байқатады. Бұл аталған фразеологизмдік тіркестер тек Оралханның ғана қаламына тән екендігін аңғарамыз.
Оралхан Бөкейдің «Атау кересіндегі» фразеологизмдер
Астындағы жол жорғасы бар көкбестінің алғашында құлағының түбі ғана жіпсіп еді, енді тоқымының шетінен ылжырап көбік шығып, күннің ыстығы мен еңіске қарай тарбаяқтаған лоқылдақ жүріс қарадай қинап, қан сорпасын шығарды.
Соңғы кезде адамдар мінезіне санамен кіріп, сыздата бүлдіріп жүрген осынау тоңмойындық ауылдастарының баяғы жайсаң жаны қай жылдардан бастап қасаңдай бастағанын зейін қойып, зерттер зерде Ерікте бар-жоғын білмейміз; біздің білетініміз: замана көші байсалданып, баянды ғұмыр кешкен сайын өмір сүру жеңілденіп, сауық-сайран көбейген сайын, санамыз сарабдал тартып, таңғажайып оқиғаның куәсі болған сайын, құлқынымызға құм түскендей
қатал да қайырымсыз , ешкімге де, еш нәрсеге де сенбейтін сезімсіз «сергектік» жайлағандай еді бойымызды. Тек алға, алға ғана тура тартқан: жасықтық пен жалтақтықтан ада асау батылдық, балталасаң да қыңқ етпейтін батырлық сықылды болғанымен, көсегемізді көгертпес
көк беттікке бой алдырар кісәпірліктің көрігін көбірек басып жүрген жоқпыз ба,
деген күмәнді ой түрткілеп мазаны алар еді. («Атау кере»)
Айнаның пыр етіп ұшып кеткен жаны
қайта айналып қонған сәтте, еңкейіп мылтықты алғысы келді-ақ, амал не, сіресіп қалған денесі бағынбайды. Қысылтаяң шақта түкке аспай қалған мылтықты жерден көтеріп алып, мүлдем кәперсіз әрі асықпай борсаңдап бара жатқан аюды көздеді; шүріппені бармағымен басып-ақ қалғысы келді; батылы жетпеді білем, батылы жеткен, тіпті оқтың дәл тиюі де мүмкін еді, атпады, бәлкім аяды, ол мақұлық та бұған тиіскен жоқ қой; «ендеше, қашқан жауға қатын да батырдың керін істеп қайтем» деп, кері бұрылған
Ит қаппайтын кісі болады деген, тегі, рас екен»
деп ойлаған Ерік құлақ етін жеп, алды-артын ораған аламойнаққа қамшы сілтеп еді, ит одан әрі жінікті («Атау кере»)
Лапылдап жанған өрт өз ауылының, өз ошағының шетіне келіп етегі жанғанша кәперсіз, айрандай аптап, күбідей пісіп отыра берер қазақы мінезден қашан құтыла алар; жүздеген жылдар қанына тарaп, сүйегіне сіңіп
кеткен бейғамдық, даласындай кеңдік кесірін де аз тигізген жоқ; неге екені белгісіз, өздері сиыспай жүрсе де, өзегелерге сый көрсетуге, жер бөліп, жеңін кесіп беруге келгенде алдына жан салмайтын
елдің көп еншісі жат жұрттық болып кеткен
Асқазан ашқылтым су қыздырып жатпаса,
табанынан сауып, қия баспайтын қиямпұрыстығын көр ғана түзетер.(«Атау кере»)
Мұндағы фразеологизмдердің барлығында да Оралхан Бөкейдің өз қолтаңбасы жатыр. Оның өз бетінше тұрақты тіркестер тауып, сәтті үйлестіре білгендігі «Атау керенің» өн бойынан сезіліп тұрады. Жалпы, Оралхан Бөкейдің қолданысындағы фразеологизмдерден, сонымен қатар, аллитерациялық-ассонанстық жұп бой түзейтінін де байқауға болады.
3.3 АТАУ КЕРЕДЕГІ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМДЫҚ ТЕҢЕУЛЕРДІ АЙШЫҚТАУ ҮЛГІСІ
Көркем әдебиет деген ұғым, ең алдымен, образды сөз, көркем сөз деген ұғымға келіп тіреледі. Сол себепті де ол – «сөздің патшасы, сөз сарасы». Түр мен мазмұны бірлесе келіп, көркем әдебиетті туғызады. Түр мен мазмұнның бірлігінен көркем әдебиеттің шынайы табиғаты, бүкіл болмысы жасалады.
Ал, түрдің өзінің көріну тәсілдері, жүзеге асу жолдары, өмір сүру заңдылықтары болады. Сол түрдің көріну тәсілдерінің бірі – теңеу категориясы. Теңеу категориясы – бүкіл бейнелек, көркемдеу тәсілдерінің ішіндегі ең бастысы, ең пәрмендісі. Бейнелеу тәсілдерінің бәрі де өз бастауын теңеулерден алады. Сондықтан болса керек, белгілі бір ұлттық әдебиеттің бейнелеу, көркемдеу жүйесі оның көркемдік ойлауының ұлттық ерекшелігі бүкіл бедерімен, күллі бояуымен теңеу категриясынан анық айқын көрініп тұрады.
Теңеу – көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған, дүние танымының ұлттық өзгешеліктері бас қосқан категорияның бірі.
Сонымен теңеу дегеніміз – ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екніші затқа салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтететін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан танытатын әрі стильдік, әрі таным. Теңеудің сипаттамасын берудегі себебіміз, Оралхан Бөкейдің «Атау кересінде» теңеу мәнінде келетін сөздер жиі ұшырайды. Оралхан Бөкейдің көркем сөздің бар қасиетін сарқа пайдаланатын қаламгерлік қыры теңеу сөздерді қолданғандығынан да көрінеді. Мәселен, Оралханның тау табиғатын суреттейтін мына бір сөйлеміндегі теңеулерге назар аударып көрейік:
Түнге қалсаң, тау арасындағы шөп көмкеріп тастаған жалғыз аяқ соқпақтан адасып, соқыраңдап сорың қайнайды, тек – астыңдағы атыңның жершілдігіне сенер едің. «Шашты» деп аталар асудың үстінде шыққанда, мұқым ойпат: сонау Алтайдың күміс шашбауындай ирелеңдей аққан Бұқтырма өзені; сол ерке өзенді еміп, екі жағалауына өңірдегі түймедей қаз-қатар орналасқан үлкенді-кішілі ауыл; сол ауылдың ара-арасын құр жіптей шуатыла жалғап жатқан жіңішке жол.(«Атау кере»)
Осында күміс шашбауындай, түймедей, құр жіптей деген үш жерде кездесетін теңеу ұласпалы табиғат көріністерін әр түрлі затқа теңеп көрсету қызметін атқарып тұр.
Мұнда балауға негіз болып отырған шашбаудың заттық белгілері Бұқтырма өзенінің белгілері болып кеткен. Түйменің белгілері болса ауылдың келбетін салыстыруға жұмсалған, ал жолдың бейнесі құр жіптей деп мүлдем кішірейтіле көрсетіледі. Теңеудің теориялық негізіне салатын болсақ, бұлардың толымды теңеулер болып саналатынын байқаймыз. Толымды теңеу деген ұғымды ғылымға алғаш енгізген – орыс ғалымы В. В. Томашевский. Оның ойынша, толымды теңеу болу үшін, теңеулік құрылымның үш элементі де (зат, образ, белгі) түгелдей болуы қажет. Біз «Атау кереде» кездесетін теңеулерді құрылымдарына қарай толымды, толымсыз деп сұрыптағанда, В. В. Томашевскийдің осы пікірін басшылыққа алатын боламыз. Оған «Атау кереден» басқа да мысалдар келтірейік:
Тіпті сол сылаңдаған сұлулықты әдібін ашып түсіне де қоймапты; жоқ іздегендей қанағатсыз көңілмен ұзақ қарап тұрды да, аспанмен таласқан заңғар асуды бауыздай бауырлап кетер қолдың тамырындай сан ирек, сан тарау соқпақты қуалап құлдай бастаған; құлдаған сайын, жайлаудың әлгіндегі жаныңды жаннатқа бастап аймалаған салқын самалы биікте қалып, тамыздың таңдай кептірер аптабы алдынан анталай ұмтылды.
Осынау апшысы қуырылған монданақтай жер шарының әлі де болса кеуде кере кең тыныстар, алаңсыз аяқ көсілер көрікті бір пұшпағы аман сақталғанына тәубе айтар едің. Бірақ көзіңді қытықтар мұндай мақпал көрініс барған сайын барған сайын базары тарқап, келмеске кетіп бара жатқанын осы отырғандар ойлаған емес («Атау кере»)
Мұхиттың арғы бетінен даңғарадай магнитафон алып өтетін пысық жігіттерге сіріңкенің қорабына салған шыбын бұйым ғұрлы ма екен.
Ол етектеген сайын, өрмекшінің торындай көзге көріне шымырлап қайнап тұрған ыстық леп ындынын қаңсыта бастаған; ат тұяғы тиген сәтте сырт-сырт етіп ыршып түсер шегірткенің миыңды тербеп зәрезап қылар шырылы құлақ тұндырады; ойдың шөбі пісіп қалған – мұрынға ерменнің кермек иісі келеді, ал басы сарғайыңқы тартып, қаулап өскен ақ ерменді кешіп өткеніңде, басынан тозаңы ұшып, тиген жерін сап-сары ала тоңғақтап тастайды.
Бұл сөйлемде қолдың тамырындай сан ирек, сан тарау соқпақ, монданақтай жер шары, даңғарадай магнитофон, өрмекшінің торындай деген теңеу сөздер қолданылған. Мұнда теңеу жасауға қатысушы элементтердің түгел, яки, кем екені тұрғысынан қарағанда, жоғарыдағы теңеулердің барлығы да толымды теңеулер болып табылады. Себебі, жоғарыдағы теңеулік құрылымдардың бәрінде де теңеудің үш элементі (зат, образ, белгі) түгел қатысқан. Теңеулердің толымды, толымсыз болып бөлінуі барлық теңеулік құрылымдарға тән қасиет болып есептеледі.
Тамылжып тамыз айы туған күннен бастап, таудың бұрымы іспетті қырдан ойға құлап түскен бұралаң жолға қарап ұзақты күн телміру – Бекзаттың екі-үш жылдан бергі ауруға айналған айнымас әдеті еді. Бүгін де дүкеннен ауық-ауық шығып, сонау Шашты деп аталар асудың құзар басынан құлдилар сыбай атты жолаушы көрінбей ме екен деп, алағы мол көңілмен елеңдеп мазасызданған.(«Атау кере»)
Ғалым Т. Қоңыров теңеулердің жасалуының төмендегідей жолдары бар екендігін анықтайды:
1) –дай, -дей, -тай, -тей, -дайын, -дейін, -тайын, -тейін жұрнақтарының көмегімен .
Бұл теңеулерге жоғарыда көрсетілген теңеу сөздер дәлел бола алады. Бір ерекшелігі, «Атау кереде» -дай, - дей жұрнақтарының көмегімен жасалған шылаулар көптеп кездеседі. Оған төмендегі сөйлемдер құрамындағы теңеулер мысал болады:
Бәлкім, күні бойы қимылдаған соң, ащы термен ащы ішімдік те шығып кете ме, әлде әсер етіп жүрген таудың салқын да саумалдай ауасы ма.
Айрандай ұйыған достықтарына көз алартып, қызғаныш білдірушілер де табылды.
1937 жылдан бастап тонның ішкі бауындай болып отырған екі үйдің шаңырағы шайқала бастады.
«Обал ғой. Текті тұқымның азып-тозып, шілдің боғындай пышырап біткені ғой».
Түрі айдаһар қуғандай қорқынышты еді
Әлгінде ғана әспенсіп тұрған інкібіді бастығы қақпанға түскен қасқырдай, амал жоқ, шоңқайып отыр.
Көз алдындағы көкмұнар айқара ашылғанда, ар жағынан, тәңірім-ау, түнде түсінен, күндіз есінен шықпайтын ақ боз атты Қыз тотыдайын таранып, өзеннің жарқабағында тұрды.(«Атау кере»)
2) -ша, -ше жұрнағының көмегімен;
Бұл теңеу түріне шығармадан мысал келтіруімізге болады:
Сынапша сусып, қолға қоныс таба бермейтін тиын тебен таусылып қалса, Бекзат та ауылдастарының әжетін ашып, көңілін қайтарған емес.
3) шығыс септігі жалғауының (-нан, -нен, -дан, -ден, тан, -тен) көмегімен;
4) секілді, сияқты, тәрізді, іспетті сөздерінің көмегімен жасалады;
«Атау кередегі» Еріктің Тағанмен алғаш кездескен сәтіндегі Тағанның сипаты былайша бейнеленеді: Қолы-басы дірілдеп, аш аруақ секілді еңбектеп жүрген мүскін, расында да, орангутангқа өте-мөте ұқсап кеткен.
Ауылдан оралған соң Еріктің салқын тартып, «шаршап тұрғаным-ай» деп Айнадан қашаңдар әдеті баяғыдан, бірақ дәл осы жолғыдай - өкпелескендей тоң-торыс жат күй кешуі алғаш рет.
Күйеуінің осыншалық күйгелектеніп, сөз боратқанын алғаш көргеніне әрі таңдана, әрі тосырқай толқыған Айна «мен де ағыл-тегіл ағызайын» деп ойлады да, ғадетінде жоқ мінезді мініс аты қыла алмай қиналды.(«Атау кере»)
«Атау кередегі» теңеулерді осылай топтастыру арқылы жазушының суреткерлік шеберлігін тани аламыз. Жазушының теңеу сөздерді ойын дәл беру үшін, оқырманның санасында нақтылық, көркем бейне тудыру үшін қолданғанын ондағы теңеулердің құрылымдық, құрамдық үлгісіне қарап білетін боламыз.
ІҮ. ҚОРЫТЫНДЫ
Көркем шығарма қаламгерлердің өмір, болмысты зерттеуінің, ой-сезімдерінің жиынтығы, тоғысы. Оралхан Бөкеев табиғат пен адам, қоғам арасындағы ажырамас байланыс, өзара сабақтастық пен үйлесімділік проблемасы, адамгершілік, тазалық, мәслелерін көтреді. Жазушы шығармашылығының өрісі кең. Шығарма бітімінде күтпеген шендестірулер, жаңа композициялық шешімдр, мифтік сарын, аңыздық жайлар молынан кездеседі. Мазмұн байлығына Бөкеевтің адамгершілік жайлы, бүкіл адамзатқа ортақ көкейтесті проблемаларды арқау етуге қуаты жетерлік суреткерлік шеберлігін аңғартады. Тіршілік иірімдеріне бойлау, өмірдің шыншыл да күрделі бейнесін жасауәлеуметтік проблеманың шиыршық арттыра сипаттау, туындының бітім тұлғасын, формасын құбылтып отыру – бәрі де Оралхан қаламының даралығын аңғартады.
Жазушы шеберханасында тереңнен зерленген Аспан, Нұржан, Таған, Ерік сиқты жанды бейнелер көптеп кездеседі. Осындай қайсар, қуатты, бейнелерге ұмтылысы жазушы табиғатына тән күшті характерлерге іңкәрлігімен ұштасып жатыр. Өмір жайлы, болмыс жайлы философиялық тұжырымдардыкейіпкер толғанысымен жеткізуге машықтанған суреткер үлкен ойларды, кемелді сөздерді пайдалану арқылы даралық даналығын танытты.
Бөкей прозасындағы аңыздық желілер, мифтік, символдық бейнелер жайлы сыншылар мен зрттеушілер біршама жүйлі пікірлр айтты. Айталық сыншы, ғалым, акадмик С.Қирабаев, зерттеуші Ө.Көзбеков, сыншылар Т.Тоқбергенов, Т.Мәмсейітов жазушы шығармаларындағы мифтік сюжеттер мен бейнелер турасында ой айтып, тұжырымдар жасады. Жазушы прозасындағы «Қар қызы», «Атау кере», «Сайтан көпір» повестерінің ерекшелік сипатын осы мифологизм бағытында талданды. Жазушы кейіпкер толғанысын жеткізуге әбден машықтанған. Ол үлкен ойларды, кейіпкерлеріне айттыру арқылы өзінің даралығын танытты. Өмірдің терең қатпарларын ашып көрсетер әлеуметтік талдаудың тереңдігі, көтерген проблемалардың өткірлігі мен батылдығы жазушы шығармаларына нәр беріп тұр. Бөкеев шығармаларында азаматтық биік мақсат пен терең парасаттылық тебірене жырланып, дәуір тынысын тыңдатқан, уақыт философисын айтқан, адам жанының жаңғыруын әдемі де әсерлі жеткізе білген зерделі суреткер.
ХХ ғасырдың көркем ойының жеткен бір биігі адам сезімін бақайшығына дейін шағып терең де нәзік талдайтын және риясыз шын суреттейтін – психоанализ. Бұл бүгінгі әлем әдебиетіндегі тамаша құбылыс. Бірақ Бөкеев талантының табиғаты бөлек. Ол адам жанын микроскоппен үңілмейді.
Оның кейіпкерлері – екі ұдайлықты білмейтін, дүлдамалдықтан аулақ кесек, сом тұлғалар да, суреттейтіні үлкен жан күйзелісі; ірі отты сезімдердің қақтығысы. Бүгінгі әлем әдебиетінің ағысында, сан алуан ғажайып суреткерлердің арасында Бөкеев әлемі – өзінше бөлек құбылыс. Ол өмірлік оқиғаларды арам майынан арылтып, драмалық өзегін тереңнен аршып алады да, жеріне жеткізе ширықтыра береді. Сонымен бірге жазушының жіті көзі, көңіл көзі қарапайым өмір құбылысының ар жағындағы өзгелер аңғара қоймайтын терең сырын қапы жібермейді. Оған қоса жұрттың бәріне белгілі, бірақ ешкімнің қолы барып, батылы жете бермейтін көкейтесті мәселелерді көтерумен жазушы шығармашылығын құны арта түседі. Оралхан өз шығармаларында халықтың басынан өткен қилы жағдайларды суреттеп, ұлттық трагедиямызды ашық көрсете білді. Мұның өзі халық тағдырының қиын жағдайда екенін сезініп соны шығармаларында өрнектей білген жазушы шығармасын биіктете түспек. Өйткені, шынайы көркемдікпен өрнектелген, ой тұнығынан суарылған шыншыл да сыршыл туынды ғана халық жүрегіне тура жол табады.
Бұл зерттеу жұмысында суреткер шығармаларындағы адам мен тбиғатты сипаттауі мәселелеріне ерекше көңіл аударылды.
Оның кейіпкерлері – «Қайдасың, қасқа құлынымдағы» Орал, «Өліарадағы» Қойшы, «Елең - алаңдағы» Зарлық, «Құм мінезіндегі» Бархан, «Мұзтаудағы» Ақтан, «Өз отынды өшірмедегі» Дархан, «Сайтан көпірдегі» Аспан - өзіміз күнде араласып жүрген қарапайым замандастарымыз. Жазушы өз кейіпкерлерінің іс-әрекетінен гөрі, олардың ішкі әлеміне, жан-дүниесіне көбірек үңіледі. Автор шығармаларында кейіпкер ой-толғаныстарының көбіне табиғат суретімен араластырып, астасып жататындығында. Өйткені, табиғаттың төл перзенті адам сол табиғат иесін сезініп-түйсінген кезде оның арманшыл-қиялшыл болмауы мүмкін де еместей. Кейіпкер бейнесін табиғатпен байланыстыра суреттеу арқылы таныту да Оралхан шығармашылығының өзіндік бір қыры десек болады. Осы орайда өзі де табиғаты тамылжыған таулы өлкеде туып-өскен жазушының шынайы табиғат жыршысы болғанын айырықша атай аламыз. Ол - Өр Алтай, асқар Алтайдың асқақ жыршысы!
Табиғат – Қоғам – Адам арасындағы байланыстың сақталуына үн қосады. Өзіміз тіршілік кешіп, өмір сүріп отырған мынау Жер бетінде табиғатты өз қалпында, тепе–теңдікте ұстайық, жер–су, өзен–көл, жан–жануар, құс–аң атаулыға қамқор көзбен қарайық деген азаматтық шырқау естіледі. Жаппай қырып жойып, жапыра өртеп, жабыла құртуды тоқтатайық, төл табиғатымызға түсіністікпен қарайық деген ащы шындық айқай, асқақ мұраттар. Адамдардың, әсіресе еңбек адамдардың көңілдеріне қаяу түсірмей, әділеттілік, адалдық, тазалық үшін күресейік деген. Бөкеев шығармаларының әлеуметтік астары, философиялық түйіні осыны меңзейді.
Кейіпкерлерінің жан дүние әлемінің тереңіне үңіліп айтылар ойды ішкі толғаныс – тебіренісі арқылы жеткізу – Бөкеев шығармашылығының негізгі ерекшеліктерінің бірі. Өмірлік шындықтың тереңі мен қойюына бой ұрған жазушының байыпты да парасатты талдау мен ұстамды жинақтаулары суреткерді әдебиетіміздің биік белесі, алтын тұғырына алып шықты.
ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ НАҚТЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ:
-
«Атау кере» сөзі ел ішінде адамдардың күнделікті қарым-қатынасында қолданыла бермейтін, сирек жағдайда, шанда бір ашынған ахуалда, болмаса шарасыздықтан айтылатын салмақты, зілді, ауыр ұғым екені жоба барысында анықталды.
-
Атау кереден салмақты ұлттын таным ұғымдарын зерттеп анықтадық: «Шашты» деп аталар асудың үстінде шыққанда, мұқым ойпат: сонау Алтайдың күміс шашбауындай ирелеңдей аққан Бұқтырма өзені; сол ерке өзенді еміп, екі жағалауына өңірдегі түймедей қаз-қатар орналасқан үлкенді-кішілі ауыл; сол ауылдың ара-арасын құр жіптей шуатыла жалғап жатқан жіңішке жол.(«Атау кере»)
-
Ұлт үшін маңызы бар роман ретінде-кез келген нағыз қазақ оқуы тиіс роман деп тұжырым жасадық
ҒЫЛЫМИ ЖОБАНЫҢ ҰСЫНЫСЫ:
-
ОРАЛХАН БӨКЕЙ ЖАЙЛЫ ТАНЫМДЫҚ АНИМАЦИЯЛЫҚ КИНО ТҮСІРІЛСЕ;
-
ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ АТАУ КЕРЕ РОМАНЫНДАҒЫ ӨТКІР ҰҒЫМДАРДЫ ЖИНАҚТАП ҰЛТТЫҚ ТАНЫМДЫҚ СӨЗДЕР ЖАЙЛЫ КІТАП ШЫҒАРЫЛСА;
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Белинский В. Собр. соч. В3-х томах Т. 1. Москва: ГИХЛ. 1948 стр.112
2. Қаратаев М. Таңдамалы шығармалар. 3-т Алматы: Жазушы 1974. 194бет
3. Молдағалиев Ж. Совет халқының жасампаз еңбегіне лайық болайық. Қазақ әдебиеті, 1981, 17-апрель
4. Серғалиев М. Кең өріс. Алматы: Жазушы, 1983, 198 – бет
5. Мелитенский Б. Поэтика мифа Москва, 1976. С.172
6. М.Карим Правла о искусстве должна быть окрыленной «Литературная газета»,1979, 10-октября
7. Кубилюс В. Формирование национальной литературы-подражательность или художественная трансформация. Вопросы литературы 1976. С. 8.51
8. Агилера Мальта. Основываясь на латиноамериканском опыте. Вопросы литературы 1976, с. 211
9. Бөкеев О. Біздің жақта қыс ұзақ. Алматы: Жазушы, 1984. 429-бет
10. Бөкеев О. Өз отыңды өшірме. Сөзстан. Алматы. Жалын, 1984. 114-бет 11. Қирабаев С. Талантқа құрмет. Алматы: Жазушы, 1988.189бет
12. Терокопян Л. Разделение души // Простор. 1990 №5 с.178
13. Сүлейменова Г. Неге біз осындаймыз? // Жас қазақ. 1993 Қазан. 39 бет
14. Мәмсейітова Т. Зерделілік айнасы. Алматы. Жазушы 1988. 83-бет
15. Бөкеев О. Ұйқым келмейді. Алматы. Жалын, 1990. 66-бет

