Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі шегініс мәселесі

Материал туралы қысқаша түсінік
Лирикалық шегініс мәселесі. О.Бөкейдің "Қар қызы" повесінен мысалдар келтіре отырып авторлық шегіністің қолданысын талдау.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі шегініс мәселесі

Шегініс- шығармадағы оқиға желісіне тікелей қатысы жоқ басқа жай-жағдайларды кірістіріп айту. Көбінесе әңгіме желісін үзіп, кідіріс жасаған кезде бұдан бұрынырақ болған жай тілге тиек етілетіндіктен, бұл тәсіл шегініс деп аталады. Кейде лирикалық, шегініс десе, кейде авторлық шегініс делінеді. Лирикалық шегіністе байқалып отырған жағдайға, суреттеліп отырған кейіпкерге автордың өз қатынасы, өз көңіл-күйі айтылады. Бұл оқиға баяндаушы өзі тікелей араласқандай әсер етеді. Ал авторлық шегініс баяндаушы тарапынан да берілуі мүмкін. Ә.Нұрпейісовтің "Қан мен тер" романында бір ауылға қонаққа келген Есбол деген қарт кісі Мөңке есімді адаммен кездесіп отырып, оның жас кезін еске түсіреді. Автор шегініс жасау арқылы кейіпкердің бала кезіне қатысты бір жайды орынды жерде еске алып, оның бейнесін толықтыра түскен.

Лирикалық шегініс - әдеби шығармадағы көркемдік тәсіл. Оқиға желісін кенет үзіп, өзі жайлы немесе оқиғадан тыс жайтты баяндау. Мұның негізгі оқиғаға тікелей қатысы бола қоймайды. Дегенмен бұл әдістің де өзінше ұтымдылық жағы бар. Дастандар мен өлеңмен жазылған роман, повестерде кездесетін бұл әдіс шығарма мазмұнын тартымды етіп, құндылығын арттыра түседі. Мысалы, Пушкиннің "Руслан және Людмила" поэмасында ескі аңыздың оқиғасын баяндай отырып, ақын арасында бүгінгі өмір немесе тіпті әдеби сын жайлы жеке пікірлерін қыстырып айта кетіп отырады. Осы тәсілді Абай да қолданған. Ол "Масғұт" поэмасында Бағдатта ерте заманда болған деп айтылатын бір-екі аңыз-оқиғаны баяндай отырып, арасында: "Ақыл-ой, ар-намыс жоқ еш адамда, Өлген мола, туған жер жібермейді. Әйтпесе, тұрмас едім осы маңда", - деп өскен ортасын, өз көңіл күйін сөз етіп кетеді.

Оралхан Бөкейдің шығармаларында уақыт пен кеңістік композициясы үлкен орын алады. Жазушы шығармаларында жыл мезгілдері: қыс, көктем, жаз, күз өз кезеңдеріне сай айшықты бедерленіп отыруымен қатар уақыттың да өлшемі болып суреттеледі. Шығармаларда суреттелетін оқиғалардың уақыты, мезгілі нақтылы көрініс табады. Таңның қылаң беруі, күннің шығуы, сәуле шашуы, талма түс, бесін, өліара бітіп айдың жаңалануы, айдың толысуы, бәрі де мезгілдік қызмет атқарып тұр. Сонымен бірге жазушы шығармаларындағы оқиғалар, іс-әрекеттер нақты сюжеттік уақыт жағынан алғанда екі-үш тәуліктік мерзімді ғана қамтып көрсетеді. Қалғандары кейіпкерлердің жан-дүниесіне сыналай кіру, ой дүниесін ақтару арқылы лирикалық шегініс, кейіпкер монологтары арқылы беріліп отырады. Оралхан шығармаларындағы сюжет, оқиғаның дамуы тек сыртқы жамылғы сияқты, ал негізгі мәйек – идеалға құштарлық болып табылады. Идеал ұғымы, ең алдымен, суреткердің адам жөніндегі концепциясынан байқалады. Қаламгердің кейіпкерлері – жан дүниелері бай, рухани деңгейі биік, қажырлы, еркіндік сүйгіш, тағдыры қилы арманшыл адамдар. 

«Қар қызы» повесінің алғашқы нұсқасы 1977 жылы жазылған.Кейін қайта өңделіп, 1984 жылы «Біздің жақта қыс ұзақ» жинағына енді. Орыс тіліне аударылу барысында мүлдем қайта жазылып, соны оқиғалар мен жаңа кейіпкерлер қосылған да авторлық концепция анықтала түскен. Жазушы повесте табиғатты негізгі фон ретінде ала отырып, оның құпия-сырларымен бірге адам жан сырының қалтарыстарын ашуға ұмтылады. Шығарма сюжетінде, қыс ортасында мал азығы таусылып қалады да, үш жігіт (Нұржан, Бақытжан, Аманжан) ауылдан алыс, ақ қар, көк мұзды тау арасынан трактормен шөп әкелуге шығады. Бір-бірінен айнымайтын тау шоқыларының арасында жолдан адасып суықта қардың тұтқынында қалады. Шөптен бұрын өздерінің үсіп өлу қаупі туады. Сөйтіп, өмір мен өлімнің күресі басталады. Міне, осы кезде кімнің кім екені танылып, адамға тән жақсылы-жаманды әртүрлі қасиеттер ашыла бастайды. Автор мұны бірден жарқыратып жайып тастамай, біртіндеп жеткізіп отырады.

Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесінің шыншыл шығарма болып түзілуі – автордың көрген-түйгені, өз басынан кешкен оқиғалары әсер еткенінен. Олай дейтініміз – повестегі Нұржан болмысынан авторды айнытпай тануға болады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2021
897
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі