Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Орта білім берудегі мектеп оқушыларын кәсіби білімге дейінгі дайындық мәселелері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «...басты нәрсе білім, білік дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық – интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын және жылдам өзгерістегі әлем жағдайында әске асыра алатын тұлға қалыптастыру болып саналады» - деп көрсетілген.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Орта білім берудегі мектеп оқушыларын кәсіби білімге дейінгі дайындық мәселелері.


Қазақстан Республикасының білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «...басты нәрсе білім, білік дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық – интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму үстінде болатын және жылдам өзгерістегі әлем жағдайында әске асыра алатын тұлға қалыптастыру болып саналады» - деп көрсетілген.

Білім беруді бағдарлау жағдайында химия курсына аймақтық компонентті бағдарлы білім берудің вариативті бөлігінің элементтері түрінде енгізу мәселесін тек политехникаландыру мен экологияландыру ұстанымдарын ғана емес, сондай – ақ білім беруді гуманизациялау ұстанымын іске асыру ретінде қарастыруға болады. Нәтижесінде химия сабақтарында оқушылардың ой – өрісі кеңейіп, кәсіптік бейімделуі жүзеге асады. Алайда ең бастысы – оқушыларда болашаққа деген көзқарас қалыптасады, бұл «жеткіншектердің жеке бас қабілеттері мен тілектеріне ауысатын қоғамдық пайдалы іс - әрекетті жақсартуды қамтамассыз ететін педагогикалық ынталандырудың алдыңғы қатарлы әдісі» (А.С.Макаренко) .Оқушылар келешекте өздерін қазіргі заманның алдыңғы қатарлы өндірістерінің құзырлы мамандары ретінде көре алады.

Аймақтық компонентті жоба әдісі арқылы көрсетуді тиімді деп санаймыз, себебі бұл аймақтың химиялық – экологиялық және химиялық – технологиялық мәселелері жан – жақты қарастырылып, олардың қоғамдық жағына зер салып, ақпаратты әсершіл етіп, келешекте алдағы кәсіптік іс - әрекет ортасын таңдауына байланысты үміт артуына жол береді. Осының барлығы аймақтық сипаты бар ақпаратты игеруге деген оңтайлы себеп тудырады, химия пәніне деген қызығуларды арттырады. Оқудың мұндай түрі ақпарат көлемі мен құрамын бағдар бағытына қарай түрлендіруге мүмкіндік береді.

Оқудың алуан түрлі инновациялық технологияларының ішінде жобалар әдісі екі негізгі критерийлер бойынша ерекшеленеді :

  • білім алудың қазіргі кездегі сынып сабақ жүйесінің жағдайында бұл әдіс нақты оқу - тәрбиелеу үрдісінде жақсы интеграцияланады, білім беру бағдарламасы мен стандарттары қоятын мақсаттарға дәстүрлі оқудан ерекше, балама әдістер мен құралдар арқылы жетуге мүмкіндік береді :

  • бұл әдіс балалардың интеллектуалды дамуын, олардың өздігінен жұмыс істеуін, мұғаліммен, бір – бірімен жақсы қарым - қатынаста болуын қамтамассыз етеді.

Химия сабағында оқушылардың пәнге ынтасын, қызығуын арттыруда

халықтық педагогиканың тәрбиелік, білімділік маңызы өте зор. Ғасырлар бойы тәжірибеден өтіп шыңдалған халық шығармашылығы – ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыруды химия пәнінен тақырыпқа байланыстыра қолдану арқылы жүзеге асырған жөн.

Білім беруде оқушылардың өзіндік жұмыстары сан алуан түрде жүргізіледі : практикалық сабақтар, тәжірибелерді орындау, есептерді шешу, лекциялардың теңдеуінен есептер шығару, түрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындау, оқулықпен тексеру жұмыстары, анықтамалар және әртүрлі қосымша әдебиеттер мен жұмысы т.б.

Өзіндік орындалатын жұмыстар мынадай белгілермен сипатталады:

  • тәжірибе орындаған кезде нұсқаулар және ережелермен танысу;

  • сарамандық сабақта жұмысты орындауға дайындық;

  • практикалық сабақта жұмысты орындауға дайындық;

  • өтілген материялды бір жүйеге келтіру және талдап қорыту;

  • бағдарлама тақырыптарына сәйкес жеке мәселелермен өз бетінше танысу;

  • теорялық және сынақ – тәжірибелік есептер шығару жолдарын іздестіру;

  • нақты материялдарды өтуге байланысты оқулықтағы тапсырманы орындау;

  • сызба нұсқаларды, суреттерді, кестелерді және басқа көрнекі бейнелеулерді пайдалану;

  • оқулықтағы мәліметтерді пайдалану.

Өзіндік жұмыстар оқытудың әр түрлі кезеңдерінде жүзеге асады, оны арнаулы сабақ түрінде өткізуге болады. Қалай болғанда да жоғары деңгейдегі өз бетінше жұмыс істеу ізденушілік сипатта жүзеге асады. Оқушы тапсырманы алғаннан кейін, оқу мақсатын анықтап, ойланып өз бетінше орындау жолдарын белгілейді, оны шешудің тиімді әдісін таңдап алады. Мұндай есепті шешудің жаңа жолын табу шығармашыл қабілеттің артуына әкеледі.

Ғылым мен өндірістің, техниканың дамуына химияның қажеттілігі, химиялық білім мен біліктің қолданылу аясының кеңеюі, болашақ химия мұғалімдеріне деген талапты жоғрылатыны сөзсіз. Бұл дегеніміз болашақ химик – мұғалім қауымынан ертенгі күні мемлекет сенім арта алатындай маман дәрежесінде болуды талап етеді.

Орта білім беруде мектеп оқушыларын химия пәні бойынша кәсіби білімін көтеру :

  • химия ғылымының негізін оқушыларға игерту арқылы үздіксіз білім алуға, сарамандық істерге орналасуға әзірлеу, политехникалық дайындық беру;

  • химия зертханасында, өндірісте, табиғатта және күнделікті өмірде байқалатын сапалық өзгерістерді бақылауға және түсіндіре білуге үйрету;

  • білім, білік және дағдыны оқу барысында, өмірде, қоғамға еңбекте қолдана білуге үйрету;

  • оқушылардың химияға құштарлығын және қабілетін дамыту кәсіптік бағдар беру;

Педагогикалық жоғарғы оқу орындарында дайындалып жатқан болашақ мұғалімдердің келешекте қазіргі ғылыми – техникалық прогресс заманына сай білімді маман болуы үшін, сонымен қатар химияны мектепте оқытудың басты мақсатын жүзеге асыру үшін өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру бағыты дұрыс қолға алынуы тиіс.


Сондықтан теориялық тақырып мазмұнын ашатын жаттығу түрлерін таңдап , іріктеудің болашақ маман біліктілігін арттыруда маңызы зор.

Әдістемелік еңбектерге сүйене отырып, тапсырмалар жүйесіне қойылатын жалпы талаптары былайша болады:

  • тапсырмалардың нақты мақсатқа құрылуы;

  • тапсырмалардың әр типте жүргізілуі;

  • бірізділігі мен бір – бірімен сабақтастығының сақталуы;

  • оқушылардың білімі, жеке ерекшеліктердің ескерілуі;

  • үздіксіз қолданылуы.

Осындай әр түрлі деңгейдегі тапсырманы таңдап орындату оқушының жеке дара ерекшелігі, ерік – жігерін, ақыл ойын дамытып, өз бетінше жұмыс істеуін қалыптастырады. Әр типті өзіндік тапсырма жаттығу орындату және оқу әрекетінің әр түрлілігі оқушының танымдық белсенділігін арттырады. Сол себепті мектеп тарапынан ұйымдастырылатын оқушылардың ғылыми, конференцияға оқушыларды қатысытырып отыруды ұйымдастыру жұмысын жүргізген жөн. Осылай семинар, конференцияларда өз пікірін ашық айтуға дағдыландырамыз. Бұл жағдайда мұғалім оқушыны конференция тақырыбына баяндама дайындап, шығармашылық қабілетін жетілдіруге көмектеседі, ойын ашық айтуға дағдыландырамыз.

Оқушының танымдық қабілетін ашу, оны қалыптастыру, дамыту дағдыларын мектеп қабырғасында қолға алудың алар орын ерекше.

Бұл - кәсіби білімге дайындық басқаша болмақ.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
30.01.2019
222
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12