Материалдар / Отан үшін от кешкендер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отан үшін от кешкендер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай өткен лицейішілік салтанатты жиын сценариціү Талгат Бигельдинов, Магшүк Маметолва, Хиуаз Доспановаға 100 жыл
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2022
203
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

9-мамыр салтанатты жиын сценарийі. (Коридор безендірілген. Әр сынып әкімінің қолында бір-бір қазақстандық батыр фотосы рамкада. Бессмертный полк)

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Ұлы Жеңістің 77 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырғын соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мәңгілік мың алғыс деп, салтанатты жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2 - жүргізуші: Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңіске жеткенімізге 77жыл.
3-жүргізуші:    Ұлы Отан соғысы миллиондаған адамның өмірін алып кеткен, талай боздақты қыршынынан қиып, ананы жесір, сәбиді жетім еткен қанды шайқастарға толы 1418 күн мен түн ешқашанда ұмытылмақ емес. Ол мәңгі есімізде сақталады. Солардың есімін жас ұрпақ есінде мәңгі қалдыру – баршамыздың азаматтық борышымыз. Еліне, туған жеріне оралмай, жат жердің топырағын жастанған ерлерді біз әрқашан құрметпен еске аламыз.
Ендеше, барлығымыз Ұлы Отан соғысында құрбан болған жандарды 
1 минут тыныштықпен еске алайық.

(1 минут үнсіздік)

1-жүргізуші: Салтанатты жиынымыздың алғашқы құттықтау сөзін лицейіміздің директоры Жаңыл Қайырбекқызына берейік.

(Директор сөзі)


1-жүргізуші:

Күңгірт тартты алып Отан аспаны,

Жауға қарсы көтерілді жас, кәрі!..

«Барлығы да майдан үшін!»—деп олар

Осылайша халыққа ұран тастады!..

«Жеңіспенен оралады күліп ер,

Жөніміз жоқ, болашақтан түңілер!»

Талғат сынды ұшқыш тұрды бұл сапта

Нағыз ерлер сын сағатта білінер-деп ақын ағаларымыз жырлаған қазақ халқының ардақты ұлының бірі, авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновтың туғанына 100 жыл.

2 – жүргізуші:

Соғыс! Соғыс! Қара дауыл!Қан майдан!

Салып жатыр жерге ойран,Елге ойран.

Жауынгердің өзім орнын басам деп

Жас Мәншүк қыз кек алуға серт қойған!

Кім құрбаны зұлымдықтың кім ардың?

Туады әлі-ақ Туады деп ұғар күн —

Полк келді Алматыдан соғысқа

Арасында Мәншүк те бар бұлардың.

Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапқан Ұлы Отан соғысының батыры Мәншүк Жиенқалиқызы Мәметованың туғанына да 100 жыл.

3-жүргізуші: 

  «Қаншама адам опат болды бір түнде!

Өмір сонша ойыншық па бұл күнде?

Не боп кетті деп күрсініп Хиуаз қыз

Сұм соғысқа кетті аттанып іркілмей!..

Соғыс заңы шығар бәлкім осылай,

Бәріне де төзу керек расында-ай...

Елім үшін төземін деп бәріне

Хиуаз қыз кетті аттанып жасымай.- деп белін бекем буып, қан майданға аттанған, екінші дүниежүзілік соғыста қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқыш, батыр, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы деңгейіне жеткен Хиуаз Қайырқызы Доспанованың да туғанына 100 жыл толып отыр.

1-жүргізуші: Әрине, соғысқа қатысқан әрбір майдангер барлық құрметке лайық. Ендеше осы үш алып-батырларымыз туралы деректермен бөлісуге ортаға лицей оқушыларын шақырайық.

(6-оқушы шығады. Үш оқушының қолында фотолары.)

1-оқушы: Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов 5 тамыз 1922жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылында дүниеге келген. Авиация генерал-майоры, Кеңес Одағының екі мәрте батыры, «Барыс» орденінің иегері. 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ИЛ-2 ұшағымен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы – Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралады.Соғыстан соң әскери әуе академиясын аяқтайды.

2-оқушы: 1945 жылдың 27 маусымыда Талғат Бигелдинов екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Бұл жолы ол Краков, і Ополе, Катовице, Бреслау , Берлин қалалары үшін шайқастардағы әскери ерлігі үшін марапатталды. 1945 жылдың маусымында Мәскеудегі Қызыл алаңда өткен Жеңіс шеруіне қатысқан. Талғат Бигелдинов ең ауыр ұрыстарды көріп, Мәскеу, Киев және Еуропа елдерін қорғап, Берлиндегі шайқасқа қатысқан. Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов 2014 жылдың 10 қарашасында 93 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Батырдың денесі Алматыдағы Кеңсай зиратына қойылды. Басына ескерткіш орнатылған, есімі жоғары оқу орындарына берілген. Талғат Бигелдинов туралы бірқатар фильм түсірілді.

3-оқушы: Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова— 1922 ж., Орал облысы Бөкей Ордасы ауданында туған. Кеңес Одағының Батыры. Шын есімі Мәнсия. Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен, Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді. 1942 ж. тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21- атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті.

4-оқушы: 1942 жылы Великие Луки қаласын жау қолынан азат ету үшін барын салып шайқасты. Кейін құрамында Мәншүк бар Ушаков батальоны Бурцевоны қорғауға аттанды. Осы кезде қазақ қызы жауға қарсы пулеметтен оқ жаудырды. Көптеген сарбазынан айырылған неміс әскері кейін шегінуге мәжбүр болды.Көп ұзамай пулеметшілер батальонына алынған Мәншүк бөлім командиріне дейін көтеріліп, сержант атағын алды. Осы батальон 1943 жылдың күз айында Изоча станциясын жау қолынан босатуға қатысты. Алайда кеңес әскері көп сарбазынан айырылып, кейін шегінеді. Мәншүк осы кезде "Сендер бара беріңдер. Мен кетсем, сендерді кім қорғайды?" деп қалып қояды. Осылайша қайтпас қайсар ару "Максим" пулеметімен жүздеген немістің көзін жойды. Ол 1943 жылдың 15 қазанында ерлікпен қаза тапты.

5-оқушы: Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 күні Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалiм болып еңбек еткен.

1940 жылы мектепті үздік бағамен тәмамдап қана қоймай, "Запастағы ұшқыш" куәлігін де қоса алып шығады. Мәскеудің бірінші медициналық институтына түседі. Соғыс басталғанда ол әйгілі ұшқыш Марина Раскованың қыз-келіншектерден жасақталған авиаполк құрып жатқанын естиді. Осылайша ол ойланбастан полк басшылығына келіп, Оралдағы аэроклубта меңгерген ұшу дағдыларын көрсетіп, өжеттігімен көзге түсіп, жауынгерлер құрамына қабылданады.

6-оқушы: 1942 жылдың көктемінде сол кездегі авиация тарихында тұңғыш рет құрылған, түнгі мезгілде жау шептерін бомбалайтын әйелдер авиаполкінің құрамында майданға аттанады. Хиуаз Доспанова қызмет еткен полк Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Белоруссия, Польша, Германия аспанындағы шайқастарға қатысқан. Қазақ қызы қан майданда 300-ден аса жауынгерлік операция орындап, аса маңызды жау шебін талқандайды. Түн қараңғысында жауға қырғидай тиген Хиуаз Доспанова соғыс кезінде ұшақтан 14 рет құлаған екен. Майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ал төсіндегі «Еңбек Қызыл Ту» ордені соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі еңбегінің жемісі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Х. Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.

1-жүргізуші:

Мәңгілік бақыт орнасын,

Болмасын соғыс, болмасын!

Мәңгілік бақыт орнайды,

Болмайды соғыс, болмайды

2-жүргізуші:

77 жыл бейбіт күн атқалы.

77 жыл тыныш түн батқалы

77 жыл ұрпағы құрметтеп

Жеңіс әнін салтанатпен айтқаны .

3-жүргізуші:

Ендеше кезекті бейбіт күнде шат-шадыман көңіл –күйде шырқалатын әсем әнге берейік.

Ән: -------------------------------------------------------

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар. Осымен ұлы Жеңістің 77 жылдығына орай ұйымдастырылған салтанатты жиын аяқталды. Сау-сәлемет болыңыздар.























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!